Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd_stilistika_gotov_i.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

сабақтарға қатысу;

сабақтағы тәртіп ережелері;

көтермелеу және талап ету.

3. «Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге стилистикалық талдау» пәні бойынша дәрістер:

Дәріс №1

Тақырыбы: Стилистика пәні, (лингвистикалық стилистика), зерттеу нысаны. Стилистика ғылымының салалары

Жоспары:

1.Стилистиканың зерттеу нысаны

2.Стилистикадағы «стиль» ұғымы

3.Стилистиканың зерттейтін мәселелері

4.Стилистиканың зерттеу әдістері

Дәрістің мақсаты: Стилистика пәнінің өзіндік ерекшелігін, зерттеу нысанын, стилистиканың салаларын, олардың әрқайсының қарастыратын мәселелерін және зерттеу әдістерін меңгерту.

Қай ғылымның болмасын негізгі мәселесі – оның зерттеу нысаны мен зерттеу пәні. Стилистиканың зерттеу нысаны – басқа да тіл ғылымы салаларындай, мәтін түрінде көрініс тапқан тіл болып табылады. Бірақ әр сала сол жалпы нысанның өзіне қажетті жағын алып қарайды. Мысалы, деңгейлік тұрғыдан лексикология өзіне қажеттісін, грамматика өзіне қажеттісін алып тексереді. Немесе белгілі бір қырынан, көзқарас тұрғысынан (мыс., тарихи грамматика, әлеуметтік лингвистика, тіл семантикасы) қарастырады.

Сонымен, стилистиканың пәні тілді қолдану барысында қолданымның түрлі жағдайлары мен салаларына байланысты мәтін көлемінде жүзеге асатын тілдік құбылыстар екен.

Стилистиканың негізгі мәселелерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады: стиль, функционалды стильдерді анықтау, олардың мәнін, жүйелік сипатын ашу; қарым-қатынастың әр түрлі саласында тілдің қолданылу заңдылықтарын анықтау; функционалды стильдерді топтастыру; стилистикадағы тілдік және тілден тысқары жайлардың ара қатынасын айқындау; стильдегі объективтілік пен сбъективтілік мәселесі; функционалды стильдер мен сөз түрлерінің ара қатынасы; стильдердің өзара әсері мен тұтастығы мәселесі; лингвистикалық стилистика мен әдебиеттік стилистиканың ара қатынасы; көркем әдебиет тілінің функционалды стильдерге қарым-қатынасы; стилистикадағы норманы және оның тарихилығын анықтау; стилистикадағы диахрония мен синхрония мәселесі т.б.

Бақылау сұрақтары:

1,Стилистиканың пайда болу тарихы және оның ғылым ретінде қалыптасуы.

2.Стилистиканың зерттейтін нысаны.

3.Стилистиканың негізгі зерттеу бағыттары.

4. Стилистиканың салалары.

5.Стилистиканың зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1966

2. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистиксы. Алматы, 2006

3. Статус стилистики в современном языкознании. Сб.ред: М.Кожина. Пермь, 1992

4. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

Дәріс № 2

Тақырыбы: Стилистика ғылымының негізгі ұғым, категориялары

Жоспары:

1.Бейтарап және стилистикалық бояулы тілдік құралдар

2.Эмоционалды-экспрессивті және фунционалды бояулар

3.Стилистикалық мағына

4.Стилистикалық норма

5.Функционалды стильдер

Дәрістің мақсаты: Студенттерді стилистиканың негізгі ұғым,категорияларымен таныстыру.

Стилистика өзіне тән ұғымдар мен категорияларға ие. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал, стилистикалық белгі, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стиль құраушы факторлар, стильдің тілдік жүйелілігі. Бұлардың ішінде стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стилистикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.

Тілдік қабаттардың бірліктері (әсіресе, лексикалық қабаттың) өздерінің негізгі мағыналарынан тысқары, әрқилы реңктерге ие болып келеді. Стилистикалық табиғаты жағынан олар бірдей емес. Тілдік құралдар, осындай ерекшелігіне орай, алдымен бейтарап және стилистикалық бояулы болып бөлінеді.

Тіл жүйесіндегі стилистикалық бейтарап, яғни ешқандай қосымша реңксіз құралдар қатынас жасаудың барлық саласында кеңінен қолданылады. Олар стилистикалық бояуға ие болмайды. Мысалы, лексикада үй, қол, адам, тау, оқу, т.б. сөздер. Стилистикалық бояуға ие құралдар осындай стилистикалық бейтарап құралдардың аясында ғана айрықша көзге түсіп тұрады. Сондықтан олар стилистикалық нөлдік деңгейді құрайды.

Стилистикалық бояудың екі түрі ажыратылады: эмоционалды-экспрессивті және функционалды. Бұл жағдайда, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға өздерінің негізгі атаулық, заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарына үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функционалды мағыналарды қоса білдіретін тілдік құралдар жатады. Тілдің ондай қосымша сапа-қасиеттері әлгі құралдардың қолданылу өрісін шектеп, қарым-қатынастың белгілі бір саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді. Мысалы, жалмауыз, шошқа, сүмелек, шаһар, сөлектеу, желкебай, тыраштану т.б. Бұлар эмоционалды-экспрессивті бояуға ие тілдік құралдарға жатады.

Функционалды бояуға ие тілдік құралдар да болады. Бірақ олардың ара-жігі экспрессивті бояуға қарағанда ондай айқын емес. Экспрессивті-эмоционалды бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті болса, функционалды бояу тілдік тұлғаны қарым-қатынас жасаудың белгілі бір саласында көп қолданудан барып пайда болды. Соңғы жағдайда тілдік дәстүрдің де рөлі бар.

Бақылау сұрақтары:

1. «Стилистика» және «стиль» ұғымдарының пайда болу тарихы туралы не білесіз?

2. «Стиль» ұғымы. Ол туралы пікірлер.

3.Стилистикалық мағына, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал. Олардың анықтамаларын беріңіз және бір-бірінен айырмашылықтарын анықтаңыз.

4.Тілдің қоғамдық қызметінің салалары және олардың тілге әсері қандай?

5.Синонимия құбылысы туралы айтыңыз.

6.Стилистикалық норма дегеніміз не?

7.Стилистикалық қатенің түрлері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистиксы. Алматы, 2006

2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

3. Солганик Г.Я., Дроняева Т.С.Стилистика и культура речи. Москва, 2002

Дәріс №3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]