Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. Өзін өзі тану.Лек и пр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сыйқыршы туралы ертегі

Бұл баяғыда болыпты. Ертеде ерекше бір адам өмір сүріпті. Ол өзі сондай сымбатты және қайырымды болыпты. Бірақ оның қанша жаста екенін ешкім білмейді екен. Оның көздері сондай күлімдеп, жарқырап тұрғаннан адамдар «ол өте жас» деп ойлайды екен. Бірақ оның ұзын, аппақ сақалы мен шашына қарап кейбіреулері: «ол қарт және ақылды» деп айтады екен. Оның қолынан келмейтіні жоқ екен. Ол ешкім жасай алмаған кереметтерді жасайды екен. Ол айналадағы ағаштармен, гүлдермен, жан- жануарлармен, балықтармен, су астындағы тіршілік иелерімен сөйлесе біледі екен. Ол ауырып қалған өсімдіктерді, жануарларды, тіпті адамдарды да емдейді екен. Ол қай уақытта жаңбыр немесе қар жауатынын біледі екен, желмен және күнмен дос болыпты. Көптеген адамдар онымен үнемі кеңесіп, кеңес алып отырады екен.

Адамдар оны Сыйқыршы деп атап кетіпті. Оның қайдан келгенін, тіптен оның бұрын өздері сияқты қарапайым адам екенін білмепті. Адамдар өзгергенмен, сыйқыршы сол адамдардың арасында өмір сүре береді, ал адамдар оны қорған ретінде сезінеді.Бір күні сыйқыршы адамдарға: - Мен сіздермен бірге ұзақ өмір сүрдім. Енді мен алыс сапарға аттануым керек екенін сезіп жүрмін дейді.

  • Сонда адамдар оны қимастан, көңілсіз күйде: бізді тастап кетесің бе?- дейді. Бізге сенің көмегіңізсіз, ақыл кеңестеріңізсіз қиын болады ғой. Ең болмаса өзіңіздің ақыл парасатыңыздын кішкентай бір бөлшегін қалдырып кетпейсіз бе?! - депті.

  • Сонда сыйқыршы: айналаңызға қараңызшы, сіздер керемет әлемде өмір сүресіздер. Әр күні сіздер таңды қарсы алып, шығарып саласыздар, ағаштың жапырақтарының сыбдырын, судың ағып жатқан сылдырын, оттың шыртылдап жанғанын, жердің тынысын ести аласыздар.

Бір минутқа демімізді ішке алып, тыңдап көрейікші. Бізді қоршаған дүниенің, тіршілікті жан дүниелеріңізбен сезініңіздер, олардың әрқайсының өзінің ырғағы бар. Біздің де әрқайсымыздың өзіміздің өмір сүру ырғағымыз бар.

Адамдардың барлығы демдерін ішіне алып, бір сәтке тып-тыныш бола қалады, көздерін жұмады да жердің бірқалыпта және тыныштықтағы тынысын, толқындардың жағалауға келіп бірде жай, бірде тез жайылғананын, ұрынғанын естиді. Ең бастысы, олардың әрқайсысы өздерінің жеке ырғағын: жүрегінің бірқалыпты соғуын, еркін дем алғанын естиді... Бір кезде адамдар өздерінде керемет ерекше бір құбылыстың болып жатқанын сезеді.

  • Біздің ішімізде бір ерекше, керемет бір нәрсе өсіп жатқан сияқты - деп сыйқыршыға олар сезімдерін қуанышпен жеткізді.

  • Сіздер мендегі ең үлкен құпияны ашқан секілдісіздер деп жымиыпты Сыйқыршы.

  • Сыйқыр дегеніміздің өзі – бұл табиғатты, бізді қоршап тұрған бар әлемнің ырғағын жан дүниеңмен тыңдай білу, сезіне білу, сөйтіп қоршаған әлемді өзгерте отырып, кереметтер жасай отырып өмір сүру. Тек өзіңнің ырғағыңды тыңдай отырып, әрқайсымыздың ішіміздегі жаңа нәрсені ояту, міне сыйқырлық осыдан басталады.

  • Ал біз оны қалай пайдаланамыз? - деп сұрапты адамдар.

  • Өздеріңізді дені сау және сымбатты да сұлу адам ретінде көз алдыңызға елестетіңіздер, өз жүректеріңізде осы бейнені көріп, сақтаңыздар. Содан бірте - бірте, сіздерге білінбестен өздеріңіз де өзгересіздер депті Сыйқыршы.

Өзіңіздің ырғағыңызбен сәйкес басқа адамның да ішкі ырғағын естуді үйренуге болады, сонда әрбір күн өзара түсіністік қуанышын сыйлайтын болады. Әрбір оқиғадан өзің үшін сабақ алуды үйренетін болсаң, онда қобалжу мен қорқыныштың орнына тыныштық пен анықтық, сабырлылық орын алатын болады.

