Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. Өзін өзі тану.Лек и пр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1 Кезең. «Сыртқы келісім»

Қағидасы: серіктесіңнің айтқандарының ішіндегі қайсібір сөздерімен келісу қажет (сырттай).

Мысалы: «Мен де бұл мәселені талқылауымыз керек деп есептеймін», «Бұл мені де сен сияқты толғандырады», «Оның ұнамсыз екендігіне келісемін»

Техниканың артықшылықтары: адамдармен келіскен оларға ұнайды. Серіктесіңіз сіздің достық қатынаста болып, тыңдауға даяр екендігіңізді сезінеді. Осылайша, мәселенің шешімі эмоциялы кезеңнен когнитивті аумаққа алмасады.

2 Кезең. «Иә мен сондаймын, маған өзгеруге кеш»

Қағидасы: сіз серіктесіңізге оның сізге артқан кінәсінің сіздің тұлғаңыздың бір қыры екендігін хабарлайсыз.

Мысалы: «Мен ылғи да кешігіп жүремін, маған өзімді уақыттан тәуелсіз сезінген ұнайды, ол мен одан еркіндікті сезінемін».

Техниканың артықшылықтары: сізге дөрекі соқтығысу кезінде қолданылады, қарсыласыңызды қарусыздандырады.

Техниканың кемшіліктері: қарсыласын тығырыққа тіреп, қатты ашуландырады.

3 Кезең. «Бұзылған пластинка»

Қағидасы: серіктесіңіздің наразылығы мен айыптарына сіз ол өзінің күш-қуатын сарп еткенше бірнеше мәрте кең мағыналы бір сөйлемді қайталай бересіз. Әдетте үш рет қайталаған жеткілікті.

Мысалы: «Бұл енді ешқашан қайталанбайды», «Мен бүгін оны талқылауға дайын емеспін», «Мен ол жайында ойланып көрейін», «Мен сені түсіндім».

Техниканың артықшылықтары: техниканың қолданылуы адамның эмоциялы қорларын үнемдеуіне мүмкіндік береді. Әрі дау-дамай да өршімейді.

4 Кезең. «Шексіз нақтылау»

Қағидасы: сынға жауап ретінде сіз қарсыласыңызға нақтылаушы көп сұрақтарды қоясыз.

Мысалы: «Сіз нақты нені айтып отырсыз?», «Сіз ондай жағдайда маған қандай кеңес бере аласыз?».

Техниканың артықшылықтары: техниканың қолданылуы қарсыласыңның ұстанымын анықтап алуға мүмкіндік береді, эмоциялы қысымды төмендетеді, сынға қалай жауап беруге болатынын ойлануға уақыт береді.

Оқытушы. Бейсаналы ішкі дау-дамайды шешуде ерекше әдіс қажет болуы мүмкін. Ондай дау-дамайдың санаасты орын алатыны қиындық туғызатындықтан, оның себептері дау-дамайдың иесі үшін түсініксіздеу болады. Адамда бейсаналы деңгейде ішкі қысымды төмендетуге біршама ықпал ететін көптеген қорғаныс механизмдері болады. Сондай-ақ олар орын алған қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі, қиындықтың ықтималды шешімдерін көрсетеді, тынығуға мүмкіндік беріп, келеңсіздіктерден қорғаныс болады, адамның «өзін-өзі сыйлау қабілетін сақтайды». Дегенмен, оның барлығы ақиқаттан белгілі бір дәрежеде бас тарту немесе оның бұрмалануының есебінен орын алады.Ол механизмдердің кейбіреулерін қарастырып көрелік.

Ығыстыру — ұнамсыз ойлардың бейсаналылық аумағына «ығыстырылуы», мотивті ұмытылуы.

Рационализация — өз әрекеттерін жеке басының ар-намысы мен өзін-өзі сыйлауының тұрғысында түсіндіру.

Жекелену — индивид қатысуға мәжбүр болған оқиғалардың ықтималды салдары туралы ойланудан бас тарту (ойлағысы келмеуі).

Проекция — кінәні өзге біреуге арту; тұлғаға тән сезімдер мен импульстерді өзге объектілерге таңу.

Сублимация — психиканың инстинктивті формаларын индивид және қоғам үшін едәуір қолайлы түрлеріне транформациялау арқылы қысымды төмендету.

Адам кейбір өмірлік жағдаяттарды ауыр қабылдауы мүмкін, оны қайсібір оқиғалар немесе айналасындағылардың әрекеттері ашуландыруы мүмкін, ол адамдардың нақты түрін ұнатпауы мүмкін. Ондай дау-дамайлардың себебін ада өзінен іздеуі қажет. Ол үшін сіздің жағымсыз реакцияңызды тудыратын бірнеше жағдаяттарды мұқият талдап, бірнеше сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Ол... мені не нәрсе ашуландырады?

  • Ол ... неліктен мен дәл осылайша қабылдаймын?

  • Ол .... мен өзімді неліктен олай ұстаймын?

  • Неліктен басқалар ол ... басқаша қабылдайды?

  • Ол ... мен қаншалықты адекватты қабылдаймын?

  • Менің ашуымның себебі неде?

  • Бұрында менің басымнан ондай жәйт болған ба еді?

Адамның өзін-өзі жақсырақ түсінуіне көмектесуі мүмкін сұрақтардың басқа нұсқаларын қолдануға болады. Егер адам өзінің ішкі дау-дамайларының шынайы көздерін ұғына алса, ол ескі қиындықтарының жүгінен арылып, дағдарыс жағдайларына адекватты жауап бере бастайды. Тұлғаішілік дау-дамайлар және стрестер адамның дене және рухани қуаттарын сарп ету үрдістерін белсендіреді. Оларды қалпына келтіріп, іске қосу үшін, сондай-ақ жоғары қысымды жоюдың йиога, медитация, уатотренинг және т.б. әрқилы әдістері бар.

Жаттығу «Біз-олар»

Мақсаты: тұлғаішілік дау-дамайларды ұғыну шекараларын кеңейту. Студенттерді тұлғаішілік дау-дамайды бейтараптандыруға үйрету.

Нұсқау: Өміріңіздегі сізді бәрінен де қатты ашуландыратын адамды тауып, оның бойындағы өзгерткіңіз келген сіздің ұнатпайтын үш қасиетін сипаттаңыз. Енді өзіңізге үңіліп, өз-өзіңізден: «Мен өзімді дәл солай ұстағанда не нәрседе оған ұқсаймын?» деп сұраңыз. Көзіңізді жұмып, ойлануыңызға мұрша беріңіз. Кейін өзіңізден өзгерістерге дайынмын ба деп сұраңыз. Сіз өзіңіздің үйреншікті ойларыңыздан, сенімдеріңіз бен әдеттеріңізден арылғанда ғана, ондай адамдар сізге деген қатынасын өзгертеді немесе мүлде өміріңізден кетеді.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Жағымсыз бейнені еске алғанда қандай эмоцияны кешірдіңіздер?

  • Айналаңыздарға дау-дамайдағы ішкі бейнені бейтараптандырудың қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

Оқытушы. Тұлғаішілік дау-дамайлардың адамға жағымды әрі жақымсыз салдары да болады. Егер дау-дамай шешімін таппаса, ішкі қысым күшее береді. Қысым нақты өлшемнен асқан соң (фрустрацияға деген толеранттылықтың жеке-дара деңгейі), адам психологиялық тұрғыда қажып, адам жанының тепе-теңдігінен айырылады. Ол күйінде адам туындаған проблеманы шеше алмайды. Дау-дамайдың жағымсыз салдары стрестерге, невроздарға, жоғары мазасыздыққа, жалпы психологиялық жабырқаңқылыққа немесе дау-дамайға ешқандай қатысы жоқ объектілерге бақытталуы мүмкін мқлшерден тыс агрессивтілікке ұласуы мүмкін.

Жағымсыз қорғаныс механизмі – регрессия – агрессияның кері жағы болып табылады. Регрессия проблеманы шешпейді, жағдай сол күйінде сақталынады әрі дау-дамайдың шығар жолын таппаған барлық энергиясы тұлғаның өзін жоюға бағытталады. Ол жөнінде Зигмунд Фрейд: «Өзіңді жоймас үшін, басқаны және басқаларды жою қажет»,-деп айтқан. Соңғы 20-25 жылдардағы психологияда катарсис – агрессивті импульстерді әртекті эрзац-объектілерге (қарсылас-қуыршақтар, спорт күрестеріне қатысу немесе оны бақылау, компьютердің көмегімен виртуалды ақиқатты құрастыру және т.б.) бағыттау арқылы одан арылу идеясы танымал бола бастады. Жапон елінде қоғамдық орындарында стрестен арылу бөлмелері бар. Онда адам аздаған төлем жасау арқылы оңашаланып, бірнеше арзан ыдыстарды шаға алады.

