- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •3 Кредит (135 сағат) алматы, 2012
- •Мазмұны
- •«Өзін-өзі тану» курсы оқытушысының рөлі мен қызметі
- •«Өзін-өзі тану» пәнін оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
- •«Өзін-өзі тану» сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің сипаттамасы
- •Оқытудың дәстүрлі әдістерінің мүмкіндіктері
- •Дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістері
- •«Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері
- •Рөлдік ойындарды дайындау және өткізу сатылары
- •«Өзін-өзі тану» сабақтарында жүргізуге ұсынылатын психотерапевтік әдістер
- •«Өзін-өзі тану» сабағында ұсынылатын психотерапевтік әдістерге қысқаша сипаттама
- •Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар
- •«Өзін-өзі тану» курсының
- •«Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны
- •Соөж тапсырмалары
- •Сөж тапсырмалары
- •Модуль. Өзін-өзі танудың негіздері
- •Тақырыбы: «Тұлғаның ішкі әлемі»
- •Сабақ барысы:
- •Қанша адам болса, сонша әлем
- •Тағдыр түрлі болғанымен, өмір біреу. Мұқағали Мақатаев
- •Студенттерге талқылау үшін ұсынылған сұрақтар:
- •«Қаһарманмен (кумирмен таңғы ас)» жаттығуы
- •Тақырыбы: «Болашаққа бетбұрыс: рухани денсаулықтың әліппесі»
- •Сабақтың барысы
- •Бәрінен де күшті адам - өзіне өзі сенетін адам.
- •Жаттығу: «Жылы сөз»
- •Оқытушы. Әңгіме. Анасының жеті қызы. (в.Сухомлинский)
- •Психодрама«Менің отбасым»
- •Астарлы әңгіме «Жүрек»
- •Рөлдік ойын «Отбасылық кеңес»
- •«Мен кімге ұқсағым келеді...» фразасын жалғастыру Нұсқау: бір туысыңды таңдап, неліктен оның еліктеу нысанына айналғанын түсіндіру.
- •«Махаббатсыз дүние бос...» Абай.
- •Астарлы әңгіме «Бізге өмір сыйлағандар туралы»
- •Жаттығу «Махаббаттың заңдары» Нұсқау: Махаббатың күшіне сенбейтін, қатты қиналып, көңілдері қалғандарға 10 ұсыныс құрастырыңыздар.
- •Тақырыбы: «Дау-дамай және тұлға»
- •1 Кезең. «Сыртқы келісім»
- •2 Кезең. «Иә мен сондаймын, маған өзгеруге кеш»
- •3 Кезең. «Бұзылған пластинка»
- •4 Кезең. «Шексіз нақтылау»
- •Сыйқыршы туралы ертегі
- •Сабақтың барысы: Сәлемдесу рәсімі.
- •Сабақтың барысы: Сәлемдесу рәсімі.
- •1 Слайд
- •Глоссарий
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер
«Өзін-өзі тану» сабақтарында жүргізуге ұсынылатын психотерапевтік әдістер
3-кесте
№ |
Психотерапия әдістері |
Әдістің қысқаша мазмұны |
1 |
Арт-терапия |
адамның жеке және психикалық дамуын түзету үшін көркем өнер шығармашылығының қолданбалы әдістерін пайдаланатын психотерапевтік әдіс |
2 |
Библиотерапия |
адамның психикалық күйіне кітап оқудың көмегімен әсер ететін эстетотерапияның түрі |
3 |
Ойын психотерапиясы |
балаларға және ересекерге ойынды қолдану арқылы әсер ететін психотерапевтік әдіс |
4 |
Имаготерапия |
негізгі мақсат- нәтижеге тұлғаны байыту және дамыту жолы арқылы жету. Ол үшін адамның (жеке немесе топтық) шығаршылық белсенділігі қолданылады. |
5 |
Әуендітерапия |
босаңсу және өзін-өзі реттеу мақсатында әуенді қолдануға негізделген эстетотерапияның бір түрі |
6 |
Психожаттығу |
бастан кешірулерді, эмоционалды күйлерді, мәселелерді қимыл қозғалыс, ым-ишара арқылы сыртқы шығаруды болжайды |
7 |
НЛБ (нейролингвистикалық бағдарлама) |
Өзара әрекеттің әдеттенген сызбасын өзгертуге, өмірде сенімділікті меңгеруге, шығармашылық потенциалды белсендендіруге бағытталған психотерапевтік әдіс |
8 |
Психодрама |
