- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В011400 - Тарих
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 1
- •Барлығы – 90 сағат Орал, 2012ж.
- •13.09.2012 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2.1 Пән туралы мәлімет
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сағат
- •9 Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •11 Апта
- •21 Кредит сағат
- •13 Апта
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •14 Апта
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •15 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •4.1 Әдебиеттер тізімі.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері
- •2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы
- •1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.
- •2. Қазақ диаспорасы – тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық.
- •3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.
- •1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері.
- •2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.
- •3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.
- •1. Ресей қазақтары.
- •2. Монғолия қазақтары.
- •3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.
- •7. Курсты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
- •1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- •1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •Түркиядағы қашқын қазақтар
- •Ресейдегі қазақ диаспорасы
- •Шетелдегі қазақтар
- •Қазақстан және "қазақ диаспорасы."
- •Орталық Азиядағы Циндік Қытай мен Ресей империясының арасындағы түпкілікті шекараның орнауы.
- •1930 – 1940 Жж Синь Цзяндағы кеңес ықпалының өсуі.
- •Моңғолиядан қазақтардың репатриациялануы.
- •Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
- •1720-40Ж. Ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.
- •Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан Жаналтайдың Пәкістанға келуі.
- •Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.
- •Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.
- •Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.
- •Хviii ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.
- •Столыпиндік аграрлық реформа.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Хүіі-хүііі ғ.Ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.
- •Мұстафа Шоқай.
- •Ұлы Отан соғысы және соғыстан қайтпағандар мәселесі.
- •8. Ожсөж өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.
- •Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.
- •Казахстан. История возникновения и развития казахской ирреденты и диаспоры.
- •900 О Концепции репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Концепция репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Раздел 1. Цель репатриации и ожидаемые результаты
- •Раздел 2. Государственный миграционный фонд
- •Раздел 3. Организация репатриации
- •Раздел 4. Работа с казахской диаспорой за рубежом
- •Раздел 5. Подготовительная работа к репатриации
- •Раздел 6. Работа с репатриантами внутри страны
- •2. Обеспечение жильем
- •3. Трудоустройство репатриантов
- •4. Социальное обеспечение репатриантов
- •5. Специальное обучение репатриантов
- •6. Обеспечение доступности социальной сферы
- •7. Другие вопросы, связанные с работой с репатриантами внутри страны
- •9. Реферат тақырыптары
- •Мазмұны.
- •10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған
- •11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •11.1 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
- •11.2 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
- •13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.
Орталық Азиядағы Циндік Қытай мен Ресей империясының арасындағы түпкілікті шекараның орнауы.
Қазақтар болса Ресейден Синьцзянға көшуін Протоколмен бекітілген уақытта жалғастыра берді. Мысалы, 1878ж. 9 мыңға жуық қазақтар Ресей империясының территориясын тастап,Қытайға өтеді, ал бұл бекітілген көшпелі маршруттардың қалыптасқанын көрсетіп, Орталық Азиядағы орыс-Қытай шекарасының бұзылғанына айғақ болады. Якуб-бек мемлекетінің талқандалуымен, Қытай мен Ресей арасындағы берілген аймақтағы байланыстарды қайта қарау, жаңа территорияны бөлу мәселесі тұрды.
Орыс-қытай келіссөздері 1879 ж. 20 қыркүйектегі Қытайға Іле аймағын қайтару туралы Ливадий келісіміне қол қоюмен аяқталды. Ливадий келісімінің 1 бабында Ресейдің Қытайға Іле аймағын қайтаратыны айтылады. 3 бап бойынша Іле территориясында тұрған халықтар Ресей империясының құрамына кіргендіктен, автоматты түрде Ресейге қарайтыны анықталған. Қытай Ресейге 5 млн рубль көлемінде компенсацияны 6 бап бойынша Іле аймағын басқарғаны және оккупациялық әскерді ұстағаны үшін шығындарға төледі. 7 бап бойынша цинь үкіметі батысында Хоргос өзені мен оңтүстігінде Текес өзенінің жазирасымен шектескен Іле жазирасының шағын батыс үлесіне, сонымен қатар Тянь-Шань арқылы өтетін маңызды Музарттық ауданға шегінді.
Ресейге осындай шағын бөліктің қайтарылуының фактісі Орталық Азияда үстемдікке орыс-қытайлық мемлекеттік-территориялық шекараларды анықтаған келіссөздерді ликвидациялау және олардың арасында тіпті қарулы қақтығыс арқылы жетуге тырысқан Англиямен байланыс ұстаған қытайлық үкімет басындағылар арасында талқыға түсті. Батыс еуропалық державалар мен ішкі демагогтар ықпалымен екі ел арасында қарулы әрекеттерге дайындық жүреді.
Алайда Цинь империясының ішкі және сыртқы жағдайы мен Ресей империясының саяси, мәмілегерлік, әскери шараларының ауқымдылығы негізінде Қытай Петербургте 12 ақпан 1881 жылы компромисске келуге мәжбүр болды. Мұнда орыс-қытай келісімі жасалады. Келіссөздер кезінде екі жақты ортақ келісімге қол жеткізіліп,төмендегілер анықталады: 1 бап бойынша Ресей Іле аймағында Қытай билігін қалпына келтіруге келіседі; халық өзінің тұрғылықты орнын иеленуге не таңдауға құқық алады: 3 бап бойынша ресейлік немесе қытайлық , сондықтан да 1881жылғы Петербург келісімінен соң Іле аймағындағы мұсылман халықтары – ұйғыр, қазақ, дүнгендер Қытай билігіне сенімсіздік танытып, Жетісуға қоныс аударады. Қытай билігінің Синьцзяндағы болған антиманжурлық көтеріліске қатысқандарға репрессия жүргізбеу уәдесіне қарамастан 100мыңға жуық ханьдік емес халықтар Орта Азия мен Қазақтан аумағына қоныс аударуын тоқтатпайды.
