Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы

Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен даму мәселесін тарихнамада кешенді зерттеу мәселесінің өзектілігіне қарамастан, Қазақстанда бұған жеткілікті көңіл бөлінбеген. Сөзсіз, кеңестік жылдары бұл мәселенің зерттеудің өзекті ареалына кірмегені былай тұрсын, тіпті зерттеуге «рұқсат етілмеген» мәселе болды. Егер бұл мәселе бойынша еңбек жарық көрсе, онда бұл еңбек біржақты идеологиялық қыспақ шегінде жазылды. Себебі, пәннің дамуына әлемдегі екі саяси - капиталистік және социалистік жүйенің қарама-қайшылығы әсер етті. Сондықтан, 1950-1980ж.ж. жарық көрген жұмыстар шет елдерде –КСРО-да, Батыста өмір сүрген қазақтардың тарихи немесе қазіргі таңдағы мәселелеріне арналғанмен, сол кезде үстем алған саяси идеология негізінде жазылған. Мұндай тұжырым жасаудың дұрыстығын, біріншіден, бұл еңбектерді оқып шығу, екіншіден, қазақ диаспорасына арналған монографиялар мен мақалалардың жоқтығы және Қытайдағы қазақ ирреденттері проблемасына арналған кеңес тарихнамасында мақалалардың аздығы дәлеледей түседі.

Қытайдағы қазақ ирреденттері проблемасына тоқталғанда, Г.В.Астафьевтің «Шыңжандағы қазақтар» деген монографиясын атап өткен жөн. Бұл еңбек Шыңжан провинциясындағы қазақ халқының этнотарихи проблемасын зерттеуге арналған, кеңес тарихнамасында Қытайдағы қазақ ирреденттері проблемасына арналған жалғыз ғана монография. Дегенмен, еңбекте интернационализм идеясына, ҚХР-мен бейбіт және достық идеясына байланысты территориялық-саяси қатынастар жұмсартылып, Шыңжандағы қазақтар ирреденттерден диаспораға айналды.

Қытайдағы қазақтардың тарихи және этнографиялық проблемаларына арналған мақалалар жөнінде айтар болсақ, «Қазақстан мен Шығыс Түркістан тарихының мәселелері» жинағында жарық көрген Н.Н.Мингулованың «Жалпықытайлық төңкерістің құрамдас бөлігі ретінде Шыңжандағы халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары (1944-1949 ж.ж.)» мақаласын атап өткен жөн. Кейін бұл мақала ағылшын тіліне аударылып, «Ортаазияға шолу» журналында «Солтүстік-батыс Шыңжандағы көтеріліс (1944-1949 ж.ж.)» деген атпен өзгертіліп жарық көрген. Н.Н.Мингулов кеңестік оқырмандар назарына осы проблемаға арналған сол кезеңдегі Шыңжанның баспасөз басылымдарын пайдаланып, Шығыс Түркістандағы Іле көтерілісіне қатысты мәселелерді ұсынған. Зерттеуінде автор Шығыс Түркістандағы халықтардың Қытай коммунистеріне қарсы кез-келген наразылықтарын ашық көрсете алмады. Әрине, зерттеушіге сол кездегі идеологиялық қысым ҚКП-ның іс-әрекетін ашық сынауға мүмкіндік бермеді. Себебі бұл кең көлемде социализм мен коммунизм идеясына қарсы шығу деп танылар еді.

Бұдан басқа кеңестік тарихнамада КСРО шегінен тыс өмір сүрген қазақтар туралы ғылыми зерттеулер 1950 ж.ж. Шыңжанда өмір сүрген халықтардың этникалық құрамы туралы статистикалық мәліметтерімен бірге көрсетілген С.И.Бруктың және Қытайдағы халықтардың тілдерін топтастыруға арналған, сонымен қатар 1954 ж. Жалпықытайлық Бірінші санақ негізінде берілген 1953-1954 ж.ж. қазақтар санын көрсеткен Г.П.Сердюченконың мақалаларынан басқа жоқ.

