Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.

1935ж швед шығыстанушысы, дипломат Гуннар Ярринг Ауғанстанда болып, елдің солтүстігінде Кіші жүз қазақтарымен кездеседі. Оның мәлімдеуінше қазақтар Акче мен Андхой аудандарында өмір сүрген. Бірақ олардың көбін шығысындағы Ханабад округінен кездестіруге болады. Батыста Құндыз өзенінен Бурхан-уд-Диннің зерттеуінше, 200 үй қазақ Чахар-дара деп аталатын ауылдық жерде тұрған. Ал Ауғанстанның солтүстігі , яғни Ходжа Саларға жақын жердедегі қазақ тұрғындары туралы 1820 жылы Муркрофот және Требек айтып өткен.

Ауғанстандағы қазақтар жөнінде терең мәліметтерді Франц Шурман өзінің «Ауғанстан монғолдары» монографиясында келтіреді: «Ауғанстандағы қазақтардың көп бөлігі ССР қашқындары болып табылады, олардың негізгі көп бөлігі Ханабад және Андхой қалаларында тұрған және қала люмпенпролетарят категориясына жатқан. 500-дей қазақтар Гераттағы Казах-Сарай деп аталған жерде тұрды.Франц Шурманның мәліметінше қазақтардың аталған топтары Амударияға жақын Қара-көл мен Дивани Багх маңындағы Қызыл-рабаттан қашып келген.Осы қазақтар 19 ғасырдың ортасына дейін түркімен тайпасы-иомудтармен сыйыспай Қарақұм аумағында көшіп жүрген.Ұжымдастыру басталған кезде қазақтардың тобы Қызыл-Рабатты тастап Керкеге келеді. Ауған шекарасыннан өткен қазақтар Андхойға келеді,онда 1 жыл тұрақтаған қазақтарды 1929ж ауған билеушілері Нимруз провинциясындағы Чахансурдың оңтүстігіннен жер бөліп береді.Бұл жер ауған билеушілеріне қажет емес жер еді. Информатордың мәліметінше қазақтардың көбі бұл жерге барудан бас тартып, Түркістанға қайтып келген.Чахансурде қалған қазақтар ыстыққа шыдай алмай өліп қалған.Чахансурде 1-2жыл тұрған қазақтар бұрын көп жыл тұрған Герат ауданына оралуға рұқсат алды. Олар Гератта жүн өңдеумен және сатумен, аз бөлігі қолөнермен айналысты. Сәуір революциясы алдында 1978 ж Кабулдағы кейбір қазақтар өз қолында бүкіл бакалеялық сауданы өз қолында ұстады

1960 ж қазақтар Ауғаныстандағы Акче, Андхой Ханабад, Құндыз, Бағылан және Герат провинциясы мен Фарах облысында тұрған. Кеңес дерек көздерінде ұлы қазақтардың тек Ауғаныстан аудандарында тұрғаны айтылып, оларды саны туралы мәлімет жоқ

Американ дерек көздерінде 1978 ж ауғаныстандағы қазақтардын саны 20 мынға жуық деп көрсетілді. Швед орталығының Упсалы университетінің мульти этникалық зерттеулері бойынша 1978 ж Ауғаныстандағы қазақтар саны 24 мын адамға жетті, бірақ кеңес жасақтары осы елге енгізіп және әскери қимылдардын бастауы кезінде ауғаныстанды 10 жыл шамасында мекендегендер үлкен топ қырғыздарымен бірге елді тастап Пакистандағы қашқындар лагеріне және 70 мыңдай отбасы Турцияға қашқан ҚР –дағы репотриациядан кейін 300 мын жанұя ҚР қайта оралды.

Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.

1950 жылы 15 наурызда Гозкөл ауданында Құсайын Тәйжі мен Әлібек Кәкім үйінде қонақ болған Үрімжіге келген АҚШ-тың Вице-елшісі Дуглас Маккернан еді. Ол елге Қытай коммунистік Сегізінші армиясы басып кірген, 1949 жылы 11 қыркүйекте кетіп тынды Үрімжіден Газкөлге дейін ат немесе түйеде 14 күде жетуге болады. Макернан жолда 5 ай жарым болды қасындағы америкалық Франк Бессак 1949-50 ж. қыста олар лагерьде өмір сүретінін жазды.

