Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі

Экономиканың дамуын құрамы мен тізбесі жоспарлардың мазмұнын анықталатын көрсеткіштер жүйесі сипаттайды. Көрсеткіш экономикалық санат, үдеріс не құбылыстың сандық көрініс нысанын білдіріді. Экономикалық көрсеткіштер жүйесі мынаны көрсетеді:

  1. жұмыстың ұйымдастырылуын, көлемі мен құрылымын;

  2. қызметтің түрлі деңгейлері мен көлеміндегі шаруашылық жүргізуші объектілердің нақтыбайланыстарын;

  3. біріңғай стандартталған және қолдану үшін міндетті есептеу әдістемесін.

Экономикалық есептеулерде пайдаланатын көрсеткіштер былайша жіктелуі мүмкін:

  1. Басқарудағы рөлі бойынша:

  • директивтік, орындалу үшін міндеті;

  • есептік, орындау үшін міндетті емес, соның ішінде директивтік көрсеткіштерді негіздейтіндер. Олардың саны директивтен әжептеуір көп.

  1. Экономикалық мазмұны бойынша:

  • натуралдық, тонна, метр, литр, шартты банка және т.б. көрсетіледі;

  • құндық, көптеген көрсеткіштердің эквиваленті болып табылатын ақшалай нысанда көрсетіледі;

  • еңбек, еңбек шығындарының көмегімен көрсетіледі.

  1. Қызметке қатысы бойынша:

  • көлемдік(сандық), инвестиция, қызмет және т.б. көлемін сипаттайды, мысалы, тауар өнімі, жүк айналымы, сауда алаңы, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

  • сапалық, жұмыстың сапасын сипаттайды, мысалы, еңбек өнімділігі, өзіндік құн, пайда мен рентабельдік.

  1. Өлшегі шке қатысы бойынша:

  • абсолютік, сомамен немесе санмен көрсетіледі;

  • салыстырмалы, яғни өзге көрсеткішке, соның ішінде осыған да, бірақ базистікке, қатынасы бойынша көрсетілген. Салыстырмалы көрсеткіштер, абсолюттікке қарағанда, экономикалық есептеулерде көбіне маңыздырақ роль атқарады. Мысалы, 200 мың теңге пайда сомасы аз түсінік береді, өйткені қызмет көлеміне немесе капиталға қатыссыз, Ал капиталдың 24% рентабельділігі фирмадағы негізгі және айналым қаражаттарының әрбір 100 теңгесіне 24 теңге пайда келетіндігін білдіреді, бұл болса шаруашылық жүргізу объектісінің қаражатын пайдалануды сапалық бағалауға мүмкіндік береді.

  1. Экономикалық жұмыстағы ролі бойынша:

  • болжамдық;

  • жоспарлық;

  • орындалуы күтілетін. Көрсеткіш орындалуының күтілуі тұтастай қарастырылып кезең үшін іс жүзіндегі деректер әлі жоқ, бірақ кезең бөлігі үшін іс жүзіндегі деректер бар болған кезеңде анықталады. Орындалуын күту кезеңнің жоспарлық тапсырмасы мен оның іс жүзіндегі орындалуы арасындағы бірдеңені білдіреді. Оның есебіне, әдетте, есептеу кезіне өткен уақыт кезеңінің іс жүзіндегі деректер сомасы және қалған уақыт кезеңінің жоспарлық деректер сомасы кіреді, сонымен бірге бұл жоспар іс жүзіндегі орындалуды ескере отырып түзетілуі мүмкін;

  • іс жүзіндегі.

  1. Бағытталуы бойынша:

  • атаулы, немесе нақты орындаушы үшін жекелендірілген;

  • иесіз, барлық орындаушыларға қатысты, мысалы, нормативтер;

  1. Математикалық есептеу критерийлері бойынша:

  • көлемдік;

  • орташа:

  • өсім;

  • шекті(сараланған);

  • индекстік.

  1. Есеп беру нысаны бойынша;

  • жедел, қызметті ағымдық байқауға негізделген;

  • статистикалық, статистикалық есеп-қисаппен көзделген;

  • бухгалтерлік, бухгалтерлік есеп-қисаппен көзделген.

Статистикалыққа қарағанда бухгалтерлік көрсеткіштер дәлірек, бірақ оны анықтау үшін көп уақытты талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]