Осылайша, дау-дамай энергиясының қадағалаусыз сыртқа шығуы сияқты, оның жасанды сақталынуы да тұлғаға және оның айналасындағы адамдарға жағымсыз ықпал етеді. Тұлғаның адекватты эмоциялы реакциясы – конгруэнтілік (эмоциялардың дәлме-дәл сәйкес келуі, олардың ұғынылуы және айқындалуы) – тұлғаішілік дау-дамайдың едәуір тиімді тәсілі болып табылады. «Дау-дамай қаншалықты қалаусыз болса да, - дейді Пол М. Дизель және Уильям Мак-Кинли Раньян, — ол сыртқа шығарылғанда ғана әсері жойқын болмай, шын мәнінде ұғынылып, кешірілетін эмоциялар адекватты айқындалғанда ғана шешімін табады, - деп есептейді. Дау-дамайдың жағымды әсері төмендегідей:

  • қол жетпеген мақсаттың тартымдылығы арта түседі;

  • кедергінің орын алуы оны жеңуде күш пен құралдардың іске қосылуына ықпал етіп, мотивацияның қуаты өзінің жоғары шегіне жетеді;

  • тұлғаішілік дау-дамай тұлғаның күрделі жағдайларда бейімделуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына, ағзаның стреске тұрақтылығының артуына ықпал етеді;

  • жағымды шешімін тапқан дау-дамайлар тұлғаның мінезін шынықтырып, мінез-құлқының табандылығын қалыптастырады.

Сонымен, тұлға мен оның айналасындағы адамдар үшін тұлғаішілік дау-дамайдың жағымды әрі жағымсыз салдары да болуы мүмкін.

Рөлдік ойын «Лифтідегі оқиға».

Мақсаты:Дау-дамай жағдайындағы әртүрлі сезімдер мен күйлердің мінез-құлықтағы көріністерін зерттеу.

Нұсқау: Сегіз студент сыныптың ортасына орналасады. Қатысушыларға ойынның желісі түсіндіріледі: «Барлығыңыз – бір үйдің тұрғындарысыздар. Бір күні сабаққа бара жатқанда барлығыңыз лифтіде кептеліп қаласыздар. Әркімнің әртүрлі сезімдері байқала бастайды. Қандай сезімнің орын алатындығын – үлестірмені алғанда білесіздер. Сіздің эмоциялы мінез-құлқыңыз үлестірмеде жазылған күйге сәйкес келуі тиіс. Оны сөзбен атап айтуға болмайды». Студенттердің айналасында, арқалары ішке қаратылып, орыныдықтар қойылады – ол лифтіні бейнелейді. Студенттердер жағдайды 7-10 минут көлемінде баяндап, көрсетеді. Қалған студенттер бақылап отырады.

Сезімдер мен күйлердің атаулары жазылған үлестірмелер:

  • «Қуаныш, шаттық, рахаттану...»;

  • «Қызығушылық, толқу, қозу... »;

  • «Қайғы-қасiрет, бейнет, жабығу, депрессия... »;

  • «Ашу, ыза, наразылық, зығырданы қайнау... »;

  • «Қорқыныш, мазасыздану, қауіптену... »;

  • «Жек көру, тәккапарлану, менсінбеу... »;

  • «Ұялу, өзін-өзі жою, ыңғайсыздану... »;

  • «Таң қалу, таңдану...».

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Эмоциялы күйді қалай жеткізе алдыңыз?

  • Өмірдегі дау-дамайда ол сезімді қалай көрсетемін?

Бақылаушылар кімнің қандай сезімдерді көрсеткендеріне қатысты өз болжамдарымен бөліседі.

Оқытушы. Шамамен бірдей даулы жағдайларда әртүрлі адамдардың өздерін әрқилы көрсететіндерін байқау қиын емес. Әлеуметтік психология адамдардың даулы жағдайлардағы мінез-құлықтарының едәуір кең таралған тқрт түрін көрсетеді: «Бірінші тип – дау-дамайдың дамуына ықпал ететін агрессивті мінез-құлық, екіншісі – ымырашылдыққа бейімділік жайында дәлелдейтін мінез-құлық, үшіншісі бағынуға бейімділікке, яғни шешімді қарама-жақтың қабылдауына байланысты; төртінші тип даудан қашу бейімділігін анықтайды». Шынайы өмірде аталмыш типтер «таза күйінде» кездеспейді, бірақ адамдардың көпшілігін даукес мінез-құлықтың қайсыбір түріне жатқызуға болады.

В.И.Сперанскийдің ойынша дау-жанжалдарға бейім адамдарды: даукес және даулы деп екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Бірінші топқа істердің қазіргі жағдайының, басқару әдістерінің, қиындықтарды шешу тәсілдерінің және т.б. тұрақты қарсыластары. Олар үшін ақиқаттың сара жолынан гөрі, өзгелерден ерекше жеке-дара ұстанымдары артығырақ. Олармен бір ұжымда қызмет ету қиын, алайда ондай мәңгі «негативистер» ақиқатты іздеуге өзгелердің белсенділігін ынталандырады. Екінші топқа даулы адамдар енеді. Ол шексіз эгоцентризмге ие, өзін-өзі жоғары бағалайтын, нарциссизмге шалдыққан, адамдардың сеніміне кіре алатын адамдар. Алайда олар достық қатынастарды ұзақ мерзімде сақтауға және адал ниетпен еңбектенуге қабілетсіз келеді. Ол адамдар айналасындағылармен өзара әрекеттесіп, эмоциялы қақтығыстардың бастауына айналады.

Жаттығу: «Тегін қол жетімді 20 қуаныш».

Мақсаты: студенттердің жағымды көңіл-күйін қалыптастыру.

Нұсқау: дәптерге қол жетімді жеңіл 20 қуанышты жазып шығу. Студенттер жеке-дара тізімдерін құрастырып болған соң, педагог оларды үш адамнан бірігіп, талдап, дербес тізімдерін толықтыруды ұсынады.

Оқытушы. Әр адам өзінің жанжалдасу қырын басқара алуы тиіс: өзінің қиындықтарын өзге құралдармен шешу мүмкін болмаған жағдайларда ғана қолдану; даулы белсенділігін қажет арнаға, қажет уақытта және адекватты пропорцияда бағыттау; өзінің «мқлшерден тыс» даукестігін тежеп, оны өзінің және айналасындағы адамдардың пайдасына қолдану. Сонымен қатар, дау-дамайға сәйкес орын арнап (драмаламай), даулы жағдайдан нақты пайда алу.

Индивид тап болған жағдайдың адекватты бағалануы тұлғаішілік дау-дамайлардан шығудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол индивидтің өзін-өзі бағалауын және орын алған қиындықтар күрделілігінің бағасын қамтиды. Әлеуметтік психологияда рефлексия деген ұғым бар – адамның өзінің жағдайына сыртқы бақылаушының тарапынан көз тастауы, сонымен қатар ол жағдайда өзін және өзінің басқа адамдармен қалай қабылданатынын ұғынуы. Рефлексия адамның ішкі кысымының, күцзелістері мен мазасыздануларының шынайы себептерін анықтауға, қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалауға және дау-дамайдан шығудың есті жолын тубыда көмектеседі. Танымал психотерапевт Максуэлл Мольц өзінің «Мен бұл – Мен немесе Қалай бақытты болуға болады» кітабында адамға жеке-дара дай-дамайларын шешуге көмектесуі мүмкін бірқатар пайдалы кеңестерді ұсынады. Ол кеңестердің көбісі өзіндік рефлексия феноменіне негізделеді. Олардың кейбіреулерін қарастырып көрелік:

  • дербес «Менінің» орынды бейнесін қалыптастыру. Өзі жайында барлық шындықты білу. Ақиқатқа тура қарай алу;

  • деректер жайындағы түсініктерге емес, деректердің өзіне жауап беру;

  • адамдардың сіз жайлы не ойлайтынддарына, қалай бағалайтындарына баса назар аударудың ұажеті жоқ;

  • сыртқы қоздырғыштарға тым эмоциялы жауап бермеу, оларға деген реакцияңды біршама тежеу («мен ол жайында тек ертең ойланамын»);

  • өз-өзіңе деген жанашырлық, реніш сезімдерін әдетке айналдырмау;

  • өзіңді және өзгелерді кешіре алу, кешірім сауықтырады;

  • агрессияны қажет арнасына бағыттай алу.

Эмоциялы жүктеменің артықшылығын шығару үшін, адамның қорғаушы клапаны (дене жүктемелері, шығармашылық, жаяу дүру және т.б.) болуы тиіс:

  • «жел диірмендерімен күреспеу». Шынайы орын алған дүниелерге ғана эмоциялы жауап беру;

  • «түймедейден түйедейді етпеу», жағдайды, барлық салдарымен шынайы бағалау;

  • Нақты айқындалған мақсатты діттеп, оған қол жеткізуге тайсалмай ұмтылу. Мүмкіндігінше қол жетімді мақсаттарды көздеу;

  • Батыл да мақсатты әрекет ету, қорғанбай, шабуылдау.

Дау-жанжал кезінде адамның эмоциялары оның ақылға қонымды әрекет етуіне кедергі келтіреді. Қажетсіз әрі ауыр жүктен арылу үшін адам өзінің эмоцияларын басқарып, өзінің реніш, ашу, қорқыныш, жек көру және т.б. сезімдерінің артық мөлшерінен жүйелі «тазартылып» отыруы тиіс. Ол үшін әрқилы амал, тәсілдерді қолдануға болады, мысалы: достардың арасында шер тарқатуға, спроттық ойындарда «жеңілдеуге», оңашада есіруге (өзгелер естімейтіндей), ескі журналдарды жыртуға, матрацты жұдырықтауға және т.б. жасауға болады. Эмоциларының жүгінен арылған адам өзінің қиындықтарын шешу үшін қосымша қоларға ие болады.

