Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd_stilistika_gotov_i.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау

пәнінен қорытынды бақылау үшін

№ 25 емтихан билеті

  1. Көркем мәтінді талдаудың әдістері

  2. Ғылыми стильдің лексикасы мен грамматикалық жүйесі.

  3. Фразеологияның стилистикалық байлығы.

  4. Мәтінге стилистикалық талдау жасаңыз

  5. Көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасаңыз

Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында бекітілген.

« » 2015 ж. /№ хаттама/

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доц. О.А.Жумагулова

Тест тапсырмалары

1.Стилистиканың зерттейтін нысаны:

А.Тіл құрылымдарының элементтерін, олардың байланысы мен қатынасын эстетикалық қызметі тұрғысынан зерттейді:

В. Тіл деңгейлерінің стилистикасын зерттейді;

С.Тілдің мағыналық аспектісін зерттейді;

Д. Тілдің экспрессивті-эмоционалды реңкін зерттейді;

Е. Тіліміздегі барлық тілдік, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құралдардың адамның өз ойын берудегі қолданысының ерекшеліктері және тілдік құралдарды таңдаудың принциптерін, тиімділік жолдарын зерттейді;

2. Көркем бейнелеуде тілдік құралдардың берілу жолдарын, орналасуын шығарманы тұтас күйде алып талдайтын немесе автор бейнесі мен кейіпкерлердің жүйесін т.б. көркем ерекшеліктерін зерттейтін стилистика:

А.Фоностилистика;

В.Көркем әдебиет стилистикасы;

С.Лингвостилистика;

Д.Лексикалық стилистика,

Е.Мәтін стилистикасы.

3.Сөйлем, абзац, синтаксистік байланыс, сөздердің орын тәртібінің стилистикалық ерекшеліктерін зерттейтін стилистика.

А. Синтаксистік стилистика;

В.Морфологиялық стилистика;

С.Лексикалық стилистика;

Д.Фоностилистика;

Е.Сөзжасамдық стилистика.

4.Стилистикалық бояу дегеніміз:

А.Сөздің негізгі заттық мағынасынан тысқары, стилистикалық бейтарап құралдардың аясында пайда болатын мағына;

В.Сөздің экспрессивті-эмоционалды мағынасы;

С.Сөздің ауыспалы мағынасы;

Д.Сөздің көп мағынасы;

Е. Сөздің функционалды мағынасы.

5.Стилистикалық құралдар дегеніміз:

А. Тілдің синонимиясы;

В.Сөздің ауыспалы мағынасы;

С.Стилистикалық бояуға ие тұлға-бірліктердің жиынтығы;

Д.Тұлға-бірліктердің синтаксистік шартты мағынасы;

Е.Тұлға-бірліктердің контекстік мағынасы.

6. Стилистикалық норма:

А.Сөз қолданысқа қоятын барлық функционалды стильдік талаптардың жиынтығы;

В.Функционалды стильдерде қалыптасқан стилистикалық құралдардың сұрыптап қолданылуы;

С.Тілде тарихи қалыптасып тұрақталған стилистикалық мүмкіндіктер мен мағыналық реңктер, бояулар;

Д.Белгілі бір қатынас түрінде стилистикалық тәсілдердің тарихи қалыптасқан қолданылу ережелері;

Е.Тілдік құралдардың жалпыға ортақ қолданылу ережелері.

7.Бейтарап мағына дегеніміз:

А.Терминдік мағынаның контекстегі қолданысы;

В.Көркем әдебиетте қолданылатын сөздердің мағынасы;

С.Экспрессивті-эмоционалды мағына,

Д.Синтаксистік шартты мағына;

Е.Зат, құбылстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама мағына.

8.Бейнелі мағына дегеніміз:

А. Терминдік мағынаның контекстегі қолданысы;

В.Көркем әдебиетте қолданылатын сөздердің мағынасы;

С.Экспрессивті-эмоционалды немесе стилистикалық бояма мағына;

Д.Синтаксистік шартты мағына;

Е.Зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама мағына.

9.Функционалды стильдер дегеніміз.

А.Адам қызметінің аясына қарай сараланатын әдеби тілдің тармақтары;

В.Адам қызметінің сөйлеу ортасы мен жағдайына қарай саралануы;

С.Тілдің қоғамдық қызметінің типтенген көрінісі;

Д.Адамның сөйлеу қызметіне қарай қоғамдық сананың типтенген көрінісі; Е.Аталғандардың барлығы.

10. Суреттеу мәтіндердің өзіне тән ерекшелігі:

А.Болмыстағы заттар мен құбылыстардың қандай да болмасын бір белгісін не белгілерінің жиынтығын сипаттайды;

В.Белгілі бір затты сипаттайды;

С.Қандай да бір қимылды сипаттайды;

Д.Белгілі бір оқиғаны бяандайды;

Е.Белгілі бір мәселе туралы пікір айтады.

