Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd_stilistika_gotov_i.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері үшін

Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге стилистикалық талдау пәнінен

Студенттердің өзіндік жұмыстары туралы әдістемелік нұсқау

Оқыту түрі: күндізгі

Көкшетау, 2015

Әдістемелік нұсқау «Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге стилистикалық талдау» пәнінty студенттердің өзіндік жұмыстары оқу жоспары талаптарына сәйкес құрылған барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қарастырылған

«27» тамыз 2015 ж. хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі _______________ф.ғ.к.,доцент О.А.Жумагулова

(қолы; аты-жөні, тегі)

Филология факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған.

«28» тамыз 2015 ж. хаттама № 1

ОӘК төрағасы ___________________п.ғ.м., ак доцент А.К.Курманова

(қолы; аты-жөні, тегі)

І. Студенттің өзіндік жұмыстарының қажеттілігі мен маңызы, мақсаты

Өзіндік білім алу үшін орындалатын тапсырмалардың бірі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) болып табылады.

СӨЖ дегеніміз – студенттің таным белсенділігіне байланысты оқу аудиториясында және одан тыс жерлерде өзінше орындайтын жұмыстардың жиынтығы. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі реформалар оқыту сатысынан, білім беру сатысына өтумен байланысты. Бұл жағдайда СӨЖ білім беру процесінің бір формасы ғана емес, ең негізгілерінің бірі болып есептеледі, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту дегеніміз жалпы білім беруден, жеке яғни әр тұлғаның кажеттілігі мен мүмкіндігіне карай білім беру.

Бұл – СӨЖ-дің рөлін көтеру деген сөз.

Білім алуды дамыту үшін студент өзіндік дамуға қабілетті болуы керек. Алған білімді шығармашылықпен қолданып қазіргі заман талабына сай өз бетінше жұмыс істеуге, білім алуға және оны меңгеруге мүмкіндік алады, машықтанады, үйренеді.

СӨЖ-дің мақсаты:

  1. Студенттің оқу материалын өзінше түсініп жұмыс істеуі.

  2. Ғылыми ақпараттарды пайдалана білу.

  3. Өзіндік тұжырым жасауға және өзін тәрбиелеуге алғашқы қадам жасау.

  1. Өзінің білім деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ету.

СӨЖ-ді ұйымдастыруда оқьпушы белсенділік таныту қажет. Ол жұмысты студентпен емес, жеке тұлғамен атқару керек. Оқытушының міндеті - студенттің жоғарғы деңгейдегі маман болуы үшін білімін саналы түрде дамыту. Студент СӨЖ арқылы аудиторияда алған білімдерін кеңейтуге, тиянақтауға мүмкіндік алады. Сабақтан тыс уақыттарын үнемдеп пайдалануға бейімделеді.

II. СӨЖ-дің түрлері және оны әдістемелік тұрғыдан жабдықтау.

Студенттің өзіндік жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру, маман кадрлар даярлаудың жемісті бір тұсы. СӨЖ жүйелі жүргізіліп, студенттер өзіндік жұмысты оқу процесінің құрамдас бір бөлігі деп санағанда ғана жұмыс нәтижелі болады. СӨЖ орындау арқылы студенттер оқу процесінің белсенді мүшесі бола алады және өз ойын жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді. Мамандандырылған жоғары білім стандарты бойынша аудиториядан тыс жұмысқа оқу процесінің жартысы, яғни аптасына 45 сағат бөлінген. Студент бұл уақытты толығымен өзіндік жұмысты орындауға жұмсау керек. Оқу процесінде СӨЖ-ұйымдастырудың екі бағыты бар:

Бірінші – аудиториялық сабақтар. Мұнда оқытушы аудиториялық сабақтың методикасы мен формасын дұрыс ұйымдастыру керек.

Екінші – аудиториядан тыс уақытта орындалатын жұмыс. Пәнді оқыту кезінде бір-бірімен тығыз байланысты үш формасы бар.

1.Аудиториядан тыс СӨЖ.

2.Аудиториядағы СӨЖ (оқытушының қатысуымен болады).

3.Шығармашылық (ғылыми-іздену жұмыстары).

СӨЖ-дің түрлері.

  1. Лекция тақырыптарын талдау, дамыту және дағдылану мақсатында кейс тапсырмаларын беру: тұсаукесер (презентация), ойбөліс, ойталқы, пікірсайыс, пресс-конференция, ойын технологиялары түрінде.

  2. Конспектілеу.

  3. Реферат,мақала жазу.

  4. Белгілі бір тарауларды, мақалаларды талдау.

  5. Ізденіп тапсырмалар табу.

  6. Ғылыми-теориялық әдебиеттерді тереңірек талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]