Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. Өзін өзі тану.Лек и пр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Студенттерге талқылау үшін ұсынылған сұрақтар:

  • Аңыздың мағынасы неде?

  • Адамдар неге өмірде түрлі рөлдерді таңдайды?

  • Сіздердің ішкі қорларыңыздың күші неде?

Педагог. Біздің ішкі әлеміміз сыртқы әлем секілді күрделі және әркімнің өзін-өзі бақылауы да мүмкін емес. Мәнісі бойынша, өзін-өзі бақылау қандай да бір қосымшаның көмегінсіз адамның өзін-өзі ұғына алуы, сондай ақ біздің Меніміздің саналы және санадан тыс жерлері де бар. Сонымен, ішкі әлем үш деңгейден, үш қабаттан тұрады:

  • Адаммен саналанатын;

  • Саналанбай өтетін, бірақ қаласа адам ұғынады;

  • Санадын тыс болаын нәрселер.

Даналық сабақтары. Шағын топтарда жұмыс.

Келесі айтылымдарды студенттермен талқылаңыздар:

  • «Егер де біз кемшіліксіз болсақ, онда біз оларды өзгелерден байқағанда рахаттанбас едік». (Көне грек сөзі)

  • «Егер сен бір нәрсені қажет етсең, барлық кеңістік осы тілектің орындалуын қабілеттендіреді.» (Пауло Коэльо)

  • «Біздің әрқайсысымыз Сиқыршымыз». Тек оның көрінуіне мүмкіндік беруіміз керек. (Николай Козлов)

  • «Мен жағдай күшіне сенбеймін. Қажет жағдайды іздеген, егер таппаса өздері құратын адамдар жетістікке жетеді. » (Бернард Шоу)

  • «Екі құсты бірге байлап қойса, олардың төрт қанаты болса олар ұша алмайды»(Шығыс даналығы)

Оқытушы. Күннен күнге өздерінің ішкі күштеріңе сеніп және өздерін жақсы көрсе, адамдардың өмірлері жақсара түсетіні таңқаларлық жағдай. Біз өзімізді жақса көрген кезде, өз қылықтарымызды қолдағанда, өз-өзімізбен болғанда біздің өміріміз кермет бола бастайды тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Кереметтер – барлық жерде: денсаулық жақсарады, жұмыста және оқудағы жетістіктер, біздің өзгелермен қарым-қатынасымыз жақсарады және біз өз тұлғамызды шығармашылықта көрсете аламыз.

«Ұран» жаттығуы

Нұсқау: ертеде мынадай дәстүр болған - сол елді билеушінің идеясын немесе мақсатын көрсететін, қақпада құлып пен елтаңбаның және ұранды бейнелеп қоятын болған. Біз елтаңба салмаймыз, бірақ ұран туралы ойлануымызға болады. Топтың әрбір мүшесі өзінің өмірлік ұранын, әлемге деген қатынасын бейнелейтін ұранды қалыптастыру қажет. Бұл жаттығудағы басты нәрсе - идея және өзін-өзі көрсетудегі еркіндік. Талқылау барысында студенттер бір-біріне сұрақар қойып өздерінің ұрандары туралы ойларын айтуға құқығы бар. Рөлдік ойын «Фильм түсіру»

Ойынның мақсаты: суденттерде адам тұлғасының күшті және әлсіз жақтарын көру дағдыларын қалыптастыру.

Нұсқау: студенттер тобында бір адам продюсер рөліне бөлінеді. Оның міндеті, «фильм түсіру»болса, негізінде қандай-да бір сахнаны ұйымдастыру. Оның өзі «жалпы саясатпен шектеледі»: қатысушылардың арасынан режиссер таңдап оның алдына: қызықты фильм түсіру, жақсы сценарийшi, жақсы актерлер, композиторлар және тағы басқалар жұмыс орындау міндеттерін қояды. «Фильмді түсіру»-ге 10 миунт уақыт беріледі. «Фильмді» көріп болған соң барлық қатысушылар шеңбер құра отырып келесі сұрақтарды талқылайды:

Студенттерге талқалауға берілетін сұрақтар:

  • «Продюсер» дұрыс таңдау жасай алды ма?

  • Режиссер бөліп берген рөлдерге қатысушылардың барлығы келіседі ме?

  • Әрқайсысының күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін продюсер мен режиссердің алдын ала әгімелесу ұйымдастыруы қалай болды?

«Қалтқы» жаттығу (релаксация)

Нұсқау. Көзіңізді жұмыңыз. Қарқынды теңiз, теңiз дауылы, өз жолындағының барлығын жуып - шайып келе жатқан толқынды теңіздің дауылын елестетiңiз. Аяқ асытанан сіздің назарыңызға біресе суға батып, біресе судың бетіне қалқып шығып келе жатқан қалтқы ілінді. Осы қалтқы сіз өзіңіз, ал дауылды теңіз менің өмірім деп елестетіңіз. Сізді тауқыметтің толқындары ары –бері домалатады, бірақ сіз батпайсыз. Сіздің сенімділігіңіз және сіздің сәттілігіңіз қалтқыңызды толтырып жоғарыға көтереді. Ақырында, сізді жеңе алмаған теңіз сабасына түседі, бұлттар арасынан күн көрінеді, және сіз-қалтқы- сәттіліктің күн нұрына толады. Сіз өзіңізідің өміріңізде кезекті теңіз дауылын бастан кешірдіңіз және одан жеңімпаз болып шықтыңыз. Өміріңіздің келесі дауылдарын да елестетіңіз, олардан да жеңімпаз болып, батпайтын қалтқы болып шығасыз.