11.Әңгімелеу мәтінінің өзіне тән ерекшелігі:

А.Ой, тақырып, мәселенің дамуы мен олардың себеп-салдарлық қатынасы;

В.Оқиғаның мезгілдік ізбе-ізділігі, құбылыстардың бірін-бірі ауыстыруы;

С.Заттар мен құбылыстардың қасиетін суреттеуі;

Д.Қимыл, зат, ұғым туралы пайымдау;

Е.Аталғандардың барлығы.

12. Ойталқы мәтіннің өзіне тән ерекшелігі:

А. Ой, тақырып, мәселенің дамуы мен олардың себеп-салдарлық қатынасы;

В.Оқиғаның мезгілдік ізбе-ізділігі, құбылыстардың бірін-бірі ауыстыруы;

С.Заттар мен құбылстардың қасиетін суреттеуі;

Д.Қимыл, зат, ұғым туралы пайымдау;

Е.Аталғандардың барлығы.

13. «Үміт үзген қорқақ ой / Дірілдейді қалшылдап» (Шәкәрім)

А.Метафора.

В.Метонимия.

С.Синекдоха.

Д.Кейіптеу.

Е.Теңеу.

14. «Бірінші топқа энергия, өріс тәрізді қазіргі физика ғылымының қаңқасын құрайтын негізгі ұығмдар жатады» (Оқулықтан).

А.Метонимия.

В.Метафора.

С.Синекдоха.

Д.Омоним.

Е.Полисемия.

15.Етістік синонимдердің ішінен іс қағаздары стилі ыңғайында жұмсалатындары:

А.қызығу, әуестену, құмарту;

В.ұшырасу, дидарласу, табысу,

С.қыдыру, сенделу, шарлау;

Д.шығару, кетіру, босату;

Е.қорытындылау, бекіту, талқылау.

16.Экспрессивті-эмоционалды сөздердің қатары:

А.Адамгершілік, көзді, әуестік, мезгілсіз,

В.Батырсымақ, адамсып, сымпи, әсемпаз,

С.Бейімділік, септік, бұрыштама, әнші;

Д.Қалалы, ұшқыш, өсімдік, бұрылыс;

Е.Білімді, сапарнама, ұшқыр, оймақтай.

17. «Тағыдай су ішкен, тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген, Тағы сынды жан едік, Тағы келдік тар жерге. Таңдансаң тағы болар ма? (Махамбет). Берілген мысалда қолданғаны:

А.Омоним;

В.Антоним;

С.Синоним;

Д.Омофон;

Е.Омоформа.

18.Фразеолгизмдердің ішінен орынсыз қолданылғаны:

А.Көзді ашып-жұмғанша;

В.Жүрек жұтқан;

С.Көп тыңда, аз сөйле;

Д.Еңсесі жығылу;

Е.Шашбауын көтеру.

19. Төмендегі белгілер қандай стильге тән?

-қарапайымдылық;

-деректілік;

-әсерлілік;

А.Публицистикалық;

В.Көркем әдебиет стилі;

С.Ғылыми стиль;

Д.Ауызекі сөйлеу стилі;

Е.Ресми іс қағаздар стилі.

20.Төмендегі мәтін қандай тәсілмен берілген?

«Өмір деген ол мұхит, батасың да кетесің» дейтін көнекөз қариялар. Сол ұлы айдында әлдіге шекті арпалысып, бірде батып, бірде шығып, өлмей жанталасып келе жатсам, ол алдымен мендегі рақатын көре алмаған зор махаббаттың күш-қуаты болар...»

А.Баяндау;

В.Талқылау;

С.Суреттеу;

Д.Суреттей әңгімелеу;

Е.Әңгімелеу.

21. Оқырманға әсер ету мақсатында құрылатын функционалды стиль.

А.Көркем әдебиет стилі;

В.Оқу-әдістемелік стиль;

С.Публицистикалық стиль;

Д.Ауызекі сөйлеу стилі;

Е.Ғылыми стиль;

22.Ғылыми стильдің өзіне тән белгісі:

А.Көркемдік;

В.Диалектілердің қолданысы;

С.Эмоционалдылық;

Д.Терминдердің қолданысы;

Е.Әсер ету.

23.Мәтінде баяндаудың қандай түрі қолданылған?

«Бабыр Қабулда ұзақ жылдар болып, Үндістанды жаулап алу жоспарын жасайды.

Бұл істе оған өзінің өмірлік тәжірибесі, өзбектермен ұрыста алған сабақтары көп көмек көрсетеді. Үндістанға жорыққа Бабыр 14 жыл әзірленді.

Осы жылдардың ішінде ол армияны қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс техникасын жетілдіре түседі».

А,Суреттеу;

В.Монолог;

С.Әңгімелеу;

Д.Диалог;

Е.Ойталқы.

24.Штамп сөздер негізінен қай стильде көп кездеседі?

