- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В011400 - Тарих
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 1
- •Барлығы – 90 сағат Орал, 2012ж.
- •13.09.2012 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2.1 Пән туралы мәлімет
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сағат
- •9 Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •11 Апта
- •21 Кредит сағат
- •13 Апта
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •14 Апта
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •15 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •4.1 Әдебиеттер тізімі.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері
- •2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы
- •1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.
- •2. Қазақ диаспорасы – тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық.
- •3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.
- •1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері.
- •2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.
- •3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.
- •1. Ресей қазақтары.
- •2. Монғолия қазақтары.
- •3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.
- •7. Курсты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
- •1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- •1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •Түркиядағы қашқын қазақтар
- •Ресейдегі қазақ диаспорасы
- •Шетелдегі қазақтар
- •Қазақстан және "қазақ диаспорасы."
- •Орталық Азиядағы Циндік Қытай мен Ресей империясының арасындағы түпкілікті шекараның орнауы.
- •1930 – 1940 Жж Синь Цзяндағы кеңес ықпалының өсуі.
- •Моңғолиядан қазақтардың репатриациялануы.
- •Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
- •1720-40Ж. Ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.
- •Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан Жаналтайдың Пәкістанға келуі.
- •Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.
- •Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.
- •Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.
- •Хviii ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.
- •Столыпиндік аграрлық реформа.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Хүіі-хүііі ғ.Ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.
- •Мұстафа Шоқай.
- •Ұлы Отан соғысы және соғыстан қайтпағандар мәселесі.
- •8. Ожсөж өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.
- •Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.
- •Казахстан. История возникновения и развития казахской ирреденты и диаспоры.
- •900 О Концепции репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Концепция репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Раздел 1. Цель репатриации и ожидаемые результаты
- •Раздел 2. Государственный миграционный фонд
- •Раздел 3. Организация репатриации
- •Раздел 4. Работа с казахской диаспорой за рубежом
- •Раздел 5. Подготовительная работа к репатриации
- •Раздел 6. Работа с репатриантами внутри страны
- •2. Обеспечение жильем
- •3. Трудоустройство репатриантов
- •4. Социальное обеспечение репатриантов
- •5. Специальное обучение репатриантов
- •6. Обеспечение доступности социальной сферы
- •7. Другие вопросы, связанные с работой с репатриантами внутри страны
- •9. Реферат тақырыптары
- •Мазмұны.
- •10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған
- •11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •11.1 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
- •11.2 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
