Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иит шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

15 Билет

1Айнымалы токтың көпірлік схемасы, құрылымы, тепе-теңдік теңдеулері, не үшін қолданады?

Конденсатордың не индуктивтік орауыштың параметрлері айнымалы токтың көпірлік сұлбасымен өлшенеді.

Айнымалы токтың өлшеуіш көпірлік сұлбасын әр уақытта тұрақты токтың көпірлік схемасына келтіруге болады. Сонда екі сұлбаның да тепе-теңдігі, сезімталдығы және өлшеу дәлдігі бір есептеу қатынасымен табылады, тек қана айнымалы токтың көпірлік схемасында кернеу мен токтың амплитудасымен қатар олардың фазалық қатынасында еске алу керек


9.2 Сурет – Айнымалы токтың көпірлік схемасы

Көпірлік сұлбаның тепе-теңдік кезінде ноль-өлшегішпен ток жүрмейді. Бұл теңдік былайша жазылады

(9.4)

Толық кедергіні ашып жазсақ:

(9.5)

Бұл теңдік мына жағдайда тура болады

Z1Z4=Z2Z3,     φ1+φ4=φ2+φ3.            (9.6)

Бұл теңдеулер айнымалы токтың көпірлік схемасының амплитуда және фаза жағынанда тең болуын камтамасыз етеді. Сыйымдылықты өлшеу көпір сұлбасы тек қана сыйымдылықты өлшеу үшін жаратылған. Бұл көпір сұлбалары сыйымдылықты, шығындық коэффициентті (конденсатордың) және басқы параметрлерді өлшеуге арналған. Айнымалы токтың өлшеуіш көпір сұлбасы ретінде Вина мен Шерингтің өлшеуіш сұлбалары қолданылады.

Винаның схемасында өлшейтін объект (Cx, tgδc) пен салыстыру сұлбасы бір тізбекте орналасады, сонан кейін оларға параллель түрде кернеуді бөлгіш ретінде R3 және R4 екі кедергі жалғастырылады (9.3 сурет).

9.3 Сурет – Винаның өлшеуіш көпір сұлбасы:

а) бір тізбекті шығынды қарымталау;

 б) параллелдік шығынды қарымталау

Көпірлік сұлбаның бір иығында шығыны аз үлгілі конденсатор CN мен фаза деңгейлейтін кедергі RN орналасады.

Екі сұлбада жиілікке байланыссыз сыйымдылық және конденсатордың шығындық кедергісін табамыз

;  .     (9.7)

Егер кернеудің жиілігі белгілі болса шығындану коэффициентін табамыз: бір тізбектік орын басу сұлбасы үшін

tgδc=ωCNRN     (9.8)

параллелдік орын басу сұлбасы үшін

tgδc=1/( ωCNRN).     (9.9)

2 Цифрлық аспаптарда қолданылатын электрон-санақ әдісінің негізі. Өлшеу схемасы және потенциалдық диаграмма.

Цифрлық өлшеуіш аспаптар (ЦӨА) деп өлшеудің нәтижесі сан түрінде берілетін аспаптарды айтады. Олардың көп түрлілігіне қарамай негізгі құрылыстары бірдей болып келеді (7.1 сурет).

 КҚ – кіру құрылғысы; Тр1, Тр2, Тр3 – бір шаманы басқа шамаға түрленгіштер; АСТ – аналог-сандық түрлендіргіш; ИС – импульсты санағыш; СИ – сандық индикация (дисплей); БҚ – басқару құрылғысы.

7.1 Сурет – Цифрлық аспаптың функциялық сұлбасы

Кіру құрылғысы кернеуді не токты өлшеу шегін кеңітуге арналған. Ол ішіне кіру құрылғысы қосымша резисторлар мен шунттардың жиынтығын қолданады. Цифрлық өлшеуіш аспап басты сигнал көп рет келгеннен кейін өлшей бастайды. Бұл аспаптардың өлшейтін сигналдарды түрлендіретін бөлшектерін өлшеуіш түрлендіргіштер деп атайды. Егер аналогтық сигнал басқа аналогтық сигналға өзгерсе, онда өлшеуіш түрлендіргіш аналогтық деп атайды, егер аналогтық сигналды сандық түрге не керісінше өзгертсе, өлшеуіш түрлендіргішті аналог-сандық не сандық – аналогтық деп атайды.

Егер ақпараттық параметр бірнеше бекітілген шамада болса, бұл сигналды дискреттелген не кванталған деп атайды.

Үшінші түрлендіргіш ТР3 Тси уақыт аралығын N санды импульстерге түрлендіреді. Бұл үшін электрондық жүйелі әдіс қолданады. Бұл әдіс бойынша өзгеріп тұратын санайтын уақыт (Тси) үлгілі генератордан G2 алынған үлкен жиілікті төртбұрышты импульстермен толтырылады. (7.4 сурет).

 

а) Түрлендірудің жұмыс істеу сұлбасы.

б) Кернеулердің уақыттық диаграммасы.

7.4 сурет – Кернеуді түрлендірудің жұмыс істеу сұлбасы

3 Берілгені: вольтметрдің кіріс сыйымдылығы 100 пФ және эквиваленттік индуктивтігі 100 мГн.

Табу керек: вольтметрдің кіріс тізбегінің өздік резонанстық жиілігін.

XL=wL=100 пФ

XC=1/wc=100 мГн

Резонанстық жилік болу шарты: XL= XC

wL=1/wС

w2=1/LС

fрез=1/2 =

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]