- •5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері үшін
- •Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус)
- •Титул беті
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Пән туралы мәлімет:
- •Пәннің пререквизиті:
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6. Сабақ жоспары:
- •6.1. Аудиториялық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары:
- •Обсөж-дің оқу-тақырыптық жоспары:
- •Обсөж-дің тақырыптары бойынша тапсырмалар:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •6.3. Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары
- •8. Баға бойынша ақпарат:
- •9. Бағаны қою саясаты:
- •Бағалау баламасы
- •Бағалау жүйесі:
- •10. Оқу пәні мен академиялық әдептің саясаты:
- •Көкшетау
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеті:
- •3. Пән көлемі және оқу жұмысының түрлері
- •4. Пән мазмұны
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •6. Пәннің материалды-техникалық қамтамассыз етілуі
- •7. Ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау мазмұны
- •7.1. Ағымдағы бақылау:
- •7.2. Межелік бақылау:
- •7.3. Қорытынды бақылау:
- •8. Студенттердің өздік жұмыс аясындағы сабақтар жоспары (мамандық спецификасына байланысты)
- •9. Бағаны қою саясаты
- •10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
- •3. «Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге стилистикалық талдау» пәні бойынша дәрістер:
- •Тақырыбы: Стилистика пәні, (лингвистикалық стилистика), зерттеу нысаны. Стилистика ғылымының салалары
- •Тақырыбы: Стилистика ғылымының негізгі ұғым, категориялары
- •Тақырыбы: Ресурстар стилистикасы. Фонетикалық стилистика
- •Тақырыбы: Лексика-фразеологиялық стилистика
- •Тақырыбы: Грамматикалық стилистика
- •Тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері
- •Тақырыбы: Ресми стиль, іс-қағаздар стилі
- •Тақырыбы: Ғылыми стильдің лексикалық-грамматикалық белгілері
- •Тақырыбы: Функциональдық стильдің бірі–публицистикалық стиль. Оның түрлері
- •Тақырыбы: Көркем әдебиет стилі және көркем сөздің өзіне тән ерекшеліктері
- •Тақырыбы: Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың мақсаты, міндеттері, талдау обьектісі
- •Тақырыбы: Көркем мәтінді талдаудың ұстанымдары
- •Көркем мәтінді талдаудың әдістері
- •Тақырыбы: Көркем мәтіндегі баяндау түрлері
- •Тақырыбы: Көркем мәтіндегі автор бейнесі
- •5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері үшін
- •Практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Жалпы түсінік
- •Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
- •Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
- •Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Тәжіибелік сабақ материалдары тақырыбы: Стилистика ғылымының пәнаралық байланысы
- •Тақырыбы: Стилистикадағы экстралингвистикалық факторлар
- •Тақырыбы: Фоника стильтүзуші фактор
- •Тақырыбы: Синоноимдер. Фразеологиялық сөздікпен жұмыс
- •Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс немесе тестік тапсырмалар
- •Тақырыбы: Экстралингвистикалық белгі – ауызекі сөйлеу стиліне тән
- •Тақырыбы: Ресми стильге тән тілдік ерекшеліктер.
- •Тақырыбы: Ғылыми мәтін түрлерімен жұмыс
- •Тақырыбы: Стилистикалық норма, стильдік қателердің түрлері
- •Тақырыбы: Көркем әдебиет мәтініне стилистикалық талдау жасау
- •Тақырыбы: Көркем мәтінді талдау жұмысы
- •Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс немесе тестік тапсырмалар
- •Тақырыбы: Көркем мәтінді талдау жұмысы
- •Тақырыбы: Мәтін композициясы
- •Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс немесе тестік тапсырмалар
- •5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері үшін
- •Обcөж жұмыстары туралы әдістемелік нұсқау
- •1. Кеңес беру функциясы:
- •2. Бақылау функциясы:
- •7.Соөж тапсырмалары
- •5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері үшін
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары туралы әдістемелік нұсқау
- •І. Студенттің өзіндік жұмыстарының қажеттілігі мен маңызы, мақсаты
- •9.Сөж тапсырмалары
- •5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
- •4 Курс, 7 семестр
- •Материалдары