Ресей империясы үшін бұл қалыптасқан жағдай 2 жақты қарастырылды: қоныстанғандар патшалық саясатқа қарсы қай уақытта болсын көтерілуі қаупін туғызумен қатар, соған қарамастан патша қазынасына ақшалай түсім көлемінің артуын қамтамасыз етті.
Петербург келісімінің 7 бабы бойынша Ресей мен Қытай иеліктері арасындағы шекара келесідей жолмен қалыптасты, «Беджинтау тауларынан бастап, Хоргос өзенінің ағысымен оның Ілеге құйылу сағасында, Кольжат қонысын батысында қалдырып,Ұзынтау тауларының оңтүстігінмен өтті. 1864 жылы Чугучакта қол қойылған Протокол анықтаған шекараға орай әрі қарай оңтүстікке бағытталды».
Ресей өзінің Іле аймағындағы шағын батыс бөлігінен басқа территориясынан бастартты; 1879ж Ливадий келісімі шарттарына сәйкес Қытай Ресейге Іленің батыс бөлігін беруге келіседі. Ресей жағының Текес өзені мен Музарт тауларындағы аумағынан шегінуі Зайсан көлі мен Қара Ертістегі орыс-қытай шекараларын қайта қарауға септігін тигізді. Сонымен қатар Қытай Протокол бойынша Ливадий келісімінің 6 бабында анықталған 5 миллионның орнына Ресейге 9 млн рубль төлеуге мәжбүр болды. ' Солтүстік-батысты, тіптен бұрынғы қазақ көшпелі жерлерін қайтаруы қаупі Ресей жағынан туып қалуы мүмкіндігінен сескенген Циндер солтүстік-батыстағы территорияны тұрақты әкімшілік жүйеге біріктіруді шешіп, қазіргі уақытқа дейін Қытайға қарайтын 1884 жылы құрылған «Синьц-зян» атты жаңа провинцияны құруға әкеледі.
Орыс және Қытай империяларының арасындағы қол жеткен келісімдер нәтижесінде қазақтар өздерінің байырғы көшпелі территориялары Қытайдағы Тарбағатай және Іле округтарында, Барлык және Тарбағатай тауларында, Юлдуз және Текес, Сюмбе мен Боротал өзендерінде іс жүзінде 1892 жылға дейін көшіп-қонып жүрді, бұл жағдай қазақ көшпенділік өмір салтын бұзған Қытай билігінің шектеулеріне дейін жалғасты.
Осылайша, Қытайдағы қазақ ирреденттерінің қалыптасуы туралы сөз қозғағанда,келесі тұжырымдарды келтіруге болады. Қытайда қазақ ирреденттерінің қалыптасу процесі 2 кезеңнен тұрады: біріншісі —XVII—XVIII ғ.ғ.қазақ-ойрат соғыстары уақыты барысында қазақтар Жетісу, тарбағатай, Барлык аудандарындағы жерлерінен айрылады. Қазақ-ойрат соғыстары мыңдаған қазақтардың қазасына әкелді,Орталық Азиядағы қарқынды миграцияға түрткі болды, ал бұл өз кезегінде осы аумақтағы демографиялық ситуацияны өзгертті.аталмыш кезеңдегі Орталық Азияның бұл аумағына алғаш рет қазақ әскери топтарының көмегімен Жоңғар хандығын жойған қытай әскерлері пайда болады. Жоңғар хандығының тарихи сахынадан кетуімен қазақтар өз жерлерін қайтаруға ұмтылыс жасады , алайда қытай мемлекеті ойраттарды жеңіп, олардан мұрагерлікке алғанын жариялайды. Осылайша қазақтар Қытай құрамына кіреді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақстан мен Қытай арасында алғаш рет шекара бекітіледі.
Қытайдағы қазақ ирреденттерінің қалыптасуының екінші кезеңі Орталық Азиядағы орыс-қытайлық территориялық-мемлекеттік шектесулердің бірқатар маңызды үкіметтік құүжаттарға қол қоюы процесімен сипатталады: 2 қараша 1860 жылғы Пекин келісімі, 1864жылғғы Чугучак Протоколы, 1869 жылғы Хобда Протоколы, 1870 жылғы Тарбағатай Демаркациондық протоколы, 1879 жылғы Ливадий келісімі, 1881жылғы Петербург келісімі. Осындай шаралардың жүргізілуі мен келісімдеріне қол қойылу негізінде қазақтардың байырғы мекені екі ел арасында бөлінді. Н. А. Аристов мәліметтері бойынша, XIX ғ.аяғында 100 мыңға жуық қазақтар Ресей империясының шегінен тыс өмір сүрген.
ХХ ғасырдағы оқиғалар екі мемлекет құрамында өмір сүрген қазақтардың қалыптасқан мәселелерін тереңдетіп жіберді. Синьцзян мен Қазақстанда тұрған қазақтардың көп шығыны белгіленді. Мұның салдары Орталық Азия мен барлық әлем бойынша қазақ диаспорасының қалыптасуы мен оның ары қарайғы даму, таралуынан көрініс тапты.