Осылайша Сыйқыршы жолға аттанып кетіпті. Ал адамдар оның сөздерін есінде өте жақсы сақтап қалады. Өздерінің ішкі жан дүниесінің ырғақтарын тыңдай білетін болады, сөйтіп олардың әрқайсысында керемет бір Жасаушы ояныпты. Өздерінің айналасына қайырымдылық пен қуаныш нұрын шаша жүріп, өздерінің әрбір күнін олардың әрқайсысы тыныштықпен, махаббатпен өмір сүріпті.

Енді қазір біз қолымызды жүрегімізге қолымызды қоятын болсақ, онда өзіміздің жүрегіміздің жай соғуын, тыныс алу ырғағын естиміз. Біздің ішімізде өмір сүретін керемет жасаушы өзіміздің жылы қуаныш толқынын еске салады.

Ал енді біз терең тыныс алып, жайлап орнымызға қайтадан ораламыз.

Қорытынды.Сабақты талқылау, өз пікірлерімен бөлісу.

Қоштасу рәсімі.Студенттер екі шеңбер құрып бір - біріне қарап тұрады: ішкі және сыртқы шеңбер. Ішкі шеңбердегі студенттер орнында қалады, ал сыртқы шеңбердегі студенттер шеңбердің ішін айнала қозғалады. Студенттер бір –бірінің көздеріне қарап жағымды жылы сөздер айтып, қолдарын қысады да, рахмет айтады.

11-лекцияТақырыбы: «Қазақстан - ортақ мекеніміз»

Сабақтың мақсаты: азаматтық және патриотизм ұғымдарын ашу және бекіту, этникааралық келісімді конструктивті тұрғыда түсіну, жалпы ұлттық теңдікті түсіну, жалпы ортақ үй сезімін дамыту, отырып, ынтымақтастыққа жұмылдыруда транспаренттілікке тәрбиелеу және жағымды қарым - қатынас дағдыларын бекіту.

Әдістері мен формалары: дәріс - әңгімелесу, талқылау, жаттығу, коллаж, бой жазу ойыны.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, бояулар, маркерлер, ватман қағаздар, желім, газет жіне журналдардан қиып алынған суреттер, Р.Рымбаеваның орындауындағы «Алия» әнінің таспасы, «Сәлем саған туған ел» әні.

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу рәсімі.

Студенттер бір-бірімен Қазақстан халықтарының әр түрлі тілдерінде сәлемдеседі (тапсырма алдын - ала беріледі).

Дәріс - әңгімелесу.

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, - деп, ер қайратыңа мін –дағы, өрге бас!

М.Әуезов

Оқытушы. Қазақстан - өзінің құрамы жағынан көптеген ұлттар өмір сүретін бай мемлекет. Біздің республикамыз 130 - дан көп ұлттар мен ұлт өкілдері тұратын полиэтникалық мемлекет болып табылады. Олардың әрқайсысы суверинетті және егеменді тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына өздерінің үлесін қосып келеді.

Атақты Қазақстан ғылыми қайраткері былай деп жазады: «Қазақстан Республикасында ғалымдар халықтардың мәдени бірлігі мен этникааралық іс-әрекет мәселелеріне ерекше мән берілген. Бүгін біздің еліміздің ғалымдары мәні мен мағынасы жағынан жалпы адамзаттық құндылықтар құрамына, этникалық ерекшеліктерге жағымды түсіністікпен қарау мәселерін қарастыратын жобалар ұсынуда».

Қазақстанда өмір сүретін, қандай да бір әлеуметтік, этникалық топқа жататын әрбір адам мелекетіміздің жалпы жетістігінің негізі достық пен өзара түсіністік, бірлік, бейбіт өмір сүрудің маңыздылығын өте жақсы түсінеді. Бұл жағынан Қазақстан әлемдік аренада лайықты орын алады.

ЕҚЫҰ-на төрағалық қызметіне түсердің алдында Қазақсатан БҰҰ - ның қолдаған маңызды бастамаларды көтергенін баса айту керек. 29 - тамыз оның бастамасымен халықаралық ядролық жарылыстарды тексеруге қарсы күн деп жарияланды. Осы бір жігерлі әрекетінің нәтижесінде 2010 жылы Астанада Халықаралық мәдениет жылы болып жарияланды. Астанада қазақстандықтардың бастамасы негізінде дәстүрлі және әлемдік діни лидерлерінің съезі жүйелі түрде өткізуді мақұлдады.

ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төрағалық етуінде «төрт Т» құрметпен қарап, ұран ретінде алуы тегін емес. Олар: Trust (бір біріне деген сенім), Tradition дәстүр (ЕҚЫҰ- ның негізгі құндылықтары мен ұстанымдарына құрметпен қарау), Transparensy (өзара іскерлікке ұмтылу және жоғары ашықтық) Toleranse (өзара өркениеттілікті және өзара мәдениет диалогын бекіту). Мұнда соңғы «Т» республикамыз үшін жаңа биіктікке көтерілудің негізгі артықшылығы болып табылады.

Бүгін біз Қазақстанның тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлап отырмыз. Бұл әрбір республикамыздың азаматы үшін тек жай мерейтой емес, бәрінен бұрын, Жер бетінде бейбітшілікті орнатуда қосқан жаһандық жетістік, үлес, қазақстандықтардың жетістігі. Осылардың барлығын бақылай отырып, әрбір Қазақстан азаматында біздің мемлекетіміз үшін ерекше мақтаныш сезімі туары анық.

Оқытушы студенттерге сұрақтар қояды:

  • «Қазақстан - ортақ мекеніміз» деген сөз тағы да қандай ой - пікірлерді айтуға болады?

  • Біздің ортақ үйімізді қорғауға біз қандай үлес қоса аламыз?

  • Қалай ойлайсыздар, «азаматтық», «патриотизм» түсініктерінің мәні неде?

Студенттер сұрақтарға жауап береді. Ой- пікірлерімен бөліседі.

Оқытушы дәріс - әңгімелесуді студенттермен «азаматтық», «патриотизм» түсініктерінің мәнін қарастыра отырып, ары қарай жалғастырады.

Азаматтық категориясы түсіндірме сөздікте, ғылыми әдебиеттерде және ғылыми зерттеулерде нақты бір мемлеекттің азаматы ретінде және бекітілген нормативті актілеріне сәйкес олардың құқықтары мен міндеттеріне қарым- қатынасы арқылы іске асатын адам мен адамдардың құқықтық байланысының артықшылығы ретінде көрсететін «тұлғаның қабілеттілігіндегі интегралды қасиеті» деген анықтама беріледі.

Азаматтық категориясын мәдениеттану дискурсына толығымен жатқызуға болады. Мәдениеттің құндылығы ретінде қарастыратын болсақ, мұндай баға беру тектен текке айтылмаса керек. Немесе, барлығымызға белгілі болғандай «құндылық» - бұл жетістік, игілік, адам тұрмысының атрибуты, идеалды мәні болып табылады (И.Кант, Р.Г. Лотце). М.Шелер құндылықтардың қасиеттеріне қайырымдылық пен жауыздықтың арақатынасына байланысты анықтамаларды жатқызған. Құндылық өзіне сәйкес, қайырымды іс әрекеттерде ғана бар. Азаматтық өзінің алғашқы адам өмір сүруін сипаттайтын Платонның еңбектерінде азаматтық ізгілік, қайырымдылық ретінде айтылғанын есімізге алайықшы. Азаматтар арасындағы қайрымдылық қарым - қатынас – азаматтық қоғамның бөліп алып қарауға болмайтын сипаттамасы. Платонның азаматтық қайрымдылыққа өзін -өзі ұстай білуді талап ететін ерлік пен сабырлылықты бөліп көрсетуі бекер емес. Сондықтан, біз байқалған, көрінген азаматтық іс әрекетті, азаматтық ұстаным туралы осы мағынада айтамыз.

Адамгершілікті жетілдіру - жеке эгоизмін мүмкіндігі болғанша көрсетпей, байқатпай, өзінің сезімін басқаларға жеткізе білу қабілеттілігі.

Яғни, осы сөздер азаматтық сезімдеріміздің рухтануы, азаматтық қайырымдылықтар арқылы - азаматтық қоғамның орнауына жол салынған деп айтуға болады. Нағыз азамат өзінің рухани байлығынан, басқа азаматтармен бірігуі, оларға деген бақыт пен өсу тілегі арқылы рахаттанады, лаззат алады.

Атақты философ Д.Юм адамгершілік принциптерді қоғамды орнатуға қажет екенін түсіндірген. Осыған орай, жеке қызығушылықтардың болмауына алдын ала ескерту және сақтандыруды қамтамасыз ету үшін біз заңдарды шығарамыз, адамдар арасындағы қарым - қатынас жағымды және өкінішті, адамдық намыстың нәтижесінде туындайтын дау - дамайдың алдын алу үшін біз өнегелі тәрбие ережелерін жасаймыз.