Қарастырылып отырылған мәселені зерттеуге тиым салынуына қарамастан, кейбір кеңестік және қазақстандық тарихшы зерттеушілер қазақ ирреденттерінің, мәселен Қытайдағы, содан соң ірі масштабты миграцияның нәтижесінде әлемнің өзге елдерінде диаспораның пайда болуына әсер еткен жеке тарихи себептерге қандай ма болмасын қатысы бар мәселелерді зерттеп отырған. Осындай ғылыми бір талдама ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар тарихын зерттеу болып табылды.

Орталық Азияның халықаралық аренадағы күшін жаңадан орналастыруға себеп болған, екі ғасырға созылған қазақтардың Жоңғар хандығымен қатынастар тарихы маңызды бір және қызығушылықты туғызған кеңес тарихнамасындағы мәселелердің бірі болған және оған капиталды ғылыми ізденістер арналған.

Солардың ішінде жоғары кәсіби шеберлікпен жазған талантты, ойлы ғалым В.А.Моисеевтің «Джунгарское ханство и казахи (ХҮІІ-ХҮІІІ вв.)» атты монографиясын атап өткен жөн. Бұрынғы КСРО-ның мұрағаттың сақтау қоймасында(хранилища) жинақталған және жүйеленілген қытай және орыс деректерінің негізінде жазылған ғылыми еңбек қазақ-ойрат қатынастар тарихына қатысты мәселелерді зерттеушілерге негізгі сүйенер еңбек болып табылады. Алайда В.А.Моисеев Қытайға қосылған территорияларда - Жоңғар хандығының құлаған орынында қалған қазақ халқына қатысты «ирреденттер» деген терминді қолданбады. Дегенмен, өз еңбегінде қазақ жерінің алдымен Жоңғар хандығының мүддесіне, кейін Цин империясының мүддесіне сәйкес тартып алынған тарихын көрсеткен, бұл өз кезегінде сөзсіз Қытайдағы қазақ ирреденттерінің қалыптасу процесін көрсетеді.

Шыңжаннан 1930-1950 ж.ж. Үндістанға және Пәкістанға, кейін әлемнің өзге елдеріне әрі қарай эмиграциялану тарихына қатысты тарихнаманы бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңге, өздерінің зерттеулерін Шыңжандағы, Тибеттегі, Үндістандағы және Пәкістандағы қайғылы оқидан кейін бірден1950 ж.ж. жүргізген батыс ғалымдарының зерттеулері жатады. Бұл алдымен, Годфри Лиастың «Казахский исход» монографиясы, Милтон Дж.Кларктың «Как казахи бежали к Свободе» атты еңбектері. Осы кезеңге сонымен қатар лагерлерде және қарастырылып отырылған уақытта Шыңжаннан Түркияға қашқан саяси қашқын қазақтардың алғашқы елді-мекендерінде неміс ғалымдарының жүргізген әлеуметтік зерттеулері, мәселен, Улла Йохансен, сонымен қатар 1960 ж.ж. Анатолиядағы қазақ елді-мекендерінде өз зерттеулерін жүргізген түрік ғалымдарының еңбектері кіреді.

1950 ж.ж. Шыңжаннан Үндістан мен Пәкістанға саяси қашқын қазақ топтары тарихын Годфри Лиас «Казахский исход» монографиясында көрсеткен. Ол әлемге қазақтарды өз Отанын тастап өзге елде өмір сүру үшін күресуіне мәжбүр еткен қанды қайғылы оқиғаны жазған. Бұл еңбектің құндылығы сонда Годфри Лиас Түркияда өмір сүріп жатқан алғашқы кезінде-ақ қытай өкіметіне және Шыңжандағы қайғылы жағдайға себепкерлерге қарсы күрескен көтеріліс басшылары мен көтеріліске қатысқандар - Әлібек Хакім, Хұсайын Тайджи, Қарамолла, Хамза Ошар және Сұлтаншәріп Тайджи секілді ақсақалдардан интервью алуында.