- •13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.
Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
Тайваньдардың қазақ диаспорасындағы орыны мен рөлі әлі күнге дейін құпияға толы. Қазақстандық және батыстық тарихнамада тек 1970 жылдары Түркиядан Тайваньға бір топ қазақ жастарының осы елдің университетінде білім алу үшін аттанғаны туралы деректер бар. Қазақстандық деректерде бұл мәлімет көбінесе Мұстафа Өзтүріктің есімімен байланысты. Осы уақыттарда білім алғандықтан. Іс жүзінде басқа мәліметтерді біздер кездестірмедік. Сондықтан Тайваньдағы қазақ балаларының оқу жүйесін ұйымдастырған тағдыры қызық жан Делилхан Жаналтаймен кездесуді жөн көрдік. Делилхан Жаналтай 1922 жылы Алтайда, Синьцзяндағы қазақтардың арасындағы белгілі Жанымхан Тілеубайұлы ходжаның, (кейін Максуд Сабридің басшылығы кезінде қаржы министрі болған) жанұясында дүниеге келді. 1941 жылы Алтай аймағында қазақ-қырғыз тұрғындарының арасында сайлау өтті. Онда Делилхан Жаналтай екі халықтың қалауымен де басшы атанды. 1942 жылы Алтай аймағында 75 қазақ мектептері ашылды. Ал сол жылдың сәуірінде Үрімшідегі Шэн Шицаядан, бес қазақ өкілі әскери мектепке оқуға келе алады деген жеделхат келді. Делилхан Жанымханұлы, Тұрысбек Шығайұлы, Жақыпбек Қылышұлы және Тұрхан Мамиұлы 1942 жылы Үрімшідегі Шэн Шицаяның кіші інісі Шэн басқарып отырған офицерлік колледжге түсті. Делилхан Жаналтай бұл колледжді бітіргенде, 1944 жылы қазақтармен ұйғырлардың Илискідегі көтерілісі тұтанған кезеңмен тұспа-тұс келді. Делилханды көтерілісті ретке келтірушілердің тобына қосты, бірақ ол Құлжаға жетпеді, өйткені бұл топты екіге бөліп тастады: біріншісін Құлжаға, екіншісін Алтайға. Делилханды Алтайға жіберді, онда ол үнемі Делилхан Сүгүрбаевпен және Осман Батырмен кездесіп тұратын. 1945 жылы оған майор шенін тағайындады. 1946 жылы коалициялық басқару құрылған кезде Делилхан оған қарсы болды, өйткені оның ойынша Шығыс-Түркістан респупбликасын басқара отырып, қытайлардың қоластына қайтадан кіруге ешқандай қажеттілік жоқ деді. Бұл көзқарасты Илиск көтерілісі кезінде 700 сарбазы бар қатарды бастаған Осман Батыр да құптады. 1946 жылы Осман Батыр коалициялық басқаруда сайланса да, ол онда жұмыс жасамады. Синьцзянға билік басына Максуд Сабридің келуіне байланысты 1947 жылы Делилхан Жаналтайға Гоминьдан әскерінің полковник шені тағайындалды. 1948 жылы Нанкинде Қытайдағы Ұлттық Ассамблеяның сайлауы өтіп, онда Делилхан Жаналтай депутаттардың бірі болып сайланды. Бірақ Синьцзянға Максуд Сабридің орнына билікке Бурхан Шахидидің келуімен байланысты қазақтар коалициялық басқарудан кетіп, өздерінің наразылықтарын оның қоластында жұмыс жасаудан бас тартты. Солардың бірі Жанымхан ходжа еді. 1949 жылдың 15 маусымында Әлібек Хакім және Делилхан Жаналтай Осман Батырдың үйіне Жанымхан ходжамен және басқа да қазақ зиялыларымен, жақындап қалған НОАК қатарларына қарсылысу туралы мәселені талқылауға жиналды. Делилхан ағаның айтуынша 1949 жылы күзде қытай коммунистерінің келуімен Синьцзянда неханьск тұрғын жерлерінде үлкен адам шығындары болды. Әсіресе қазақтарды қырып-жоюда НОАК әскерлерінің шабуылдары сәтті өтті. Бірақ бұған қарамастан олар, соңында жеңіліс тапты. 