Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Моңғолиядан қазақтардың репатриациялануы.

Қазақстанның ішкі саяси істеріндегі қиын мәселелердің бірі болуда. Моңғол қазақтарының бұқаралық репатриациясына бастама берген 1991 ж ақпанда 97 қазақтардың моңғолиядан Қазақстанға көшіп келуі болатын. Оларды Талдықорған обылысындағы Сарыөзекте қоныстандырды. Репатрианттар арасында болды: М Х Р құру жөніндегі министірдің төрайымы ақсақал Зуха, Полшада жиһаз өндірісінің инженерлер институтын бітірген Тоқтар, Беларусияда жоғары білім алған Жәлібек архитектор – Шегебек, инженер – құрылысшы – Смақан, қазірғі уақытта Алматыда Бүкіләлемдік қазақтардың бірлестігінде жұмыс жасап жүрген білім саласы бойынша филолог Ботагөз Уатқан, және .т.б.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулердің қазақстандық институты 1992 ж Моңғол Халық Республикасының Баян Өлгейлік аймағының қазақтары арасында олардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық аспектілерін анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізді, және мүмкіндігінше тілектері мен мотивтерін анықтауға тырысты, сонымен қатар Қазақстанға көшудің қаржылай мүмкіндіктерін қарастырды. Сұралған Қазақтардың 80,5 % Қазақстанға көшпекші болды, 58.8 % мұны 1992 – 1993 ж.ж. жүзеге асырмақшы болды. Олар қазақстанның мына облыстарына көшірілді: Шығыс Қазақстан (22,3%), Қарағанды (17,8%) Қостанай (5.6%) .

Моңғол қазақтары Қазақстанға көшудің келесі себептерін атап өтеді: балаларға жоғары сапалы білім беру - 24,6% , ата-баба отанында тұру – 20,3%, ұлттық мәселеге байланысты – 14,4%, мамандық боиынша қалада квалификацияланған жұмысты табу – 8,2%, ауылдық жерде өмір сүру – 4,0%, қандас туындастарымен болу және туған тілде қарым-қатынаста болу - 3,1%. Қоныс аударудағы қиыншылықтарды айта отырып , Моңғолияның қазақтары келесі себептерді атап өтеді: Қаржылай қыиындықтар – 28% заңмен баиланысты қиыншылықтар-23,5 % Қазақстандағы саяси мәселелер- 15,0%.

Қазақтардың Моңғодлиядан Қазақстанға көшуде екі маңызды жағдай қызықтырды: ұлттық мәдениеттің дамуымен сақтау жөнінде толғану, өз өмірлік жоспарын шындыққа айналдыру, соның ішінде кәсіпқой маманды жүзеге асыру, екіншіден, Моңғолияда қазақтардың өмір сүру денгейінің өте төмен дәрежесі, Баян-Өлгеи аймағының экономикасында ауылшарушылық бағыттың алдын – алушы, әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығын кейін моңғол қазақтарының бұқарашық репатриациясының басталды. Сөйтіп 1991-1994 ж. бойынша Моңғолиядан Қазақстанға 60772 адам қоныс аударады бұған, қарамастан, нақты уақытта берілген репатрация кей жанұялардың Моңғолияға қайта оралуына әкелді. Тұрғын – жай жұмысқа орналасу зейнетақымен қамтамасыз ету және азаматтықты алу мәселелеріне байланысты бұл фактілерге бірінші себептер мен түсіндірмелер бар. Әсіресе, 200 қазақ отбасының Павлодар облысынан Моңғолияға оралуға деген тілектерді түралы көпшілік репатрианттар жұмыссыз болғандықтан 1996 ж қазаңда 44 нөмір (180) «Аргуметы и факты Қазақстан» газетінде хабарлады.

1996 ж 12 мамырда Алматыда өткен және Қазақстанға біздің отандастарымыздың көшіп келу мәселелеріне байланысты Моңғолиядан келген 60 қазақ отбасынын моңғол азаматтарынан бас тартқанын, бірақ олар әлі күнге дейін қазақ азаматтарының айналған дейін сылай аламыз. Дегенімен, басқа жағынан өзге жағдайлар да орын алып отырады, моңғол алу үшін моңғол үкіметі барлық керекті құжаттардың толтыруға асықпайды. Олардың Баян-Өлгейге оралуға мәжбүрлейтін маңыздың мәселелердің тағы бірі осы.

Олардың түрақтану орындарында қазақ мектептерін ашуынын арасында моңғол қазақтары қазақ тілінде тамаша сөйлейді. Олардың көпшілігінде орыс тілімен де қиыншықтары жоқ, өйткені олар КСРО-да жоғарғы білім алған болатын.

1991 жылдан 1997 жылға дейінгі кезеңде Қостанай, Павлодар, Қарағанда және кейбір басқа облыстарға қоңыстанған 64 мың қазақтар Моңғолиядан Қазақстанға репатирицияланды. Моңғол қазақтардын бір облыста қоңыстанудың жөн көрді, мысалы Торғай облысында олар Қазақстаннын барлық территориясында шашырауды қаламады. Айтпақшы репатрианттардың бірге қоңыстану тілегі өздерінің тәрбие отанына оралған барлық қазақтармен бірге алға партиясында.

Жоғарыда айтылғандай Моңғолиядан келген қазақ репатрианттарының қүрамында интелегенция өкілдері өте көп дәрігерлер, инженерлер, оқымыстылар. Елде жұмыссыздық орнаған кезде өмірге айналдыру сөзсіз қиын екендігін ескере отырып, оларға тек қана жұмыс орындарын тауып бересіз, олар мамандық жұмыс істеуге әзір.

Қ.Х.Р-нан қазақтардың репатриациялануы.

