- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В011400 - Тарих
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 1
- •Барлығы – 90 сағат Орал, 2012ж.
- •13.09.2012 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2.1 Пән туралы мәлімет
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сағат
- •9 Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •11 Апта
- •21 Кредит сағат
- •13 Апта
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •14 Апта
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •15 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •4.1 Әдебиеттер тізімі.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері
- •2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы
- •1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.
- •2. Қазақ диаспорасы – тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық.
- •3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.
- •1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері.
- •2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.
- •3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.
- •1. Ресей қазақтары.
- •2. Монғолия қазақтары.
- •3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.
- •7. Курсты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
- •1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- •1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •Түркиядағы қашқын қазақтар
- •Ресейдегі қазақ диаспорасы
- •Шетелдегі қазақтар
- •Қазақстан және "қазақ диаспорасы."
- •Орталық Азиядағы Циндік Қытай мен Ресей империясының арасындағы түпкілікті шекараның орнауы.
- •1930 – 1940 Жж Синь Цзяндағы кеңес ықпалының өсуі.
- •Моңғолиядан қазақтардың репатриациялануы.
- •Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
- •1720-40Ж. Ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.
- •Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан Жаналтайдың Пәкістанға келуі.
- •Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.
- •Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.
- •Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.
- •Хviii ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.
- •Столыпиндік аграрлық реформа.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Хүіі-хүііі ғ.Ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.
- •Мұстафа Шоқай.
- •Ұлы Отан соғысы және соғыстан қайтпағандар мәселесі.
- •8. Ожсөж өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.
- •Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.
- •Казахстан. История возникновения и развития казахской ирреденты и диаспоры.
- •900 О Концепции репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Концепция репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Раздел 1. Цель репатриации и ожидаемые результаты
- •Раздел 2. Государственный миграционный фонд
- •Раздел 3. Организация репатриации
- •Раздел 4. Работа с казахской диаспорой за рубежом
- •Раздел 5. Подготовительная работа к репатриации
- •Раздел 6. Работа с репатриантами внутри страны
- •2. Обеспечение жильем
- •3. Трудоустройство репатриантов
- •4. Социальное обеспечение репатриантов
- •5. Специальное обучение репатриантов
- •6. Обеспечение доступности социальной сферы
- •7. Другие вопросы, связанные с работой с репатриантами внутри страны
- •9. Реферат тақырыптары
- •Мазмұны.
- •10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған
- •11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •11.1 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
- •11.2 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
- •13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.
Қазақстан және "қазақ диаспорасы."
Мазмұны: 1. Қазақ диаспорасы туралы. 2. Қазақ диаспорасының пайда болуының кезеңдері мен себептері. 3. Қазақ диаспорасының үлкен топтары: Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Франция т.б. елдерде. 4. Шетелдік отандастар және Қазақстан.
Әдебиет: Н.Ә. Назарбаев. Дүние жүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісіндегі сөзі. «Ана тілі» газеті, 1992ж. 8 қазан; М. Қозыбаев. Ана тарихы туралы сыр. Дүниежүзілік қазақтары құрылтайы. «Егеменді Қазақстан», 1992ж. 3 қазан.; Ә. Әбдекімұлы. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997ж. ; Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994ж.; М.Тәтімов.Демография – халықтану. Алматы, 1975ж.; М. Тәтімов. Қазақ әлемі. Алматы, 1993ж.; А. Тажумов. Қазақтардың саны қанша болған? Алматы, 1998ж.; Қазақ тарихы журналдары. 1996 ж. №5, 1997ж. №8.
Қазақ диаспорасын тарихи отаны Қазақстаннан тысқары, көршілес республикаларда, таяу және алыс шетелдерде, сонымен қатар дүниежүзінің елуге тарта елінде өмір сүріп, тіршілік кешіп келе жатқан 5,1 миллион қандастарымыз құрайды. Егер бүгінде қазақтардың жалпы саны 13,5 милионнан асқанын ескерсек, онда әрбір үш қазақтың біреуі Отанынан шалғайда жүргені түсінікті.
Қазақ ел болып қалыптасқан соңғы алты ғасырдан аса уақытта өз ата жұртынан бірнеше дүркін үдере көшуге мәжбүр болған. Оны бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
Бірінші кезеңі - Қазақ диаспорасының алғаш пайда болуы-жоңғар щапқыншылығы. Қазақ пен жоңғар арасында ұзақ жылдарға созылған соғыстың негізгі себебі жер мәселесі –жайылым. Әсіресе «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасы қазақ халқының саяси –экономикалық және әлеуметтік өміріне аса зор қасірет әкелген қайғылы апат болған. Шапқыншылық салдарынан қазақтар ата-мекенін тастап, көрші елдерге, алыс аймақтарға ауып, көшіп кетті.
