- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
Бақылауға арналған сұрақтар
9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары қандай
9.2 ҒТП көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасын түсіндіріңіз
9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздерін атаңыз
10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Дәріс мақсаты: Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлауды меңгеру
Негізгі сұрақтары:
10.1.Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
10.2.Аймақтық саясаттың маңызды міндеттері
10.3. Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
Экономикалық аймақ астарында өзіндік мамандануы, өндіріс құрылымы мен ішкі байланыстары бар елдің тітас аумағы ұғынылады. Аймақтардың бір түрі еркін экономикалық аймақ сияқты аумақтық құрылым болып табылады.
Аймақтық саясат- бұл аймақтардың дамуын басқаруда пайдаланылатын мақсаттар, міндеттер, қағидалар мен әдістер жиынтығы. Аймақтық саясаттың негізгі мақсаттары ретінде мемлекеттік және аймақтық мүдделердің балансын қамтамасыз етуді, барлық халық үшін біршама тең мүмкіндіктер құруды, тұрмыс деңгейіндегі өзгешелікті азайтуды атап өтуге болады. Аймақтық саясатты жүргізудің негізгі субъектілері – басқарудың орталық және жергілікті аумақтық органдары.
Аймақтық саясат міндеттерінің бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге мемлекет экономикасының тұтастығын, эконоимкалық жүйенің бірлігін қамтамасыз ету қажет.
Мемлекет әрбір аймақта экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қолдауға, олардың тиімді әрекеттігін қамтамасыз етуге барлық аумақта нарық әрекет етуінің жалпы қағидаларымен бірлікте жекелеген аймақтардың мәселелерін шешуге нақты тәсілдерді ұштастыруға жәрдемдесуге арналған. Аймақтық дамудың негізгі параметрлері заңдық және нормативтік акьтілер түрінде орталықпен беріледі. Бұл жекешелендіру тәртібі мен механизміне, баға белгілеуге, салық саясатына және т.б.да қатысты. Аймақтардағы экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторлары болуы, әсіресе іргелі ғылым саласындағы зияткерлік және кадрлық потенциялды қалыптастыруға жәрдемдесуі, тиіс болатын біріңғай ғылыми-техникалықсаясатты орталық жасайды.
Мемлекеттік деңгейде оған сәйкес келетін аймақаралық еңбек бөлінісінің схемасы бар өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың жалпы ұлттық біріңғай тұжырымдамасы қалыптасады, жекелеген аймақтар дамуының басымдылығы анықталады, аймақаралық экономикалық байланыстар, мәселелік аудандардағы өндірісті ұйымдастыру реттеледі, ірі көлемді бағдарламалар іске асырылады.
Жергілікті билік органдары еңбек ресурстарын сақтау, ұдайы өндіру мен ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілік артады және өз аумағындағы табиғи жағдайдың ерекшелігіне орай табиғатты пайдаланудың жергілікті саясатын әзірлейді және жүзеге асырады.
Демографиялық үдерісті, халықтың жұмыспен қамтылуын, еңбек нарығын қалыптастыруды реттеудің әжептәуір маңызы бар.
