Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. Өзін өзі тану.Лек и пр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тақырыбы: «Дау-дамай және тұлға»

Сабақтың мақсаты: «Дау-дамай» ұғымына сипаттама беру.Тұлғаішілік дау-дамайдың табиғатын қарастыру, тұлғаның дамуындағы жағымды және теріс жақтарын анықтау. Даудан шығу әдістерімен танысу. Дау-дамайды конструктивті шешу іскерлігін қалыптастыру.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», бейне материалдарды көру, ойындар мен жаттығулар, медитация, өзін-өзі талдау.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио-және бейнематериалдар, қағаз, маркерлер.

Сәлемдесу рәсімі. Қуаныш шеңбері.

Жаттығу «Бұл керемет!»

Нұсқау: студенттер шеңбер құрып орналасады. Қатысушылардың бірі ортаға шығып: «Студенттік өмірдің маған үйреткендері...», деген сөйлемді жалғастырады, ал қалған студенттер әрбір сөзден кейін саусағын жоғары қаратып, қолын алдыға созып, лақтырып: «Бұл керемет!» деп айтады.

Дәріс-әңгіме

Адам өзін дау-дамайда жеңгенде ғана өмір сүре бастайды

Альберт Эйнштейн

      Оқытушы. Адамзаттың бүкіл тарихы бұл – сан ғасырлық соғыстар мен дау-дамайлар тарихы. Дау-дамайлар әрдайым болған әлі болады да, әрі олардың пайдасыз немесе патология деуге болмайды. Олар біздің өміріміздегі қалыпты құбылыс. Сірә, қоғам өзінің даралығы мен еркіндігінен айырылғанда ғана дау-дамайсыз болар. Өткеннің көрнекті ойшылдары дау-дамай адамның ішінде дей келе, адамның өзі даудың тасымалдаушысы деп есептеген. Дау-дамай бұл – қарама-қарсы жақтардың қақтығысы немесе жақтардың өзара әрекеттестігінің барысында туындайтын маңызды қарама-қайшылықтарды шешудің неғұрлым шиеленіскен тәсілі.

Дау-дамай әртүрлі бағыттардың тұрғысында ерттелінеді. Н.В.Гришина психологиялық дау-дамайларды қарастырудың дәстүрлі үш – мотивациялық, ситуациялық және когнитивті түрлерін атап көрсетеді. Н.У.Заиченко дау-дамайлар зерттелінетін негізгі алты: когнитивтік, мотивациялық, аналитикалық, іс-әрекеттік, энергиялық-эмоциялы, ұйымдастырушылық және жүйелі тұрғыларды атап көрсетеді.

Әртүрлі авторлар дау-дамайды түрліше анықтайды әрі әдетте «дау-дамай» ұғымының жалпы анықтамасын қолданады. Мысалы, А.И.Алексеева дау-дамайды адамдардың бір-біріне деген қарама-қарсылықтарының шарттылығымен түсіндіреді. Дау-дамайда адамдардың мақсаттары, қызығушылықтары қақтығысады, сондай-ақ онда оның мүшелерінің шынайы бәсекелестігі көрініс береді. Дау-дамайды үрдіс ретінде де түсінуге болады: ондай жағдайда ол қатынастарды тұрақтандыру құралдарын іздеу жолында әрекеттердің дамуы, табылмаған жол жағдайын анықтайды. И.П. Андриадидің пікірінше, дай-дамай бұл – «шешімі тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық қатынастардың біртіндеп дамуы». А.А. Ершов дау-дамайды «тұлғалар қарым-қатынастарының барысында және нәтижесінде қажеттіліктерінің, мотивтерінің, мақсаттарының, бағдарларының, көзқарастарының, мінез-құлықтарының сәйкессіздігінен олардың қақтығысы» ретінде анықтайды.

Дау-дамайларды басқару үшін оның құрылысы мен қызметін анықтап ажыратын алу қажет. Әрине, дау-дамайда ең алдымен дауласқан жақтарды және қарсыласу затын анықтауға болады. Алайда, оның басқа да құраушылары бар.

Конфликтогендер бұл – дау-дамайдың туындауы мен дамуына ықпал ететін сөздер.

Дау-дамай = проблема (қарама-қарсылық) + даулы жағдай + қатысушылары + оқиға.