А. Ғылыми стильде;

В.Ауызекі сөйлеу стилінде;

С.Көркем әдебиет стилінде;

Д.Ресми іс қағаздар стилінде;

Е.Публицистикалық стильде.

25. Көркем әдебиет стиліне жақын стиль.

А. Публицистикалық стиль;

В. Ауызекі сөйлеу стилі;

С. Ресми іс қағаздар стилі;

Д.Ғылыми-көпшілік стиль;

Е.Ғылыми стиль.

26. Ғылыми стильге жақын стиль:

А. Публицистикалық стильде;

В.Көркем әдебиет стилі;

С.Ауызекі сөйлеу стилі;

Д.Ресми іс қағаздар стилі;

Е.Сұхбат жанры.

27. Үгіттеуді, насихаттауды мақсат ететін стильдің түрі:

А.Көркем әдебиет стилі;

В.Ресми іс қағаздар стилі;

С.Ғылыми стиль;

Д.Публицистикалық стиль;

Е. БАҚ тілі.

28. Ғылыми стиль ыңғайында берілген сөйлем:

А.Мін көп болса, сын да көп болады;

В.Осы жолдарды жазу үстінде мен қатты қиналып отырмын;

С.Түрлі тағамдардың барлығын сол шынтаның ішінен ұшыратуға болады;

Д.Өзен атаулының шығу тарихы туралы бұдан бұрын айтылған екі пікір бар;

Е.Көп алысқа бармай-ақ оған бір дәлел келтірейін.

29.Тұрмыстық сананы бейнелейтін стильдің түрі:

А.Ғылыми стиль;

В.Шешендік стиль;

С.БАҚ тілі;

Д.Көркем әдебиет стилі;

Е.Ауызекі сөйлеу стилі.

30.Ғылыми стильдің жанры:

А.Диссертация, оқулық, әдістемелік нұсқау;

В.Очерк, тұжырым, тезис;

С.Оқу құралы, баяндама, мақала,

Д.Сұхбат, реферат, пікір;

Е.Монография, пікір, баяндама.

31.Публицистикалық стильдің жанрлары:

А.Бас мақала, пікір, мәлімет,

В.Очерк, сұхбат, фельетон;

С.Очерк, сұхбат, аннотация;

Д.Шолу, келісім, мақала;

Е.Келісім-шарт, сұхбат, фельетон.

32.Ресми іс-қағаздары стилінің жанрлары:

А.Акт, бұйрық, меморандум;

В.Сенімхат, өтініш, мінездеме, очерк;

С.Бұйрық, келісім-шарт, сұхбат;

Д.Хаттама, мінездеме, фельетон;

Е.Қолхат, пікір, рецензия, келісім-шарт.

33. Ресми іс-қағаздар стиліне тән қатар:

А.Мәселе көтеру, алғыс жариялау, өз күшінде қалдыру;

В.Пәрменді қимыл, күш көрсету, бай мазмұн;

С. Көркемдік деталь, сипаттама беру;

Д.Дәрежеге жету, жедел қарқын,

Е.Сөз орамдары, іске қосу.

34. Ауызекі сөйлеу стиліне тән сөздер қатары:

А.Қарапайым сөздер, эвфемиздер, диалектизм, варваризмдер,

В.Кәсіби сөздер, неологизмдер, тарихи сөздер;

С.Кірме сөздер, жаргондар, терминдер;

Д.Кірме сөздер, варваризмдер, терминдер;

Е.Эвфемизмдер, қарапайым сөздер, терминдер.

35.Ауызекі сөйлеу стиліне тән фразеологимдер қатары:

А.Ауыз тию, беті қалмау, тірі өлу;

В.Айылын жию, абыройы арту;

С.Үріп ауызға салғандай, атқан таңдай;

Д.Жүрек жұту, тайып тұру;

Е.Қаны қайнау, құмарынан шығу.

36.Экспрессивті, бағалауыштық қызметі күшті тілдік құралдар жиі қолданылатын стильдің түрі:

А.Іс-қағаздар стилі;

В.Ғылыми стиль;

С.Ресми стиль;

Д.Көркем әдебиет стилі;

Е.Публицистикалық стиль.

37.Мына сөздердің қатарынан ауызекі сөйлеу стиліне жататыны:

А.Мынау, қырау, ұзақ;

В.Талды, қары, нәрсе;

С.Боран, нәрсе, бұрқыраған;

Д.Шоқпыт, тамақ, пеш;

Е.Нетіп, байғұс, құрғыр.

38.Шешендік стильдің белгілерін бойына сақтаған стиль түрі:

А.Ғылыми стиль;

В.Публицистикалық стиль;

С.Ауызекі сөйлеу стилі;

Д.Ресми іс-қағаздар стилі;

Е.Көркем әдебиет стилі.

Н.4.02-07

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ О.А.Жумагулова

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]