Келесі 1951-1952 ж.ж. Үндістан мен Пәкістанға қашқан қазақтар мәселесіне арналған еңбек-Милтон Дж.Кларктың «Как казахи бежали к Свободе» атты еңбек.Ол 1954 жылы «National Geographic Magazine» атты журналда жарық көрген. Американ антропологы Милтон Дж. Кларк солтүстік-батыс Қытайдағы жаңа коммунистік режимнен қашқан қазақтар туралы хабарламаны оқыған соң Гарвардта өзінің ғылыми зерттеулерін жүргізген. Ол бұл жөнінде докторлық диссертация жазбақ болып жолдасымен бірге Кашмирге көшіп келеді. Мұнда жылдан астам Шыңжаннан қашқан қазақтармен көршілес тұрады. Бұл жөнінде ол жоғарыда аталған мақаласында, кейін «Руководство и политическое размещение в казахском обществе Синьцзяна» деген тақырыпта 1955ж. Гарвард университетінде қорғаған докторлық диссертациясында көрсетеді.

Келесі, екінші кезеңге сол қайғылы оқиғаны бастан кешірген немесе олардың туыстары жазған бірқатар зерттеулер мен мемуарлар кіреді. Осы еңбектердің маңыздылығы сонда олардың барлығы түрік тілді оқырмандарды тек сол кездегі қайғылы оқиғамен таныстырып қою ғана емес, сонымен бірге шыңжандық қазақтардың тұрмысы мен мәдениетінде орын алған қазақтардың ұлттық дәстүрлерімен таныстыру мақсатында түрік тілінде жазылды және оларды қабылдаған жерде Стамбулда жарық көрді.

Осындай алғашқы басылым болып Хасен Оралтайдың «Казахские тюрки» атты 1976ж. Стамбулда түрік тілінде жарық көрген еңбегі саналады. Алғашқы тарауында автор оқырмандарды шыңжан қазақтарының этнографиясымен таныстырды, қалған сегіз тарауында Әлібек Хакім мен Хамза Ұщар басшылығымен қазақтардың Шыңжаннан кетіп, Тибет арқылы Кашмирге келуіне себеп болған 1940 жж. Шыңжандағы оқиға, қазақ қоғамының қайраткерлеріне және көпсанды қанды көтерілісітер басшыларына сипаттама берілген. Алайда Хасен Оралтайдың еңбегін негізінде осы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми зерттеуден гөрі, мемуарға жатқызған дұрыс.

1977 ж. Стамбулда Қызырбек Ғаритолланың «Кровавые дни на Алтае» деген түрік тілінде еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек қазақ диаспорасы мәселесін зерттеуде маңызды болғанымен, еңбекте бірқатар олқылықтар кездеседі. Түрік қазақтары арасында еңбектерді жазып шығаруға арнайы қор құрылған еді. Бұл негізінде әлеуметтік тапсырыс болды. Сондықтан да шығар, Шыңжандағы көтерілісті ұйымдастырған және қазақтарды Пәкістаннан Түркияға әкелген кейбір қайраткерлердің есімдері, мәселен, Жамынхан Тілеубайұлы, Делилхан Жанымханұлы Жаналтай және т.б. қайғылы оқиғаның жанама мүшелері ретінде сипатталған.Сонымен қатар жоғарыда аталған лидерлердің ролі бүркемелену себебі сол кездегі Түркиядағы қазақ қоғамында қазақ жастарын тез арада түріктендірді деп Делилхан Жаналтайды айыптаған altilar фракциясының әсері де болуы мүмкін. Аталған монография 1995 ж. Стамбулда кейбір қосымша бағыттарымен қайта басылып шықты.