Азаматтық ізгілікті құрметтеудің негізгі себебі, оның оптимистік дамуына қатыстылығында, өмір алдындағы оның рахымшылдығында, басқа адамды сезінудегі, оның дамуында оны меңгергендер үшін маңызды бола білу. Ол адамға тек жәй өмірге бейімделуді емес, сондай болуға қабілетті болуды міндеттейді. Ол оның дұрыс шешімдер қабылдауына көмектеседі, өмірді толығымен сезінуге алып барады, барлық қайырымдылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік жасайды. Ал қайырымдылық бізді басқаларға жағымды етіп көрсетеді, махаббат көзі, жақсылық тілеуші және құштарлық болып табылады. Бұл, Д.Юм бойынша дұрыс рухани ұйымдасуымыздың перцепциясы. Осылайша адамның суыққа, жылылыққа сезімін және қатынасын, сондай - ақ мәдени әдеттердің әсерімен басқа адамның сезімдерін сезінуін және қатынасын, оның өзінің көрсеткен сезімдік іс әрекетіне және жағдайлардағы әрекеті, қарым қатынасынан көрінеді. Адамгершілік ұстанымдарды сақтау оның құмарлықтары мен дұрыс рухани ұйымдасуының үстемдігіне масаттанып, өзін ұстай білуі тұрақтала түседі.

Осылардың барлығын қорытындылай келе, азаматтық қайырымдылық негізін қоғам мен адамның этикалық ресурстары, азаматтық категориясы құрайды екен, әрине бұған сөзсіз мәдени антропологиялық дискурс жатады. Осы дискурста азаматтардың өзін-өзі көрсетуіне қабілеттілігін сезінеді, уайымдайды, қоғамдық процестерде өзінің себебін түсінеді.

Бұл байланыста азаматтылықты тәрбиелеу адамның адамдармен тікелей қарым қатынасындағы адамилықты жетілдіруге, мәдениеттілік қабілеттілігін ашуға, «адамды өмірлік күштерді дұрыс пайдалана білуге» мүмкіндік беретін қабілеттіліктерін дамытуға бағытын болжайды.

Отан – адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адмы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбаты, ең қасиеттісі, ең аяулысы - Анасына балайды. Отан ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты. Оның неге бұлай екені батыр ақын М.Шахановтың «Төрт ана» деген өлеңінде керемет сипатталған.

«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта, мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамның өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері түп қазығы айбыны,

Туған тілі мәңгі өнеге айдыны,

Салт-дәстүрі қадамына шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы еске алуға қаншама

Ауыр, әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер,

Төрт анасын менсінбеген халықтың,

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған!

Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес,

Күрестердің ұлысы!»

«Отан деген не?» - деп сұраққа жазушы Л.Н.Толстой былай деп жауап беріпті: «Ол - белгілі бір аумақта өзінің тарихи іс қимылын жүзеге асырып жатқан бүкіл халық. Ол – халықтың өткені, бүгіні және келешегі. Ол – оның өзіндік мәдениеті, оның тілі, оның мінез құлқы, ол - сол халық жасайтын революциялардың, тарихи секірістердің, оның тарихи желілерінің тізбегі».Отанға деген қарым-қатынас адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі. Отансыз адам болмайды.

Отан - белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы - ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида етіп күресіп келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар-қосағы, дос –жаран, ағайын туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, өлгеннен кейін де ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Ежелгі заман ойшылы, әйгілі шешен Цицерон «... сүйіспеншілік туралы барлық түсініктеріміз «Отан» деген бір ғана сөзге біріккен», десе, С.Кеосский: «Адамның толық бақытты болуы үшін аяулы Отаны болуы керек» - дейді. Ал немістің ұлы ақыны Ф.Шиллердің ұғымынша, «Отаннан сүйкімді ештеңе болмақ емес», Отан соғысының атағы жер жарған қаһарманы әрі әйгілі қолбасшы, қазақ халқының дана да батыр перзенті Бауыржан Момышұлының: «Отан үшін отқа түс, - күйейсің!» деген әмір бұйрықтай нақыл сөзінің өмірдің өзінен алынып, жүректен шыққаны даусыз. Өзі үшін отқа түскен ерлерін қайырымды халқы, Отан-анасы да ұмытпай, мәңгілік даңққа бөлейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздары атамекенін, туған елін жауынан жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарған.

Патриотизм (грек тілінен аударғанда - отандас деген ұғымды білідіреді)- Отанға деген махаббаттан туатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім және Отанға деген қызығушылықтарын өзінің қызығушылықтарынан жоғары қоя білуге даярлығы.