Мұндағы қатысушы дау-дамайдың барлық фазаларына кіріктірілген субъект болып табылады. Дау-дамайдың пәні - бұл қарама-қарсы қызығушылықтар қалыптасатын объект болып табылады. Яғни дау-дамайдың пәні бұл – оның бастауы. Дау-дамайдың «кеңістігі» ұғымы дау-дамайдың пәнін қамтиды. Алайда, пән ол – бастау, ал кеңістік - даулы әрекеттердің аумағын құрайтын дүниелердің барлығы. Кеңістіктің элементтері, мысалы, ойын ережелері, мінез-құлық нормаларының себебінен түсінбестік орын алса, олар дау-дамайдың пәні болуы мүмкін.

Даулы жағдаят дау-дамай құрылымының маңызды элементі болып табылады. Кез келген дау-дамай даулы жағдаяттың барысында орын алып, туындап, шешіледі. Даулы жағдаят бірінші кезекте қарама-қарсы екі жақ немесе олардың бірі бұрынғы өзара байланыстың шеңберінде тіршілік ете алмайтын дау-дамайдың негізін құрайтын қарама-қарсылықтың шиеленіскен түрін қамтиды.

Астарлы әңгіме «Екі қасқыр»

Бұрынғы заманда бір қарт немересіне бір өмірлік ақиқаттың сырын ашады:

  • Әр адамда екі қасқырдың күресіне ұқсас күрес жүреді. Қасқырдың бірі зұлымдықты: күншiлдiкті, қызғаншақтықты, өкiнiшті, өзiмшiлдiкті, жалғанды, шамданушылық, мансапты білдіреді. Екінші қасқыр мейірімді: бейбітшілікті, сүйіспеншілікті, үмітті, ақиқатты, мейірімді, адалдықты білдіреді. Атасының сөздері жанын тебіренткен немересі ойланып:

  • Соңындай қай қасқыр жеңеді?-деп сұрайды.

Қарт жымиып:

  • Сен жемдеген қасқыр жеңеді-, деп жауап береді.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Астарлы әңгіменің мәні неде?

  • Сіздер қарттың пікірімен келісесіздер ме, неге?

Оқытушы. Тұлғаішілік дау-дамайдың адамның ішкі әлемінде орын алатын психологиялық дау-дамайлардың ішіндегі ең күрделісі. Тұлғаішілік дау-дамайға берілмеген адамды елестету мүмкін емес. Сонымен қатар адам ондай дау-дамайларға жиі ұшырап отырады. Конструктивті сипаттағы тұлғаішілік дау-дамайлар тұлға дамуының қажет сәттері болып табылады. Бірақ деструктивті тұлғаішілік дау-дамайлар стрестерге ұласатын ауыр күйзелістерден, көрінісінің шеткі түрі – суицидке дейін тұлға үшін аса қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан әрбір адам үшін тұлғаішілік дау-дамайлардың негізін, себептері мен шешу тәсілдерін білген маңызды. Тұлғаішілік дау-дамай бұл - тұлғаның қарама-қарсы бағытталған мотивтерінің (қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының, құндылықтарының, мақсаттарының, идеалдарының) қақтығысын білдіретін психикалық әлемінің ішіндегі дау-дамай.

Бейсаналы ішкі қақтығыс тұлғаішілік дау-дамайдың бір түрі болып табылады. Оның негізін бұрында толықтай шешімін таппаған әрі ұмытылмаған даулы жағдаяттар құрайды. Бейсаналы деңгейде біз өткен шағымызда шеше алмаған қиындықтарымыздың жүгін көтеріп, оларды қайтара шешуге әрекеттенгендей бұрынғы даулы жағдаяттарды қайта жаңғыртамыз. Өткен шақтағы шешілмеген жағдаятқа ұқсас жағдайлар бейсаналы ішкі дау-дамайдың қайта жаңғыртылуының себебіне айналуы мүмкін. Адамның өз-өзімен ішкі дауы қалыптасқан қағидаларын қайта ойластыруына мүмкіндік береді. Тұлғаішілік дау-дамайлардың түрлері:

  • қажеттіліктердің қақтығыстары (өзіңнің де жегің келеді басқаға да дәм татқызу қажет);

  • әлеуметтік норма мен қажеттіліктің арасындағы қақтығыс (махаббат және норма);

  • әлеуметтік нормалардың қақтығысы.