1950 жылдың 1 шілдесінде қытай коммунистері Делилхан Жаналтайдың әкесі Жанымханды жанұясымен қоса тұтқындап, ал 1951 жылдың қаңтарында Үрімшіде Жанымхан Тілеубайұлын сотсыз, тергеусіз үнемі қайталанып отырған қорлау барысында түрмеде атылды. Делилхан Жаналтай және оның ағасы Мәжитпен бірге Нұрғожа Батырмен, Сұлтаншәріп Тайджи басқарып отырған қазақ қатарына қосылды. Сұлтаншәріп Тайджимен бірге ол Газкөлдегі Хусаин Тайджидің ауылына келіп, сол жерден Пәкістанға аттанды. Онда Делилхан Жаналтайға әскери шені өз пайдасын тигізді. Өзімен Пәкістанға келген қазақтар Түркияға көшіп кетті. Ал Делилхан Жаналтай және тағы басқа бірнеше жанұя Кашмирде қалып, оның өз сөзіне қарағанда, онда ол саяси мәселелермен айналысқан. Полковник ретінде ішкі істер Министрлігінде қызмет атқарып, барлық күш-жігерін қытай коммунистерімен күресуге жұмсады. Өйткені өз Отаны-Шығыс Түркістанды жоғалтқанына көнгісі келмеді. Коммунистермен күресу жолдары оның өміріндегі негізгі мақсатқа айналды. (Делилхан Жаналтай өте білімді жан. Ол қазақ,түрік, қытай, ұйғыр, урду, ағылшын, орыс, тибет, дұнған және араб тілдерін өте шебер меңгерген.) Бірақ өз балаларына білім беру мақсатында 1969 жылы Делилхан Жаналтай және т.б онымен бірге 95 адамның Кашмирдан Түркияға тұрғылықты өмір сүруге қоныс аударуға негіз болды. Ол 1973 жылдан қазіргі таңға дейін Стамбул қаласының Казкхкент районының, қазіргі Гунешли-кейінде тұрып жатыр. Делилхан аға қазақ балаларының Тайваньға аттануымен және түрік қазақтарының өмір жағдайларын жақсарту мәселелерімен айналысты. Ол қазақ жастарының түркіленіп кеткеніне назар аударып, қазақ салт-дәстүрі өз ғасырын тек үлкен ұрпақтар арасында өткізетінін айтып өтті. Стамбулдың төңірегінде өмір сүретін қазақтардың тұрмысы санитарлық талаптарға сай келмеді. Сондықтан «Қазақкент» тұрғызу идеясы туды. (казахский город) яғни, ата-бабамыздың Синьцзяндағы жартыарал Индостанда қолына қару алып, өз жанұясын қауіп-қатерден қорғау үшін жанталаса күрескенін есте мәңгі сақтау үшін өте қажет болды. Артында қалған ұрпақтары өз мәдениетін, тарихи түп-тамырын ұмыт қылатын «мәңгүрттерге» айналмас үшін қасық қаны мен ақтық демі шыққанша күресіп, ерлікпен қаза тапты. Делилхан Жаналтайдың қазақ жастарының Тайваньдағы жоғарғы білім алу жолындағы негізгі мақсаты «түріктену» процесін тоқтатып, қазақтарды өз ұлтының салт-дәстурін сақтап, сонымен қатар оларды әлемдік деңгейдегі білімді игеруіне жол көрсету болып табылады. Бірақ Тайваньдағы оқуды ұйымдастыру мәселесіне оралайық. Алғаш рет Делилхан Жаналтай Тайваньға 1960 жылы Үндістаннан сапар шекті. Коммунистердің жеңісінен соң Гоминьдан басшылары Чан Кайши бастап Тайваньға қашқаны белгілі, онда мемлекеттің бұрынғы мүшелері мысалы, Йолбарс Хан сияқтылар келе бастады. Чан Шайши Гоминьданның Ұлттық Ассамблеясына оларды өмірлікке біріктірді. Делилхан Жаналтай айтылған құрамға енді, ол 1991 жылдың қыркүйегіне дейін өмір сүрді. Ол визасыз Чан Кайши шақырған қонақ ретінде Тайваньда тоғыз ай өмір сүрді. Делилхан Жанымханұлы Гоминьдан басшысымен жеке әңгіме-дүкен құратын. Осындай кездердің бірінде Синьцзяннан қашқан қазақтардың мәселесі көтерілді. Делилхан Жаналтайдың ықпалымен Чан Кайши қазақ және шығыстүркістандық балаларды оқытуға қаражат бөлуге келісімін берді. И. Сванбергтің айтуынша бұл мәселе ұлттық Қытаймен және айдаудағы шығыстүркістандықтардың арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік туғызды. Бірнәрсе айқын: айтылған акцияның қандай да болмасын жасырын саяси мақсаты болса да, 26 қазақ ұл-қыздары өте жақсы жоғарғы білім алды. Олардың көбі мысалы (Мұстафа Өзтүрік және Бешир Жаналтай), бұларды қазақ халқына қызмет етуге тағайындады. 1971 жылдың қаңтарында Тайваньға қазақ және ұйғыр балаларының алғашқы тобы аттандырылды. Қазақ салты бойынша жолы болсын деп, құрбан қойы сойылып балаларға «ақ жол» тілеп аттандырылды. Оқу, жол, тұрмыстық т.б шығындар тайвань жағынан қаржыландырылды. Оқу жүйесі үш университетте жүзеге асырылды: Тайваньдық(Тай Даашэ), Джинда(саяси ғылымдар) және Мәдениеттік(Вынха Даашэ).