1981 ж. Стамбулда түрік тілінде Халиф Алтайдың «С родной земли до Анатолий» деген төрт тараудан тұратын еңбегі жарық көрді. Бірінші тарауы қазақ халқының тарихи өткеніне арналған, екінші тарауы – этнографиясына, , үшіншісі мен төртінші тараулары Шыңжандағы 1930-1940 жж. орын алған тарихи оқиғаға түрткі болған себептер мен оқиға барысы сипатталған. Еңбекте өз жерінен Үндістанға кетуге мәжбүр болған, сонда 12 жыл өмір сүрген қазақтардың бірінші тобының тарихы жан-жақты сипатталған. Сонымен қатар қазақтарға Түркияда тұрақтануға мүмкіндік берген Пешаварде құрылған Шығыс Түркістан Ассоциациясы туралы жадығаттар кездеседі. Халиф Алтай осы оқиғалардың куәгері және белсенді атсалушысы, еске сақтау қабілеті зор және тамаша білімі бар адам ретінде алғаш рет өз мемуарында Елісхан Батыр мен Зайып тобының тарихын жазды. 1995 ж. Қысқартылған вариантта бұл еңбек қазақ тіліне аударылып, Қазақстанда жарық көрді.

Үшінші кезеңге Қытайдағы, Түркиядағы, Швециядағы қазақ қоғамының тарихын және 1980 ж.ж. даму деңгейін зерттеген батыс тарихшылар, этнологтар зерттеулерін жатқызуға болады. Бұл ғылыми зерттеулер Швецияның Упсалыдағы университетте көпұлтты мәселелерді зерттеуге арналған Орталықтың арқасында мүмкін болған. Орталық Қытай мен Түркиядағы қазақтарды әр түрлі тарихи кезеңдер мен әр түрлі әлемнің елдеріне ірі масштабты миграциялар нәтижесінде саяси қашқындар, ресми немесе тәуелсіз мигранттар, еңбек иммигранттары секілді әлеуметтік статустарға ие болған этникалық азшылық ретінде зерттеу жобасын қаржыландырды. Осы бағыттағы әсіресе, екі монографияға көңіл бөлу керек. Бірін профессор Линды Бенсон, екіншісін доктор Ингвар Сванберг жазған.

Окландский университетінің (АҚШ, Рочестер) профессоры Линды Бенсонның және швед ғалымы Ингвар Сванбергтің «Казахи Китая» атты Упсалыда 1988 ж. жарық көрген монографиясына Шыңжандағы этникалық азшылық және оларға қатысты қытай өкіметінің ұстанған саясаты, Қытайдағы 1980 ж.ж. батыс ғалымдары жүргізген тарихи және этнографиялық зерттеулері туралы мақалалар кірген. Зерттеу сонымен қатар қытай, монғол, түрік, ағылшын, неміс және басқа тілдерде жазылған деректер мен ғылыми әдебиеттер ортасы, өткен тарихшы және синологтар – Оуэн Латтимор, Дж. Мосли, Годфри Лиас, Эйчен К.Ву және басқалары жетістіктерін кең көлемде тартты. Аталған және сонымен қатар И.Сванбергтің «Казахские беженцы в Турции» деген монографиясының құндылығы сол авторлар еңбекті жазу барысында Шыңжан мен Тайванда далалық жұмыстар кезінде осы елдердегі қазақ қоғамының қазіргі даму жағдайы туралы жинақтаған фактілі материалдарын, сонымен қатар ҚХР-ның, Тайванның, АҚШ-тың мұрағат қорларының құжаттарын кеңінен тартқан.

