Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd_stilistika_gotov_i.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау

пәнінен ІІ аралық бақылау үшін

№1 нұсқа

1.Көркем мәтінді талдаудың түрлеріне тоқталыңыз.

2.Сөздердің орын тәрбінің стилистикалық қызметіне мысалдар келтіріңіз.

3.Абзацтың стилистикалық мүмкіндіктері туралы айтыңыз.

4.Күрделі синтаксистік тұтастың деңгейіндегі стилистикалық құралдар.

5.Мәтіндегі баяндау түрін анықтап, оның бейнелі стилистикалық құрылымына талдау жасаңыз.

Таяғының ұшына ырыс ілінген, баларына жіліктің майлы басын сорғызып өсірген, атағы алашқа әйгілі Сырым ұзақ ғұмырын үзеңгімен жолдас боп ат үстінде өткізетіндей басына не күн туды деген сұрақ туындайды. Иә, бәсе, не үшін? Өзі ханмен сүйек жаңғыртқан туған құда, екі басты самұрық мөрмен императрицаның өзі куаландырған Кіші жүздің бас старшыны қарауындағы халқын қойдай өргізіп, жылқыдай жусатып отырмас па? Жо-жоқ, аты жүйрік қайырып, тілі жүйрік айырып жатқан заманда қарашасының қамын ойламаса, халқым деп кеуде көрмесе, елім деп еңсе тіктемесе Сырымның несі Сырым?! Ертеңгі жер құйрықтиан бүгінгі өкпені тәтті көріп хан мен императрицаның тісін жасырып, тілін көрсетіп алдағанына ықыласын беріп қойса бидің несі би?!

Міне, қай заман болсын, қай дәуір болсын, қазаққа керек тұлға, қазаққа керек кесек мінез осы (Б.Ізмұхамбетов).

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау

пәнінен ІІ аралық бақылау үшін

№ 2 нұсқа

1.Фонетикалық құралдардың стилистикалық мүмкіндіктері.

2.Стиль, дара стиль ұғымдарына түсінік беріңіз.

3.Стилистикалық нормаға сипаттама беріңіз.

4.Қазіргі БАҚ тілінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

5.Мәтінге стилистикалық талдау жасаңыз.

Би – елдің құты. Әрине, туғанда би емес, ала қойды бөле қырқар алымқор би емес, иманды би. Ауыл үйдің келін өкпе, кемпін назына араласып, гөй-гөймен күн өткізген болымсыз би, шешен емес, «сөз анасы – құлақ, су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, дау мұраты – біту, жол мұраты – жету» деп дүниелік құбылыстарды, адамаралық қарым-қатынастарды ақылмен – безбендер, өймен – өлшер, санамен сараптар сахи билік пен шешендік керек. Таяғын ұстап, тасқа мініп қалған халқының мұң-мұқтажына арқасы жауыр болатын, өкпе жоқ – бауыр болатын, құлағы – сыбырдан, үй іргесі дүбірден кетпес сарабдал билік керек(Б.Ізмұхамбетов).

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау

пәнінен ІІ аралық бақылау үшін

№ 3 нұсқа

1.Стилистиканың басқа ғылым салаларымен байданысы.

2.Ғылыми стильдің шағын түрлеріне сипаттама беріңіз.

3.Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі кезеңдері.

4.Әңгімелей баяндауға тоқт алыңыз.

5.Көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасаңыз.

«Абай мынадай көктем түнінен соншалық бір тазалық сезім, таң лебін танығандай.

Бұның жүрегі әдейі арналған таң лебін ерекше ұғынып сезінгендей.

Махаббат па? Осы ма? Осы болса, мынау дүние, мынау маужыраған тынысты нәзік түн...бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой.

Сүттей жарық, айлы түн. Таң әлі жоқ. Бірақ жоқ екенін білсе де, Абай әлдеқандай өзгеше таңды сезеді. Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар, - жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім. Соның, шалқи түсіп шарықтауы көп. Лыпыл қаққан қанаттай тоқтаусыз құбылып, тыныштық ала алмай лепіреді»(М.Әуезов).

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]