Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. Өзін өзі тану.Лек и пр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Астарлы әңгіме «Бізге өмір сыйлағандар туралы»

Бозбала өзге ұлттың қызына ғашық болады. Оған үйленуге бел буады. Бойжеткен болса: «Мен саған тұрмысқа шығамын, бірақ алдымен сен мен үшін жүз істі атқарып шық,-деп айтады. Жігіт қыздың еркеліктерін орындай бастайды. Алғашында ол жігітті бірде-бір тірегі жоқ жартасқа шығуға, кейін сол жартастан секіруге мәжбүрлейді. Жігіт секіріп, аяғын сындырып алады. Онда қыз жігітке жүріп, ақсамай жүр деп бұйырады. Одан да басқа қолдарын су қылмай көлді жүзіп өту; асау атты тоқтатып, тізерлету; қыздың кеудесіндегі алманы бөлу тапсырмалары беріледі. Жігіт тоқсан тоғыз істі орындап шығады. Біреу ғана қалады. Содан қыз: «Енді анаңды және әкеңді, өз тіліңді ұмыт», - деп айтады. Жігіт көп ойланбастан атқа мініп, атын қамшылап, мәңгілікке ғайып болады.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Бозбаланың орнында болсаңыз сіз қайтер едіңіз?

  • Сүйікті адамды таңдауда қалауларыңыз қандай?

Жаттығу «Арманыңдағы адамның келбеті»

Нұсқау: Өмірді бірге кешіруге даяр адамды елестетіңіз. Таңдаған адамыңыздың мінез бітістері мен рухани қасиеттерін тізіп шығыңыздар.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Сіздің таңдауыңыз қандай негізде жүзеге асырылды?

Коллаж «Махаббатың қуаты». Шағын топтармен жұмыс.

Мақсаты: махаббат сезіміне оңтайлы қатынасты қалыптастыру. Сезімдік тәжірибенің және эмоциялы күйзелістердің негізінде үйлесімді күйін дамыту.

Материалдар: (ватман, бояулар, бояу жаққыштар, журналдар, желім, қайшылар, түрлі-түсті қағаздар).

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Орындаған жұмыстарыңыздың негізгі идеясы қандай деп ойлайсыздар?

  • Шығармашылық жобаны орындауда қандай күйзелістерді кешірдіңіздер?

  • Коллажға барлық эмоциялы түйсіктеріңізді ақпарат түрінде толықтай жеткізе алдыңыздар ма?

Оқытушы. Кейбір адамдар махаббаттан үрейленеді. Олар ғажайып өзара қатынастардан гөрі жалғыз болғанды қалайды. Олар өздері мен әлемнің арасында қабырға орнатып алады. Олардың қорқынышы өздерінің жұбын тауып, шынайы бақытты адам болуға кедергі келтіреді. Өзіде сүюге және сүйкті болуға мүмкіндік беріп, қорқынышыңа қарсы тұруға батылдық таныту қажет.

Релаксация «Ғашықтардың айналы биі»

Нұсқау: студенттер жұптарға бөлінеді. Кез келген әуенді қоюға болады. Жұптардағы адамның бірі айна болып, екіншісінің биін барынша анық қайталауға тырысады. Кейіп жұптар орындарын алмастырады.

Жаттығу «Махаббаттың заңдары» Нұсқау: Махаббатың күшіне сенбейтін, қатты қиналып, көңілдері қалғандарға 10 ұсыныс құрастырыңыздар.

Медитация «Мен махаббат жолдаймын»

Нәтижесі. Сабақты қорытындылау.

Оқытушы. Ғалымдардың айтуынша махаббат сезімінің жыныстық әуестік, рухани тартылыс пен үйірсектік сияқты үш «кезеңі» болады. Құштарлық серіктесімізден ең алдымен жыныстық ләззатты алғымыз келгенде бастапқы кезеңде орын алады. Біздің гормондарымыз солай жұмыс жасайды. Біз әуестігіміздің нысанына біршама үйренгенде де мидың ләззат алу аймағындағы қан ағысы жоғары дәрежеде болады. Бұл кезеңде адам айқын эмоцияларын танытуға аса бейім болмағанымен, сүйіктісімен бірге өзін аса үлесімді сезінеді. Ары қарай адам жақынына терең үйірсектікті сезінетін үшінші «сүйіспеншілік кезең» орын алады. Адам екінші жартысының тұрақты жанында болуын сезінеді. Дәл осы күй отбасын құруға ұласатын ұзақ мерзімді әйел мен еркек арасындағы махаббат қарым-қатынасының негізі болып табылады. Біз ашуды, жеккөруді немесе уайымды таңдағанымыздай махаббатты да таңдай аламыз. Егер адамның жүрегінде махаббат сезімі ұяламай, ол адамдардан шет жүру, жалғыз қалу, кінә сезімімен тығыз байланысты қорқынышта ғұмыр кешеді. Егер адам мааббатты таңдаса – мааббаттын табады. Ол жаңа қатынастарды қалыптастыруға дайын болып, көңілі қалмай, жаны қуаныш пен шаттыққа бөленеді.

Қоштасу рәсімі. Шеңбер құрып жаныңдағы адамға махаббат сезімін білдіру. «Мен сені жақсы көремін өйткені сен...»

7 - лекция.