Екінші кезеңі- Қазақ елінің патшалық Ресей отарына айналуына және екінші бүйірден Қоқан, Хиуа хандықтарының қысымына байланысты. Бұл отарлық саясатқа қарсы XYIII ғасырдың 70-жылдарынан XX ғасырдың бастапқы ширегіне дейінгі бір жарым ғасырға созылған қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалысы дәлел. Қозғалыстар патшаның жазалаушы әскерінен жеңіліп, бас көтерушілер жан сауғалап, ата –мекенін тастап кетуге мәжбүр болған.
Үшінші кезеңі - XIX ғасырдың 60-80 жылдарындағы Ресей империясы мен Циндік Қытай арасындағы шекара бөлісуге байланысты. Елдер арасында шекара болмағандықтан қазақтар Қазақстан жерін қыстап, Шығыс Түркістан жерін жайлап түпкілікті орнығып қалған қазақтармен араласып көшіп-қонып жүре берген. Ал ресми шекара белгіленген кезде Шығыс Түркістанды мекендеп отырған қазақтардың біразы сонда қалып қойған. Осының нәтижесінде ондағы қазақ диаспорасының саны молая түскен.
Төртінші кезеңі- Қазақ диаспорасының пайда болу процесі XX ғасырдың басында да жалғасты.Бұл кездегі қазақ елінің саяси өмірінде болған ірі-ірі оқиғалар:1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.2. 1917 жылғы ақпан айында жеңген буржуазиялық –демократиялық революция.3. 1917 жылғы Қазан төңкерісі. 4. Қазақ халқының ұлт-азаттық үшін күресінің жаңа сатыға көтерілгенін паш еткен Алаш қозғалысы. 5. Елдегі азамат соғысы. 6. 20-жылдардағы экономикалық қиыншылықтар қазақ диаспорасы пайда болуының жаңа толқынын туғызды. Белгілі демограф ғалым М.Тәтімовтың есебі бойынша 1916-1921 жылдары 200000-нан аса адам ата мекенін тастап кеткен.
Бесінші кезеңі - 20-30 жылдары жүзеге асырылған қазақ байларын тәркілеу, малшы халықты ұжымдастыру шаралары, осы кезде жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушіліктер салдарынан болған аштық нәубеті, оған 1937-1938 жылдардағы тап қырғынын қоссақ қазақтың басына түскен бақытсыздықты толығымен түсінеміз. Халықтың бұл қорлыққа шыдамаған бір бөлігі үйірінен адасқан құлындай күңірене шырқырап, көзінен қанды жасын ағызып, артына қарай-қарай ата мекенінен жырақ кетуге мәжбүр болды.
Алтыншы кезеңі ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарын атауға болады. Сталиндік режимнің қаһарынан қорыққан мыңдаған қандастарымыз елге оралмай, әр елге тарыдай шашылып, шет жұртта қалып қоюға мәжбүр болған.
Міне, қазақ диаспорасының пайда болу себептерін ашқандаймыз. Сонымен, жалпы алғанда бүгінде қандастарымыз дүниенің елуге тарта елінде тіршілік етіп жатыр, яғни әлемді құрайтын бес материк елдерінің түгелінде қазақтардың өкілі тұрады.
Енді солардың ішінде Қандастарымыздың ең қалың шоғырланған елдеріне және олардың тарихы, өмір-тұрмысына қысқаша тоқталайық.
Алдымен, Қытай Халық Республикасының құрамындағы қазақтардың жалпы саны 1 млн. 500 мыңдай, бұл бірнеше дүркін көшудің нәтижесі. Олар соңғы үш ғасырдан бері Шыңжаң өлкесінде шекара шеңберінде өмір сүріп жатыр, бүгінгі күнде Қытай Халық Республикасының үлкен бір ұлттық автономиясы.
Әрине қандастарымыз бұл автономияға оңайлықпен жеткен жоқ. 30-жылдары басталған табанды күрес 50-жылдардың ортасына дейін созылды. Осы жылдар ішінде көпшілік қандастарымыз өлді, сот шешімімен түрмеге түсті, не шекарадан шалғай жер аударылды, не көрші Моңғолияға, үлкен бір тобы Үнді еліне кетуге мәжбүр болған. Шығыс Түркістаннан үдере көшкен қазақтардың бағыты Үндістан мен Пәкістан болды.
Ауа көшкен 15 мыңдай адамнан бұл елдерге 1200-дейі жетеді, ал қалғандары аптап ыстықтан, аштықтан, аурудан, қарулы қақтығыстан мыңдап қырылған, оның үстіне бақытсыз жандар үнді және мұсылман қақтығысының дәл ушыққан тұсында тап болған.
50-жылдардың басында АҚШ, Канада, Түркия үкіметтері босқындарға саяси баспана беруге дайын екендіктерін мәлімдейді. Сөйтіп, біраз толғаныстан кейін тілі, діні, түп тамыры бізге ең жақын Түркия елін таңдап, 1953 жылы маусым айында қазақтардың соңғы бір тобы Түркияға бет алған.