- •Қорытынды бақылау материалдары

- •Тест тапсырмалары

- •Бақылау жұмыстарының тапсырмалар
Тақырыбы: Ресурстар стилистикасы. Фонетикалық стилистика
Жоспары:
1.Фонетикалық құралдардың стилистикалық қызметі
2.Дыбысталымның стилистикалық мүмкіндіктері
3.Интонацияның стилистикалық қызметі
4.Стилистикалық пауза
Дәрістің мақсаты: Тілдік құралдардың бейтарап және стилистикалық мағыналарын және оларды зерттейтін стилистиканың саласын түсіндіру. Фонетикалық стилистика туралы мағлұмат беру.
Оның зерттейтін, сипаттайтын нысаны – тілдің барлық деңгейлерінің экспрессивтік, яғни стилистикалық мүмкіндіктері. Оның бұларды зерттеудегі принципі өзгеше.
І. Фонетикалық құралдардың экспрессивтік мүмкіндіктері:
а) Дыбысталымның стилистикалық аспектісі дегенде алдымен айтылым тонындағы әдеби қолданыс кезіндегі және қарапайым жай (ауызекі сөйлеу) қолданыс кезіндегі дыбыстық айырмашылықтар ескеріледі (әдеби-мәдени шаралар кезіндегі және қарапайым қарым-қатынас кезіндегі сөйлеу, сөйлесу тондары), одан өзге сахналық сөздің айтылымындағы өзгешілік бар. Ауызекі сөйлесуде дыбыстардың редукциялануы көбірек болады (мысалы: келатыр – келе жатыр). Яғни қарапайым сөйлеу стилистикалық бояуға ие болады.
Көркем шығармаларда кейіпкердің сөйлеуіндегі фонетикалық нормадан ауытқуды кейбір авторлар стилистикалық құрал ретінде пайдаланады.
ә) Интонацияның стилистикалық қызметі айрықша мол, ерекше бай болып келеді: интонация сөзге (сөйлеуге) эмоционалды-экспрессивтік, бағалауыштық бояу беруде әмбебап сипатқа ие, тіпті ол сөздің лексикалық мағынасына өзгеріс енгізе алады: мысалы, «ақымақ!» – интонациясы лексикалық мағынасына лайық «ақымағым» – интонациясы еркелету, жақсы көру мағынасында. «Нағыз батыр!» – ажуалау, кекесін мағынасын беретін интонация.
Сөйлеуде сөздердің белгілі бір орын тәртібімен байланыста келіп, интонация сөзге әр түрлі эмоционалды-экспрессивтік, стилистикалық бояу береді.
Сөздердің объективті қалыпты орын тәртібі бейтарап-әңгімелеу интонациясын тудырып, сөздің бейтарап стилистикалық бояуын жасайды. Бұл ғылыми және ресми-іскери стиль түрлеріне тән болып келеді.
Сөздердің объективті қалыпты орын тәртібін өзгертіп (инверсия жасап) қолдану бейтарап-әңгімелеу интонациясын өзгертіп, эмоциоанлды-экспрессивтік интонация тудырады. Сөздің екпіні күшейеді. Бұндай ерекшелік публицистикалық, көркем және ауызекі сөйлеу стильдеріне тән.
Бақылау сұрақтары:
1.Мәтіннің ұйымдасуына оның дыбыстық үйлесімділігі қаншалықты әсер етеді?
2.Дыбыстық қайталауларды көркемдік тәсіл ретінде қолданудың қандай түрлері бар?
3.Мәтіннің іуезді болып құрылуына қандай жағдайлар әсер етеді және ол кез келген мәтінге тән ерекшелік пе?
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы Д. Алматы, Зият-Пресс. 2015ж.
2. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1976
3. Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Көркем сөздің құдырет. Павлодар, 2000
4. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995.
Дәріс №4
Тақырыбы: Лексика-фразеологиялық стилистика
Жоспары:
1.Синонимдер және олардың стилистикасы
2.Антонимдердің стилистикасы
3.Фразеологиялық стилистика
4.Сөз мағыналарының көріктеуіш амалдары
Дәрістің мақсаты: Тілдік лексикалық және фразеологиялық қабатының стилистикалық мүмкіндіктерін анықтау.
Лексиканың стилистикалық мүмкіндіктері біраз зерттелген, оның мүмкіндіктері жан-жақты. Ең алдымен, бұл жерде лексикалық синоноимдер туралы айту керек.
Синонимдер – мағыналары бірдей немесе ұқсас сөздер (ұру – соғу, ұшақ –самолет, әдемі – сұлу – келбетті және т.б.).
Синонимдер стилистикалық бояуы жағынан да ерекшеленеді: көп сөйлеу (әдеби-бейтарап) – мылжыңдау (ауызекі); қала (бейтарап) – шаһар (публицистикалық, салтанаттылық). Контекстік синонимдер де болады (қолдау – көмектесу – иығын төсеу).
Сөйлеудің экспрессиясын күшейту үшін антонимдер де қолданылады (алыс – жақын, биік – аласа, төмен – жоғары). Сөйлеуде антонимдерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы шендестіру (антитеза) атты стилистикалық тәсіл жүзеге асады. Шендестіруде тілдік антонимдермен қатар контекстік антонимдер де қолданылады.
Сөйлеуші (тілді қолданушы) лексикалық деңгейде стилистикалық норманы сақтау үшін лексикалық құралдарды таңдап, талғап жұмсауы керек. Олардың белгілі бір функционалды стильге тән түрлері болады. Әрине, нақты мәтінде әртүрлі стильдік тармақтарға тән сөздерді әдейі тіркестіру болуы мүмкін, бірақ олар белгілі стилистикалық талаптарға жауап беруі тиіс (бұл, әсіресе, көркем, публицистикалық стильдерге тән).
Қазақ тілінің бай фразеологиялық қоры стилистикаға зор мүмкіндік береді. Олардың белгілі бір стиль түрлерінде қолдануға бейім түрлері болады.
Фразеологизмдер өздерінің туу, пайда болу жолы, әдісі жағынан бейнелі, мәнерлі болып келеді: мұртын балта кеспейді, ит өлген жер.
Қолданыста тұрақты сөз тіркестерін өзгертіп, оның бір компонентін әдейі ауыстырып (трансформация жасап) қолдану тәсілі арқылы сөздің экспрессивтілігін күшейтуге болады. Мұны, әсіресе, жазушы, жорналшылар жиі қолданады.
Бақылау сұрақтары:
1.Лексиканың көріктеуіш мүмкіндіктері туралы айтыңыз.
2.Синонимдердің, антонимдердің, омонимдердің стилистикалық қызметі.
3.Фразеологиялық сөз тіркестерінің стилистикалық қызметі қандай?
4.Лексика-фразеологиялық құралдардың функционалды-стильдік ұйымдасуының ерекшелігін түсіндіріңіз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992
2.Серғалиев М. Стилистика негіздері. Астана. 2006
3. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. А., 1978
4.Хасанов б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. А., 1966
Дәріс №5