- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
Дәріс мақсаты: бюджеттік жоспарлау әдістемесін меңгеру.
Негізгі сұрақтары:
15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс анықтамасы бойынша 14 тарауда баяндалған бюджеттердің барлық түрлеріне ұқсас: бұл - бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебімен есептемесін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау. Бюджеттік кодексте билік пен басқару орғандарының - облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты мен акиматының өкілетті белгіленген. Жергілікті бюджеттерді жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін және стратегиялық міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үдерісі болып табылады. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды. Жергілікті бюджеттер жобаларды әзірлеу үдерісі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1.өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік параметрлер болжамының жобасын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы орғанның мақұлдауы;
2.атқарушы орғандардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттік өтінімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды облыстың, республикалық маңызы бар капаның, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауы;
3.жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу.
Бюджеттік үдерісте мынадай құжаттар пайдаланылады: өңірдің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік- экономикалықдамуы мен бюджеттік параметрлерініңболжамы; жергілікті бюджеттуралы мәслихат шешімі; мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарлары; операциялық жоспарлар.
15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғандар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып жыл сайын жылжымалы негізде әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді, ол жергілікті атқарушы орғанның шешімімен мақұлданады. Бұл болжам мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын бюджеттік параметрлердің үш жылга арналған болжамын қамтитын құжат болып табылады. Бюджеттік параметрлердің болжамы өңірдің салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуы тиіс. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері түсімдерінің болжамды көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған бекітетін бюджеттік түсімдерді болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады. Жергілікті бюджет бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1.жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамды көлемін айқындау;
2.жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау.
Жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамды көлемі: жергілікті атқарушы орғанның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге; жергілікті атқарушы орғанның резервін трансферттермен қарыздарды есептемегенде,облыстық бюджет, республикапық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері түсімдері көлемінің 2%-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамыный жобасын ағымдағы қаржы жылының 20 сәуірінен, ал аудан болжамынын жобасын - 25 сэуірінен кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы орған мақұлдайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстықмаңызы бар қала) бюджетінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардын әкімшілері стратегиялық жобалардын жобалары мен бюджеттік өтінімдерді әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғанға ұсынады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орғанның стратегияпық жоспарын жергілікті атқарушы орған бекітеді, оны іске асыру үшін мемлекеттік орған операциялық жоспар әзірлейді. Бюджеттік түсімдерді болжауды әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орған жүзеге асырады. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орғанга:
1.стратегиялық жоспарлаудың жобаларын;
2.өткен қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді;
3.бюджеттік өтінімдерді ұсынады
Республикалық деңгейге ұқсас, жергілікті бюджеттің шығыстары базапық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғандар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік- экономикапық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамына, бюджеттік және өзге заңнамага, мемлекеттік қызметтін қолданылып жүрген натуралдық нормаларына және стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Стратегиялық жоспарлар және бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті ұсыныстарды жергілікті бюджеттік комиссия қабылдағаннан кейін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері оларды қабылданған шешімдермен сәйкестендіреді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғандарға стратегиялық жоспарлардың түпкілікті жобалары мен бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
