Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иит шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

3) Берілгені: Магн.Эл. Миллиамперметр, оның , тең. Өлшенетін ток

Табу керек: шунттың кедергісін .

Rш=Rа/(n-1)

n=Iө/Iн

43 Билет

1) Токты және кернеуді өлшенгендегі әдістемелік қателіктер, абсолюттік және салыстырмалы қателіктер, өлшеу схемасы.

Токты амперметрмен не кернеуді вольтметрмен өлшегенде әдістемелік қателіктер болуы мүмкін.

                            a)                                            б)

5.4 Сурет – Токты өлшегендегі әдістемелік қателіктер

5.4 а суретінде көрсетілген электр тізбегіндегі ток күшінің шын мәні Ом заңымен табылады

I=U/R.

Бұл тізбекке амперметрді қосқан токтың мәні өзгереді.

I1=U /(R+Ra).

Бұл жағдай әдістемелік қателік пайда болуға әкеліп соғады:

а) абсолюттік – Δәқ=U/(R+Ra )-U/R=-(URa)/R(R+Ra);

ә) салыстырмалы – δәқ=Δэқ/(U/R)=-Ra/(R+Ra)=-1/ (1+R/Ra).

Мысал. R=10 Ом,

Ra=0.1 Ом.

δэқ=-[1/(1+100)]*100=-0.99=-1%.

Жалпы қарастырғанда былайша жасаймыз:

а) егер R/Ra>1 деп алсақ (5.10) арқасында рауалды (допустимая) қателікті табуға болады

қр<|Ra/R|;

ә) рауалды қателік амперметрдің дәлдік класына қарағанда 10 есе аз болу керек:

δқр<0,1γа.

Мысал. Егер γа=1%; егер R=10 Ом, сонда Ra=δәқр*R=0,1*10-2*10=0,01 Ом.

Кернеуді өлшегенде де вольтметрдің ішкі кедергісінің әсерімен өлшеу қателігі пайда болады (5.5 сурет).

                            a)                                            б)

5.5 Сурет – Кернеуді өлшегендегі әдістемелік қателіктер

Вольтметрдің ішкі кедергісінен электр тізбегіндегі токтың шын мәні (I=V/R) – өзгереді

.

Сондықтан әдістемелік қателік пайда болады:

а) абсолюттік – Δәқ=U(R+Rв)/RRв-U/R=U/Rв;

ә) салыстырмалы – δәқ=Δәқ*R/U=R/Rв.

Rв –үлкен болған сайын қателік азаяды.

Рауалды қателік вольтметрдің дәлдік класынан (γв) 10 есе аз болуы керек.

Мысал. γв=1%, δәқр=0,1%,

R=10кОм.

Сонда Rв=R/ δәқр=(10*100)/0.1=10кОм.

2) Кернеуді уақыт аралығына түрлендіру принципі схемасы, уақыттық диаграммасы. Егер ақпараттық параметр бірнеше бекітілген шамада болса, бұл сигналды дискреттелген не кванталған деп атайды. Квантталу Тр1 – түрлендіргіштің арқасында жасалады, сонда өлшейтін сигнал t уақыт аралығында әртүрлі деңгейде дискреттеледі (7.2 сурет).

7.2 Сурет – Уақытпен кванттау және деңгеймен дискреттеу

7.2 суретте көрсетілгендей аналогтық сигнал U(t) уақыт бойынша бірінен кейін бірі болатын дискреттелген шамалармен Ui (ti) ауыстырылады. Цифрлық өлшеуіш аспап ақпаратты тек қана дискреттелген уақыт кезінде сезе алады. Бұл уақыттың кезі басқару құрылғысы арқылы белгіленеді. Енді алынған дискретті сигналды (тұрақты кернеу) аралық (промежуточный) параметрге түрлендіру керек. Бұл параметр ретінде Тжа уақыт аралығы алынған, мұны жүйелік, аралық деп атайды. Бұл аралыққа қоятын міндет, ол әр уақытта өлшейтін кернеуге пропорционал болу керек.

Бұл түрлендіру кернеу-уақыт аралығы (санайтын уақыт) Тр2 екінші түрлендіргіште жасалады. Санайтын аралық уақыт, салыстырмалы әдіспен, өлшейтін кернеуді уақытпен бір келкі (пропорционал) өсетін тіректі (калибрленген) кернеумен салыстыру арқылы табылады (7.3 сурет).

Салыстыру құрылғысы

СҚ

а) жұмыс істеу сұлбасы;

б) кернеулердің уақыттық диаграммасы

7.3 Сурет – кернеуді уақыт аралығына түрлендіргіш аспаптың схемасы

Тіректі кернеу G1 генератормен жасалады. Бұл генератордың шығыс кернеуі U0 (t) сызықшамен біркелкі өседі. Ара тәрізді кернеу уақытпен біркелкі өседі, оның басқы бұрышы . Түрлендіру процесі басқару құрылғының (БҚ) арқасында бір уақытта t1 басталады. Егер U =U0 болса, салыстыру құрылғы t2 уақытында сигнал береді. Осыдан кейін екі күйі бар триггер Uтр строб (тіректі) импульс жасайды, оның уақыт ұзындығы санайтын уақытқа тең

Тси = t2 – t1.

Уақыттық диаграммадағы үшбұрыштан табатынымыз.

Тси = U tga                                                 (7.1)

егер = const болса, онда tg = C1, сондықтан

Tси = C1 U.                                                (7.2)

Үшінші түрлендіргіш ТР3 Тси уақыт аралығын N санды импульстерге түрлендіреді. Бұл үшін электрондық жүйелі әдіс қолданады. Бұл әдіс бойынша өзгеріп тұратын санайтын уақыт (Тси) үлгілі генератордан G2 алынған үлкен жиілікті төртбұрышты импульстермен толтырылады. (7.4 сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 а) Түрлендірудің жұмыс істеу сұлбасы.

б) Кернеулердің уақыттық диаграммасы.

7.4 сурет – Кернеуді түрлендірудің жұмыс істеу сұлбасы

ЦӨА 220В электр желісіне қосқанда жиілігі 1мГц үлгілі генератор жұмыс істей бастайды. Генератордың импульстері электрондық кілтке келеді, оның ашық уақыты Тси. Импульсті санағыш ИС импульстерді санап, оларды бірі-бірін қоса бастайды

N = Тси / Тго.                                                       (7.3)

(7.2) өрнекті қолдансақ

U = NТго / С1                                                                                          (7.4)

егер Тго = сonst, онда Тго/С1 = С2

U = C2 N                                                           (7.5)

Сөйтіп, өлшейтін кернеу импульстың санына пропорционал болады. Бұл импульстардың ИС тағы жиынтығы кодтарды түрлендіргіште түрлендіріп эпидтық-кристалдық, алфавиттік-сандық индикаторға кіреді, сонда өлшеу нәтижесін сан жүзінде көреміз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]