- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешеді. Облыстар, аудандар, қалалардың жоспарлық органдары аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып олардың дамуының жоспар-болжамдарын әзірлейді. Ол аймақтардың потенциялын жақсырақ пайдалануға және халықтың тіршілік әрекеті үшін қолайлы жайдай жасауға мүмкіндік береді.
Олардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
әрбір аймақтың ішкі потенциялын барынша пайдалану;
ірі қалаларда жұмыссыздықты әлеуметтік қауіпсіз шектерде ұстап түру;
тіршілікті қамтамасыз етудің негізгі жүйелерінің жұмысы үшін жағдай жасау.
Басқару мен жоспарлаудың аймақтық органдарының маңызды қызметтеріне жатады:
түрлі уақыт аспектілеріне аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму болжамдары мен жоспарларын әзірлеу;
азық-түлік, тұрғын үй мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін салааралық аймақтық кешендерді құру және экспорттық потенциалды дамыту;
аймақ экономикасының оңтайлы құрылымын қалыптастыру;
кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасау және аймақтардағы нарықтық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу.
6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары олардың өндірістік-шаруашылық қызметінің стратегиясын анықтайды, жоспарларын әзірлейді. Қазіргі жағдайда кәсіпорындар нарықты зерттеу және өнім мен қызметке сұранысты болжауға ерекше мән берілуі тиіс. Кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасы өнімге деген сұранысты және мемлекеттік мұқтаждықтар үшін оларды жеткізуге тапсырысты ескере отырып құрылады. Жоспарлаудың басты міндеттері кәсіпорын қызметінің барынша тиімді бағыттарын анықтау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жоғары түпкі нәтижеге жету болып табылады.
Жоспар-болжамдарды әзірлеу күрделі үдеріс болып табылады. Онда қандай да бір экономикалық құбылыстар мен жоспарлық шешімдерді қабылдаудың ғылыми көріпкелдік элементтері өзара байланысқан. Экономикалық және әлеуметтік даму жоспар-болжамдарын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдері үкіметпен анықталады.
Жоспар-болжамдарды құру жөніндегі жұмыс үдерісінде төрт кезеңді атап өтуге болады.
Бірінші кезеңде экономикалық және әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарға кешенді талдау жүргізуді, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалауды, экономиканы реформалаудың даму деңгейі мен нәтижелерін анықтауды ұйғаратын талдау жұмысы жүзеге асырылады.Болжаудың прогрессивті әдістерін іздеу, макроэкономикалық болжамның зерттеу нұсқаларын әзірлеу, ұлттық экономиканың маңызды көрсеткіштері менқатынастарын болжау жөніндегі әдіснамалық көзқарас пен әдістемелік ұсыныстарды қалыптастыру, нысандардыңнормативтері мен макеттерін әзірлеуден тұратын ғылыми зерттеу және ұйымдық-әдістемелік жұмыс жүргізіледі.
Екінші кезеңде Экономика және бюджеттік жоспарлар министрлігібасқарудың өзге органдарымен әрекеттесе отырып әлеуметтік-экономикалық даму болжамының Тұжырымдамасын әзірлейді. Онда әлеуметтік-экономикалық жағдайда баға беріледі, негізгі мақсаттар анықталады, экономика дамуының сценарийі және экономикалық саясат пен мемлекеттік реттегіштер жүйесін түзету бойынша ұсыныстар беріледі. Болжам Тұжырымдамасының есептері бағдарлағыш сипатта болады және маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің тар аясы бойынша бірнеше нұсқада жүзеге асырылады. Есептер жүргізгенде бірнеше өзара байланысқан көрсеткіштер блоктары ажыратылады: баға мен айырбас бағамдары; жиынтық сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштері; төлем балансы; қаржы және ақша-несиелік көрсеткіштер.
Үшінші кезең сәйкес жылға жоспар-болжам жобасын әзірлеуімен байланысты. Жоспар-болжам болжам Тұжырымдамасының негізгі ережелерін, нормативтерді, жөн сілтеуші және бағыттаушы көрсеткіштерді, сондай-ақ министрліктер мен аймақтық басқару органдарының ұсыныстары негізінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен әзірленеді. Осы кезеңде көрсеткіштердің теңдестігіне ерекше назар аударылады. Жоспар-болжам бөлімдері мен пысықталушы көрсеткіштердің саны әжептеуір арттырылады. Ең басында болжамдық баға индекстерінің (жиынтық және негізгі тауар топтары бойынша), айырбас бағамының, макроэкономикалық көрсеткіштер мен маңызды қатынастардың есебі жүзеге асырылады, әлеуметтік және экологиялық нормативтер нақтыланады.
