Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

Бақылауға арналған сұрақтар

1.Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілерін атаңыз

2. Жоспарларды әзірлеу қандай әдіснамалық қағидаларға негізделуі тиіс.

3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі

Дәріс мақсаты: Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесін және жоспарлау әдістерінің жіктелуін оқып білу

Негізгі сұрақтары:

3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері

3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері

3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі

3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.

3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі

3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері

Экономиканы жоспарлау күрделі көп сатылы үдеріс болып табылады,оның барысында түрлі әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық мәселелердің кең аясы шешіледі, ол үшін үйлесімде сан алуан түрлі әдістерді пайдалану қажет.Өткен жылдардағы жоспарлық қызметтің теориясы мен практикасында жоспарларды әзірлеудің түрлі әдістердің әжептеуір жинағы қорланған.Ғалымдардың бағалауы бойынша жоспарлаудың 150 ден астам түрлі әдістері бар, іс жүзінде негізгі ретінде 15-20 ғана пайдаланылады.Информатика мен есептегіш техника құралдарының дамуы пайдаланылатын жоспарлау әдістерінің аясын кеңейтуге және оларды жетілдіруге мумкіндік береді.

Нысандандыру дәрежесі бойынша экономикалық жоспарлау әдістерін түйсіктік және нысандандырылған деп бөлуге болады.

Түйсіктік әдістер түйсік логикалық ойлауға негізделеді.Олар болжау обьектісінің әжептәуір күрделігінен көптеген факторлардың ықпалын ескеру мүмкін емес немесе обьект тым қарапайым және еңбекті көп қажет ететін есептер жүргізуді қажет етпейтін жағдайларда пайдаланылады.Мұндай әдістерді болжамдардың дәлдігін арттыру үшін нысандандырылған әдістермен ұштастыра отырып , өзге жағдайларда да пайдаланған лайықты.

Түйсіктік әдістер арасында тарихи ұқсастық және үлгі бойынша жоспарлау әдістері жиірек қолданылады.Бұл әдістердің мәні нашарырақ дамыған ұқсас жүйеде енді бар шамамен бірдей деңгейдегі жоғары дамыған жүйені (елді,аймақты ,саланы) талдаудан тұрады және жоғары дамыған жүйедегі зерттеліп отырған үдерістің даму тарихы негізінде нашарырақ дамыған жүйеге арналған болжам құрылады.Мұндай ұқсастықты жаңа салалар мен техника түрлерін ЭЕМ теледидарлар және т.б. өндірісі,өндіріс ,тұтыну құрылымын және т.б. даму жолдарын анықтаған кезде пайдалануға болатындығын дәлелдеді.Әрине ,мұндай жолмен алынған үлгі тек жоспарлаудың бастапқы нүктесі.Түпкілікті қорытындыға дамудың ішкі жағдайлары мен заңдылықтарын зертегеннен кейін ғана келуге болады.

Сондай ақ сарапшылық бағалау әдістері кең тарала бастады.Олар өндірістің дамуы ғылыми техникалық прогресс ресурстарды пайдалану тиімділігінің т.с.с. болжамдық бағаларын алу үшін пайдаланылады.

Сарапшылық бағалау әдістерінің мәні жоспардың негізінде кәсіби ғылыми және практикалық тәжірибеге негізделген маманның немесе мамандар ұжымының пікірі қалатындығында.Жеке және ұжымдық сарапшылық бағалауды ажыратады.

Жеке сарапшылық бағалау сәйкес профильдегі сарапщы мамандардың пікірін пайдалануға негізделеді.Жеке сарапшылық бағалау арасында сұхбат ,талдау,сценарий жазу әдістері ең көп таралған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]