Мәнжүр Тәйжінің айтуынша Д.Маккернан Газкөлде Құсайын Тәйжінің үйінде қонақтаған.

Д.Маккернан Әлібек Кәкіммен жақсы таныс болған және Алтын тауды арқылы Тибет шекарасына жету үшін ат пен бірнеше кісі сұраған. Жолаушылар жолға шығып Дуглас Ә.Кәкімге 5 доллар беріп және тағы да кездесетінін туралы айтып, Газкөлді артқа тастады. Алайда 1 аптадан соң, Әлібектің жіберген 2 кісісі қайтып келіп, досының 3 күннен кейін оларды жіберіп қойғанын айтты.

Әлі күнге дейін Дугластың өмірге тұрарлық бұл шешімі жауапсыз қалып отыр. Оны 1950 жылы Тибетте Тибет шекарашылығы мерт қылған Далай-Ламаның бұйрығымен Д.Маккернанды Тибетке кіргізуге құқылы болып, алайда бұйрық бұл жерге және сол уақытқа жетпеген болуы керек. Екінші америкалық Франк Бессак аман қалған. 1952 жылы қаңтарда Сарай Софакедел лагерінде болып, қытай коммунистерінен қорғану үшін Кашмирге қашқан Құсайын Тәйжі өзінің америкалық досының тағдырын білгісі келіп, Ирандағы Америка елшілігіне және бұл Үрімжіге Америка елшісі болған. Дж .Хол Пәкстанға хат жіберді. 1952 жылы 11 ақпандағы хатта Макарненаның 1950 жылы көктемде Тибет шекрасында өлтірілгені туралы айтылады.

Годфри Лиас бұны Қытай өкіметінің провокациясы деп түсіндірді. Ал оны көргендер былай түсіндіреді: шекарашылар тек бір американдықты айттты. Д.Макарнен Қытай коммунистері үшін аса қауіпті болды. Себебі ол Шыңжандағы барлық шынды оқиғаларды білді. Қазақтар Үнді мен Пәкістанге Тибет арқылы қайтканда олар Д.Макернанның ойы жайлы білмей, керісінше Д.Макернан оларға Индостан түбегі арқылы өтуге көмектеседі деп білді. Алайда бәрі де басқаша болды.

Орталық Азиядағы Орыс –Қытай мемлекеттік- шекаралық қатынастары.

ХІХ ғасырдың бірінші ғасырында Ресей Қазақстан мен Орта Азияны отарлап, Ресейдің жаңа жер иеліктері Қытайдың Цинь империясының иеліктеріне дейін жетті. Ол мемлекете аралық кейбір мәселелердің, атап айтсақ, орыс – қытай сауда қарым-қатынасының , Орталық Азиядағы шекаралық жер мәселесін шешу жағдайы туды.

1860 жылдың 2 қарашасында Пекин келісім шарты Ресей мен Қытай арасындағы Орталық Азияда шекаралық қатынастарды реттеу үшін алғашқы ресми құжат болып қабылданып, ол 1864 жылы Чугучак протоколында нақтыланды. Пекин келісімінің екінші бабында шекаралық сызық көрсетіліп, ол Енисейдің арнасынан өтіп арнайы ежелгі қойылған белгі Шабин-дабагадан Том және Енисей генерал – губернаторлығының шекарасына дейін, оңтүстік- батыста Зайсан өзені , Жоңғар Алатауы, Іле өзенін кесіп өтіп, сосын Тянь-Шаньнан Қоқан билігіне дейін жетті.

Батыстағы екі ел арасындағы шекара сол жерде Қытай күзетші қақпасы көп уақыт бойы тұрғанымен әлі де шешілмегендігі жөнінде 1860жылғы Пекин шартының екінші бабында айтылған.