Бір жылдан соң Упсалыда Ингвар Сванбергтің «Казахские беженцы в Турции. Изучение процесса культурного выживания и социальных изменений» атты монографиясы жарық көрді. Еңбекті автор оқиғаға қатысқан Халиф Алтай, Хасен Оралтай және Қызырбек Ғаритолла мемуарларына, сол кезде Түркияда, МХР, ФРГ, Швеция мен Тайванда өмір сүрген қазақ респонденттерінен алынған интервьюлеріне сүйеніп қазақтардың өз Отанын тастап Үндістан мен Пәкістанға қашуы, содан соң әлемдік қоғамның көмегі арқасында, ең алдымен түрік үкіметінің көмегімен Түркияға келуі, осында түрік қоғамына сіңісуі мен онда жемісті қызмет етуі туралы жазған. Монографияда негізгі қарастырылған мәселе Орталық Азияның қазақ көшпенділерін Үндістан мен Пәкістандағы фермерлер мен қолөнершілерге, кейін Батыс Еуропа мен Американың жалдамалы жұмысшылары мен қызметкерлеріне трансформациялануы мәселесі.

1990 ж. АҚШ-та профессор Линды Бенсон «Илийское восстание: мусульманский вызов Китайским властям в Сяньцзяне, 1944-1949» атты монографиясын Пекиндағы Ұлттық кітапханада, АҚШ-тың Ұлттық мұрағатында, Вашингтондағы АҚШ Конгрессінің кітапханасында, Орталықазиялық ғылыми зерттеу орталығының Британ кітапханасында, Лондон университетінің Шығыс және Африкалық Зерттеу Мектебінде жинақталған қытай, орыс, түрік, ағылшын және американ деректерін, сонымен қатар Лидский университетінде (Ұлыбритания) сақталған Оуэн Латтимор коллекцияларын кеңінен тарта отырып жазған.

Төртінші кезең осы мәселені соңғы жылдары ғана зерттеуге мүмкіндік алған қазақстандық ғалымдардың еңбектерінен тұрады. Қазақ диаспорасының өткен тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайына қазақ қоғамын тарту ісінде ең алдымен, шет елдердегі қандастарымыздың сол жерде тұрмысымен және өмірлік қызметімен, оларда туындап отырған проблемалармен танысу мүмкіндіктері болған Қазақстанның журналистері мен жазушылары маңызды рөл атқард және «Қазақ елі» және «Шалқар» басылымдарының беттерінде үнемі жариялап отырды.

Солардың ішінде қазақ диаспорасы өкілдерінің өмірі туралы репортаж жасау үшін арнайы Түркияға, Францияға, ФРГ мен басқа елдерге барған Қазақ телевидениясының корреспонденті Нұртілеу Иманғалиұлының жұмысын атап өту керек. Оның репортажы 1995 жылы Қазақ телевидениясында көрсетіліп тұрды.

1995 жыл әлемнің елдеріндегі қазақ диаспорасының тарихы, лингвистикасы және этнографиясының әр түрлі проблемаларын зерттеуге арналған эмпирикалық материалдарды жинақтау ісінде жемісті жыл болды. 1994 жылдың аяғында профессор Тұрсынбек Кәкішев Ирандағы қазақ елді-мекендерінде болды және олардың тарихы мен орналасу географиясы, сонымен қатар қазіргі таңдағы даму жағдайы туралы бірнеше мақалалар жазды. Кейін, 1995 жылдың 20 және 22-ші ақпанында Қазақ телевидениясының бағдарламасында бейне жәдігерлер көрсетілді. Сонымен қатар, профессор Т.Кәкішев Әл-Фараби атындағы ҚазМУ ғылыми-зерттемелі топты басқара отырып, Қытай мен Монғолиядағы қазақтардың лингвистикалық проблемалары бойынша ғылыми ізденістер жүргізді.