Ал бүгінде Үндістанда 300-ден аса отбасы, Пәкістан 3000-дай кандастарымыз тұрады. Түркияға қоңыс тепкен казақтар аса қиындықсыз елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне араласып кетті, көп ұзамай олардың арасынан білікті кәсіпкерлер, саудагерлер шықты. Мал шаруашылығымен, былғары өндеумен т.б. ата кәсібіне жақын өндірістерді ұйымдастырған қазақ азаматтары Түркияға ғана емес Еуропа елдеріне де танымал бола бастады, бүгінде Түркияда 30 мыңға жуық қандастарымыз тұрады.
Соңғы деректер бойынша Монғолия жерінде 150 мындай қазақтар тұрады. Қазақтардың үлкен шоғырмен күн кешіп отырған Баян Өлгий, Қобда аймақтарында мектеп, театр, мешіттер ашылып, ұлттық аудандар құрылып, Қазақстанмен мәдени, ғылыми байланысқа жағдай жасалынған. Соңғы жылдары Монғоияның қазақтары өз Отанына көптен қайтіп келуде.
Қазіргі танда Иранда 15 мыңға жуық, Ауғанстанда 40 мындай қазақ отбасылары тұрады. Аталған елдерге олар екі дүркін толқынмен жеткен сияқты: 1. 20-жылдардағы Кеңес өкіметінің ауқаттыларға шабуылы мен алым-салық салдары. 2. Жаппай күштеп ұжымдастыру салдарынан қандастарымыз Қазақстанның батыс облыстарынан кетуге мәжбүр болған. Олар әуелі Түркменстан, Тәжікстан одан әрі Иран мен Ауған еліне көшкен.
Әрине бұл елдерде де босқындары жақсы, жайлы өмір күтіп тұрмаған еді. Босқындар бар өмірін қайта бастауға мәжбүр болды. Оның үстіне олардың Ирак-Иран шайқасын, Кеңес армиясының Ауғанстандағы қантөгісін бастан кешірулеріне тура келді, олардың кейбір топтары Түркияға өтуге әрекеттеніп, біразы өтіп те кеткен.
Міне, әр кезенде, әр түрлі себептермен кандастарымыздың, қазақ диаспорасының жайы осындай. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстаннан тысқары тұратындардың бәрін Отанын тастап қашқан опасыздар деп санау әдетінен арыла алмадық. Бірақ шындық басқаша еді.
Бүгінде кандастарымыз өзге елдерде нарықтық экономиканы жедел меңгеріп, әр түрлі салада сол елдердің азаматтарымен қоян-қолтық араласып көпшілігі үлкен табыстарған жеткен, Тек сол елдерде ғана емес Еуропа, Азияға танымал болған қоғам қайраткерлері, ғұлама ғалымдар, өнер иелері, спортшы т.б. кандастарымыз бар. Мысалы: 7 тілді жетік меңгерген, Ислам дінінің білгірі, жазушы-этнограф, Құранды алғаш рет қазақ тіліне аударушы кандасымыз түркиялық казақ – Халифа Алтай. Қоғам қайраткерлері: қытайлық профессор Ахметбек Кірішбаев, Англиядан Бәкір Жаналтай, оқымысты шынжандық Нығмет Мынжани, спортшы Мұстафа Өзтүрік, өнер қайраткерлері Қайжамал, Дүйсенбі т.б. көптеген кандастарымызды атауға болады.
Енді бүгінде осы шеттегі қандастарымызбен қарым-қатынас, байланыс бар ма? – деген сұрақ тууы мүмкін. Біз оған толықтай нық түрде бар деп атай аламыз.
Алдымен, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, көптеген алыс және жақын шет елдер Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынас орнатты.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев көптеген елдерді аралап, ондағы қандастарымызбен кездесті, ашық әңгімелесті. Бұдан кейін отандастармен қарым-қатынаста бұқаралық ұйымдардың белсенділігі артып, президенттің қолдауымен 1992 жылы қыркүйек айының соңында Алматыда дүниежүзілік қазақтардың 13 елден өкілдері қатысқан тұңғыш Құрылтай өткізілді. Онда сөйлеген сөзіне Президент Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Бүгінгі Құрылтайдың басты мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр – талайымыздың қалай өрілетінін талқылау».
Құрылтай қаншалықты маңызды екенін сол жиынға Монғолия, Алмания, Ауғанстан, Венгрия, Англия, Швеция, Түркия, АҚШ, Иордания т.б. елдерден келген қонақтардың жүрек жарды сөздерінен ұғуға болады.
Демек, осылай шашылып жүрген қандастарымызды Қазақстан біртұтас мемлекеті көлемінде бастарын қосу бүгінгі күннің талабы. Осы орайда Қазақстан Республикасының көші-кон туралы заңы шықты және көші-кон Департаменті құрылды. Департамент бірталай жұмыстар тындырды да, дегенмен істеген жұмыстан әлі істелері көп.
