Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы

Өтпелі экономикалық үлгісі бар елдерде ТМД (Ресей, Украина және т.б.), Орталық Европа (Румыния, Венгрия және т.б.) елдері жатады. Нарықтық қатынастарға көшерде бұл мемлекеттерде көп нұсқалы, баламалы болжамдар, индикативтік жоспарлар әзірлеп, стратегия жасауға көңіл бөлінеді. Макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау жөніндегі Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) әдістемелері енгізілуде. Экономикалық қызметті бағалау мен болжау үшін негіз макроэкономикалық статистика болып табылады. Ұлттық есеп жүйесіне(ҰЕЖ) көшу жүзеге асырылады. Салааралық және қаржы балансы ҰЕЖ-мен шоғырлануда.

Қаржы бағдарламалары мен қаржы саясатын әзірлеуге, сұранысты, инвестицияларды, құрылымдық өзгерістерді болжауға ерекше мән берілуде. Төлем балансын, бағаларды, валюталық бағамды, ақша-несиелік сектордағы жағдайды, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы мемлекеттік операцияларды, инфляцияны болжауға негізгі мән берілуде. Төлем балансын болжау кезінде оның маңызды құраушылардың: экспорт пен импорттың;көлік (соның ішінде жүк және жолаушы), туризм, құрылыс, ағымдық трансферт(соның ішінде ізгілік көмек, ақша аударымдары және т.б.) қызметтердің ; капилалмен байланысты операциялардың (тікелей және қоржындық инвестициялар, несиелер және т.б.) – болжамдық есебі жүргізіледі.

Мемлекеттік операцияларды жоспарлау негізінен салықтық және салықтық емес түсімдер, сондай-ақ шығыстар бойынша болжамдық есептер жүргізуден тұрады. Пайдаланатын жоспарлау әдістерінің ішінен экстраполяцияны (трендік үлгілер), факторлық үлгілерді, салааралық баланс үлгілерін, сарапшылық бағалауды атап өткен жөн.

Бақылауға арналған сұрақтар

1.Шет елдерде экономиканы жоспарлау қай кезде пайда болды

2.Жапон мемлекетінде қай жоспарлау түрі қолданады

3.Франциядағы жоспарлау этаптары

4.Республикада ортамерзімді жоспар жасайтын ограндар

6.АҚШ-та жоспарлаудың ерекшіліктері

6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері

Дәріс мақсаты: Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістерін меңгеру

Негізгі сұрақтары:

6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері

6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары

6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары

6.4 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары

6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері

Жоспарлауды ұйымдастыру халық шаруашылығын басқарудың барлық деңгейлеріндегі басқару органдарының жүйесін, олардың қызметін анықтауды, болжамдар мен жоспарларды әзірлеу тәртібін орнатуды, маңызды көрсеткіштерді орындаушыларға жеткізуді және олардың орындалуын қамтамасыз етуді ұйыдастыруды қамтиды.

Жоспарлауды ұйымдастырудың ғылыми негіздері қағидалар, яғни талаптар, негізін қалаушы ережелер, болып табылады. Директивтік жоспарлау жағдайында демократиялық централизм қағидасы басты болды. Тұтастай елдің, оның салалары мен аймақтарының әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттары орталықтандырылған тәртіппен анықталатын. Маңызды көрсеткіштер тапсырмалар түрінде орнатылатын. Өндіргіш күштерді орналастыру, еңбекке ақы төлеу, баға, қаржы және т.б. саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілетін.

Кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары жоғарыдан жеткізілген бақылау сандары негізінде әзірленетін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]