Қоштасу рәсімі.

Жаттығу «Әткеншек».

Нұсқау: студенттер қолдарын жанындағы адамның иығына қойып шеңбер құрып орналасады. Біреуі «Тоқта!» деп айтқанша барлығы ақырын адымдап оңға қарай жылжиды. Ол ойыншы сабақ жайында біршама жағымды пікірін білдіреді. Одан кейін топ кімде-кім «Тоқта!» деп айтып, өзінің топ жайында жағымды пікірін білдіргенше ақырын адымдап солға қарай жылжиды.

8- лекция. Тақырыбы: «Толеранттылық өмірдің нормасы ретінде»

Сабақтың мақсаты: коммуникативті өзара әрекеттестіктегі толеранттылыққа түсінік беру. Қарым-өатынастағы толеранттылық және біліктілік тәсілдері арқылы конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», бейнематериалды көру, ойындар мен жаттығулар, өзін-өзі талдау.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио-бейнематериалдар, қағаз, маркерлер.

Сабақтың барысы: Сәлемдесу рәсімі. Шаттық шеңбері.

Жаттығу «Біз қалай ұқсаспыз»

Мақсаты: студенттердің топтық ауызбіршілігін арттыру.

Нұсқау: студенттер шеңбер құрып орналасады, жүргізуші өзімен шынайы немесе ойдан шығарылған ұқсастықтың негізінде ортаға бір студентті шақырады. Барлық студенттер ортағы шақырылмайынша ойын жалғаса береді.

Дәріс-әңгімелесу. Өмір заңдарын білу өзге заңдардан артық,Ал өзін-өзі жетілдіруге тікелей жетелейтін жетекші білімОл маңызы бірінші кезектегі білім болып табылады Спенсер Герберт

Оқытушы. Телефон, компьютер арқылы жеке ортамыздың шекарасы кеңейіп жатқан біздің қарқынды заманымызда біз достарымызды таңдап, олармен араласып, олардың тағдырына олардың бізге де ықпал еткеніндей әсер етеміз, ұстаз боламыз, яғни өз мойнымызға жауапкершілікті аламыз. Ал Сент-Экзюпери «Біз қолға үйреткендерімізге жауаптымыз» деген екен. Оның рөлін және сол қарым-қатынастағы біз үшін құнды дүниені түсіне білу маңызды. Өз өмірімізде қабылдаған әрбір шешіміміз таңдауға айналады, демек әлденеден бас тарту болып табылады. Оның құны қандай болуы мүмкін? Адам алдына мақсат қойғанда құндылықтар жайында ұмытпауы тиіс. Адамның өзінің дамуының барысында қоғамдық маңызды құндылықтарды, әлеуметтік нормалар мен бағдарларды меңгеретіні белгілі. Сол әлемге енген әрбір адам бірден сол қоғамның мәдениетімен ұштасады.В.С.Мухина «адамзат өзінің дамуында сол адамзатпен жинақталған рухани тәжірибені меңгеру және әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестік арқылы тек сол орта жағдайында тұлға деңгейіне дейін біршама көтеріле алады» деп атап көрсетеді. Толеранттылық бұл – өзге қисын мен көзқарастарды, ерекшелену, ұқсамау құқығын мойындауға дайындық. Ол жүйені (тұлға, қоғам) ішінен тұрақтандыратын фактор. Толеранттылық құндылық, бағдар және тұлғалық сапа ретінде қарастырылады.

«Толеранттылық» сөзінің астарында әртүрлі ұлттық мәдениеттердің түсінігіне назар аударарлық.tolerancia (испанша) – өзінікінен өзге идеяларды немесе көзқарастарды мойындау қабілеті. tolerance (француша) – өзгелерге өзінікінен басқаша ойлауға немесе әрекет етуге жол берілетін қатынас tolerance (ағылшынша) – шыдамды болуға даярлық, кішіпейілдік. kuan rong (қытайша) – басқаларға қайырымды болуға мүмкіндік беру және қайырымдылықты қабылдау. tasamul’(арабша) – кешірім, кішіпейілдік, жұмсақтық, рақымшылдық, жанашырлық, мейірбандық, шыдамдылық, өзгелерге деген пейіл.

Бағыты бойынша толеранттылықты төмендегіше ажыратуға болады:

- сыртқы толеранттылық (өзгелерге) – тұлғаның өзгелердің дербес пікірін, мойындауға, даулы жағдайды әртүрлі жақтан қарастыруға, әртүрлі аспектілері мен дәлелдерін ескеруге мүмкіндік беретін қалыптасқан сенім.

- ішкі толерантталық (ішкі тұрақтылық) – даулы жағдайда тепе-теңдікті сақтау, шешім қабылдау, әрекет ету қабілеті.

Енді «Толеранттылық қағидаларының деакларациясы» (1995 жылы 16 қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның 185 мүше-мемлекеттері қол қойған) ұсынған «толеранттылық» ұғымының анықтамасын қарастыралық.

Толеранттылық «адам даралығы көріністерінің өзіндік айқындау түрлері мен тәсілдеріміздің, әлеміміздің әралуан бай мәдениетін сыйлауды, қабылдауды және түсінуді» білдіреді. Оған білімдер, ашық-жарқындылық, қарым-қатынас және ой, ар және сенім еркіндігі ықпал етеді. Толеранттылық бұл – әралуан еркіндік. Бұл тек моральды борыш емес, сонымен қатар ол саяси әрі құқықтық қажеттілік. Толеранттылық бұл – соғыс мәдениетін бейбітшілік мәдениетімен алмастыруға ықпал ететін және бейбітшілікті қол жетімді ететін рақым». Сапалы өмір сүріп, тіршілік ету үшін өзіңе және айналаңдағы әлмге деген өзіңнің қатынасыңды реттей отыра оған үйренген маңызды. Толеранттылық тұлғаның нормаларға, бағаларға және өзін-өзі бағалауға саналы қатынасының арқасында оның күрделі өмірлік жағдайларда өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Ол өзге адамның ұстанымына сыйлы қатынасты сақтай отыра, дербес ұстанымын қорғау іскерлігіне байланысты. Сонымен қатар өзгені арандатуға бейім, реніш тудыратын, ашуландыратын жағдайлар мен адамдардың болатыны белгілі. Толеранттылық қатаң өзара әрекеттестік жағдайын қашуды емес, түзетпелі қарсылықты, өзара әрекеттестіктің қиын жағдайларында эмоцияларыңызды шиеленістірмей, дұрыс арнаға бағыттап, соққыға іштей берілмейтініңізді болжайды.

Көмекке мұқтаж адамға өз ойын таңбай жәрдемдесу даярлығы, өзгелерге қарағанда өзіне талапшыл болу, айналасындағыларға жауапкершілікті өз мойынына алу, жиі күлімсіреу және жақсы көңіл-күйде болу.

Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс.

Студенттермен келесі ойларды талдау:

  • «Өзінің әлсіздігін көпірме сөздермен және игі қағидалармен бүркеуге тырысқан адам, ерксіз күман тудырады» (ДжавахарлалНеру)

  • «Өзің жайлы көп сөз – өзіңді жасырудың құралы да болуы мүмкін» (Фредерик Не)

  • «Маған қиындықтың барлық жақтарын қамтуға кедергі келтіретін, әсіресе өмірдің тамыры терең қиындықтары туралы сөз болғанда адамның шектеулілігін көргенде жасқанамын» (Джек Лондон)

  • «Даудың ең қиыны – өзіңнің пікіріңді дәлелдеумен қатар, ол жайында анық түсініктің болуы» (Андре Моруа)

  • «Біз үшін тыңдалғаннан гөрі, сөйлеген маңыздырақ» (Томас Джефферсон)

  • «Қақпаның не үшін қойылғанын білмей жатып, оны ешқашан бұзбаңдар» (Честертон Гилберт Кийт)

