- •Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар
- •Структуралық тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистиканың салалары
- •Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
- •Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Концепт және ұғым мәселесі
- •Макро және микро, аралық концептілер
- •Концептілік өріс немесе концептілер аясы
- •Фрейм және сценарий
- •Скрипт және гешталът
- •Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
- •Концептуалды метафора
- •31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
- •33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.
- •34Сурақ концепт типтері
- •35. Дүние бейнесі
- •37)) Дуниенің карабайыр бейнесі
- •38))))) Дуниенің гылыми бейнесі
- •39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі
- •40)))))Сана мен тілдің бейнесі
- •41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті
- •42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк
- •43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник
- •44)))) Когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –
- •45))))))Адам танымын калыптастырушы факторлар
- •46 Сураккккккккккккккккккккккккккккк
- •47)) Тілдің қатысымдық қызметі
- •48 Тілдің мұрагерлік қызметі
- •49)))))) Тілдің танымдық қызметі
- •50 Сурак
- •51 Сурак
- •52Ұлттық таным
- •54 Сурак
- •7Қара қазан жыры
Антропоцентристік лингвистиканың салалары
Тілдегі жаңа бағыттарға қатысты мәселеге қатысты Б.Момынова: «Антропоцентризм лингвистиканы ғылымның басқа салаларымен, тармақтарымен жақындастырады. Себебі антропоцентристік бағыт тілді адам арқылы зерттеуді, зерттеудің басты тұлғасын адам етіп алуды мұрат тұтады. Ал адамның әртүрлі іс-әрекетін, оның бүкіл болмысын зерттеуді тек лингвистика ғана емес, ірі, іргелі ғылым салаларының бәрі де бағыт-бағдар етіп алып отырғаны – бүгінгі күннің шындығы. Антропоөзектік парадигма бұрыннан белгілі, танымал классикалық әдістемелік зерттеулер сияқты таным объектісін зерттегеннен гөрі, таным субъектісіне, яғни адамға бет бұрды. Өйткені адам – тұлға, жай ғана ізгілік пен қайшылықтардың жиынтық образы емес, ұлттық және әлеуметтік белгілерді бойына жинақтаушы тұлға. Сондықтан да этнолингвистика, этнопсихология, этнопедагогика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика – бәрі де адам санасы мен танымын, оның терең қатпарларын, таным мен сананың, адам ұғым-түсінігінің, ойы мен ойлауының тілі арқылы жарыққа шыққан нәтижелерін зерттейді. Бұл салалардың бәрі де адамзаттық философиямен тамырласып жатыр» – дей келе, антропоцентристік парадигманың мазмұнын осылайша түсіндіре келе, антропоцентризмнің алты түрлі принципін саралауынан тілдің адамға, адамның тілге қатыстылығын көрсетеді
Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
Тоғыспалы ғылыми пәндер лингвистика ғылымында салыстырмалытарихи және типологиялық зерттеу әдістерінің философиялық негізін салушы – лингвофилософ Вильгельм фон Гумбольдтің (1767-1835) идеяларынан бастау алады. Ғалымның түсіндіруінше, тіл философиясының басты негізгі – тіл болмысын халық тұрмысымен қатар, ұлттық сананың ерекшелігі ретінде тану қажеттілігі айтылады. Ғалымның негізгі концепциясы мынадай болып келеді: «Өмірде адам, тіл, ойлау және дүние (әлем) дегендер болады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тіл адам мен дүниенің арасындағы аралық нәрсе. Ол – адамды сыртқы дүниемен байланыстырушы. Тіл – халық рухының сыртқы көрінісі, халық ойының, дүние тану дәрежесінің көрсеткіші. Халық тілі – оның рухы, халық рухы – оның тілі. Бұл екеуі тепе-тең, Тіл – адамның рухани әрекетінің өнімі емес, әрекеттің тура өзі» [13] – деген пікірі антропоцентристік прадигмадағы теориялық таяныш, айнымас темірқазыққа баланып, осы тұжырым көптеген зерттеулердің жүргізілуіне бағыт бағдар болғандығы көпшілікке белгілі. В. фон Гумбольдт тіл дамуның қайнарын өмірдегі заттық мәдениет құндылықтарынан емес, адам болмысының рухани әлемнен қарастырады. Ғалым тілдің біртіндеп сатылай даму теориясы күрделене түсетіндігі туралы гипотезаларды қарсылығын көрсетіп, оның адам баласының жаратылысымен біртұтас күрделі жүйеде өзара қабысып қатар пайда болғандығын айтады. Сонымен қатар ғалым адамзат баласына тән сөйлеу арқылы ой алмасу тілдік қатынас жасау қасиеті Құдай берген құрметтен бөлек, адамзат баласының тілмен тұтастығын құрайтын өзара ажыратуға келмейтін бүтін деп түсіндіреді.
Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
Тіл біліміндегі антропоцентристік парадигма аясынан өрбіген когнитивтік лингвистика ғылымының өзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен белгілі бір зерттеу нысаны бар, тоғыспалы ғылымдар нәтижесінде дүниеге келген жас ғылым саласы. Конитивтік лингвистика «когнитология» мен «лингвистиканың» өзара тоғысуының нәтижесінде туындаған ғылыми пән. Когнитивтік лингвистиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуын батыс еуропа мен америка елдеріндегі лингвистикалық зерттеулермен байланысты. Лингвокогнитивтік ғылымның басты өзіне тән ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғашқылардың бірі болып назар аударған Дж. Миллер когнитивтік ғылымды «ХХ ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпраттар теориясының сипозиумы» деп бағалаған болатын. Кейіннен 1960 жылы Гарвард университетіндегі американдық зерттеушілер Дж. Бруннер мен Дж. Миллер когнитивтік зерттеу орталығын ашып, когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға ат салысқандығы тіл білімі тарихынан белгілі. Яғни, когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы еуропа елдерінде ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастау алады. Осы кезеңдерден бастап когнитивтік лингвистика ғылымы теорялық тұрғыдан жан-жақты зерттеле бастады. Когнитивтік лингвистика ғылымының пән ретіне қалыптасуына Дж. Лакофф, Дж. Миллер, Р.Лангакер, Т. Ван Дейк, Дж. Хэйман, Х.И.Шмидт, М.Джонсон, М.Витгенштейн, Г.Н.Кент, т.б. секілді еуропалық ғалымдар тілдің танымдық қасиеті мен ғаламның тілдік бейнесіне қатысты зерттеулер жүргізіп ат салысты.
