Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kognityvty_ekzamen (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477 Кб
Скачать
☆

41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті

Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс. Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т.б. факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З.Ш. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі: 1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді; 2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді; 3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді, 4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді. Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: «Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп   жеткізу,   жаңа   мәлімет   беру   сияқты    қосымша    мәліметтері    бар». Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі.

42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк

43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник

Тілдік модель.Тіл - адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.

логикалық модель- ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау).

Логикалық модель — ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр турлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Когнитивтік модель - Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он

жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың

этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жаңа

ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды. Дәлірек айтсақ когнитивтік

бағыттағы зерттеуде Г.Гиздатовтың еңбегін атап өтуге болады. Зерттеушінің

«Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы»

атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы

зерттеу болып табылады. Ғалымның зерттеу жұмысында адам санасындағы

білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған.

Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады.

Және осы бағыттағы іргелі еңбектердің бірі ретінде Қ. Жаманбаеваның

«Тіл қолданысының когнитивтік негіздері» атты монографиясын жатқызуға

болады. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап,

гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл

біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған

аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне

айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды

көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты

қарастырылуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]