топтық психотерапияның бір түрі. Мұнда қатысушылар актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін тұлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталған психотерапия әдісі,р Бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып-білу мақсаты көзделеді |
9 |
Проективті сурет |
адамның ішкі проблемалары туралы қосымша ақпарат алу негізінде қолданылады, сөзбен жеткізе алмайтын жағдайларды анықтауға және ұғынуға мүмкіндік береді. |
10 |
Ертегітерапия |
метафорлар, ертегілер, аңыздар әсер етудің құралы ретінде болатын, тұлғаның үйлесімділігіне, шығармашылық потенциалын және ресурстарын ашуға мүмкіндік жасау негізгі міндеті болып табылатын практикалық психологияның әдісі. |
11 |
Денеге-бағыталған психотерапия |
адамның денесін демалу, жанасу, бұлшықет тонусы, қозғалыс көмегімен реттеудің психотерапевтік әдісі. |
«Өзін-өзі тану» сабағында ұсынылатын психотерапевтік әдістерге қысқаша сипаттама
«Арт-терапия» терминін 1938 жылы Адриан Хилл қолданысқа енгізді. Арт-терапия өкілдері З.Фрейдтің адамның ішкі «Мені», ол спонтанды түрде сурет салып, жабыстырғанда көрініс береді деген идеясына сүйенеді. Өзін-өзі танудағы арт-терапияның тартымдылығы бұл әдіс көп жағдайда өзін-өзі көрсетудің және қарым-қатынастың вербальды емес тәсілін қолданады. Шығармашылық үдерісінде мидың оң жақ жарты шары жұмыс жасайды. Қазіргі кездегі өркениет көбінесе қарым-қатынастың вербальды жүйесі арқылы әрекет етеді және сол жақ «логикалық» жарты шар жұмыс жасайды деген мәлімет бар. Адамның қалыпты, үйлесімді дамуы екі жарты шардың тең дамуын және қалыпты жарты шараралық өзара әрекеттесуді болжайды. Сонымен қатар, адам белсенділігінің бірнеше түрлері – шығармашылық, интуиция, мәдени білім, отбасын құру, бала тәрбиелеу және олармен қарым-қатынастағы романтика, оң жақ жарты шардың жұмысын талап етеді. Арт-терапия адамның шығармашылық мүмкіндігімен тығыз байланысты оның ішкі өзін-өзі емдеу қорларына әсер етеді.
Библиотерапия (грек тілінен аударғанда biblion - кітап therapeia -емдеу)-адамның психологиялық күйін жақсарту үшін жүйелі оқуды пайдалануға негізделген психотерапия формасы. Педагог немесе психолог адамның өмірлік мәселелеріне бағытталған әдебиетті таңдайды. Оқып болған соң мазмұнын бірлесе оырып талдайды. Кітапты таңдау барысында мәселелерге немесе ішкі дағдарысқа бағыталып, жүзеге асырылу барысында тұлғаның танымдық қабілеттерін және эстетикалық критерийлерін де ескеру қажет. Бұл әдістің негізгі мақсаты адамның өз проблемаларын өздері түсінуге мүмкіндік беру, осы проблемаларды сыртқа шығару мүмкіндігін кеңейу және оларды қоғамда игерілген тәжірибе контексінде енгізу. Осының арқасында өзгелермен ынтымақтастық пайда болады.
Имаготерапия (лат. imago - бейне) - түзету мақсатында нақтылы бейнелерді қайта жаңғыртудағы адамның жаттығуына бағытталған психотерапиялық әдіс. Бұл әдісті 1966 жылы И.Е.Вольперт ұсынған болатын. Ойын психотерапия түріне жатады, кең мағынада - қиын өмірлік жағдайларда адекватты әсер етуге үйрену, коммуникатвиті мүмкіндіктердің кеңейюі, жеке өмірлік тәжірибені жұмылдыру негіз болып табылатын мінез-құлық психтерапиясының бір түрі. Мысал ретінде имаготерапияға алаңдату, сенiм, түсiнiктеме, сендiру, имитациялық бұйрық, қызу қолдау, үйренуді жатқызуға болады.
Ойын психотерапиясы - балаларға және ересекерге ойынды пайдалана отырып психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын - жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға, тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі. Ойын психотерапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау барысында жалғасын табады.
