- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
Бақылауға арналған сұрақтар
1.Нысандандыру дәрежесі бойынша экономикалық жоспарлау әдістері қалай жікткледі
2. Үлгілер негізінде қалыптастырылған салааралық баланс қандай міндеттерді атқарады
3.Жоспар көрсеткіштерінің құрамын таңдау қағидасын түсіндіріңіз.
4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
Дәріс мақсаты: Экономикалық өсу қарқындары және оның құрылымын жоспарлау негіздерін меңгеру.
Негізгі сұрақтары:
4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
4.2 Материалды-техникалық және қаржы ресурстарын жоспарлау.
4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
Экономикалық өсу астарында экономиканың әрекет етуі мен ресурстардың пайдаланылу нәтижелерінің өзгерісін ұғынады. Экономикалық өсудің түпкі мақсаты тұтыну мен халықтың әл-ауқатының өсуі болып табылады. Барлық қоғамдық өндіріс ауқымында ол тауарлар мен қызметтерді өндіру көлемінің артуын сипаттайды және әрі абсолюттік, әрі салыстырмалы шамалармен өлшенеді.
Экономикалық өсу әр түрлі болуы мүмкін. Оның өзгерісін сипаттау үшін көрсеткіштері өсу мен өсім қарқыны болып табылатын қоғамдық өндіріс динамикасы пайдаланылыды.
Экономиканың дамуын жоспарлау практикасында жылдық және орташа жылдық өсу мен өсім қарқындарын ажыратады және пайдаланады.
Жылдық өсім қарқындары жылдық өсу қарқындары мен 100℅ арасындағы айырма ретінде анықталуы мүмкін:
Орташа жылдық өсу (өсім) қарқындары болжамдық кезең жылдары бойынша көрсеткіштің өсу (өсім) қарқындары негізінде есептеледі. Экономикалық өсудің қарқындары мен сапасы ұлттық шаруашылық потенциалы мен оны пайдаланудың тиімділігі, сондай-ақ сыртқы экономикалық және сыртқы саяси факторларға тәуелді.
4.2 Материалды-техникалық және қаржы ресурстарын жоспарлау.
Материалды-техникалық ресурстарға қажеттіліктер оларды пайдаланудың барлық бағыттары бойынша анықталуы тиіс: негізгі өндіріс, күрделі құрылыс үшін, жөндеу-пайдалану мұқтажына ғылыми-зерттеу жұмыстарына, экспортқа, өндірістік қорлар мен резервтерді жасауға.
Ресурстарға қажеттілікті болжауды әдістер жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырған жөн. Қайсыбір әдістерді таңдау жоспарлау мен басқару деңгейіне, уақыт жағына, есептерді жүргізу үшін қажетті бастапқа мәліметтердің болуына байланысты.
Бастапқы кезеңдерде қысқа мерзімді болжамдарды өзгерілген кезде экстраполяция әдістерін пайдаланған орынды. Олардың ішінен ең аз квадраттар әдісін негізгі тенденцияларны анықтау ұйғарылатын функцияларды іріктеу әдісін атап өту керек.
Ең аз квадраттар әдісінің модификациялары қолданылуы мүмкін: бейімдегіш тегістеу, сызықтық тренді бар жылжымалы орташа және т.б.
4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
Экономика құрылымы салалар, аймақтар өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын өндіру, ұдайы өндірістің құндық элементтерін (өтеу, тұтыну және қорлану қорлары) ара-қатынасын көрсетеді. Қоғамдық өндіріс құрылымын қалыптастыру экономиканың дамуын болжау мен жоспарланудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Осы кезеңде экономикалық өсу қарқындарының ел аймақтары, салалары дамуының жоспар-болжамдарымен, құндық қатынастарымен ұштастырылуы жүзеге асырылады.
Экономикадағы өзгерістер түрлі факторлардың әсерінен болады. Салалық құрылымға қоғам қажеттілігінің құрылымы; экономикалық даму қарқындары; табиғи ресурстардың (пайдалы қазбалар, жер және т.б) болуы; шоғырлану үдерісінің дамуы, ҒТП сипаты мен қарқындары елеулі әсер етеді.
Аймақтық құрылымды анықтайтын факторларға ел аумағы бойынша халықтың төлем қабілеті бар сұранысының бөлінуі; түрлі экономикалық аудандар халқының тұрмыс деңгейін теңестіру және олардың кешенді дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі; шикізат, отын, энергия көздерінің орналасуы; ел аумағы бойынша жұмыс күшінің бөлінуі және халықтың мүмкін болатын көші-қонын ескере отырып оның жұмыспен қамтылу мәселелерін шешу жатады. Экономиканың құндық құрылымы салалық құрылымдық өзгерістер, қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыру мәселелерін (материал, энергия және қор сыйымдылығын азайту) шешу қажеттілігінің әсерімен қалыптасады. Ресурс үнемдеуді күшейту мен өндіріс ұйымдастыруды жетілдіру ұлттық табыстың өсуіне жәрдемдеседі. Материал және энергия сыйымдылықты өндірістің үлес салмағын төмендету өтеу қоры үлесінің азаюын қамтамасыз етеді. Бар ресурстарды тиімді пайдалану жәнесыртқы сауданың мүмкіндіктерін ескере отырып халық пен кәсіпорындардың сұранысын барынша қанағаттандырған жағдайда тиімді деп есептеуге болады. Алайда осы шартты барынша жинағын анықтау қиын. Экономиканың құрылымын қайта құру тіпті дамығын шет елдер үшін де күрделі міндет болып табылады. Экономиканы реттеудің дүние жүзілік тәжірибесі тиімділікпен сұраныс критерийлеріне сәйкес өндірістің салалық және салаішілік құрылымын үздіксіз және икемді өзгертудің механизмін әрдайым іздеуде екендігін көрсетеді
Бақылауға арналған сұрақтар
.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері қандай
.2 Материалды-техникалық және қаржы ресурстарын жоспарлау негіздерін атаңыз.
.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау көрсеткіштерін атаңыз
