Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. Өзін өзі тану.Лек и пр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сөж тапсырмалары

тақырып

тар№

Тақырып атауы

СӨЖ тапсырмалары

Ұсынылатын әдебиеттер

(әдебиеттер, әдістеме,т.б.)

1

2

3

4

1

Өзін-өзі тану баспалдақтары

Хрестоматия материалдарын оқу және талдау.

« Студенттік кезең - тұлға дамуындағы қызықты кезең» тақырыбына шағын шығарма жазу.

Хрестоматия, тапсырма

2

Тұлғаның ішкі әлемі

Хрестоматия материалдарын оқу және талдау.

«Даналық және жағымды ойлау менің кумирім» эссе

Хрестоматия, тапсырма

3

Болашаққа бетбұрыс: рухани денсаулықтың әліппесі

Хрестоматия материалдарын оқу және талдау.

Өзіндік бағалауды көтеру бойынша 10 нұсқау жазу

«Мен бақытты адаммын» коллаж жасау

Хрестоматия, жеке және топтық тапсырма

4

Мен жетістікке жеткен тұлғамын

Хрестоматия материалдарын оқу және талдау.

«Кикілжің, кикілжің жағдайлары, дау-дамай, ұрыс, төбелес, соғыс, толеранттылық» түсініктеріне анықтама беру.

«Әрқашан толерантты болу керек пе?» Пікірталас

Жаттығу «Достық микрофоны: менің бүгін сіздерге тілейтінім...». (А.М. Прихожан «Жолы болмайтын адамның психологиясы. Өзіне сенімділік тренингі».2001).Жаттығу «Жүрекке жол табу» (Самоукина Н.В. «Бәрін де келісіп шешуге болады!», 2008).

Хрестоматия, жеке тапсырма

5

Отбасы- махаббат пен жылулықтың қайнар көзі

  1. Хрестоматиядағы материалды оқу және талдау.

  2. Өз отбасының картографиясын құру (В. Сатир. «Өзіңді және өз отбасыңды құру». 2001)

  3. Өз отбасының мүшесіне жағымды хат жазу. Шағын шығарма.

Хрестоматия, жеке тапсырма

6

Махаббат күші

  1. Хрестоматиядағы материалды оқу және талдау.

  2. «Махаббат күші» тақырыбына әдеби шығармаларды (аңыз, ертегі, өлең жолдары, нақыл сөздерді) іріктеу.

  3. Қайғылы махаббатты бастан кешірушілерге ұсынылады. Шағын - шығарма.

Хрестоматия, жеке тапсырма

7

Дау-дамай және тұлға

1.Хрестоматиядағы материалды оқу және талдау.

2. «дау-дамай, дау-дамайлы жағдай, айтыс, талас, тартыс, егес, ұрыс, соғыс, толеранттылық» ұғымдарына анықтама беру.

3. «Зәкір» жаттығуы. (Н.В. Самоукина «Келісімге келуге тырысыңыздар», 2008).

Хрестоматия, жеке тапсырма

8

Толеранттыл-ық өмір нормасы ретінде

1.Хрестоматиядағы материалды оқу және талдау.

2.«Барлық уақытта толерантты болуға болады ма?» пікірталас.

3.Топтағы студенттердің толеранттылығы туралы 10 ұсыныс құрастыру.

4.Миға шабуыл: «Халықаралық деңгейдегі саясат пен мәдениеттегі толеранттылық» тақырыбындағы видеосюжеттерді қарау.

9

Мәдениетке құндылық қатынас

  1. Хрестоматия материалдарын топтық оқуға, талқылауға, талдауға дайындық.

  2. Ұлы тұлғалар туралы эссе жазу

  3. Тест көмегімен жеке шығармашылық әлеуетін анықтау(шығармашылық тесттері).

  4. Баяндама жасауға дайындық. Әлем халықтарының даналық мұраларынан: ертегілер және аңыздар.