1994 жылы Мендикулова АҚШ-та болып, сонда қазақтармен-бұрынғы вермахтың әскери тұтқындары, қазіргі АҚШ-тың зейнеткерлерімен және азаматтарымен кездесті. Кейін кездесу жөнінде мақаласы жарық көрді (А война отняла Родину... // Вечерний Алматы. 1995. 31 мая. №75). Осы жылы оның Ресейдегі қазақ ирреденттері мен Батыс Еуропа елдеріне иммиграцияланған қазақ диаспорасы туралы бірнеше мақалалары жарық көрген (Казахская ирредента в России (история и современность) // Евразийское сообщество. 1995.№8; Трудовая иммиграция казахской диаспоры в 1960-1990 гг. // Евразийское сообщество. 1995. №10).

1995 жылдың 16-17 қарашасында Түркістанда қазақтардың Бүкіләлемдік Ассоциациясы, ҚР-ның Ғылым министрлігі - Ғылым Академиясының философия институты және Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық университеті ұйымдастырған «Қазақ диаспорасы: проблемасы мен жетістіктері» атты Халықаралық симпозиум болды. Аталған ғылыми-шығармашылық форум Қазастанда алғаш рет жүзеге асты және қазақ диаспорасының қазіргі таңдағы проблемаларын зерттеуге арналған ғылыми-ізденіс жұмыстарға арналған. Симпозиумға Түркияның, ФРГ-ның қазақ диаспорасы өкілдері және Ресейдің, Монғолияның, Өзбекстанның қазақ ирреденттері өкілдері, сонымен қатар аталған проблемалардың әртүрлі жақтарын зерттеген қазақстандық ғалымдар қатысқан.

Ғылыми өндірістің ішінде 1994 жылы қазақстандық тарихнамада К.Л.Сыроежкиннің «Казахи в КНР: очерки социально-экономического и культурного развития» атты монографиясын атап өткен дұрыс. Автор өз еңбегінде қытай деректері менбасылымдарын кеңінен пайдалана отырып, ҚХР-ғы қазақтардың тарихи өткені мен қазіргісін зерттеулерін жазған. Аталған монографияда ҚКП-ның этникалық азшылық ретінде оларға қатысты ұстанған саясаттың нәтижесінде ҚХР-ғы қазақтар ортасында болған әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер сарапталған және процесстердің жағымды, жағымсыз жақтары және олардың нәтижелері нақты анық көрсетілген.

1997 жылы «Казахская диаспора: Проблемы этнического выживания» атты еңбек жарық көрді. Еңбек екі бөлімнен тұрады және Линды Бенсон мен Ингвар Сванбергтің «Казахи Китая» және Ингвар Сванбергтің «Казахские беженцы в Турции. Изучение процесса культурного выживания и социальных изменений» атты монографияларының орыс тіліндегі аудармасы болып табылады. Аталған монографияларды орыс тіліне ҚР-ның Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының тарих және этнология институтыныңғылыми информация Орталығын басқарушы тарих ғылымдарының кандидаты Б.М.Сужиков аударған және «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық көмегінің арқасында жарық көрген.

Дегенмен, еңбекте бірқатар олқылықтар көзге түседі. Атап айтсақ, біріншіден, аудармада Линды Бенсон мен Ингвар Сванберг жасаған библиографиялық аппарат жоқ және автордың жасаған ғылыми тұжырымдарына негіз болған деректерге сілтемелер берлімеген. Екіншіден, мәліметтерді бұрмалау кездескен. Мәселен, 112 бетте №29-шы ескертудегі берілген мәліметте: « Шығыс-Түркістандық исламдық республика жойылған соң Жанымхан 1950 жылы тұтқынға алынып, 1952 жылы Үрімші түрмесінде өлді» деп, көрсетілген. Шынымен де Жанымхан 1950 жылдың 1 шілдесінде тұтқынға түскен, бірақ түрмеде өлмеген, 1951 жылдың ақпанында Үрімшіде сотсыз және тергеусіз қытайлардың қолынан атылған.

