Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау

Дәріс мақсаты: Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау тәжрибесін білу және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.

Негізгі сұрақтары:

5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері

5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі

5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы

5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері

Экономикалық жоспарлау саласындағы әзірлемелер шет елдерде ХIХ ғасырдың соңғы ширегінде пайда болды. Олар зерттеушілердің солардың қолында бар статистикалық деректерді талдау негізінде негізгі өнімдерді өндірудің болашақ тенденцияларын анықтауға тырысуларымен байланысты болды. Болжаудың сол кездегі әдістері қатарларды сапалық талдау негізіндегі сарапшылық бағалау және қарапайым экстраполяция, яғни бұрынғы тенденцияларды болашаққа көшіру болды.

XXғ. басында экономикалық индикаторларды анықтауға алғашқы қадамдар жасалды. Мәселен, Дж.Брукмайер, 1911 ж. өзінде болжам үшін келесі көрсеткіштерлің үш хронологиялық қатарын пайдаланбақшы болды:банк несиелерінің индексі, акция бағаларының индексі, жалпы экономикалық белсенділік акциясы. Бұл көзқарас 20-шы жылдары Гарвард университетінің зерттеулерінде одан әрі дамытылды. Онда «А, В, С , гарвард қисықтары» пайдаланылды. А қисығы биржадағы бағалар қағаздар құнының индексі, В қисығы- банктердегі депозиттер шамасын, С қисығы-процент нормасын білдіреді. Индикаторлар ретінде нақ осы көрсеткіштерді таңдау негізінде циклдің айналу нүктесінің төңірегінде аталмыш көрсеткіштер ең алдымен, көрсетілген бірізділікпен экономикалық жағдайында өзгерісін тіркеуі тиіс деген түсінік жатты.

Шетелдегі жоспарлаудың дамуына одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр еткен 1929-1933 жж. дағдарыс түрткі болды.

30-шы жылдары шетелде алғаш рет макродеңгейіндегі жоспарлау пайда болды. Жоспарлар экономиканы реттеу жүйесінің қажетті элементіне айналады. Болжамдар «шығындар-шығару» үлгісінің, сызықтық бағдарламалаудың, жүйелі талдау үлгілерінің көмегімен және сарапшылық бағалау негізінде құрылатын.

5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі

Жапониядағы жалпы мемлекеттік болжау мен жоспарлаудың ерекшелігі нарықтық экономиканы үкіметтік реттеу құралы ретінде әлеуметтік – экономикалық болжамдар, жоспарлар мен ғылыми – техникалық бағдарламалар жүйесін пайдалану болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық үдерістерді жоспарлау сұрақтарымен үкімет жанынан құрылған Экономикалық кеңес, Экономикалық жоспарлау басқармасы, Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігі (ССӨМ), Ғылым мен технология жөніндегі басқарма шұғылданады. Жапонияда индикативтік сипаттағы бесжылдық жоспар – бағдарламалар әзірленеді. Олар маңызды стратегиялық мақсаттар тұжырымдалған үкімет тапсырмасы бойынша әзірленеді. Жоспарлар экономика буындарын жалпы ұлттық мақсаттарға жетуге жұмылдыратын мемлекеттік бағдарламалардың жиынтығын білдірді. Жоспар – бағдарламалар, біріншіден, ұлттық экономика дамуының барынша мүмкін болатын жолдары туралы түсінік береді, екіншіден, үкімет пен іскер топтар ел ішінде және одан тысқарыда кездесуі мүмкін мәселелерді көрсетеді, үшіншіден, осы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды негіздейді. Жоспарларды әзірлеу үшін статистикалық деректер, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, сұраныс пен ұсыныс зерттеледі. Осы деректердің негізінде әрбір сала мен елдің тұтастай экономикасы бойынша ғылыми талдау мен болжам жасалады. Ұсыныстарға сүйене отырып, әрбір корпорация өз стратегиясын әзірлейді.

Үкімет пен кәсіпкерлер әдетте жоспар – бағдарламалардың көптеген ұсыныстарын ескереді. Үкімет немесе іскер топтар жоспардың қандай да бір ережесіне қарсы қарсылық білдірген және Экономикалық жоспарлау басқармасы бұл қарсылықтардың негізделген екендігіне көзі жеткен жағдайларда, ол дереу құжатқа түзету енгізеді. Мұндай жоспарлауды Жапонияда бейімделгіш деп атау қабылданған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]