Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иит шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

17 Билет

1) Дыбыстық жиіліктегі тербелістің қуатын өлшеу, бір ваттметрлік әдіс

Дыбыс толқындарын, әдетте, ауада тербелетін, денелер шығарады. Мысалы, домбыра шегінің тербелуі, оны күшейтетңн қақпақтың тербелуі, айналасында қума толқындар қоздырады. Құлақтың естуі бойынша, дыбысты әлсіз, не күшті деп ажыратамыз, ал физикалық тұрғыдан, дыбыстан қуатына қарай күшті, күші аз деп, ал жиіліктеріне қарай: /құлақтың қабылдауына қарай/ жуан, жіңішке деп бөледі, физикалық тұрғыдан бұларды төменгі /жиіліктегі/, жоғарғы дыбыстар деп атайды.

Сол сияқты домбыраның дыбысын күшейту үшін, тиек арқылы тербелетін, бет ағынын қолданады. Дыбыс толқындарын шығару үшін электромагниттік тербелістер беретін жүйені қолдану ыңғайлы. Барлық жағдайда, ауада қума толқындар тарайды. Толқынның ауадағы жылдамдығын  формулаға сай:  , мұнда К – қысылу серпімділігі, әдеттегі жағдайда /0ºC-да, P=1.  Па/ дыбыс ауада   - 332 м/с жылдамдықпен тарайды, ол тығыздығы аз, сутегі ішінде – 1280 м/с жылдамдығымен жүреді. Қатты денелер үшін серпімділік модулі өте үлкен, сондықтан да, дыбыстың таралу жылдамдығы да үлкен. Дыбыс толқындары жол бойы молекулаларды тербелтеді, олардың ауытқуы үлкен емес - ∆A м, бірақ осы қозғалыстар көптеген молекулаларды қамтиды, сөйтіп қосымша қысымдар туғызады, оның мәні де үлкен емес (∆P~0,1Па). Бұл әдеттегі ауа қысымына миллион есе кем, дегенмен де, толқын арқылы тарайтын энергия осы қысым бойынша беріледі. Дыбыстың күші – қуаты, энергия ағыны қысымның өсімшесі арқылы өрнектеледі: I ~ ∆P². Толқын тарағанда онымен бірге қысым, күшінің импульсі қозғалады, жол бойындағы бөгеттерге күш түсіріледі.

Серпімді орталық, толқынның түрі, таралу жылдамдығы. Сондықтан да дыбыстың қуатын білу үшін осы күштерді өлшеу керек, бұл қиын іс емес. Қарапайым пьезоэлемент арқылы кез келген қысым күшін өлшеуге болады. Дыбыс толқындары денелермен кездескенде шағылысады, кері қозғалады, жаңғырықтар пайда болады. Бөгеттің түріне қарай дыбыс жұтылады да: энергияның жұтылған бөлігінің, түсуші бөлігіне   қатынасын жұтылу коэффициенті дейді. Техника үшін бұл шамаларды білу қажет.

2) Тізбектеп қосылған тура бағалайтын омметр. Шкаласының теңдеуі

Электрлік кедергіні өлшеудің көп тараған бір түрі-тұрақты токтың кедергісін өлшеу. Ары қарай «кедергіні өлшеу» терминін қолданамыз. іс жүзінде өлшейтін кедергінің шамасы Ом өте майда бөлшектерінен бастап ондаған тера Ом болуы мүмкін. Кедергіні өлшеуде пайдаланатын әдістер: а) бірден санақты қосалқы әдістері; б) нольдік санақты салыстырмалы әдістер. Осы өлшеу әдістеріне байланысты өлшеуіш аспаптар тізбекті не параллельді омметрлер деп аталады. Шамасы жоғары кедергілерді өлшегенде олар өлшеуіш механизммен және кернеудің көзімен бір тізбекке қосылады. Екі қыспақ ашық тұрған кезде (Rx) ток жүрмейді, сондықтан өлшеуіш механизмнің көрсеткіші механикалық 0 де тұрады.

8.1 сурет – Тізбектеп қосылған кедергіні өлшеу сұлбасы

Өлшеуіш механизм кедергінің шамасымен белгіленеді. Өлшеу кезінде өлшенетін объект R(x) ішкі кедергісі RП өлшеуіш механизм мен кернеу көзімен бір тізбекке қосылады. Сондағы токтың шамасы

IAX = E/(RX + RП + RД),

(8.1) мұнда Е – кернеу көзінің кернеуі;

RП – өлшеуіш аспаптың ішкі кедергісі;

RД – қосымша кедергі. Егер екі қыспақ жабық болса (RX = 0) ток аспаптың номиналдық тоғына тең IA =IН

IA = IН = E /(RП + RД).

(8.2) Өлшеуіш аспаптың көрсеткен тогының өлшенген кедергінің мәніне сәйкестігі осы (8.1) және (8.2) формулалар арқылы есептелінеді. Екі токтың қатынасы

(8.3) мұндағы Rо – омметрдің ішкі кедергісі; λх – өлшенетін кедергінің қатынасты мәні. Егер RX= RO,онда λx = 1, ал η = ½ тең. Бұл жағдайда аспаптың тілшігі шкаланың жарым ортасын көрсетеді. Шкаланың өлшеу ауқымын RД-ны Ro, 2Ro, 3Ro … деп алып өзгертуге болады.

Кедергіні бір тізбектеп өлшеуіш құралмалы аспаптарда қолданады. Бұлардың өлшеу ауқымы 10 Омнан 1 мОмға дейін болады

Рис. 1: а — последовательная; б — параллельная

Тізбектей жалғанған омметрдің шкаласының теңдеуі:

Rг — гальванометр тізбегінің кедергісі. U = const болған кезде прибордың қозғалғыш бөлігінің бұрылу бұрышы Rx кедергісімен өлшенетін шамасымен анықталады. K кілті прибор тілшесін нөлдік деңгейге қоюға қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]