- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •3 Кредит (135 сағат) алматы, 2012
- •Мазмұны
- •«Өзін-өзі тану» курсы оқытушысының рөлі мен қызметі
- •«Өзін-өзі тану» пәнін оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
- •«Өзін-өзі тану» сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің сипаттамасы
- •Оқытудың дәстүрлі әдістерінің мүмкіндіктері
- •Дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістері
- •«Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері
- •Рөлдік ойындарды дайындау және өткізу сатылары
- •«Өзін-өзі тану» сабақтарында жүргізуге ұсынылатын психотерапевтік әдістер
- •«Өзін-өзі тану» сабағында ұсынылатын психотерапевтік әдістерге қысқаша сипаттама
- •Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар
- •«Өзін-өзі тану» курсының
- •«Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны
- •Соөж тапсырмалары
- •Сөж тапсырмалары
- •Модуль. Өзін-өзі танудың негіздері
- •Тақырыбы: «Тұлғаның ішкі әлемі»
- •Сабақ барысы:
- •Қанша адам болса, сонша әлем
- •Тағдыр түрлі болғанымен, өмір біреу. Мұқағали Мақатаев
- •Студенттерге талқылау үшін ұсынылған сұрақтар:
- •«Қаһарманмен (кумирмен таңғы ас)» жаттығуы
- •Тақырыбы: «Болашаққа бетбұрыс: рухани денсаулықтың әліппесі»
- •Сабақтың барысы
- •Бәрінен де күшті адам - өзіне өзі сенетін адам.
- •Жаттығу: «Жылы сөз»
- •Оқытушы. Әңгіме. Анасының жеті қызы. (в.Сухомлинский)
- •Психодрама«Менің отбасым»
- •Астарлы әңгіме «Жүрек»
- •Рөлдік ойын «Отбасылық кеңес»
- •«Мен кімге ұқсағым келеді...» фразасын жалғастыру Нұсқау: бір туысыңды таңдап, неліктен оның еліктеу нысанына айналғанын түсіндіру.
- •«Махаббатсыз дүние бос...» Абай.
- •Астарлы әңгіме «Бізге өмір сыйлағандар туралы»
- •Жаттығу «Махаббаттың заңдары» Нұсқау: Махаббатың күшіне сенбейтін, қатты қиналып, көңілдері қалғандарға 10 ұсыныс құрастырыңыздар.
- •Тақырыбы: «Дау-дамай және тұлға»
- •1 Кезең. «Сыртқы келісім»
- •2 Кезең. «Иә мен сондаймын, маған өзгеруге кеш»
- •3 Кезең. «Бұзылған пластинка»
- •4 Кезең. «Шексіз нақтылау»
- •Сыйқыршы туралы ертегі
- •Сабақтың барысы: Сәлемдесу рәсімі.
- •Сабақтың барысы: Сәлемдесу рәсімі.
- •1 Слайд
- •Глоссарий
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер
«Өзін-өзі тану» пәнін оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
«Өзін-өзі тану» сабақтары болашақ мамандардың өздерінің және өзгелердің іс-әрекеттеріне адами баға беру, адамдарды нақты қалпында қабылдау, оларға шыдамдылық пен мейірімділік таныту үдерісінде педагогтың студенттермен тұлғалық қарым-қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, арнайы жабдықталған, аудио және бейне техникаларымен, көрнекі және дидактикалық материалдармен қаруланған арнайы кабинеттерде жүргізілуді талап етеді.
«Өзін-өзі тану» сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің сипаттамасы
2-кесте
№ |
Әдіс-тәсілдердің түрлері |
Мағынасы |
1 |
2 |
3 |
1 |
Іскерлік ойын |
Кәсіби немесе өзге іс-әрекетті ұсынылған ережелер бойынша ойын түрінде модельдейтін жағдайды қалыптастыру әдісі. |
2 |
Драмалау |
Сабақтардағы оқу материалының мазмұнын рөлдер бойынша көрсету, ойластыру. Тірі кейіпкерлермен қатар, жаны жоқ заттар мен білімдердің кез келген саласындағы феномендерді де рөл арқылы көрсетуге болады. |
3 |
«Пікірталас» |
Топтың әрбір мүшесінің көзқарасы мен ұстанымын анықтауға мүмкіндік беретін қайсібір мәселені бірігіп талқылау. |
4 |
«Ойын», «Жаттығу» |
Оқу материалының студенттердің дербес тәжірибесіне проекциялануы. Ойын мен жаттығулардың негізінде болашақ мамандар әлеуметтік маңызы бар біліктіліктер мен өмірлік дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болады. |
5 |
Инверсия |
Сөздердің, заттардың, құбылыстардың ретін бұзып, одардың орнын ауыстыру; дәлелденген тезиске қарама-қарсы нұсқасын дәлелдеу. Аталмыш әдісті бақылау сұрақтарының әдісі деп те атайды (мысалы, керісінше қалай болады? Жағдайды өзгертсек қалай болады?-типіндегі сұрақтар). |
6 |
«Шаттық шеңбері» |
