Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd_stilistika_gotov_i.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

1. Кеңес беру функциясы:

• Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде студентке жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.

• Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.

• студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.

2. Бақылау функциясы:

• Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша бақылау жұмыстарын, ОБCӨЖ тапсырмаларын тапсырады.

• Неғұрлым жоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

Кейбір студенттер өздігінен білім алуға әлі машықтанбаған. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.

СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын магистранттар үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті магистранттардың оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.

СОӨЖ жүргізудің формалары әр түрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше магистранттар сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының мстуденттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері - СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.

СОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетуге мүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.

Оқытушыда СОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.

Студенттердің өзіндік жұмысына назар аударуды бірізді күшейту арқылы әдіснамалық қолдау көрсету.

Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету студенттердің өзіндік жұмысына назар аударуды бірізді күшейту арқылы іске асады.

Студенттің өзіндік жұмысы тапсырмаларды тәжірибе жүзінде орындай білу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлауын дамытуға, шығармашылық белсенділігін, меңгірілген оқу материалын талдауға, танымдық қабілетін арттыруға бағытталады.

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу әдістемелік әдебиеттер және нұсқаулықтармен қамтамасыз етіліп, белгілі бір тақырыптар(оның ішінде өз бетімен оқытуға арналған) бойынша жүзеге асады және тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп және т.б. бақылау түрлері арқылы тексеріледі.

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс(СОӨЖ) және студенттің толығымен өз бетімен орындайтын өзіндік жұмысы(СӨЖ).

Оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыс(СОӨЖ) – жалпы оқу кестесіне кірмейтін, жеке график бойынша студенттің оқытушымен байланыста аудиториядан тыс орындайтын жұмыс түрі болып табылады.

СОӨЖ және СӨЖ ара қатысын ЖОО өзіндік жұмыстың жалпы көлемінде өз бетімен анықтайды.

СОӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары, үй тапсырмасын орындау, семестрлік тексеру жұмысы, СӨЖ-ның тапсырма түрлері бойынша консультация жүргізіледі.

ЖОО-да кестеге сәйкес оқу сабақтарын толық өткізетін және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыратын соңғы үлгідегі компьютерлік сыныптар, интерактивті тақталары болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]