Оқытушы. Көптеген адамдардың өмірдегі ортасы – өзара әрекеттестіктері жалпылама «+» немесе «-» белгілерімен бағалануы мүмкін жақындары (туыстары, қызметтестері). Ол адамдармен жақсы да жағымды қатынастарымыз біздің жай-күйімізді жақсартады, беделімізді арттырады, жайлылықты сезінуге мұрша береді. Адам оларға қуаныш пен пайда әкеліп, өзінің ортасына жағымды ықпал етіп, олардың тарапынан жауапты үйірсектікті, сүйіспеншілікті күтеді. Әлдекімнің сізге мейірімге толы шынайы сезімдерін сарп етіп, көмегіңіз беп арқау болғаныңызға алғыс айтқаны қандай жақсы. Дәл сол сәтте «Сен жақсысың» деген жауапты сезімге, мойындауға, қабылдауға ұласатын «Мен жақсымын» деген түйсік орын алады. «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделі әлеммен жайлылық пен тепе-теңдік сезімін қалыптастырып, жұмыс жасай бастайды. Г.Харристің «Мен жақсымын, Сен жақсысын» кітабында өзара әрекеттестіктің: Мен жақсымын – Сен жақсысын, Мен жақсымын – Сен жамансын, Мен жаманмын – Сен жақсысын, Мен жаманмын – Сен жамансын атты төрт түрі жақсы қарастырылған. Осы модельдердің барлығы адамға дүниеге келу сәтінен бастап беріледі. Адамның өзінің қуатына деген сенімділігін, табыстылығын «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделі анықтайды. Бұл барлығы өмірінде өол жеткізуге тырысатын бақыттың өзіндік моделі болып табылады. Аталмыш модель адамға ішкі тепе-теңдікті табыс етіп, әлеммен тепе-теңдікті қалыптастыруына ықпал етеді. Толеранттылық бәрінен де «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделіне сәйкес келеді, бірақ ондай модель қажеттілік, мәжбүрлілік ретінде ұғынылады. Бұл сірә, өзгені шартсыз қабылдау ол үшін әлденені алумен емес, адамның дербес ұстанымымен және басқа адамды құндылық ретінде қабылдауымен жүзеге асырылатын «Сен жақсысың – Сен жақсысың» моделі болар. Сонымен қатар өзгеге ондай қатынасты бірден қалыптастыру мүмкін емес сияқты, кейде тіптен мүлде қол жетпейтіндей болып көрінеді.

Жаттығу «Ауылға ауыл». Мақсаты: толерантты өзара әрекеттестік арқылы қарым-қатынаста біліктілікті қалыптастыруға үйрену. Нұсқау: Студенттердің екі тобы бір-біріне қарама-қарысы қарап тұрып, қарсылас топтағы студенттердің қайсысына өздерінің жағымсыз эмоциялары мен кіналарын бағыттайтындарын келіседі. Одан кейін студенттердің бірінші тобы сөз алып, өздерінің жолдауын кімге арнайтындарын айтады. Екінші топ тыңдап, егер агрессия мен кіналар бағытталған студент дәлелді жауап бере алмаса, топ өздерінің мүшесін агрессивсіз, толерантты қарым-қатынаста қорғайды.

Студенттерге талқылуға ұсынылатын сұрақтар:

  • Сіз қорғану және кіналау жағдайында өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  • Қарсыластарыңызбен қарым-қатынаста толеранттылыққа қол жеткізу оңай болды ма?

Астарлы әңгіме «Әртүрлі қиыншылықтар»

Бір қыздың соңынан өмірінде қиындықтар таусылмайды. Бір қиыншылықты жеңсе болды, алдында басқаасы пайда болатын да тұратын. Алғашында ол оның барлығын батыл жеңіп отыратын, бірақ бір сәтте үмітсіздік орын алады.

Ол данагөйге көмек сұрай келіп, оған өмірдің тым ауыр екендігін, кұш-қуатынын мүлде таусылғандығын айтады. Жауаптың орнына дана бірдей үш кастрөлге су құйып, отқа қояды. Кейін кезекпен ол кастрөлдерге сәбіз, жұмыртқа салып, үшіншісіне кофе себеді. Бірнеше минут өткен соң дана жұмыртқа мен сәбізді алып үшінші кастрөлден тостағанға кофе құяды.

- Қалай ойлайсың, не өзгерді? – деп сұрайды ол қыздан.

- Осыны да түсініксіз деп отырсыз ба? - деп иығын көтереді қыз – жұмыртқа мен сәбіз пісті, ал кофе суда еріп кетті.

- Солайы солай ғой, - дейді дана, - бірақ бұл тек үстіртін көзқарас. Егер орын алған жағдайдың мәніне үңілсек, сәбізді ыстық суға салғанға дейін қатты болғанын байқау қиын емес. Ал қазір нені көріп отырмыз? Ол жұмсақ. Керісінше, тым осал да сұйық жұмыртқа қатты болды. Сыртқы көзге олар сол қалпында сақталынғанымен, ыстық судың ықпалынан өздерінің құрылысын өзгертті. Адамдар да сондай жағдайға душар болады. Күш-қуаты мол адам жағымсыз жағдайлардың ықпалынан берекесі қашса, керісінше осал да нәзік адам беріктік пен батылдық танытуы мүмкін.

- Ал мұндағы кофенің қатысы неде? – дейді қыз.

- Бұл енді ең қызықтысы! Кофе жаңа қырын қабақты ортаға тап болып, еріп, оны өзгертті. Қарапайым қайнаған судың орнына біз тамаша хош иісті сусынды алдық. Ондай адамдар аз да болса да бар, алайда олар жағдайларға байланысты өзгермейді. Олар өздері жағдайды өзгертеді. Олар түскен ортасына жаңалық әкеліп, ғажайып өзгерістерге ұшыратады.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Астарлы әңгіменің мәні неде?

  • Психикалық және эмоциялы қиындықтарды қалай жеңесіз: жолдары мен тәсілдері?

  • Қарым-қатынастағы кедергілерді жеңудің әдіс-тәсілдеріңіз бар ма?

Жаттығу «Мен адамдардың ортасындамын»

Нұсқау: Топтағы әрбір студент кезекпен мүсіншінің рөлін атқарады. Ол топтың басқа мүшелерінен мүсін жасайды. Бірінші тақырып: «Мен адамдардың ортасында - шынайымын»; екінші тақырып: «Мен адамдардың ортасында - идеалдымын». Символдар түрінде әрбір студент басқалардың арасындағы өзінің азды-көпті ақиқатқа жақындатылған орнын бейнелейді; екінші жағдайда шын мәнінде қалаған орнын бейнелейді.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Қандай ұстанымда барынша эмоциялы үйлесімді сезіндіңіз?

  • Кімнің мүсіні сізге бәрінен де артық ұнады, неліктен?

Жаттығу «Толеранттылықтың рецепті» (шағын топтармен жұмыс)

Мақсаты: Студенттерде қарым-қатынастағы толеранттылық туралы анық түсінік, айналадағы адамдармен тиімді өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру.

Нұсқау: шағын топтарда «рецепт» - толерантты адамның бейнесін құру. Топпен жұмыс жасаған соң, сөз алған адам міндетті түрде 2 факторды бөліп көрсетуі тиіс:

1 фактор – «Толеранттылық ингридиенттері» - адам тұлғасы мінезінің психологиялық қасиеттері.

2 фактор – «Толеранттылықты даярлау тәсілі»- ондай адаммен өзара әрекеттесу әдіс-тәсілдері.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • «Толеранттылық рецепттерінің» қайсысы бәрінен де артық ұнады, неліктен?

  • Толеранттылықтың қуаты мен әлсіз тұсы неде?

Сіз өзіңізді толерантты адам деп айта аласыз ба?

Оқытушы. Әркімнің толеранттығын дамытуға көмектесетін ережелер бар – адамдарға деген парықсыздық олардың тарапынан да сәйкес қатынасты тудырады. Айналамыздағы адамдардың қатынасы өзімізге байланысты.

- өзгелердің бойынан мін іздемеу;

- өз міндеттеріңді жақсы білгенде, құқықтарын қорғай бастау;

- зорлық-зомбылық, күш жұмсау арқылы өзгені өзіңе бағындыруға болады, алайда ол тек табыстың елесі ғана;

- адамдар бізді сөздерімізге емес, қылықтарымызға қарайды;

- сынның қарапайым ұрысқа алмасуына жол бермеген әрі сынағаны үшін ешкімді қудаламаған пайдалы бұл тек қателерден қорғап, беделіңді арттырады.

- орынды қалжың өміріміздің бұлыңғыр тұстарын ажарлы етіп, басқалардың көңілін көтереді;

- адамдарды сыйлаңыз және олардың артықшылықтарын қорламаңыз.

Проективті сурет «Толеранттылық кеңістігі». Нұсқау: әр студент «Толеранттылық кеңістігі» атты сурет салып, оның түрлі-түсті реңктермен және формалармен толтыруы қажет. Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Сабақты орындау барысында қандай сезімде болдыңыз?

  • Неліктен дәл осы түстер мен формалар сіз үшін артық көрінді?

Нәтижелеу. Сабақтың қорытындысы. Оқытушы. Адам бүкіл өмір барысында өзінің тұлғасын құрайды, құрауды жалғастырады және қайта құрайды. Оның өмірінің бүкіл тәжірибесі, сондай-ақ болжалды болашақ қоршаған әлем жайлы түсініктің қабылдануын реттейтін сенімдер мен құндылықтар түрінде бекітіледі. Мінез-құлықтың әралуын түрлерінен құралатын адам өмірінің траекториясы тұқымқуалаушылық, орта және тұлға атты үш фактордың үздіксіз қзара әрекеттестігінің нітижесі болып табылады. Дәл сол факторлар адамның қайталанбастығы мен бірегейлігін анықтайды. Адам өмірінің әралаундығын қамтитын тұлғаның өмірлік жолы (мамандық таңдау, мансап, өмірлік дағдарыстарды жеңу, отбасындағы қарым-қатынас) тұлғаның дамуын бейнелейді. Адам өзін жақсы жаққа қарай өзгертуге тырысып, өз-өзімен татулықта тіршілік етуге ұмтылуы тиіс. Жалғыз басты қателік – өзінің өткен шақтағы қателерін өзгертпеу.