Әдетте сабақтың бастапқы кезеңінде қолданылатын әдістемелік амал. Педагог студенттермен барлығының бір-бірімен еркін қарым-қатынасын қамтамасыз ететін шеңбер құрады. «Қуаныш шеңберінде» тікелей сабақтың тақырыбына байланысты әртүрлі сәлемдесу рәсімдерін қолдануға болады. «Қуаныш шеңберінің» педагогикалық мәні әрбір студенттің әлемге деген ашықтығы мен сенімділігін сезінуімен анықталады. «Өзін-өзі тану» сабақтарының аталмыш компоненті студенттер тобында жағымды ахуал мен шығармашылық ортаны қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларды дамытуға қажет. |
7 |
«Жүректен жүрекке» |
Әр студенттің эмоциялы күйін, соның негізінде олардың сабақтың тақырыбын түсінгендіктерінің дәрежесін анықтауға, бір-бірінің әсерімен бөлісіп, тілек білдіруді болжайтын сабақты қорытындылайтын әдістемелік амал. |
8
|
Дәріс-әңгіме
|
Педагогтың нақты тақырып бойынша берген біршама түсінігінен кейін студенттердің сұрақтар қою арқылы тақырып мазмұнының мәнін ашып, сабаққа белсенді қатыса алатын дәріс берудің жаңашыл түрі болып табылады. Әр студент өз пікірін, өзінің тақырыпқа қатысты қатынасын білдіріп, толғандырған сұрақтарын қоя алады. Педагог студенттердің ойлану қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, оларды қарастырылған мәселелер турасында өз пікірін білдіруге ынталандырады. |
9 |
Нақты жағдайларды талдау әдісі |
Кейс-әдісінің (ағылшынша «сазе» жағдай) әрқилы атауларының бірі. Күнделікті өмірден, кәсіби тәжірибеден алынған жағдаяттарды талдауға негізделген оқытудың пікірталас түріндегі әдістердің бірінен саналады. |
10 |
Миға шабуыл |
Күрделі мәселенің шешіміне бірігіп қол жеткізу арқылы ой үдерісін белсендіру әдісі (американдық психолог А. Осборн ұсынған). |
11 |
«Өзіңмен-өзің оңшада» |
Аталмыш әдіс студенттің өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, құлақ салуына мүмкіндік береді. Ол жағымды ой бейнелерінің, эмоциялардың, сезімдердің, кері байланыс қабілетінің дамуына ынталандырады. Эмоциялы ықпалды сәйкес аудио тізбегін (классикалық әуенді тыңдау және т.б.) қолдану арқылы күшейтуге болады. |
12 |
«Педагогтың жалпылауы» |
Педагог зерттелінген материалдың едәуір маңызды екпіндерін белгілейтін сабақты қорытындылау тәсілдерінің бірі болып табылады. |
13 |
«Бейне материалдарды көру» |
Оқытуда студенттердің кино өнерінің эмоциялы айқындылығының негізінде адам өмірінің және кәсіби іс-әрекеттің адами аспектілері туралы түсініктерін күшейтетін ашық көркем бейнелерді қолдануға мүмкіндік беретін әдістемелік амал. |
14 |
Ұсынлған тақырып бойынша ой толғау |
Студенттерге адамзаттың көрнекті ойшылдарының даналық, нақыл сөздеріне түсінік беру ұсынылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің элементі. Студенттер өздеріне маңызды болып табылатын ақиқаттардың ізденісіне еніп, мағыналы өмірлік мәселелер бойынша өз сезімдерімен, көзқарастарымен бөліседі. |
15 |
«Рефлексия» |
Студенттердің ақиқаттың болашақтағы ізденістеріне, тануға және өзін-өзі тануға ынталандыратын сабақтың барысы мен нәтижелілігін талқылауы. |
16 |
Синектика |
Ұқсастықтардан құралған, әртекті элементтерді біріктіру әдісі, қатысушылардың теңеу арқылы ойлану, интуитивті-бейнелік ойлауын мақсатты қолдануға негізделген ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің және оқу үдерісіндегі зерттеу әдісі. |
17 |
Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ) |
Адамдардың топтық өзара әрекеттестігінде модельденетін өмірлік тәжірибеге ие болу арқылы белсенді оқыту ретінде анықтауға болады. |
18 |
«Шығармашылық іс-әрекет» |
Студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етуші «Өзін-өзі тану» сабақтарының маңызды құраушысы. Дәптерде эссе, шығарма жазу, тестілеу және т.б. сияқты дербес және ұжымдық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінің орындалуын болжайды. |
19 |
Сахналау |
Ерекше көркем белгілерді қолдану арқылы қатысушылардың сабақтан тыс уақытта оқу материалы бойынша әрқилы жанрларды сахналауы. |
20 |
«Даналылық сабағы» |
Танымал философтар мен ойшылдардың, белгілі ғалымдардың, жазушылар мен ақындардың нақыл сөздерінің кең ауқымын жинақталған хрестоматиядағы материалмен жұмыс. |