Әр уақыттағы патриотизмнің көрінуі әрқалай болғанымен, оның мәні ешқашан өзгермейді.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі Алия Молдағұлованың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Соғыс басталған кезде қазір сіздер қанша жаста болсаңыздар сонша жаста болды деп айтуға болады. Сіздер мектеп кезінен бастап Алия Молдағұлованың еліміз үшін өте ауыр кезеңдегі жоғары патриотизм көрсеткен ерлігі жайлы естіп өстіңіздер. Көптеген Қазақстан қалалары мен Ресейде оған арналып ескерткіштер қойылған.

Әндер тыңдау.

Студенттер Роза Рымбаеваның орындауында «Алия» әнін немесе үзінді тыңдайды. Педагог Алияның өзінің әпкесі Сапура Молдағұловаға жазған хатынан үзінді оқиды: «Салем, қымбатты Сапура! Бәрінен бұрын өзіңнің денсаулығың, өмір барысы, көңіл күйің, жалпы туған республикамыздың өмірі қалай болып жатыр? Өзің және туған туыстар жайлы барлығын жаз. Сен білесің ғой, сенің олар туралы жазғандарың мені өте қатты қуантады, себебі біздің арамызды қаншама километрлер бөліп тұрса да, қанша қашық, алыс болса да, өзімнің Қазақстанымда, сендермен бірге қалай өмір сүргенімді көз алдыма елестетемін. Сендерді көріп, туған ауылымда бірге болғым келеді. Біз барлығымыз бірге – Отанымызға жеңіске жетіп, кездесуімізді тойлайтын боламыз!...».

Талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіз үшін патроиот болу дегенімізді қалай түсінесіз?

  • «Азаматтық» сөзінің қалай түсінесіз?

  • Болашақ педагог ретінде өсіп келе жатқан жас буынның бойында патриотизм мен азаматтылықты қалай қалыптастыруға болады деп ойлайсыз?

Коллаж ( кіші топтармен жұмыс).

Студенттерге төменде берілген тақырыптар бойынша коллаж жасауға тапсырма беріледі:

1. Қазақстан - ортақ мекеніміз.

2.Көпұлттылық мәдениет – Республикамыздың байлығы, мақтанышы.

3. Мен, сен,ол - бәріміз ынтымағы жарасқан мемлекетпіз.

Студенттердің жұмысын презентациялау.

Қоштасу рәсімі.

Студенттер бір біріне рахметін айтып, әлемнің, Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлттардың тілінде қоштасады (тапсырма алдын- ала беріледі).

12-лекция Тақырыбы: «Жауапкершілік - еркіндікке жету жолы».

Сабақтың мақсаты:Өзіне және өзгелерге құндылықты қарым қатынасты дамыту; «еркіндік», «жауапкершілік» ұғымдарын қарастыру; адам өмірінде жауапкершілікті саналы сезіну, ұғыну; өмір жолын таңдауға құқығын, сайлау еркіндігі ұғымдарын кеңейту және тереңдету.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, ойын, тестілеу, аңыздарды оқу, өзіндік талдау.

Материалдар: газет басылымдары (ескі), көз таңғыштары, А4 форматтағы ақ қағаздар, жазуға арналған кішкене қағаз қиындылары, маркерлер, қарындаштар, тест жауабына арналған бланкілер.

Сабақтың барысы:Сәлемдесу рәсімі.

Оқытушы студенттермен сәлемдеседі де, топ студенттерінің сәлемдесі рәсіміне айналған «Девиз» жаттығуын орындауды ұсынады.

«Ұран» жаттығуы.

Ақ қағазға өздерінің (өмірлік ұстанымдарын, іс әрекетін, мақсатын, әлемге деген қатынасын сөздерді) жазып және суретін салу керек. Әрбір студент өзінің ұраны жазылған ақ қағазын жалпы ортаға салады.

Дәріс-әңгімелесу.

Азат емес адам бақытты бола алмайды.

Бостандық дегеніміз – барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғы шарты – адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі.

Еркіндіктің не екенін өте түсінбейтін адамдар оны өте тезжғалтып алуы мүмкін.

Г.Спенсер.

Оқытушы. XII немесе XIII ғасырда болар, парламентарий сөз сөйлеп жатқанда қолын ары бері сілтеген кезде көрші отырған адамның қолы мұрнына тиіп кеткені үшін сотта мәселесі қаралады. Парламентарий қолымды ары бері сілтеуге құқым бар дейді. Сонда сот мынандай шешім шығарады: «Сіздің қолыңызбен ары бері сілтеуге еркіндігіңіз басқалардың мұрны бар жерде жоқ».

Өмір сүрудің жаңа, қазіргі кезеңінде табиғат пен әлеуметте еркіндік түсінігін терең түсіну қажеттілігі баю үстінде.

