Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd_stilistika_gotov_i.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

Тақырыбы: Ғылыми стильдің лексикалық-грамматикалық белгілері

Жоспары:

1.Ғылыми стильдің қолданыс саласы

2.Ғылыми стильдің түрлері

3.Ғылыми стильге тән тілдік-стильдік белгілер

Дәрістің мақсаты: Ғылыми стильдің өзіндік ерекшелігін, оның тілдік белгілерін, түрлері мен қалыптасу тарихын, қазіргі жағдайын түсіндіру.

Ғылыми стиль адам қызметінің ерекше саласы – ғылыми салаға қызмет етеді. Ғылымда ой логикалық тұрғыдан ізбе-із, қайшылықсыз берілуі тиіс., сондықтан бейнеленуі де анық, дәл болады.

Ғылыми стильдің өзішілік түрлері: ғылыми, техникалық, оқулық, анықтамалық болып бөлінеді. Олардың мазмұны мен міндеті әртүрлі болғанымен, алайда басын біріктіріп, тілдік құрылымын ұйымдастыратын жай ғылыми ойлаудың сипаты. Ғылыми ұғым, категориялармен жұмыс жасайды, ойлау үдерісі пайымдау, ой қорыту түрінде көрінеді. Ойлаудың осы ұғымдығы, дерексіздігі (жалпыламалығы), логикалық ғылыми стильдің мынадай сипатты белгілерін анықтайды: дерексіздік, жалпыламалық және баяндаудың логикалық тұрғыдан берілуі.

Жоғарыдағы белгілер ғылыми мәтіннің стильдік болмысын белгілейді, олар: мағыналық дәлдік (бірмағыналылық), объективтілік, қатаң тәртіптілік және жасырын эмоционалдылық. Бұл белгілердің көріну дәрежесі ғылыми мәтіннің жанрына, тақырыбына, авторына т.б. байланысты. Сөйлеудің (ғылыми стильдегі) жалпылығы, дерексіздігі ондағы қолданған сөздерден де көрінеді. Мысалы: Еменнің өсуі 150-200 жылға дейін барады (емен жайлы ұғымды береді).

Ғылыми әдебиет тақырыбына қарай (ғылыми) гуманитарлық, «ғылыми) техникалық және жаратылыстану салаларына бөлінетіні белгілі. Бұлардың жалпы стильдік белгілері ортақ, тек терминдері жағынан ерекшеленеді. Айырмашылық жанрларына байланысты ғылыми материалды беру тәсілдерінде кездеседі. Бұл тұрғыдан нағыз ғылыми стиль ерекшеленеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Ғылыми стильдің өзіне тән белгілерін анықтаңыз.

2.Ғылыми стильдің түрлерін анықтаңыз.

3.Ғылыми стильдің эмоционалды-экспрессивтік сипаты қалай жасалады?

4.Қазіргі ғылыми көпшілік стильдің жанрлық, тілдік сипаты.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1966

2. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистиксы. Алматы, 2006

3. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

4.Әлісжан С.Ғылыми прозаның синтаксисі. Алматы, 2007

Дәріс №9

Тақырыбы: Функциональдық стильдің бірі–публицистикалық стиль. Оның түрлері

Жоспары:

1.Публицистикалық стильдің қолданыс аймағы

2.Публицистикалық стильдің түрлері

3.Публицистикалық стильге тән тілдік-стильдік белгілер

4.публицистикалық стильдің лексикасы мен синтаксисіндегі ерекшеліктер

Дәрістің мақсаты: Публицистикалық стильдің қазақ тілінде қалыптасу, даму тарихы, тілдік, стильдік, жанрлық ерекшеліктер, түрлері туралы мағлұмат беру.

Публицистикалық стильдің қолданыс аймағы – қоғамдық-саяси, идеологиялық сала. Ол саяси-қоғамдық әдебиетте, БАҚ құралдарында, саяси сөздерде, жиналыстарда қолданылады.

Негізгі қызметі – әсер ету және ақпарат беру. Экстралингвистикалық факторы – көпшілікке арналғаны және жеделдігі.

Публицистиканың рөлі қоғамдық пікір туғызу үшін тыңдарманды сендіруге, әсер етуге ұмтылуы, одан бөтен хабар беріп, оны түсіндіру үшін. Мұнда автор көзқарасы, сенімі басым болады. Ол пікірін дәлелдеп, сендіруге ұмтылады. Сондықтан оның сөзі қалыпты емес, жарқын болады. Тақырыбы да сан алуан. Екінші жағынан, ақпарат беру үшін жиі түрде бір үлгідегі тілдік стандарттарды пайдалануға тура келеді. Ол жорналшыға жаңалықтарды тездетіп беруге көмектеседі, ал қабылдаушы оны тез, оңай ұғады. Сонда, публицистикалық стильде экспрессивтілік пен стандарт органикалық түрде қабысып жатады.

Ресми стиль консервативті, тұрақты болса, публицистикалық стиль әрі консервативті әрі өте жылжымалы, қозғалмалы. Публицистикалық стильдің лексикалық жүйесінде сөздер мен тұрақты тіркестер публицистикалық функционалды-стильдік бояуға ие болады: ұйымдасқан қылмыс, әскери-өндірістік кешен, тікелей эфир, салық ауыртпалығы т.б. Морфологиясы: шетелдік терминдер, -у жұрнағы, жиі қолданылуы жағынан ілік септік жалғауы, осы шақтан гөрі өткен шақ, 3-жақ жіктік жалғауы, 1-жақ көбінесе көпше түрде және жалпылама мәнде қолданылады.

Синтаксисі: эмоцияналды-экспрессивтік құрылымдар жиі, риторикалық сұрақтар, сұрақ-жауапқа құрылу, қайталаулар, лепті сөйлемдер, сөздердің орын тәртібінің өзгеруі. Синтаксисінде ауызекі сөйлеу стиліне тән құрылымдар кірігеді: эллипсистену, үзік құрылымдар т.б. Әсіресе, тақырып атаулары ерекшелікке ие.

Бақылау сұрақтары:

1.Публицистикалық стильде лексикалық-грамматикалық құралдар қалай ұйымдасады?

2.Публицистикалық стильдегі эмоционалды-экспрессивтік құралдардың жұмсалу мақсаты.

3.Публицистикалық стильдің жанрлық ерекшеліктері туралы айтыңыз.

4.Қазіргі публицистикада қолданып жүрген жанралар туралы, олардың стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі туралы өз топшылауларыңызды білдіріңіз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Бүркітов О. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі. А., 1996

2. Момынова Б.Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. А., 1999

3. Момынова Б. Газет лексикасы. Алматы, 2001

4. Сұлтаньяев О.А. Шұрайлы сөздің шебері. А., 2005

Дәріс № 10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]