Әрі қарай, 114 бетте №32-ші ескертуде: «Зуха батыр Сәбитұлы 1930 жылдардағы қазақтардың көтерілісінің қолбасшысы болған. Қытай өкіметі қазақтарды қорқытпақ болып батыр кесілген басын Үрімшіде алаңда іліп қойған» делінген. Шынымен де Зуха батыр қытайларға қарсы қазақтардың көтерілісіні бастаған, бірақ 1930 жылдары емес, 1920 жылдары. 1929 жылы ол және онымен қоса 54 адамды қытайлықтар Алтайдағы Көктоғай, Кендырлік деген жерде өлтіріп, қазақтарды қорқытпақ болып Сарысүмбедегі Ертіс өзені арқылы өтетін мостың үстінде оның басын іліп қойған т.б.

Жалпы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу үшін теориялық-методологиялық және фактілі база болып табылатын қазақ диаспорасының тарихи және қазіргі таңдағы жеке-жеке проблемаларына арналған кеңестік және батыстықтардың еңбектерін зерттеу мен оларды пайдалану қазақ диаспорасына қатысты қазақстандық тарихнаманының «ақ таңдақтарын» толтыруға мүмкін.

Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Аламаты:Ғылым, 1997., 3-13 беттер

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қаза диаспорасына тән қасиеттер?

  2. Батыс саясаттану ғылымында бөлінген миграция теориясының үш тобы?

  3. Миграцияның параметрлері?

  4. «Қазақ диаспорасы» мәселесінің зерттелуінің неше кезеңі бар?

  5. Кеңес дәуірінде не себепті «диаспора» мәселесі жабық тақырып болды?

  6. Қазақтардың Жоңғар хандығымен қатынастар тарихы баяндалған фундаментальды еңбек?

  7. Өздерінің зерттеулерін Шыңжандағы, Тибеттегі, Үндістандағы және Пәкістандағы қайғылы оқидан кейін бірден1950 ж.ж. жүргізген батыс ғалымдары және олардың зерттеулері?

  8. «Руководство и политическое размещение в казахском обществе Синьцзяна» деген тақырыпта 1955ж. Гарвард университетінде қорғаған докторлық диссертациясын қорғаған ғалым?

  9. Шыңжандағы қайғылы оқиғаны бастан кешірген немесе олардың туыстары жазған бірқатар зерттеулер мен мемуарлардың маңыздылығы?

  10. 1994 жылы Мендикулованың АҚШ-та болып, сонда қазақтармен-бұрынғы вермахтың әскери тұтқындары, қазіргі АҚШ-тың зейнеткерлерімен және азаматтарымен кездесуі баяндалған және Ресейдегі қазақ ирреденттері мен Батыс Еуропа елдеріне иммиграцияланған қазақ диаспорасы туралы мақалалары?

  11. Қашан Түркістанда қазақтардың Бүкіләлемдік Ассоциациясы, ҚР-ның Ғылым министрлігі - Ғылым Академиясының философия институты және Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық университеті ұйымдастырған «Қазақ диаспорасы: проблемасы мен жетістіктері» атты Халықаралық симпозиум болды?

  12. 1997 жылғы Б.М.Сужиковтың Линды Бенсон мен Ингвар Сванбергтің еңбектерінің аудармасы «Казахская диаспора: Проблемы этнического выживания» атпен жарық көрген еңбектің екі кемшілігі?

№4, 5, 6 дәріс

Тақырып:Тәуелсіз Қазақстан және қазақ диаспорасы.

Дәрістің мақсаты: «Менталитет» ұғымына, қазақ диаспорасына тән менталитетке, Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы, Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы арасындағы өзара қатынастарды терең танып-білу үшін құндылықтық деңгейдегі әр қилы байланыстарға тоқтала отырып, студенттерге қандас бауырластарымыздың сана-сезімін, дүниетанымын терең танып білуіне жағдай жасау.

Тірек сөздер: Нигилистену, маргинал, жаһандану, менталитет, бейсаналық, интеграция, репатриант этникалық кеңістік, т.б.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер. 2. Қазақ диаспорасы-тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық. 3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.