Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иит шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

3) Берілгені: Өлеушеіш механизмнің кернеуі Uөм және тогы Iөм, оның номиналдық кернеуі Uн және бөліс саны αн, ол желіге қрсымша кедергі Rқ арқылы қосылған.

Табу керек: қосымша кедергіні Rқ, өлшеуіш механизмнің тұрақтылық коэффициентін Rқ қосылмағанда Cu және қосылғанда Cuқ, номиналдық кернеу кезінде өлшеуіш аспаптың пайдаланған қуатын

38 Билет

1) Айнымалы сигналдың орташа, орташа түзетілген, әрекеттік және амплитудалық мәндерін өлшеу. Сигналдардың формалық амплитудалық коэффициенттерін табу керек.

2) Үлкен токтарды өлшеуге арналған жоғары жиіліктік токтың трансформатордың жұмыс істеу принципі және қрсу схемасы.

Токты өлшеуіш трансформатолар айнымалы токтың тарату құрылғыларында мына төменгі аспаптардың токтық тізбектерін жабдықтау үшін қолданылады: амперметрлерді, ваттметрлерді, фазаметрлерді және қуатты түрлендіргіштерді.

Токтық трансформатрлар (ТТ) электромагниттік электр аппараты болып саналады. Олар бірінші токты I1 екінші токқа I2 біркелкі (бір сызықпен) түрлендіру үшін қолданады. Оның екінші тоғы I2 стандартты шамада 5А болады. 6.1 суретте ТТ-ның конструкциясы және оны қосу схемасы келтірілген.

ТТ-ның токты түрлендіру әрекеті номиналдық трансформациялау коэффициенті арқылы көрсетіледі

                                                 (6.1)

мұндағы: W1 – бірінші орамадағы орамның саны (1,2,...п);

W2 – екінші орамадағы орамның саны;

I1ном – бірінші номиналдық ток (10;15;20; ... 40000А);

 

I2ном – екінші номинальдық ток (1,2,5А).

 

 

 

 

 

 

а)

 

а) құралу принципі: 1 – электр желісі, бірінші орама; 2 – оқшаулатқыш; 3 – өзекше; 4 – екінші орама.

б) қосу сұлбасы: Л1, Л2 – бірінші қысқыштар; И1, И2 – екінші қысқыштар; РА – жұмысшы амперметр.

6.1 Сурет – Бірорамдық өлшеуіш ТТ

ТТның қателіктері нормаланғандықтан оларды өлшеуіш трансформаторлар деп атайды:

а) токтық қателігі 1 = (I2Kтн – I1) I1100%;                                   (6.2)

      ә) бұрыштық қателік Ө1 (6.2 сурет), (рад; град).

 

 

 

 

 

6.2 Сурет – Бұрыштық қателік

Осы қателіктердің деңгейіне қарай ТТ әртүрлі дәлдік кластарға бөлінеді: 0,2; 0,2S; 0,5 и 0,5S (6.1. кесте)

Номинальдық жүктеме деп екінші тізбектегі барлық кедергіні айтады, онда Cos = 0,8 болу керек.

Дәлдік класс жүктеменің шамасы 25 тен 100%  дейін өзгергенде рұқсат етілген қатенің пайызын көрсетеді (6.1 кесте).

 

 6.1 кесте – Тоқтық трансформатордың рұқсат етілген қателіктері

Дәлдік класы

Бірінші ток, Iном қанша %

Рұқсат етілген қателіктер шегі

Екінші жүктеменің шегі, номиналдан қанша %

Токтық %

Бұрыштық

град.

рад

0,5

5

20

100-120

 1,5

0,75

0,5

90

45

30

2,7

1,35

0,9

25-100

0,5S

1

5

20

100-120

1,5

0,75

0,5

0,5

90

45

30

30

2,7

1,35

0,9

0,9

25-100

Токтық трансформаторға өлшеуіш аспаптарды бірінен кейін бірін қосуға болады, бірақ бұл кезде екінші орамдағы токтың шамасы көп өзгермеу керек. Қосқан өлшеуіш аспаптың саны көп болуы мүмкін, бірақ олардың қосынды жүктемесі завод көрсеткен трансформатордың номиналдық жүктемесінен артпау керек.

Токтық трансформатордың жүктемесі деп оның екінші орамасына қосылған барлық кедергілердің қосындысын айтады. Оған токты алып келетін сымдардыңда кедергілері кіреді. Трансформатордың жүктемесі Ом арқылы көрсетіледі және қуаттың коэффициенті де беріледі. Сүйтіп токтың трансформаторға қосылған аспаптардың жалпы кедергісі оның номинальдық жүктемесінен аспау керек. Егер бірінші орамада токтың күші өзгермесе, екінші орамада да токтың күші онша өзгермейді. Бұл кезде басты қателіктің шамасы дәлдік кластың шамасынан аспауы керек. Бұл жағдай тек қана токтық  трансформатордың қысқа тұйықталу режимде істегенде ғана болады. Трансформатор бұл режимде істегенде бірінші орамдағы токтың күшінен пайда болған өзекшедегі магнит өрісі қарама-қарсы бағытталған екінші орамдағы токтан пайда болған магнит өрісі мен тепе-тең. Тек қана аз шамалы магнит өрістерінің айырмашылығы қалады, бірақ оның шамасы екінші магнит өрістен ең болмағанда 100 есе аз. Өзекшенің көлемі осы магнит өрістерінің айырмашылығына сәйкес алынады.

Егер трансформатордың екінші орамының ұштары еш нәрсеге қосылмай ашық  болса, бірінші токтан пайда болған барлық магниттік өріс өзекшені жүктемелейді. Сондықтан өзекше қатты қызады, трансформатор жұмыстан шығып қалуы мүмкін. Трансформатордың екінші орамасында трансформациялық коэффициентке сәйкес өмірге қауіпті жоғары кернеу пайда болады. Сондықтан өлшеуіш аспаптар тіркелген тізбекті тек қана 2 жағдайда ажыратуға болады, олар: қашан трансформатордың екінші орамасы қысқа тұйықталған, не трансформатордың бірінші орамында ток жоқ. Осы себептен трансформатордың екінші орамына сақтандырғыш қойылмайды.

3) Берілгені: магн.эл.миллиамперметр. Номиналдық тогы Iн=0,5мА өлшенетін ток Iө=0,1.....0,5мА. Э.Қ.К-нің ішкі кедергісін есепке алмау керек.

Табу керек: Өлшеудің салыстырмалы қателігі δI 1% аспау үшін, өлшеуіш аспаптың дәлдік класы қандай болу керек.

Iө=Iк

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]