Делилхан Жаналтайдың мәлімдеуінше 1-ші топқа 10 қазақ баласы, 1 өзбек және ұйғыр қызы Дениз Байкозу, Максуд Сабридің немересі енді. Осы топтың құрамында: Алихан Делилханұлы Жаналтай, ол Тайвань университетін бітірген соң Мюнхендегі «Свобода» радиостанциясында жұмыс жасады; Махмуд Филиз, ол да түрік радиосындағы қытай редакциясында қызмет атқарады; Мұстафа Өзтүрік- әлемге әйгілі таэквондо шебері, «Джинда» университетінен соң Кореяда білім алады, қазақ қызы Абатай , қазіргі таңда Анкарадағы МВД-да қызмет атқарады, Фатих Учар, Хафиз Джан және өзбек Мұстафа Будак. 1972 жылы қазақтардың жалпы жиналысында Делилхан Жаналтай Тайваньдағы жастардың өмірі мен жағдайы жөнінде есеп берді. Тайваньға қазақ жастарының келесі тобы 1974 жылы аттанды. Ол топқа 16 адам енді. Сол кезде Түркиядан адам басына 15 доллардан артық ақша алып шығуға болмайтын еді, Делилхан Жаналтай банкке барып жағдайды түсіндіріп Тайваньға барар жолдағы күнделікті шығындарды өтеуге жұмсалатын сумманы алуға рұқсат алды. Тайваньға оқуға келген екінші топта: Бешир Хамитұлы Жаналтай, араб әдебиеті мен тілінің мамандығын алып, оқу біткен соң Лондонда және Рединге (Ұлыбритания) дегі Би-Би-Си редакциясында шамамен 20 жылдай жұмыс жасайды; Есімхан Кочйигит Тайвань университетінің Халықаралық қатынастар факультетін аяқтап, қазір АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қызмет атқаруда; Абдулхак Малкош, түрік радиосының жапон редакциясын басқарды, қазіргі кезде Анкара университетінің жапон тілі кафедрасының меңгерушісі; Расим Софу, орыс тілі мен әдебиетін оқып, Түркияда журналист қызметін атқарып, сосын Анкара университетінде дәріс беріп, 1995 жылдан бері Қазақстанда жұмыс атқаруда; Рахметулла Гогче, қазір кәсіпкер, Сингапурде қызмет атқарады және Кореяда, Стамбулда; Кая Эрол, Стамбулда жеке фабрикасы және Тайваньда кәсіпкерлікпен айналысады; Максут Кочйигит, АҚШ-та жұмыс жасайды, қазір Стамбулда тұрады; Хаджима Арыстанқызы Жаналтай, Бешир Жаналтайдың әйелі, жолдасымен бірге Редингеде (Ұлыбритания); сонымен қатар Нихат, Байрам Юксел, Ерол Софу, Латиф Калкан, Хамит Куртулуш.
Осы екі топтың құрамындағы 26 қазақ бірнеше жылдың ішінде Тайваньда жоғарғы білім алып, қазақ диаспорасының екінші ұрпақтарының әлеуметтік және жалпыбілімберетін деңгейінде сөздің түйіні бола алады. И. Сванбергтің мәлімдеуінше Тайваньда Түркістандық Ассоциация құрылып жұмыс жасаған (Turkistan Cemiyeti), онда қазақ жастары да атсалысқан. Чан Кайшидің өлімінен соң Тайваньдағы қазақ жастарын қаржыландыру тоқтатылды, сондықтан Түркиядағы қазақтар балаларын онда білім алуға жіберуді тоқтатқан. Чан Кайшидің өлімінен 16 жыл өткен соң, Тайваньдағы жас саясатшылар Парламенттегі өмірбақилық мүшелік еткен адамдарды әсіресе бұрынғы шығыстүркістандық лидерлердің, сонымен қатар осыған байланысты жеңілдіктермен қаржылай көмек көрсету шараларын тоқтатты.
Келесі қазақтардың әлемдегі қадам басуы олардың еңбек иммиграциясының Батыс Европа және Солтүстік Америка, сонымен қатар мұнайлы араб елдерінің аудандарына қатысуы болып табылады.