Әлемдік ассоциация мәліметтері бойынша Қытайда қазіргі таңда шамамен 1млн 500 мың қазақтар өмір сүріп жатыр. Мұнда өмір сүріп жатқан барлық халықтың туу денгейін бақылау саясатын өткізгенде, қазақтар санының өсуі байқалды. Соңғы 10 жылда жағдай біртіндеп жақсы жағына қарай өзгерді. Бұл төменде берілген статистикадан көруге болады.

1945-1946жж 438575

1946ж 444 мың

1953ж 509000

1967ж 643000

1979ж 848000

1982ж 907582

1984ж 964500

1987ж 1 млн 033315

1989ж 1 млн 100мың

1992ж 1 млн 300мың

1995ж 1 млн 500мың

Бұл статистикадан қазақтар санының өсуі 1940жылдың ортасынан 1990 жылдың ортасына дейін болды. Бірақ үш жыл ішінде (1946-1949) қазақтар саны тек 6 мыңға өсті. Төрт жылдан кейін қазақтардың саны 60 мыңға көбейді. Содан кейін Қытай тарихында ұзақ жылдар бойы қайғылы кезеңдер болады.Бұл кезеңде Қытайда қандай да бір санақ жүргізуге мүмкіндік болмайды. Сондықтан да 14жыл аралығында (1953-1967) санаққа тек 139мың қазақтар тіркеледі. Бірақ 1962жылы қазақ қашқындарының Қытайдан Қазақстанға қашқандарын және «мәдениет революциясы» мен «жергілікті ұлт өкілдерімен күрес» жылдары кезінде репрессияға ұшыраған қазақтардың саның естен шығармау керек.

Қ.Х.Р-ғы этникалық жағынан азшылықты құрайтын қазақтардың «туу деңгейін бақылау» саясаты 1960 жылы басталды. Жиырма жыл ішінде (1967-1979) Қытайдағы қазақтар саны 205 мың адамға өсті. Бірақ ХХ ғ соңғы 10 жылдығында Синьцзяндағы қазақ халқы тұрғындар саны 200 мыңға өсті. Бұл өсім тек 3 жыл ішінде орындалды.

К.Л. Сыроежкиннің «Қ.Х.Р-ғы қазақтар: әлеуметтік экономикалық және мәдени даму очерктері» монографиясында Қытайдағы қазақтардың жұмыс істеп отырғанын келесі көрсеткіштен көруге болады: ауыл шаруашылығында (жер өндеу, мал шаруашылығы, балық аулау кәсібі) – 82,5%, өндірісте – 2,52%, құрылыста 0,68%, транспортта – 0,75%, саудада – 3,1%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздандыруда – 5,44%, мемлекеттік және партиялық органдарда – 3,94%.

Қ.Х.Р-нан қазақтардың репатриациясы келесі жағдайларға байланысты болды.

Біріншіден, Қ.Х.Р-дағы қазақтар біртұтас қазақ этносының бөлігі болып табылады.

Екіншіден, жоғарда көрсетілген қазақтардың жұмыспен қамтамасыз етілуінің пайыздық көрсеткіштерінен репатриацияланған Қытайлық қазақтар Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына байланысты дауласушылар бола алады.

Үшіншіден, Қытайдағы қазақтарға тән негізгі белгісі болып, жақсы дисциплинасы бар, енбекқор, жұмыскерлер болып табылады.

Төртіншіден, Қазақстанда қазақтар саны көбейіп жатыр. Автохтоттық тұрғындар тек жалпы тұрғындар санының 51% құрап, бұл демографиялқ дисбалансты ығыстырды.

Бесіншіден, бұлар Қазақстанға қазақ тілінін дамуына маңызды, тіл тасушылар болып табылады.

Алтыншыдан, Қ.Х.Р-дағы сонғы кезде этникалық азшылықты құрайтындарға саясаттың қатаң болуы және олардың материалдық, психологиялық жағдайларының нашрлауына байланысты қазақтар Қытайдан репатриациялануға мәжбүр болды.

Жетіншіден, ұзақ уақыт бойы қытайлықтармен тұрған қазақтар, олардың ұлттық спецификалық жағдайын, психологиясын, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас барысында олардың қолданатын әдіс-тәсілдерін жақсы мегеріп алды.

Қ.Х.Р-дан қазақтардың репатриациялануының негізгі себептері барлығына белгілі. Ең алдымен бұл Қазақстндағы жұмыссыздықтың өсуі, ауыр экономикалық жағдай тағы басқалары болды. Осыған байланысты Қытайлық қазақтарды ауылдардаорналастыру керек болды. Мұнда олар Қазақстанның дамуына өз үлестерін қоса алады. Екіншіден, Қазақстанда әлі де репотрианттар мен қашқындардың статусын анықтайтын заңды актілер қабылданбады. Алматыда 1996 жылы 12 мамырында өткен жиналыста, 3 жыл бойы Жамбыл облысында орналасқан репатрианттар Қазақстан азаматтылығын ала алмай жүргеннін айтады және ешбір жеңілдіктер жасалмағанын айтады. Қазір тек бұл женілдіктерді Ираннан келген қашқындар алып отыр. Үшіншіден, Қытайлық қазақтардың репатриациясында дұрыс шешімдерді қабылдаудағы әскери саяси мәселелерге байланыстысы бұл- Қытаймен қарым –қатынасы еді. Яғни мәселе осында: Қытайдағы қазақтар көбі Синьцзянда, Ұйғыр автономды аймағында мекен етті. Мұнда Урум әскери аймағы орналасқан еді. Бұл Қ.Х.Р-дың солттүстік-батыс жағын қорғап қамтамасыз етіп отырды. Сондықтанда Қытай үшін Синьцзянмен әскери–саяси стратегиялық жағынан байланыс орнатуға қолайлы былды.