Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі

Халықтың тұмыс деңгейін қолдаумен барынша мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған белсенді әлеуметтік саясатты жүргізу қажеттілігі жоспарлауда әлеуметтік нормативтерді кеңінен пайдалануды себептейді. Олардың көмегімен тұлғаның жан-жақты дамуына арналған жағдайды, адамдардың қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруды қамтамасыз етудің өмірлік маңызы бар мәселелерін ұтымды шешу көлемі анықталады. Нормативтер тұтыну ресурстарын тиімді бөлу критерийлері, табыстары баға тұтыну саласындағы және халық табыстарын индекстеу кезінде әлеуметтік кепілдіктер болып табылады. Олар тұрмыс деңгейін арттыру мен оны аумақтық қиықта теңдестіру, өндірістік емес құрылысқа қажетті қаражатр бөлу, түрлі тауарлар мен қызметтердің өндіріс көлемін анықтау жөніндегі шараларды негіздеу кезінде кеңінен пайдаланылады.

Әлеуметтік нормативтер ғылыми негізделген бағдарлар болуы, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешкен кезде жету үшін ұмтылған қажетті эталон болуы тиіс.

Сандық және сапалық талаптардың негізінде әлеуметтік нормативтердің үш түрі әзірленеді:қоршаған ортаның күйі мен еңбектің жекелеген жағдайлары үшін барынша рұқсат етілетін, ұтымды (оңтайлы) және қажеттілігі ең аз.

Тұтыну ерекшіліктеріне байланысты әлеуметтік нормативтер жеке және ұжымдық болуы мүмкін .Алғашқыларды бір адамға есептеледі. Бұл тауарлар мен қызметтерді тұтыну, тұрғын алаңмен қамтамасыз етілу және т.б. нормалары. Екіншілер бірлесіп пайдаланатын өмірлік игіліктер –мәдени- тұрмыстық және шаруашылық мақсаттағы заттарға қатысты қолданылады. Әлеуметтік нормативтер өндіргіш күштердің дамуы, жалпы тұрмыс деңгейінің, халық қажеттіліктерінің, бағаларының, өзге факторлардың өзгерісі әсерінен өзгертілуі мүмкін.

Әлеуметтік нормативтердің сан ауандылығы, олардың өзгешелігі оларды анықтаудың дербес әдістемелерімен пайдаланудың қажеттілігін себептейді. Сонымен бірге бағдарламалы-мақсаттық тәсілді қолдану, араөқатынастық критерийлерді анықтау, нормативтерге әсер ететін факторларды табу, оларды сандық бағалау, сарапшылық бағалауды, сауалнамалы, қажет болса – арнайы тәжірибені жүргізу сияқты бірқатар жалпы талаптар ескеріледі.

Бақылауға арналған сұрақтар

1.«Еңбек ресурстары» түсінігіне анықтама беріңдер және олардың құрамын сипаттаңдар.

2.Еңбек көрсеткіштерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін атаңдар.

3.Демографиялық болжамдар неге негізделеді және халықтың болашақтағы саны қалай

анықталады

4.Жастарды жылжыту әдісінің мәні неде және ол не үшін қолданады?

5.Болжамдық кезеңдегі еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті анықтаудың әдістемесі ?

6.Экономика саласы бойынша жұмыс күшіне деген қажеттілік қалай анықталады?

7.Еңбек ресурстарының жиынтық балансын әзірлеудің рөлі, мазмұны мен әдістемесі қандай?

8.Болжамдық кезеңдегі жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздық деңгейі қалай анықталады?

9.Жұмыспен қамтуды жоспарлау қалайша жүзеге асырылады?

10.Жұмыспен қамту бағдарламаларына сипаттама беріңдер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]