  • құндылықтар қақтығысы;

  • құндылық пен норманың арасындағы қақтығыс;

  • құндылық пен қадеттіліктің және т.б.арасындағы қақтығыстар.

Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс .

  • Құрметтілердің заңы – жақсылық жасап, ұрсыспауда. (Лао-Цзы)

  • Дауласқан екі адамның ақылдысы кінәлірек (Иоганн Вольфганг Гете)

  • Дауласпаған, айыпталмайды (шығыс даналығы).

  • Даулас: ақылдымен келіс, ақымақты алда (Абай)

  • Ойдан шығарылған дауды барынша тұтандырса, ол соғұрлым жылдам сөнеді. (еврей мақалы)

  • Даулар жиі себепсіз болғанымен, салдарсыз болмайды (Конфуций).

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Ойлардың қайсысы сіздерге жақын, неліктен?

Оқытушы. Тұлғаның ішкі және сыртқы қарама-қарсылықтары өзара байланысты болады. Адамның психикасы сыртқы қарама-қайшылықтарды ішкіге және керісінше көшіруге қабілетті. Сонымен қатар трансферт көбінде адамның еркінен тыс, бейсаналы түрде жүзеге асады. Сыртқы қиындықтарының шешімінен бас тарқан адам ішкі қайшылықтарына бағынышты болады. Сырттай даусыз мінез-құлыққа бейім адамдар жиі өздерінің ішкі қиындықтарына үңіліп, үйреншікті әлеуметтік ортада өзін-өзі жүзеге асыра алмайды (мысалы монах болу таңдауын жасау). Басқалары керісінше өздерінің ішкі қайшылықтарын жеңіл кешіріп, өмірлерінде біршама табысқа қол жеткізгенімен, әрдайым моральмен татулықта болмай, жолдарында пайда болған сыртқы қиындықтарды белсенді шеше алады.

Өздерін тағдырларының қожайыны деп есептейтін (интернал) және орын алған жәйттердің себебін сырттан іздеп, ағыспен жүргенді қалайтын (экстерналдар) адамдар да болады. Даулы күйзелістерді өздеріп іздеп тауып, одан наұқты рахат алатын адамдар да кездеседі. Тығырықтан шығар болғамағанда қалыптасқан жағдайға байланысты дау-дамайға жол беретін адамдар да болады. Тепе-теңдігінен айыруы мүмкін нәрселердің барлығын көзіне ілмей, айқын киыншылықтардың өзіне назар аудармауға тырысатын адамдар бар. Мінез-құлықтың бір түрі көбінде тұлғаның өзіне байланысты болса, басқа жағдайда – қалыптасқан жағдайдан туындауы мүмкін. Алайда, мінез-құлықтың барлық түрлері әрдайым тұлға мен ортаның өнімдері болып табылады.

Астарлы әңгіме «Үш зәбір»

Шәкірттерін нақыл сөздерімен, астарлы әңгімелерімен бағыттап, тәлім-тәрбие беріп отыратын бір данагөй болған: Адамдар үш сөзбер зәбір көрсетеді. Олар сені ақымақ, құл не дарынсыз деуі мүмкін. Егер сендер де осындай жағдайға душар болсаңдар, қарапайым бір ақиқатты естеріңнен шығармаңдар: тек ақымақ қана басқаны ақымақ дейді, тек құл ғана өзгеден құлды іздейді, тек дарынсыз адам өзінің түсінбегенін басқаның есалаңдығымен ақтауға тырысады. Сол себепті ешқашан ешкімге ренжімеңдер, әрі өздерің де ақымақ дарынсыз құл ретінде атанбып кетпеулерің үшн ешкімге зәбір көрсетпеңдер.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Астарлы әңгіменің мәні неде?

  • Егер сіз де данагөй болсаңыз, айналаңыздағыларға қандай өмірлік кеңестерді берер едіңіз?

Жаттығу «Дау-дамайдан қашу»

Мақсаты: студентттерді шиеленіскен даулы жағдайда дұрыс амалды ұстану іскерлігіне үйрету. Конструктивті коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Нұсқау: Жұмыс шағын топтармен 4 кезеңде жүргізіледі. Әрбір кезеңнен кейін студентттер топшалардағы орындарымен, рөлдерімен алмасады.