Хрестоматия,

тесттер,

жеке тапсырма

10

Сенім -қозғаушы күш

  1. «Діннің пайда болуы және дамуы», «Өз сенімін күшейту», «Әлемдік діндердің әмбебап қағидалары» тақырыптары бойынша баяндама жасауға дайындық.

  2. «Құран» кітаптарындағы жалпы рухани қағидалар.

  3. «Мен үшін сенім деген не?» тақырыбына эссе жазу.

Жалпы адамдық рухани қағидаларды презентациялау (оқытушы таңдауы бойынша

Хрестоматия, жеке тапсырма

11

Қазақстан- біздің ортақ мекеніміз

  1. Отанымыздың әсем табиғат көріністері бойынша бейне материалдар, фотоальбом немесе видеороликтер жасау.

  2. Рефераттар дайындау.

  3. «Отан неден басталады» Шағын-шығарма жазу.

  4. Хрестоматия материалдарын топтық талдауға дайындық.

  1. Шығармашылық жұмыс: «Менің этникалық ерекшеліктерім: ұлттық дәстүрлер және әдет-ғұрыптар».

Хрестоматия, шығармашылық тапсырма

12

Тұлға бостандығы және оған алып баратын жол

1. «Өзін-өзі қабылдау шкаласы» сызбасымен жұмыс («Мен-концепция» Р.Бернс бойынша).

2. «Өз-өзіңізге деген қатынасыңыз» тестімен жұмыс, рангілеу әдістемесі бойынша өзіндік бағалауды зерттеу.

3. «Бостандық және таңдау, сайлау» шағын-шығарма жазу.

4. Хрестоматия материалдары бойынша оқып-үйренуге, топтық талдауға дайындық.

13

Ұстаз имиджі: классикадан қазіргі заманға дейін

  1. Шағын-шығарма «Мен-идеалды ұстазбын».

  2. «Қазіргі заманғы мұғалім бейнесі» портфолио құрастыру.

  3. Уақытты тиімді пайдалану жоспарын құрастыру (өзнің уақытын есептеу картографиясы)

  4. Хрестоматия материалдарын топтық оқуға, талдауға дайындық.

Хрестоматия, жеке тапсырма

14

Кәсібилік ұстаздың өзіндік дамуы және өзін-өзі танудың нәтижесі

  1. «Кәсіби жетісікке қалай жетуге болады?...» тақырыбына эссе жазу

  2. «Менің сүйікті мұғалімім» шығарма жазу

  3. Қазіргі заманғы ұстаз компетенттілігінң алгоритмін құру (оқытушы таңдауы бойынша мысалы С.Б.Елканов бойынша).

  4. «Белгілі Қазақстандық ұстаздардың биографиясын зерттеу» баяндама жасау.

  5. Тамаша ұстаздардың өмірі (антология құрастыру).

Хрестоматия, жеке тапсырма

15

«Өмір кемесі»

  1. «Менің өмірлік ұстанымым» тақырыбына шығарма жазу

  2. «Егер де мен бір күнге сиқыршы болсам, онда....» шағын-шығарма.

  3. «Өзін-өзі тану» курсы бойынша «Жетістікке жету жолы», «Менің өмірлік жолым», «Өзін-өзі тану – бұл менің жетістігімнің және өсуімнің тарихы» тақырыптарына қорытынды шығармашылық жұмысын жасау және презентациялау.

Шығармашылық тапсырма

1-ШІ АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУҒА ТАПСЫРМА:

Мына тақырыптарға (суденттің таңдауы бойынша)эссе жазу:

  • «Студенттік жылдардағы өмірлік құндылықтарды таңдау»

  • «Адамдарға не үшін жалпы адами құндылық қажет?»

  • «Менің қадамдарым: өзіндік дамудан өзіндік жетілуге дейін»

  • «Менің жан дүнием».