Еркін болу – яғни, әлемде толық және ақылды болып қалуға мүмкіндік беретін шынайы тосқауылдарды түсіне білу, ал адам әлемді жасаушы объективті заңдарға сәйкес іс әрекет жасау керек.

Э.Фромм еркіндікті адамның негізгі өсу мен даму жағдайы деп санаған. Ол - адам бас тарта алмайтын ұлы сый және ауыртпалық. Еркіндік – адамның өзінің іс әрекетіне жауапкершілік таныта отырып таңдаған альтернативаларды саналы ұғынуымен байланысты. Қазіргі философтар мен психологтардың зерттеулері бойынша жауапкершілік ересек тұлғаның әлеуметтік мінез құлқын ішкі реттеушісі ретінде орын алады деп қорытынды жасаған. Мұнда әңгіме жас жайында емес, оның тұлғалық өсуінде болып отыр. Кішкене бала үшін қажетті сыртқы жағдайлар мен шектеулер орын алатын болса, ал ересекте тұлғаның өзінің еркін қабылдаған мақсаттары мен құндылықтары болып табылады. Ересектер үшін сыртқы стимулдар мен еске түсірулер қажет емес. Тұлғаның ішкі еркіндігі, бостандығы оның жауапкершілігімен шектелмейді, керісінше, жауапкершілігінің арқасында мәнге және мазмұнға ие болады. Жауапкершіліктің дамымауы немесе оның тіптен болмауы адамға толығымен еркін тұлға болуға кедергі жасайды, бірақ, сонымен бірге ол оны жағдайларға құл етіп, ішкі бақылауға тәуелді етеді.

Сонымен еркіндік мәселесі жауапкершілік мәселесімен тығыз байланысты.

Жауапкершілік - еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің потенциалын аша алады.

Сонымен, жоғарыда тұлға жайында айтылғандардың барлығын қоса келе, оның қалыптасуына әсер ететін факторларды бөліп көрсетеміз.

Олар:

  • адамның өзінің қабілеттілігі мен нышандарын көрсете білуге мүмкіндік жасайтын іс әрекеті;

  • адамның басқа адамдармен ауызба- ауыз сөйлесуі кезінде ғана емес, адамзаттың адами қасиеттерін, салт дәстүрлері, әлеуметтік нормалар мен ережелерді меңгеруі арқылы көрінетін, болатын қарым -қатынасы;

  • жеке және әлеуметтік мінез құлық жауапкершілік әдістері мен формаларын болып жатқан жағдайларға байланысты таңдап алуда көрінетін адамның шығармашылығы, мұны еркіндік сөзінің синонимі деп алуға да болады.

Мінекей осы факторларды адам негізгі қоғамдық рөлдерді меңгеруі арқылы әлеуметтену процесінде дамытады.

«Бағыттау» жаттығуы

Мақсаты: серіктесің үшін жауапкершілікті жоғарылату, күшейту (15 минут).

Пайдалануға қажетті материалдар: бірнеше газеттер, көзді байлайтын таңғыш.

Еденге қалай болса солай газеттерді жыртып тастаймыз. Топ екі екіден жұпқа бөлінеді. Бір студенттің көзін байлаймыз, ол еріп жүруші болады. Оның серігінің міндеті – осы жыртылған газеттен жасалған «бағыттардан» алып өту.

Жаттығуды талқылау. Сұрақтар:

  • «алып жүрушілер» «еріп жүрушілерге»қарағанда қандай жауапкершілікті сезінді?

  • «еріп жүрушілердің» жүрісіне жтекшілік жасау қаншалықты қиын болды?

  • «алып жүрушілердің» айтуы бойынша «еріп жүрушілердің» әс ірекеті қаншалықты комфортты болды?

Жүргізушіге ескерту. Студенттерге «алып жүрушілерге» «алып жүрушілер» үшін жауапты болатынын ескерту керек. Егер «еріп жүрушілер» қателессе , онда сол жұп ойыннан шығады.

Оқытушы (дәріс- әңгімелесудің жалғасы).

Шын мәнінде біз өмірімізді өз таңдауымызды толығымен ұғынған кезде, біздің бақыт құсымыз өз қолымызда екенін түсінген кезде ғана өзгерте аламыз. егер біз осы мәселеге саналы тұрғыда мән берсек – ертең біз қандай адам болып оянғымыз келеді?

Көптеген адамдар осы сөзді естіген кезде мұрындарын жиырады. Біздің бұл әңгімемізден, жауапкершілік деген сөзден көңілсіздік пайда болады, ол алып жүруге тура келетін үлкен ауыр жүк секілді қиналады.