Қоштасу рәсімі.

Жаттығу «Достық құшақ». Барлығы бір-біріне бетпе-бет қарап, шеңбер құрып тұрады. Кейін қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, оң қолын көтеріп, оны шеңбердің ортасына қарай созады. Жетекшінің бұйрығы бойынша барлығы ішке қарай адым жасайды.

3 - МОДУЛЬ. «Адамзат тәжірибесі».

9 –лекция. Тақырыбы: «Мәдениетке деген құндылықты қарым - қатынасты орнату»

Сабақтың мақсаты: «адамгершілік» ұғымын ашу, студенттердің мәңгілік адамзаттық құндылықтар, адамның жоғары рухани құндылықтарды меңгеруде өмір мақсаттары туралы ой пікірлерін кеңейту; «мәдени мұра» ұғымын нақтылау және оған деген құндылықты қарым - қатынасын орнату.

Әдістері мен формалары: дәріс - әңгімелесу, талқылау, «даналық» сабақтары, жаттығулар, ойындар, өзіндік талдаулар.

Материалдар:хрестоматия, студент дәптері, аудиоматериалдар.

Дәріс - әңгімелесу.

Адам болып өмірге келгеннен соң,

Адам болып өлу арманым! А. Құнанбаев

Оқытушы. «Өзін өзі тану» бағдарламасының негізі дәстүрлі қазақ мәдениетінің гуманистік жарқын өкілі ретінде Абайдың шығармашылық мұралары мен халық педагогикасынның таза көздері болып табылады.

Абай мұраларына үңілген сайын адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай лаззат алады.

Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жиған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге, болашаққа құштарлыққа тәрбиелейді. Сондықтан да өзі сөз еткен мұсылман дінінің құндылықтары да дарынды ақынның сөз шеберлігі, парасаттылығы арқасында ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Іс әрекетте ішкі рухани дүние - «иман жүзің сай болу керек» дегенді айтады.

Абай адамды ақыл мен жаны бар жеке тұлға ретінде түсінеді. Абай үшін «Адам әлемді жасаушы». Адамның бастауын анықтайтын руханилық – адамның бойына кітаптар және халық даналығы, өнер және рухани тәжірибе арқылы сіңеді. Абайдың шығармашылығы адам мен қоғамды жетілдіру арналған, өзге елдің өнегелі мәдениеті мен шығармашылығын өнеге құралы ретінде қарастырған. Әлем . мәдениетін меңгере отырып, адам қандай болмасын басқа идеаларды, түрлі өзге тілдер мен мінез құлық нормаларын қабылдайды. Қазақ халқының өте құпия ой пікірлерін ашып көрсеткен, гуманист, ойшылы, ұлы ақын Абай Құнанбаев үшін ең маңыздысы - бұл адамгершілік қасиеті, адамның өміріндегі құндылықтары, өзінің өмірдегі орнын табу.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Тетігін тап та бар қалан! деп ұлы Абай тегін жырламаса керек.

Абай адамның тұлғалық құрылымындағы өзіндік сананың рөлін жоғары бағалай келе, қазақ халқының менталитеттік экзистенциалдық мәні мен жалпы адамзаттық ұмтылысты көрсетіп берді. Абайдың айтуы бойынша адамгершілік «Адам болып қалу» формуласы болып табылады. Адамның жасын, оның көзқарасын мынандай негізгі үш нәрсе анықтайды: ақылы, жүрек, ерік күш жігері. Халықтың және қоғамның тірегі осындай қасиеттерді бойын жинаған, толық меңгерген тұлға болуы тиіс. Нағыз елінің патриоты бола білген Абай өзінің болашақта халқының білімді, сауатты болғанын, өнері білімі мен ғылымы дамыған, алған бетінен қайтпайтын және жасампаз еңбек ете алатын деп көре білді. Ол «Кімнің білімі көп, махаббаты мол, шыншыл болса – сол адам ақылды, ғалым, бүкіл әлемді билейді» деген. Ұлы ойшыл өзінің халқын бір орында тұрмауға, үнемі дамуға, өзін өзі жетілдіруге, өзінің рухани дүниесін байытуға, белсенді болуға шақырды.

Абай өзінің «..... кітабында» қазақ халқының сауатын ашу үшін әлемдік мәдениет пен ғылымның маңызы туралы ой толғайды. Қазіргі Қазақстанда ұлы Абайдың барлық әлемде достықты нығайта отырып, достарыңның санын көбейту, өзіңнің жеке бейнеңді, ұлттық және адамдық намысыңды сақтай отырып, басқа халықтардан үйрену керек деген үндеуі қазіргі Қазақстандағы әлемдік жаһандануға өтуде өте өзекті.

Педагог: студенттерге сұрақ

  • Сіздер үшін адам болу дегеніміз не?

Студенттер сұрақтарға жауап береді, өздерінің ой-пікірлерін айтады, Абай шығармаларындағы даналық, қанатты сөздердің бүгінгі күндегі өзектілігіне талдау жасайды.

Оқытушы. Адам болу дегеніміз – адами тұрғыдан даму, іс әрекет жасау. Абай ескіше өмір сүруді сынға ала отырып, адамның өміріндегі маңызды қасиет – адамгершілікті, дәстүрлі әлемдік көзқарастарды, жаңа этникалық қағидаларды қалыптастыру қажеттігін дәлелдейді.

Жаңа адам – бұл шығармашылықтың адамы. Абай концепциясы – бұл еңбексүйгіш, белсенді, сауатты, өмірде өзінің білімі мен күшіне сенетін адамның концепциясы. Еңбексүйгіштік, сауаттылық, мейірімділік, борыш - міне бұл оның негізгі адами принциптері болып табылады. «Адамдардың ішіндегі ең жаманы- бұл ұмтылысы жоқ адам. Әрбір адамның ұмтылысы бар, бірақ оны дамыту қажет!». Осымен бірге, адам өте мейірімді, қайырымды болуы керек. Мейірімді бол, басқа адамдарды бауырым деп сана, өзіңе не тілесең өзгеге де соны тіле. Мінекей жүрегің үшін өзіңе шыншыл жүректі тәрбиелеуге арналған жақсы ережелер. Ерік жігер, ақыл және жүрегің дауласқанда, жүрегіңді тыңда: «Адам іруақытта жүрегін тыңдай білуі керек. Егер жүрегің таза және шыншыл болса, онда адамдардың арасында реніш, мұң болмайды. .. Барлық қайырымдылық, қарапайымдылық, әділдік, мейірімділік - барлығы осы жүректен шығады». Бұл ұғымдар адамның адамгершілігінің негізін құрайды.

Адам болам десеңіз бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол!

...Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым, ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз... деп жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге шақырады. Өлеңдеріндегі осындай терең гуманистік, жоғары эстетикалық философияға құрылған ой жүйелері Абайдың биік танымын аңғарта түседі.

Абайдың қазынасы мұрасы қазақ халқының ғана емес, бүкіладамзаттың таусылмас қазынасы десек те болады. Оның даналығы - үлкен философиялық мәселелерді шешуге барлық мұсылман атаулыға тән ислам дінінің қағидаларын арқау етуі. Сөйтіп жаны таза, эстетикалық талғамы жоғары образды сомдауда, соның алғышарттаррын көрсетуде алдына жан салмас шеберлікке қол жеткізуі.

Абай өмір жолын тануды білімге, ғылымға негіздеу керек дейтін қағиданы ұстанады:

...Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Білендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз,

Ақыл сенбей, сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз...

Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді ар, ұят, намыс, иман, ақыл, білім, ғылым және т.б. бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз.

Абайдың әр туындысы, мейлі көңіл мен жүрек лүпілінен шыққан өлең болсын, өмірлік пайымдаудан, көргенін-білгенін саралаудан жжинақталған. Ғұлама ақын аса қиын болмыстық мәселелерді шешуге бара отырып, қазақ даласының бар этнографиялық, әлеуметттік әрі рухани ерекшелігін, халықтығын танытар өзгешелігін ескереді. Абай даналығы - қазақ халқының даралығын ескере отырып, барлық адамзатқа ектән өркениетті, мәнді мәселелерді қозғайды.

Абай – ең алдымен өз ортасының, өз заманындағы қоғамдық, ұлттық, халықтық, одан әрі ірі-ірі адамзаттық мәселелерді сөз етеді.

Абайдың ұлылығы сонда, қомақты өмір қайшылықтарын, кеңістік пен уақыт алдында өзгермейтін азаматтық құндылықтарды, адами қасиеттерді талап етіп, сынға алатындығында жатыр.

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек,

Қаракет қылсаң, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек.

Абай осы өлеңнің екінші шумағында әр заманның өз ереже-тәртібі, қағидалары болатындығын айтады. Дегенмен, әр заманның тәлкегіне түспейтін, адамзат санасында бекіген заңдылықтар мен азаматтық құндылықтар барын да жоққа шығармайды.

...Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі, - деген өлең жолдары әр кез құндылығын жоғалтпайтын адамдық қасиеттерді жырлайды. Рух, жан мәселесіне тоқталған ақын адам санасынан жоғары тұрған құдіретті күштерді, сыры терең тылсым құпияларды шешуге, түсінуге, ашуға тырысады. Сол себепті Абай мұралары-рухани дүние. Абай оның кілті есебінде Ислам әлемін, ондағы адамгершілік, азаматтық құндылықтар мен рухани биік талғамын таңдаған.

Ұлт болашағы үшін, өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, ұрпаққа жасынан оқу оқыту, ғылымды игерту, имандылыққа, адамдыққа, өнерлі болуға тәрбилеуде Абай мұралары мәдени құндылықтарымыздың биік тұғырында қала берері хақ.

Адамгершілік – адамдар қарым - қатынасының жолы. Этимологиялық сөздікте «адамгершілік» сөзі - адамның эмоциялық психологиялық мінездемесі деп көрсетілген. Ол кейде қызбалыққа салынуы мүмкін, кейде тұйық, қатігез, қайырымды және т.б. Мұндай айырмашылықтар адамның іс әрекеті адами тұрғыда бағаланғанда (өзінің ар-намысына қарай іс әрекет жасаса) адамгершілік тұрғысында емес, яғни қоғам ережелеріне қарсы болғанда ғана сақталады.Сондықтан діни мәдениетте осы жолды таңдап алуы тегін емес.Рух, адам рухы – сананың іс әрекеті мен белсенділігінің әлдеқайда терең антологиялық негізін құрайды.

Американдық психолог Г.Олпорт: «Мінекей, көресіздер, мен құндылықтардың объективті философиялық мәнін емес, оның психологиялық мәнін айтып отырмын. Құндылықтар менің түсінігімде бұл әркімнің жеке ойы. Кішкентай болса да оның ойы үшін принципті маңызы болған жағдайда құндылықтар әркез сезіледі». А.Н. Уайтхердтің анықтамасы бойынша «Құндылық – білім категориясы емес, ол мәнділік категориясы» деген.

Тән, рух және сана - біріккен үш рухани құрылым. Тұлғаның руханилығы жөнінде: талғамы, қызығушылығы, қарым-қатынасы, сөйлеу, өзін - өзі ұстай білу мәнері мен мінез –құлқы болып табылады делінген. Жалпы алғанда адам туралы - оның тұлғалық ерекшелігін табу. Оның тіл жетпейтін құпиясы логикалық талдауға қарағанда, тартымлылығы көбінесе көркем шығармаға ұқсас. Осылардың барлығы тұлғаның жалпы мәдениет деңгейі, мәдени мұрамыздың кішкене бөлшегі екенін білеміз, түсінеміз. Ертеден –ақ адамдар мәдениет ұғымымен қолөнері құндылықтары туралы ой пікірлермен байланыстырған. Ежелден - ақ адамның табиғат әлемінде тектен-текке өмір сүрмегені, ол қандай да бір нәрсені ойлап, жасағаны анық. Саз балшық, тас, ағаш немесе сүйек – табиғи материалдарды қайта өңдеді, өзін де өзгертті, яғни өзінің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіріп, қабілетін, алғырлығын, қиялын, ойлауын дамытты, рухани жағынан баии түсті. Өздерінің ие болған барлық осы қасиеттері мәдениеттілікке жатады. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды адам қолымен жасаған материалдар бұл сыртқы мәдениеті емес, керісінше адамның бірінен бірін бөліп қарауға болмайтын адамның рухани байлығы мен жетістіктері оның ішкі рухани мәдениеті болып табылады. Әрине бұлардың барлығы ғасырдан ғасырға мәңгі адамзат құндылықтары деп түсінілетін: махаббат, құрмет, қайырымдылық, мақсатқа ұмтылушылық, мейірімділік, ерлік, достық, шыншылдық, энтузиазм, сенім, бақыт, шыдамдылық, жауапкершілік, денсаулық түсініктерін жоғары деңгейге көтереді.

Студенттерге сұрақ: «Мәңгілік адамзат құндылықтары мен мәдени мұраны қалай байланыстыруға болады?».

Педагог студенттерге мәдени мұра адамзат тәжірибесінде құрылады, олар мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтардан тұрады. Сондай-ақ, мәдени мұраларды жасаушы қозғалыс күші адам жанының тазалығы болып табылады.

«Менің құндылықтарым» жаттығуы. Оқытушы студенттерге шеңбер құрып, онда еркін, көзін жұмып отыруларын және де педагогтың дауыс ырғағына мән беруін сұрайды. Біз жер әлемін тастап кетіп бара жатырмыз. Өзімізбен бірге он маңызды, қажетті нәрселерді, ұғымдарды сыйқырлы қапшыққа салып алып кете аламыз. (Ойлануға 0,5 минут беріледі).

Оқытушы: «Жағдай өзгерді, үш түрлі затты, ұғымды алып кетуіміз керек! Не алдыңыздар». Студенттер көздерін ашады. Әрбір студент қандай үш маңызды затты, ұғымды алғаны туралы айтады.

Бұл жаттығу өмірлік жағдайларда өте маңызды болып табылатын адам өміріндегі маңызды болып табылатын құндылықтарды саналы түрде ұғынуға бағыытталған.

Оқытушы (дәріс-әңгімелесудің жалғасы).

Неміс философы және мәдениеттанушысы О. Шперглер мәдениеттің қалыптасуындағы маңызды сәт «жан дүниесінің оянуы» дегені, өзінің жеке белгілі мәдени негізін жасайтын ішкі және сыртқы күштерден өзін қорғай алуға қабілетті адамзат қоғамының білімін алға тартатын ментальді және ұйымдастыруы болып табылады. Мәдениеттімізді дамытушы Ұлы тұлғалардың барлығы адамгершілік идеалдарына руханилыққа ұмтылушылар болып табылады.

«Даналық сабағы».

Оқытушы. Қанекей, жан дүниенің оянуы процесі туралы эстон емшісі Виилма Луум қалай талдайтыны туралы тыңдаймыз: «Адам - өз мінез құлқының айнасы. Әрбір адамда тұлғалық қасиеттер болғанымен, олардың барлығын тұлға деп санай алмаймыз. Тұлға боламын деген тілектен тұлға болмайды. Тұлға болу үшін әркім өзімен өзі болу қажеттілігін сезінуі керек. Кімде- кім өзінің алдына қойған мақсаты үшін күресетін болса, сол адам шын мәніндегі емес, танымал тұлға бола алады. Ол өзін тұлға ретінде, ал оның поклонниктері оны тұлға деп атауы мүмкін. Шындық кейіннен ашылады. Адам өзінің қателескенін білген кезде, оның өмірінде тазару басталады. Тұлғалық жетілдіру – жаңа даму басталады. Сол кезде адам өзінің адам екенін түсінеді. Жәй ғана адам. Өмір адамға өзін - өзі тану үшін үнемі рухани, ішкі және материалдық сабақтардан өтеді. Кімде-кім өзінің сезімдерін, оның мәнін бағалай білуді үйренсе, сол адам сезіммен, махаббатпен ойлай білуді үйренеді. Махаббат туралы шын сезіммен, махаббатпен ойлауға қабілеттілік адамды бақытқа бөлейді».

Біздің әңгімеміз бүгін көтерілген мәселердің нақты анықтамасын табуға деген біздің тілегімізді қанағаттандыратын бірден терең шындықты тауып, оған жауап берумен шектелмейді. Бірақ, шындықты іздеу процесінің өзі - адамда танудың және өзін-өзі тануды қайта жасауға алып барушы күшпен, жоғарыда келтірілген жалпыадамзаттық құндылықтарына сәйкес таңдап алынатын стратегияларды қалыптастыру қабілеттілігіне ие болады және осы сұраққа жауап табады.

Талдау. Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Адамзат құндылықтарына нені жатқызамыз?

  • Мәдени мұра дегеніміз не?

  • Бұл түсініктерді қалай байланыстыруға болады?

  • Сіз өзіңіз мәдени мұраға қандай үлесіңізді қосқыңыз келеді?

«Мірдің оғындай...» аңыз-әңгіме (Пезешкиан Н. 1996)

Ерте заманда бір хан өмір, өмір сүру туралы көп ойланады. Оны өмірдегі қайырымдылық және қатігездік қызықтыратын болғандықтан, ол өз нөкеріне адам мүшелерінің (органдары) ішіндегі ең бағалы және әдемісін, жақсысын алып келуге бұйырады. Нөкері аңның жүрегі мен тілін әкеліп береді. Хан органдарға қарап отырады да, олардың мәні туралы ойланып қалады, сөйтіп қызметшісін ең жаман, нашар органдарды алып келуге жұмсайды.