2-ШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ТАПСЫРМА:

Аралық бақылаудың «Өзін-өзі тану» курсының аяқталу мерзімінде болғандығын ескере отырып, студенттерге төрт модуль тақырыптарынан таңдау ұсынылады:

  • «Өзін-өзі тану – ішкі үйлесімділіктің кілті»

  • «Өзін-өзі тану- бұл мен іздеген нәрсе»

  • «Өзін-өзі тану маған күнде өзіммен танысуыма көмектеседі.....»

  • «Өзін-өзі тану – бұл мені мен барлығының арамызды жалғастыратын көпір»

  • « Бүкіл әлем-бұл бір тұтастылық»

  • «Мен мәдени мұраға үлес қосқым келеді»

  • « Мен «Ұстаз» мамандығын таңдадым»,

  • «Менің болашағым- бұл Қазақстанымыздың болашағына үлесім»,

  • « Мен мамандықта өзімді осылай көремін!»,

  • « Мен білім сапасын қалай жақсартуды білемін».

Тапсырма келесі формада өткізіледі: портфолио, шығарма, баяндама жасау , іскерлік ойын түрінде.

1- МОДУЛЬ. Өзін-өзі танудың негіздері

Кіріспе

Қазіргі адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізгісі келеді: оқу, отбасы, карьера сфераларында өзімізді дамытып, өзіндік «сыртқы көрінісімізді» өзгерткіміз, қайта жасағымыз, әлемді көргіміз келеді. Мұндағы рухани құндылықтардың салмағы қандай? Руханилық – адамды опасыз материалдық дүниеденмі бөлек,

жоғары етіп көрсетеді. Руханилыққа отбасында тәрбиеленеді, бала кезден қалыптасады. Тек мұндағы шындық, рухани жағынан толысу, өсу жолы – бірінші кезекте өзін өзі танудан басталатын үздіксіз, үнемі өзіндік жұмыс болып табылады.

Беріліп отырған модульдегі сабақтардың бағдарламасы болашақ педагогтың өзін өзі тануы мен өзін өзі дамыту арқылы руханилықты іздеудің белсенді процесіне бағытталған.

Жоғары оқу орнана оқуға келгеннен кейін қазіргі студент, жасөспірім бірқатар тұлғалық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. Біріншіден, студенттің іс әрекетінің құрылымы өзгереді: оқу мотиві қосымша кәсіби мотивтермен тығыз байланысады. Үшіншіден, жаңа әлеуметтік «студенттік» қоғамға кіреді. Тұлғалық-әлеуметтік бейімделу процесі студенттің әрқайсысында әр түрлі өтеді.

«Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модулінің міндеті студенттік топтарда жағымды әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыруды, студенттердің оқу мотивациясын және танымдық қызығушылығын тұлғалық өзгерістерге дағдыландыру.

«Өзін-өзі танудың негіздері» модулінің сабақтары болашақ педагогтар үшін әлеуметтік-психологиялық тренинг принциптерін есепке ала отырып құрылған.

«Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модулін оқыту процесінде педагог әлеуметтік-психологиялық тренинг шеңберінде келесі ережелерге сүйенуі тиіс:

- Студенттерді барлық жағынан (коммуникативті, интерактивті, перцептивті) қарым - қатынасын дамыту;

- Студенттердің арасында дау-дамайларды (мінез құлқындағы агрессияның көрінуі) шешу;

- Студенттердің өзіне деген сенімділігін қалыптастыру;

- өзін- өзі тану және өзін - өзі жетілдіру процесіне мотивациясын жоғарылату

«Өзін-өзі танудың негіздері» модулі«Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модуліннің материалдарында топтық динамикаға, топтағы студенттерді нығайтуға, ұйымдасуға, студент тұлғасының өзіндік ашылу және өзіндік қабылдаудағы ішкі процестерінің тереңдеуіне бағытталған лайықты психотехникалар. Адамзаттың рухани ақиқат шекараларын түсіну мен кеңейтуге творчестволық жолды ашуға көмектесетін «Даналық сабақтарына» ерекше көңіл бөлінген.