Алайда, жауапкершілік концепциясына басқаша қарасаңыз еркіндікті сезінгендей боласыз.Жауапкершілік - өз өміріңді өзгертуге деген құқығың, оны әрбір секунд сайын қайта жасауға деген құқығың! Жауапты болу - өзіңе жеке билік жасайтын қожайын болу, иелік ету дегенді білдіреді. Бұл, сенің өміріңе ешкімнің де қол сұға алмайтынын білдіреді. Бұл өз бақытыңды өзіңе жасауға мүмкін екенін және мұнда ешкімнен сен тәуелді емес екеніңді білдіреді... Жауапты болу дегеніміздің өзі не? Яғни, бұл сенің барлық ойларың, сенің сезімдерің, сенің көңіл күйің, сенің бақытты болуың, бақытсыздығың, немесе сенің ішкі дүниеңде болып жатқан жағдайларды үнемі саналы тұрғыда түсіну. Бұлардың барлығы тек сенікі, басқа ешкімдікі де емес. Сенің іс-әрекетің - бұл сенің жеке ісің, сенің жауапкершілігің, сенің таңдауың. Ешкім бұған жауап бере алмайды – тек сен өзің ғана жауап бересің.

Далай Лама бірде: «Егер адамның ішетін тамағы және жататын жері болса, ол өзін бақыттымын деп санауға толық себептер бар, ал қалғаны - оның таңдауы» деген екен.

Егер сен үнемі көңіл күйің төмен болса, сен бақытсыздықты сезінген кезіңде - өзіңнің ішіңе үңіл, онда не болып жатқанына мән бер, түсінуге тырыс. Бұл жағдайға өзіңді тек өзің жеткіздің, басқалар емес. Егер осы жағдайға өзіңді өзің жеткізген болсаң онда осы жағдайды өзің ғана өзгерте аласың.Осындай саналы түсінік өзіңді, өміріңді өзгертетін күш пайда болады. Сен өзіңе жауапкершілікті алған кезде сен өзіңнің күшіңе ие боласың. Бұл асыра айтқандық емес аллегория – бұл қандай болған жағдайда бізде үнемі болып отыратын нәзік энергетикалық прцесті тікелей бейнелеу. Мұның барлығы жай қарапайым ғана нәрсе – сен жауапкершіліктен қашсаң осы энергиядан айырыласың, жауапкершілікті мойныңа алсаң энергияны аласың. Жауапкершілікті басқаға артып қойсаң, онда сен өз қолыңмен өзіңді сол адамға тәуелді етесің.Еркін болудың арқасында сен өзіңнің өміріңді, өзіңнің бақытыңды жасай аласың. Сен үшін басқалар мұны жасамайды. Тек өзің ғана өзіңді бақытты ете аласың. Сенде басқаларды кінәлауға деген қажеттілік те болмайды. Егер де, сен өзгелердің өзгергенін ашық немесе жасырын болса да өзгергенін қалап, оны өзіңнің қалауың бойынша көргің келеді, мәжбүрлейсің, оларды кінәлайсың. Өмірде өзгені өзгерту деген ең қиынның қиыны, миға сиымсыз нәрсе.

Өз өміріңді - ойыннан тұратын жеңіл биге, тұрақты жеке таңдауыңа айналдыр, өзіңнің болашағыңның әрбір секундын таңдай отырып сіз өзіңіздің әр сәт сайын, кешегіден де жақсы екенініңізді сезінесіз!

Өзіндік дәрежені анықтау тесті. Бұл тест адамның қаншалықты жауапты шешімдерді қабылдай алуға қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Өмірде өзінің мәселелерін шешуді басқалардың мойнына артып, «шешім қабылдай алмайтын» адамдар кездеседі. Бұл методика арқылы қандай да бір деңгейде жауапты және қажет кезінде жеке шешім қабылдай алуға қабілетті адамдардың үш категориясын анықтауға болады.

«Бақа» туралы аңыз әңгіме. Күндердің бір күнінде бір бақа ауылдың лас жолындағы транспорт жүретін жолдың ортасына түсіп қалады да одан шыға алмайды. Ол әбден қиналады, қаншама шығуға әрекет жасаса да ешәрсе шықпайды, не істерін білмейді. Оның достары да қолдарына келгенше әс әрекет жасайды. Сонымен кеш болады, әбден қорыққан, ренжіген олар амал жоқ бақаның өзін сол жерге қалдырып кетуге тура келеді. Келесі күні олар бақа осы уақытқа дейін өліп қалған шығар деп келіп қараса жоқ. Бірақ ол көңілді, секіріп жүргенін көріп, таңқалады.

Олар: «Бұл қалай болғаны, не болды? Қалай батпақтан шықтың?» деп сұрайды.

