Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.

Тұжырымдамада ҚР-ның «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын іске асыру мақсатында және тұрғындардың санын 2030 жылға дейін 25 миллионға жеткізу үшін жасалынып отырған мемлекеттік саясатты іс жүзінде орындауға бағытталып қарастырылды.

Қр-нан тысқары жерде 5,1 млн. қазақ тұрады. Қазір Республикада 8,4 млн. қазақ бар. Ал дүние жүзінде 13,5 млн. қазақ болса, демек қазақтардың үштен бірінен астамы шет елде тұрады деген сөз.

Мақсаттары мен күтетін нәтижелер.

ҚР-ның оралман қазақтарды өздерінің тарихи отанына қайтару саясаты негізінде басым приоритетті мақсатттардың бірі болмақ. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты қазақтарды тарихи отанына оралтып, ұйымдасқан түрде орналастырып, тұрғылықты жерінде тиісті жағдай туғызу болып табылады.

Қазақтардың оралмандар ретіндегі жетістіктері. Мемлекеттік көші-қон қоры туралы.

Мемлекеттік көші-қон қоры жыл сайын белгілейтін ҚР Президентінің квотасына сәйкес жасалынған шараларды орындау мақсатында қаржыландыруды іске асырады.

Қор республикалық және жергілікті бюджет есебінен, ерікті түрде ақша аударатын мекемелер, оның ішінде шетелдік және жеке адамдардың қаражаттарынан құралады.

Қордың қаражатын жұмсау:

оралмандардың жол қаражатына, үй мүліктерін орналасқан жерлеріне дейін жеткізуге және малдарын өткізуге;

тұрғын үйлер сатып алу немесе салуға, құрылыс материалдарын тауып, өздері ұйымдастырып, тұрғын үй салған оралмандарды ынталандыруға көмектесу;

оралмандарға қазақ және орыс тілдерін үйретуге, бейімдеу бекеттерін, оларды тұрақты орындары белгілегенше уақытша жайлы жағдайда ұстау.

Шет елдердегі қазақ диаспорасымен жұмыс.

Шет елдердегі қазақ диаспорасының көші-қон жағдайларын зерттеу. Қазақ диаспоралары туралы, олардың қандай жерге орналасуы, тұрмысы, оқуы, жұмысы сияқты т.б. өзекті мәселелері жайлы мәліметтер толықтыру. Бұл тұрғыда қазақ диаспорасы өз өкілін жіберіп, көші-қон және демография жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып шешуге тиіс.

Қазақ диаспорасымен жүргізілетін жұмыс шет елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері арқылы немесе тікелей атқарылады.

Оралмандардың репатриациялық оралуына дайындық жұмыстары.

Қазақ ұлтының өкілі мемлекеттің қаржылай жәрдемінсіз отанына келе алмайтын болса, онда Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленген квотасына сәйкес жасалатын көмек жылма-жыл анықтаулармен 5 жылға бекітіледі.

Қазақтардың қоныс аударуы барысын квотаға сәйкес қарағанда, оларды саяси жағдайы қолайсыз елдерден (Ауғанстан, Тәжікістан) және экологиялық апат аймағынан (Өзбекстан республикасының құрамындағы Қарқалпақстан) шығаруды бірінші қарастырған жөн.

Квотаға сәйкес шет елдерден қазақ диаспорасының талантты балаларын мектептерге, арнаулы және жоғары оқу орындарында оқытуға қабылдау қарастырылуы тиіс.

Малдарын өткізу (айдау, жайғастыру, малдәрігерлік бақылау) мәселелері қаралады. Оралмандармен еліміздің ішінде жүргізілетін жұмыстар.

  1. ҚР азаматтығын алу мәселесі.

  2. Оралмандарды тұратын жзеріне дейін көлікпен жеткізу туралы іс-шаралар мемлекеттік көші-қон арқылы жүзеге асады.

  3. Баспанамен қамтамасыз ету.

  4. Оралмандарды еңбекке орналастыру.

  5. Оралмандардың әлеуметтік жағдайы.

  6. Оралмандарға арнайы оқу.

  7. Әлеуметтік ортаға сіңіп, кіру мүмкіндігін қалыптастыру.

  8. Еліміздің ішіндегі оралмандарға байланысты басқа да жұмыстар:

Шет елдерде тұратын қазақ диаспорасының еңбектерін ғылыми еңбектерін қорғауы үшін тиісті қаражат қараудың жолдарын іздестіру. Көші-қон агенттігі жанынан оралмандармен жұмыс ұйымдастыратын үлкен және кіші Кеңес құрылады. Демографиялық және көші-қон ретін қадағалайтын ғылыми-зерттеу орталығын құру көзделеді.

Әдебиет: А.Қошанов, Ә.Нысанбаев редакторлығымен Қазақ диаспорасы:бүгін және ертең-А:Елорда, 2005.-44-75 беттер

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Репатрианттар немесе оралмандар деп кімдерді атайды?

  2. «Ирредент» деген терминге анықтама беріңіз?

  3. Шет елдердегі қазақ диаспорасы мен ирреденттерінің жартысы өз елі – Қазақстанға оралатын болса, онда қазақтар саны республикада қаншаға дейін өсіп, ал барлық тұрғындар арасында олар қанша процент құрамақшы?

  4. 2005 жылдың дерегі бойынша Қазақстан территориясындағы қазақтар саны?

  5. 2005 жылы бұрынғы Одақтас, қазіргі дербес республикалардағы қазақтар саны?

  6. 2005 жылы шалғай шетелдердегіқазақтар саны?

  7. 2002 жылдың аяғы мен метистерін қосқанда исі қазақ саны қаншаға толады?

  8. Соның қаншасы «таза» қазақтар?

  9. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасының мақсаты?

  10. Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленген квотасына сәйкес жасалатын көмек жылма-жыл анықтаулармен неше жылға бекітіледі?

  11. Қор қандай қаражаттардан құралады?

Дәріс №10, 11, 12

Тақырып: Еуразия елдеріндегі қазақ диаспорасының мәселелері.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге Ресейдегі, Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақтардың саны, алып жатқан территориясы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, саяси өміріне қатынасы туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Ресей қазақтары. 2. Моңғолия қазақтары. 3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.