«Әуентерапиясы» термині грек тілінен аударғанда «әуенмен емделу» дегенді білдіреді. Әуенпсихотерапиясы қазіргі қоғамдық өмірдегі күрделі жағдайларда адамның тұлғалық даму процесін жүзеге асыруға қабілетті, әмбебап тәрбие жүйесінің мәртебесінде бекітіліп дамиды. Бұл жердегі мақсат қандай да бір мәселені шешуге мән беруге мүмкіндік беретін нақты эмоционалды, сонымен бірге, эстетикалық бастан кешірулер және жаңа мағынаға жету болып табылады. Әуентерапиясында қосымша таныс алу жаттығуларын, ауторенинг, сурет немесе би тәсілдерін қолданады. Мұндағы мақсат адамды әлеуметік топтарға енгізу, себебі әуенді шығармашылықта тұлғаның бойындағы жоғары тұйықтығын жойып, түрлі коммуникативті дағдыларға жаттықтыруға болады, бұдан басқа мұнда тұлғаның ұстамдылығы және өзін-өзі бақылауы қалыптасады.
Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) - (ағылш. Neuro-linguistic programming) – қандай да бір салада жетістікке жеткен адамдардың сөйлесу формалары, көз және дене қозғалыстары және ес арасында байланыс орнатушы вербальды және вербальды емес мінез-құлқын модельдеу (көшірмелеу) техникасына негізделген психотерапиядағы және практикалық психологиядағы бағыт. НЛБ-ның негізгі мақсаты өз мінез-құлқын терең тану және оны жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ НЛБ түрлі салалардағы адам іс әрекетінің және түрлі мағынадағы алдына қойған міндеттерін жоғары деңгейде жүзеге асыруға қажетті адами қасиеттерді жетілдіруге бағытталған арнайы тәсілдер жүйесін құрайды.
Психодрама – (психо... және грек. Drama – іс әрекет) топтық психотерапияның бір түрі; Мұнда қатысушылар актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін тұлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталған психотерапия әдісі. Бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып-білу мақсаты көзделеді. Психодрама ұғымын және процедурасын Дж. Морено (АҚШ) ұсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір құралы деп түсіндірді. Психодрама тұлғаны түзету бағыты ретінде қарастырылады. Ол бұл әдісті әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретінде түсіндірді. Психодраманың мақсаты - адекватты емес күйлерді және эмоционалды реакциялар диагностикасы және терапиясы, оларды шеттету, әлеуметтік қабылдауды, терең өзін-өзі тануды өңдеу. Топтағы қатысушылардың біреуінің айтуы бойынша оқиға сюжетi бойынша тұтқиыл шығарылған театр қойылымына ұқсас жүргiзiледi, бұл жерде клиенттер әртістер және көрермендер рөлінде болады, олардың рөлдері қатысушылар тұлғалық мағынаға ие өмірлік жағдайларға бағытталған, олар үшін өмірлік маңызы бар жағдайларға модельденеді. Әдетте қатысушылар қатысушылардың бірі ұсынған оқиға желісін, жағдаяттарды театрлық формада көрсетеді. Жұмыстың көптеген түрлерінде әңгімелеуші қатысушылар әрекетін және олардың рөлін анықтайды. Әдебиет мәтіндерін де қолдануға болады. Психодрманың элменттері мінез құлықтық терапияға, әлеуметтік психологиялық тренингке, іскерлік ойындарға кіреді.
Проективті сурет - топтық психотерпия әдістерінің бірі. Проективті суреттің негізгі міндеті тұлға проблемасы туралы қосымша ақпарат алу. Проективті сурет адамның айтып жеткізе алмайтын мәселелері мен бастан кешірулерін айқындау және ұғынуға мүмкіндік береді. Сабақ келесі түрде ұйымдастырылады: әр студент қағаз, түрлі түсті борлар (краска, түрлі түсті қарындаштар қолдануға болады) және берілген тақырыпқа сурет салады. Проективті әдісті қолдануда салынған суреттің сапасы үлкен мәнге ие емес. Сурет салуға ұсынылатын тақырыптар жеке сондай-ақ жалпы топтық, түрлі мәселелерге қатысты болуы мүмкін. Проективті суретті талдау барысында мазмұнына емес оның көрсету тәсіліне, түсіне, пішініне, шығармаға, көлеміне, пациенттің түрлі суреттердегі қайталанатын арнайы ерекшеліктеріне көңіл аударады. Бірігіп сурет салуда пікірталас топтық жұмыстағы әрбір адамның қатысуын, оның жалпы әрекетке қосқан үлесі және топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас проццесіндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктері туралы талқылау болады.