«Жай ғана, бір жүк машинасы көрінді, ол кейін жақындай түсті, ал мен ол жерден шығуым керек болды деп жауап береді бақа.

Талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар:Аңыз не туралы?

  • Бақаның батпақтан шығып кетуіне не көмектесті?

  • Сен бар күшіңді салып мақсатыңа жеткенде нені сезінесің?

Қорытынды. Сабақта қткендерді толығымен талқылау.Педагог студенттермен сабақтың қорытындысын талқылайды.

  • Адам үшін жауапкершілікті қабылдау қаншалықты маңызды?

  • Еркіндік пен жауапкершіліктің бір-бірімен байланысты?

  • Осы сабақтан өздеріңіз үшін маңызды және пайдалы не алдыңыздар?

Қоштасу рәсімі. «Мен сыйлаймын» жаттығуы.Әрбір студент үш қағаздан алады да, өзінің досына, тобына, әлемге не сыйлағысы келген сөзді жазады. Кейіннен қағаздарды жинаймыз, араластырамыз, содан соң студенттердің әрқайсысы үш қағаздан алып, өзіне, тобына, әлемге сыйлық таңдайды. Топта барлық «сыйлықтар» оқылады.

4 -МОДУЛЬ. «ҰСТАЗ» МАМАНДЫҒЫ – БҰЛ МАҚТАНЫШ

Кіріспе

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік институты бола отырып, сол қоғамнан талап ететін оның даму деңгейін сипаттайды. Дегенмен де, қоғамдағы әлеуметтік – мәдени дағдарыс кезеңіндегі мәдениетті таратудың негізгі өте маңызды қызметін сақтай отырып, білім қоғамдық қарым–қатынастардың дамуына ықпал ететін, дағдарысты жағдайларды шешудің белсенді компоненті болып қала береді.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасының мақсаттарыына сәйкес

бәскеге қабілетті білімді жоғарылатудың, сапалы білімге қол жеткізуге қамтамасыз етуде адам капиталанаң дамуын, педагог мамандығының мәртебесін көтеру, білім беру жүйесіне перспективті технологияларды ендіру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

«Ұстаз» мамандығы – бұл мақтаныш 4 - модулі болашақ педагогтың маңызды күшке ие тұлға, оның әлеуметтік және кәсіби шығармашылықтың мәдениет субъектісі ретінде рухани мүмкіндіктерінің дамуы мен баюына әсер етуге бағытталған.

Берілген модуль «Өзін -өзі тану» курсын соңғы сабақтарының мазмұнын құрайды және толығымен «педагог» мамандығының құндылықтары мен, сондай ақ, таңдап алынған мамндықтың мәртебесінің негізгі принциптерін оқып-үйренуге арналған.

Бұл модулдің міндеті «Білім» мамандықтарындағы топ студенттерінде өзін-өзі тану процесінде балаларға деген махаббат, руханилық, азаматтық, ақылдылық, гумманизм «педагог» мамандығының негізгі постулаттары болып қалатынын терең түсінуге және өздері таңдап алған мамандықтарына деген құндылықты қарым-қатынасты қалыптастыруды көздейді.

Бүгінгі күнде жас маманда қажетті кәсіби- маңызды қасиеттерді қалыптастыру бір актілі академиялық педагогикалық білімді алумен шектелмейді. Жаңа буын мамандары үшін бұл процесс ойы мен өмірінің бейнесі өзін- өзі дамытумен, өзін-өзі танумен және үздіксіз өзін-өзі жетілдірумен байланысты болып отыр.

Модулде студенттерге классикадан қазіргі заманға дейінгі мамандықтың рухани-адамгершілік негіздерін сақтай отырып, сондай -ақ қазіргі даму кезеңіндегі уақыт талаптарына жауап бере алатын жаңа педагог имиджін құруға деген тілегіне ықпал етуге бағытталған дәріс-әңгімелер, шығармашылық тапсырмалар, диспуттар, ойын әдістері, жаттығулар қолданылады.

13 – сабақ. Тақырыбы: «Педагогтың имиджі: классикадан қазіргі заманға дейін»

Сабақтың мақсаты: «педагог» мамандығының негізгі қағидалары мен құндылықтарын зерттеу; мамандықың артықшылықтарын, педагогтың маңызды қасиеттерін ашу; «имидж» ұғымының мәнін өзін-өзі анықтау факторы ретінде қарастыру, харизматикалық тұлғаның негізгі қасиеттерін зерттеу.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, жаттығу, тестілеу, коллаж, шағын топтармен жұмыс жасау.

Материалдар: хрестоматия, тесттің бланктері, ватман, қарындаштар, маркерлер, коллаж үшін әртүрлі газет-журналдар (тігіндісі).