Ол қайтадан жүрек пен тілді алып келеді. Хан өзінің қызметшісіне таңқалып қарайды да: «Сен жүректі, тілді ең жақсы орган деп алып келдің, кейін ең жаман орган деп тағы да жүректі, тілді алып келдің. Неге?». Сонда қызметші сенімді түрде былай деп жауап беріпті: «Егер адам ойлағаны мен сезімі туралы шын жүрегімен шықса, онда оны тіл де тек шындықты айтады. Бұл жағдайда жүрек пен тілге жетер бағалы орган жоқ. Мұндай органдары бар адам өзін денісау және бақытты сезінеді. Егер адамның жүрегі жабық және өзінің сезімдерін жасыратын болса, ол кезде тіл өтірікті, әділетсіздікті айтады, мұндай жағдайда бұл екі органда адам үшін нағыз жаза болып табылады. Олар тудырған жағымсыз жағдайлар оны жегідей жейді, сөйтіп бақыт пен денсаулық ол адамнан теріс айналады».

Талқылау. Студенттерден нені жоғары бағалайтынын сұрайды

  • Өзінде достарында адамдарында өмірде

Оқытушы. Бүгін сіздермен адам өміріндегі маңызды құндылықтың бірі – шыққан тегі, гениологиялық дамуы, жеті атасы туралы әңгімелесеміз. Қазақтарда мұны шежіре деп атайды.

Шежіреде ұлы тұлғалардың өмірбаяны, қазақ халқының ерліктері жайлы, гениологиялық шығу тегінің тарихы, этногенетикалық ауызба ауыз жеткізілген аңыздар мен діни мифтер (рауяттар, хикаялар және т.б.) түріндеге әр түрлі хронологиялық пласттар бойынша тарихи мәліметтер жазылған. Шежіренің шынайы тарихы көбінесе шындыққа сәйкессіз (ирреалды) бейнеленсе, ал әлемді мифология мен дін арқылы таныған; Шежіре Евразияның ертедегі тарихы жайлы шежіреде түріктердің өздерінің шығу тегі туралы аңызы түріндегі мәліметтер арқылы жеткізілген, ал ислам дінін қабылдағаннан кейін шежіренің ежелгі тарихы адамзаттың пайда болуы туралы көбінесе мұсылман мифтеріне құрылады, ал қазақ халқының ата-бабасының Мухаммед пайғамбарымыздан тарағаны туралы осындай гениологиялық тектің даму сипаты болып табылады; Шежіренің дәстүрлі көзі болып табылатын биліктің мықты(божественной) маңыздылығы, тұлғаның скральностиі, территориясы, ғасырлар, дәстүрлері туралы көптеген мәліметтерден тұрады.Шежіре материалдарының мазмұны тектілік, қазақтардың шығу тегі мен қасиеттерінің жүйелілігін сипаттайтын ақпараттар, қазақтың тегі мен руы және субэтникалық топтардағы, сондай-ақ халықтың тарихи, атақты тұлғалары туралы мәліметтер әңгіме, тізім, сызбаларбен берілген.

Қазақтың гениологиялық дәстүрінің ерекшелігі еркек тарапынан шығу тегі, руы мен атадан балаға беріліп отыратын есебі болып табылады, алайда, зерттеулер көрсеткендей гениологиялық аңыз әңгімелерде әйелдердің шығу тегіне аз мән берілген; қазақ шежіресі дәстүрлі институттардың өмір сүруіне қызметінде, мәдени өзіндік тұрмыстың сақталып қалуында нақты идеялық маңызға ие. Негізінен шежіреде адамның шығу тегі, тайпа, қоғамдастықтар (этникалық топтар, ру, тайпа); саяси биліктің маңызы туралы (қағанаттар, хандық, сұлтандар), рухани элита (қожа, сопы, бақсы ) және халықтық элита (би, батыр, ақсақал), құрылым (хандық, ру, ел, жұрт); дәстүрлер (культтар, сенімдер, обряды, қоғамдастық) жайлы мәліметтерден тұрады; Шежіре бізге тарихи сананың дәстүрлі формасын, әртүрлі тарихи дәуірлердің тарихи естеліктерінен үзінділерді жеткізеді. Жалпы алғанда шежіре мәліметтері субъективті, себебі шежірені оқып - үйренуде, зерттеуде көбінесе біз шежірені жазған адам, автордың ойымен, оқиғалар мен фактілерді оның жеке қорытындыларымен кездесеміз. Шежіре адекватты әдістерді интерпретациялауды жасаудың арнайы көзі ретінде ирреалдық табиғатқа ие феномендер ирреалды тәсілдермен жойылуы (постигнуты) мүмкін. Оқытушы студенттерге: жеке өздерінің шежіресінің макетін орындауға, оны презентациялау керектігі жайында түсіндіріп, тапсырма береді

(СОӨЖ). «Данышпандық сәт» шығармашылық тапсырмасы адамдағы және өнердегі сұлулықты сезіне білудегі өзін - өзі тану процесін саналы ұғынуға бағытталған. Өзгені білген -ақылды,Өзін білген- данышпан.

«Данышпандық сәт» - бұл адамзаттың мәдени мұраларына маңызды үлес қосқан өткен уақыттағы адамның есте сақтауының (естеліктерінің) актісі. «Данышпандық сәтті» өткізуге барлық мемлекет, әлем бірге атап өтетін кез келген ерекше тұлғаның туған күні, мерейтойы себеп бола алады. Бұл өзінің іс әрекетімен, ақылдылығымен, ерекшелігімен қайырымдылық, жаңа таным, жарық, махаббат нұрын шашатын, құрмет пенрапатқа лайықты музыканттар, ғалымдар, ақындар, философтар, батырлар, әртістер, саяси қайраткерлер болуы мүмкін.Тапсырма ұраны етіп: «Ұлылыққа жақындау - рухани баюдың факторы» деп алуға болады.

Студенттерге СОӨЖ тапсырмасына ерекше ерен қайраткер, ең бастысы оның мәдени мұраға қосқан үлесі туралы шығармашылық жұмыс беріледі.

Қорытынды. Сбақты талқылау: студенттермен сабақ бойынша алған әсерлерімен ой бөлісу. Оқытушы мынандай сұрақтар қоюы мүмкін:

  • Бүгін өзіңіз үшін жаңа қандай нәрселер алдыңыз?

  • Талқыланған сұрақтар сіздерге қалай әсер етті?

  • Бәрінен бұрын Сізгдің есіңізде қалғаны мен ұнағаны?

Қоштасу рәсімі. «Мен – адамзат сыйымын» жаттығуы.

  • Оқытушы. Әрбір адам - өзінше бір ерекше тіршілік иесі. Әрқайсымыз өзіміздің қайталанбайтын ерекшелігімізге сенуіміз керек. Өзіңіздің ерекшелігіңіз, қайталанбайтындығыңыз неден тұрады, адамзат үшін сіз шын мәніндегі сыйлық екендігіңізді ойлаңыз. Өз ойыңызды дәлелдеңіз. Мысалы: «Мен адамзаттың сыйлағымын, себебі мен ...».

Сабаққа қатысушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне бүгінгі күн үшін рахмет айтып, сабақты аяқтайды.

10 –лекция. Тақырыбы: «Сенім – қозғаушы күш»

Сабақтың мақсаты: «сенім» және «руханилық» ұғымдарын нақтылау, «дін» ұғымын, адамның және қоғамның рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде оның маңыздылығын ашу , діннің әр түрлі негіздерімен таныстыру, адамның діни сеніміне, оның жеке таңдауына әртүрлі діндегі рухани келісімге ұмтылуларын түсіндіру.

Әдістер мен формалары: дәріс-әңгімелесу, диспут, топтағы жұмыс, талдау, талқылау, аңыз әңгіме оқу.Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, медитативті музыка жазылған аудиотаспасы.

Сабақтың барысы: Сәлемдесу рәсімі: «Мен бүгін барлығыңды көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы.

Студенттер шеңбер құра отырады, әрқайсысы бүгінгі сабақты «Мен бүгін барлығыңды көргеніме қуаныштымын және ... қалаймын» деп бастайды. Студенттер бүгінгі күнге жағымды тілектерді айтып аяқтайды.

Дәріс-әңгімелесу.

Бәріне жауапты өзіңсің! Атқарылған ісіңе де, жете алмаған мақсатыңа да... Өзгеге емес, тек өзіңе сен.

Оқытушы.

Бүгінгі күні жасампаз тұлғаның қалыптасуындағы сенім мен руханилық ұғымдарының тәжірибелік мәнін адамзат феномендерінің бірі ретінде қызығушылық тудыруда.

Сенімнің маңыздылығы неде?

Егер біз философиялық сөздікке қарайтын болсақ, онда сенім дегеніміз – өзіне жеке және жаппай (қоғамдық) санаға кешенді ерекшелікті белгілейтін тереңде жатқан жалпыадамзаттық әмбебабты мәдениетті көптеген төмендегідей аспектілерін қамтиды:

  • гносеологиялық (нақты дәлелсіз немесе принципсіз дәлел, нағыз, шынайы тезис ретінде қабылданған )

  • психологиялық (терең мотивациялық фактор ретінде жеке өмірлік стратегия – «сенім» «сенім» өзінен бас тартуға шейін, өмірлік жағдайлар мен күмәндерға қарамастан оны ұстап қалуға шешім құндылық ретінде берілген ұғымның мазмұнын саналы ұғыну және уайымдау).

  • діни (айтылған сенім объектісінің мазмұнын тылсым күштер, яғни теологиялық салаға жатқызатын болсақ).

