Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орған жергілікті атқарушы орған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлердің болжайы мен өңірлердін бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері пысықтаған стратегиялық жоспарлардың жобалары негізінде жергілікті бюджеттердің жобасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен, аудандікін (облыстық маңызы бар қаланың)15 казанынан кешіктірмей аяқталады. Мемлекетгік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орған бюджет комиссиясынын облыс, республикалық маңызы бар қала астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы бойыншаұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттің жобасын әзірлейді және оны ағымдағы қаржы жылының 1 казанынан, ал аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын 15 казанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы орғанының қарауына ұсынады. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданнын (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде көзделген бюджет құрылымы бойынша және Бюджеттік кодексте көзделген талаптарды ескере отырып әзірленеді. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, аудан бюджетінің жобасын тиісті жергілікті атқарушы орған Бюджеттік кодексте көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 казанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді. Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұракты комиссияларында қаралады. Тұракты комиссиялар комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады, олардың пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-кисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды .тиісті мәслихат айқындаған тұракты бас комиссиға жіберер. Егермәслихатбелгіленген мерзімдежергіліктібюджеттуралы шешімді қабылдамаған жағдайда тиісті әкімшілік-аумактық бірлікгің жергілікті атқарушы орғаны кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы каулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]