- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
Дәріс мақсаты: Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерін жоспарлауды меңгеру
Негізгі сұрақтары:
8.1 Әлеуметтік өріс және сауда қызметін көрсету салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
Адамзат өзінің тіршілік әрекеті барысында материалдық құндылықтар жасаудан басқа тамаққа, киімге жеткілікті қанағаттандыру бойынша, білім деңгейін арттыру, денсаулығын нығайту және т.б. бойынша көптеген түрлі әрекеттер атқарады. Тиімді әсер тұлғаның материалджық және рухани мүдделерін қамтамассыз етуден тұратын жұмыс түрлерін тұтынушылық қызметтер ретінде жіктеу мен есептеу қабылданған. Олардың көп бөлігі халықтың маңдай алды өмірлік қажеттіліктерін Қанағаттандырады және түптеп келгенде жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне жәрдемдеседі.
Қызмет көрсету өрісінің салалары халлыққа қызмет көрсетеді: халыққа білім беру, мәдениетпен бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен әлеуметтік қамтамассыз ету, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықпен халыққа тұрмыстық қызмет көрсету. Одан басқа, халыққа қызмет көрсету өрісіне материалдық өндіріс өрісіне жататын қызметтің кейбір түрлері қосылады: сауда мен қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсетудің өндірістік түрлері – тұрмыстық машиналарды, аспаптарды жөндеу, жиһаз жөндеу мен жасау, киім мен аяқ-киімді жеке тігу, химиялық тазалау мен бояу.
Қызмет көрсетудің өзгешелігі оларды өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт бойынша сәйкес келетіндігінде, осыған орай оларды жинақтауға болмайды, олар тұтынушылар бар жерде жасалуы тиіс. Сондықтан тұтынушылық қызметтерді өндіретін салалардың дамуын болжау мен жоспарлау, мемлекеттік реттеу жүйесі орталықсыздандырылған, яғни негізінен областық, қалалық және аудандық басқару органдарымен жүзеге асырылады, тұтынушыларға барынша жақындатылған және жергілікті жағдайларды ескереді.
Қызмет көрсету өрісінің ерекшелігі оның негізінен экстенсивті жолмен дамитындығы болып табылады. Егер материалдық өндірісте өнім өсімі көбіне еңбек өнімділігінің, яғни интенсивті факторлардың, өсуі есебінен жүзеге асырылса, қызмет көрсету өрісінде қызмет көлемін өрістету негізінен жұмыс істеушілер санын арттыру есебінен жүргізіледі. Ақылы қызмет жасайтын салаларда еңбек өнімділігін арттыру, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мен көрсетілетін қызмет тізбесін кеңейтуден байқалады. Осыған орай келешекте де қызмет көрсету өрісінің дамуын аталмыш салаға қосымша жұмыс күшін қатыстыруға негізделетін болады. Бұл әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамассыз ету секілді салаларға қатысты.
Халыққа қызмет көрсету өрісінің жұмыс істеуі мен дамуын жоспарлау салалардың ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.