Жоғарыда айтылған ой пікірлерді (постулаты) Фома Аквинский ұсынған, яғни ол ақыл мен сенімнің үйлесімділігі абсолютті нұсқада белгіленген сенім догматикалық артылықшылықтарында туады: егер, шындыққа қарама – қарсы рационалдық қорытынды жасалса, онда талқылаудағы өателіктердің болғандығын дәлелдейді. Бұдан басқа да, Фома Аквинскийдің, философтардың, яғни теологиялық зат ретінде қарастыратын (құдай тірі, жанның мәңгі өлмейтіндігі және т.б. догматикалық ұғымдар) және адамның ұғымына сай емес, түсініксізжәне теологиялық танымнан тыс зат ретінде (құдайдың көпжандылығы, әлемді өзгерту, қайта жасау, күнә жайында және т.б.) рационалды, догматикалық түсініктерді бөліп көрсеткен.

«Сенім» ұғымы өзінің айналасына философиялық дәстүрлер шеңберінде де және терең гносеологиялық, сондай- ақ әлдеқайда кең ұғымда – жалпыантропологиялық жоспарда маңызды мәселелерді жинақтайды. «Сенім» категориясы экзистенциализм философиясында «құдайға сену» және «ғылымға сену» қғымдарын бірге алып жүретін «философиялық Сенім» ретінде түсіндіріледі.

Сенім ұғымы «краеугольных камней» адамзат тұрмысының фундаментін құрайтын бастауы деп айтар болсақ асыра айтпағандық болар. Шын мәнінде «мен бұл әлемдегінің барлығын таныдым» деп айтуға дәті бара бермес, бұған қарағанда ұлы грек ойшылы Сократтың «Менің білгенімнен, еш нәрсені білмеймін» деген дұрыс сияқты. Адам мына әлемнің бір кішкентай бөлшегі оның қысқа да, өтпелі өмірінде ең қажетті нәрселерді ғана танып білуге жетеді. Басқалардың тәжірибесіне сеніп, көпшілігіне сенммен қабылдайды.

Студенттерге сұрақ: Сіз үшін «сенім» дегеніміз не?

Студенттер өздерінің «сенім» ұғымы жайлы пікірлерімен бөліседі.

Оқытушы. Әрбір адамның танымдық жолы ата-анаға, ұстаздарға, кітаптарға деген сенімнен басталады. Тек кейінгі тәжірибе ғана, өзінің сенімін білімге айналдыра отырып бұрынғы алған ақпараттың қаншалықты дұрыстығына көз жеткізеді, сенімі күшейеді (немесе әлсірейді). Бұл жолда сенім мен білім толық бір нәрсеге айналады, адам өзінің әр түрлі ісәрекет саласында бірте бірте өседі, дамиды. Дінге деген сенім де біздің рухани ұмтылыстарымыз, ізденулеріміз және осы тәжірибе мен білімге ие, сәйкес адамдарга сенімнен жиі басталады. Сенім өмірді терең интуитивті сезіммен танудан және жеке өзін- өзі тану тәжірибесінде өзіндік күшке ие болудан басталады.

«Даналық сабағы» Луиза Хей: «Мен ішкі күшіміз идеалды денсаулыққа, идеалды өзара қарым-қатынасқа, идеалды карьерада жетістікке жетуде әрқайсысымызды махаббатпен алып келетініне сенемін. Ол біздің әрқайсымызды өсіп өркендеуге үйретеді. Осындай керемет заттарға ие болу үшін бәрінен бұрын, осының барлығы мүмкін екеніне сену қажет. Мен біздің санамыз үнемі бізбен байланысты шексіз әлеммен өзара байланыста болатынына сенемін дейді. Сондықтан, барлық білім мен барлық даналыққа біз өзіміз кез келген уақытта қолымызды жеткізе аламыз Бізге ішкі жарықтың нұры арқылы Жоғары «меніміз» және біздің ішкі күшіміз арқылы өмір сыйлаған әлемдік күшпен, шексіз ақыл оймен байланыстымыз. Осы күштердің негізінде қайырымдылық, жарықтың бастауы жатыр, олар біздің барлық өмірімізді басқарады. Ол жеккөру, өтірік айту және жазалау дегенді білмейді. Ол таза махаббаттың, тәелсіздіктің, түсіністіктің және қайғыға ортақтаса білуді тудырады. Барлығы өзімізге байланысты» деп жазады.

«Мен сенімен неге... сенетінімді бөліскім келеді» жаттығуы.

Студенттерге тапсырма беріледі: бөлмеде еркін қозғалып, бір-біріңе жақындаңдар. Бір – біріне қарап «Мен сенімен неге... сенетінімді бөліскім келеді» деген фразамен бастап, ойды бөлісу керек (жалғастыру керек).

Жаттығудың соңында өз курстастарынан естігендері жайлы талқылау жасайды. Ой пікірлерімен бөліседі.

Оқытушы. (дәріс- әңгімелесудің жалғасы).

Шын мәнінде біз неге сенеміз, біз үшін сенім объектісі , мойындаймыз, ұмтыламыз, мақсатымыз не болып табылады, барлығы өзімізге байланысты. Сондықтан, сенім ұғымы бізге жақын, «руханилық» ұғымымен бара-бар, тең деп айтуға болады.

Руханилық - жалпы мағынада - әлем мен адамның руханилығының жиынтығы. Әлеуметтануда, мәдениеттануда, сонымен бірге публицистикада «руханилықты» жиі діни ғылымдар мен тәжірибелерде, сондай - ақ, көркем өнер бейнелерінде ережедегідей шоғырланған адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлер түрінде көрінетін байланыстырушы қоғам бастауы дейді. Бұлар жеке сананың руханилық проекциясы ретінде «ар намыс, ұят» шеңберінде қарастырылады.

В.А. Бачининаның философиялық очерктерінде руханилықтың көріну формалары көптүрлі екені туралы айтылады. Шын мәнінде кез –келген қоғамдық пайдалы іс әрекет сферасы, оның тууына әсер етеді, себебі руханилық іс-әрекеттің өзіне емес, оған деген қарым-қатынасына байланысты көрінеді, себебі оны көріп және бағалауға адамның қандай қажеттіліктері мен қызығушылықтарына байланысты онымен айналысуына мүмкіндік жасайды.

Адам өміріндегі әлеуметтік салада адамдар «руханилық», «діни көзқарас» ұғымдары бірдей деп қателеседі.

Дін - адам өмірі және адамзаттың өмірі туралы төрт негізгі сәттен тұратын сенім ғылымы:

  • адамның әлемдегі, соның ішіндегі жердегі өзінің рухани-адамгершілік өмір заңдарының жүйесі арқылы реттеп отыратын әлемдегі күшті және жасампаз ақылды жасаушысына деген сенімі және мойындауы:

  • өмірді реттеп отыратын адамгершілік құндылықтар жүйесі мен адамгершілік заңдар жүйесі ғылымны.

  • Осы ғылымға сәйкес өзінің өмірінің адамгершілік заңдары мен құрылымының ілімнің шыншылдығы мен дұрыстығына адамдардың сенімі.

  • әрбір дінге тән рәсімдердің, ғұрыптардың, архитектурасының және т.б. ерекшелігі.

Діни ұғым – қандай да бір конфессияда дін жолын ұстаушы, адамның өмірінде басымдылық танытатын және оның ұстанымдарын тарататын, осы ғұрыптарды, дәстүрлерді, ырым- жоралығыларды, ұстанымдарды өзгертпей, нақты, сол күйінде орындауға бейімділігі. Діни адам осы әртүрлі ырым - жоралығыларды міндетті түрде орындай отырып, Аллаға қызмет ету және дін жолын ұстанушы ретінде қарастырады. Мұнда тұрған еш нәрсе жоқ, алайда, бұл адамға берілген нағыз шынайы, толық адамның өмірдегі рухани арақатынасты түсіндіре алмайды.

Талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қалай ойлайсыз, «сенім», «руханилық», «діни ұстаным» ұғымдарының өзара байланысы қандай?

  • Адам қандай жолмен сенімге ие бола алады?

Диспут (тапсырмалар алдын ала беріледі)

Диспутта қаралатын тақырыптар:

1. Әрт түрлі конфессияларды әлемдік бір дінге топтастыру мүмкін бе ?

2. Дәстүрлі емес діни: секталар, қоғамдастықтар және т.б. тағдырын қалай шешуге болады?

3. И.Шевелеваның «Сенім- біріктіреді, дін – іріткі салады, ажыратады» деген сөзіне қалай түсінесіз?

Оқытушы студенттерге ең бастысы пікірталаста өзінің жеке пікірін қорғау емес, шындыққа көзді жеткізу керек екенін түсіндіреді.

Жаттығу. Қызу талқылаудан кейін педагог студенттерге «Сыйқыршы туралы ертегісінің» медитиативті сеансын ұсынады.

Оқытушы. Ал енді әрқайсысыңыз өздеріңізге ыңғайлы болатындай жайғасып отырыңыздар, көздерімізді жұмамыз. Терең тыныс аламыз. Енді біз басқа әлемге өтеміз, керемет, таңғажайып ертегі әлеміне өтіп, онда болған бір оқиғаны тыңдаймыз.