Психожаттығу – адам психикасының танымдық, сондай-ақ эмоционалды-тұлғалық сферасын, тағы басқа жақтарын түзетуге және дамытуға бағытталған арнайы сабақтар (этюдтер, жаттығулар және ойындар т.б.) курсы. Негізгі мақсаты - қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады. Адам құрдастарымен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алады, өз сезімдерін жеңіл көрсете алады және басқалардың сезімдерін жеңіл түсіне алады. Айқын қозғалысқа ие болу деген ол басқа адманың бетінің барлық өзгерістерін, дененің қозғалысын және ым - ишарасын түсіне алады. Психожаттығуды қолдану процесінде мінездің жағымды қасиеттері қалыптасады: сенімділік, адалдық, батылдық, кеңпейілдік; невротикалық көріністер жойылады: қорқыныш, түрлі сипаттағы қауіп, сенімсіздік.
Ертегі терапия - бұл адамның ішкі әлемімен жұмыс істеу барысында әсер етудің таңғажайып тәсілі, дамытудың күшті құралы. Біздің ішкі әлеміміз ертегіге ұқсас. Психологтардың ертегіге деген қызығушылығы өте ертеден басталған. Дегенмен, тек соңғы жылдары ғана ертегі терапиясы практикалық психологияның дербес бағыты болды.
Адамға өзіндік дамудың субъектісі болуына мүмкіндік беретін маңызды жағдай өзіндік дамудың белгілі бір деңгейіне жету болып табылады, яғни өз «Менінің» деңгейіне жету, өзінің «Меніне» қарым-қатынас және өзінің «Менін» басқару. Студенттің өзіндік санасының дамуы , ересектер қоятын талаптар жүйесімен (оқу, тәрбие) және өзінің жеке спонтанды белсенділігінің арасындағы сырттай реттеуші қарама-қайшылықты жеңу арқылы жүзеге асады.
Ертегі терапияны пайдаланатын сабақтар мен тренингтерде педгогтар және психологтар нақты бір мәселемен жұмыс жасай отырып, олардың алғашқы себептерін табады және ішкі үйлесімділіккке жетуге көмектеседі.
Себебі ертегіде де өмірде де үйлесімді тұлға жасаушы, ал дисгармониялы тұлға бұзушы ретінде көрініс береді. Кез келген ертегіде – жасаушы бұзушыны жеңеді, яғни жақсылық зұлымдықты жеңеді. Ертегі өзінің метафорлығының арқасында дамытушы және психотерапевтік құралдардың бірі болып болып табылады.
Денеге-бағытталған терапия (ДБТ) – адам тәнімен бірге өткізілетін, психиканы өзгерту арқылы емдейтін, түрлі теоретикалық және методологиялық амалдарға, тәсілдерге ие психотерапия бағыттарының бірі. Негізгі бағыттары және техникалары: қозғалыс, жақындасу, тыныс алу. Бұл тәсіл адам тәнінде әсерін қалдырған бастан кешірулер мен мәселелерді «жанды тәнмен жұмыс арқылы емдеу». Адамның жан дүниесінде болып жатқан жағдайлар оның тәнінде де өз іздерін қалдырып отырады.
Біздің тәніміз - өзіміз өмір сүретін әлемді қабылдайтын құрал. Тәніміз біздің көзқарасымыздың, ойлау жүйеміздің сыртқы көрінісі немесе ішкі жан дүниеміздің айнадағы сияқты шағылысы, бейнесі. Өмірдің кез келген сәтіндегі адам тәнінің жағдайы – олардың басынан өткерген жеке өзіндік тарихын құрады. Ол тарих – біздің өміріміздің оқиғалары. Мұнымен адам баласы жерге шыр етіп түскен сәттен бастап шұғылданады, біздің өміріміз жайлы барлық ақпараттар бар. Өсе келе, тәжірибе жинақтаймыз, Бірақ, біздің өміріміз өткен өміріміз бен тәжірибелеріміз арқылы құралатынын біле бермейміз. Ол өміріміздің бастауындағы және өткеніміздегі қалыптасқан көзқарасымызды ұстанады.
Біздің «Меніміз» психикамызда қалай көрінсе тәнімізде де солай көрінеді, жанды тән процестеріне әсер ету арқылы жандандыруға болады. Тәнге-бағытталған терапия оның сезімдерін, ақылы мен дене түйсіктерін байланыстыруға, олардың арасындағы бұзылған өзарабайланысты қалпына келтіруге, адамға оның тәнімен сенімді және толық байланыс құруына көмектесетін сирек кездесетін және тиімді әдіс.