Бұл қақпалар Цин империясының Жоңғар хандығын жаулап алғанынан кейін біріншіден, аймақтың қазақ көшпенділері мен басқа халықтарының ішінде өздеріне қарсы күш ұйымдастырмау үшін , екіншіден, Аспан асты империясына бағынбаған қазақтарды көшпенділер территориясына енгізбеу үшін пайдаланылды. Цинь империясы жаулап алған жерлерінің солтүстік батыс – бөлігінде үш түрлі күзет қақпасын қойды:жыл бойғы, маусымдық немесе альтернативтік, уақытша немесе арнайы. Осы пикеттердің қандай да болмасын территорияда орналасуы және кейін қытай тарихшылары билеуші таптың саяси нұсқауын орындап сол жерлерді Қытай мемлекетінің территориясына енгізуі Орталық Азияның халықаралық тарихына түсініксіздіктер әкелді.

1864 жылы 25 қыркүйекте Чугучак протоколында екі мемлекет арасындағы жер бөлінісі өте нақты өткізілді. Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы шекаралық –мемлекеттік бөлінісі сол жерде тұратын халықтың экономикалық, этнопсихологиялық, саяси жағдайына қарап емес, географиялық принцип бойынша бөлінді. Оны Чугучак келісімінің 5- пункті көрсетеді: «Екі мемлекеттің достық қарым-қатынасының арқасында екі мемлекеттің қазіргі иелігіндегі жерлердің халқын сол тұрған жерінде қалдырып, өмір сүре берсін, қай мемлекеттке көшпенді ел түссе, жерімен бірге адамдарын да сол мемлекет басқарады. Егер қандай да болмасын себеппен тұрғындар екінші жаққа өтіп кетсе , ол кейін қайтарылсын, және шекарада ешқандай түсініспеушілік , белгісіздік болмасын». Осының нәтижесінде Қытайда қазақ ирреденті пайда болды .

Ресей мен Қытай арасындағы Орталық азиядағы мемлекеттік шекара бірнеше рет өзгертілді. Чугучак келісімінен кейін бірнеше жылдан соң 1864 ж. басталған Синцзяньдағы халықтық –азаттық қозғалыстан кейін , Ресей шекара белгісін өзгертуді ұсынды . Соның нәтижесінде 1869 ж. Хобда келісімі, 1890 жылы Тарбағатай келісімі жасалды.

Якуб –бектің мемлекеті мен «Іле сұрағы» Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай арасындағы территориялық-мемлекеттік жер бөлісуде маңызды рөл ойнады.Синьйзяндағы нехан халықтарының (дүнген, ұйғыр, қазақ ,қырғыз және т.б.) Цинь империясына қарсы Халықтық – азаттық көтерілісі дүниежүзілік қауымдастыққа естіліп, Орталық Азиядағы оқиғалар мен қарым-қатынастардың дамуына әсерін тигізді. 1864 жылы 7 маусымда Кучар қаласында дүнгендер бастаған көтеріліс бүкіл Синьцзянға тарап , оған бүкіл нехан халықтары қатысты. Көтерілістің нәтижесінде Синьцзяндағы Манчжоу- го әскери – бюрократтық билігі құлады. Осы оқиға билеушілердің сол кезеңде қытай үкіметіне көмектесетін әскери күші жоқ екенін, Қазақстан мен Орта Азия халықтарының түсініспеушілігіне алып келетінін сезіп, қауіптенді. Цинь үкіметінің манчжурға қарсы көтеріліске шығушыларды басуға көмек сұраса да, Ресей үкіметі Цинға қарсы күресте араласпау саясатын ұстанып көмек бермеді. Соның нәтижесінде 1865 жылы Манчжоу-го билігі жойылды.

Синьцзянда ұйғырлаР мен дүнгендердің бірнеше тәуелсіз мемлекеттік ұйымы пайда болды: орталығы Қашқар болған Йеттышаар, астанасы Құлжа болған Тараншы хандығы және орталығы Үрімші болған Дүнген сұлтандығы. Шығыс Түркістанның біраз бөлігінде орналасқан Йеттышаар мемлекеті әскери күші жағынан үлкен және күштірек болды. Мұндағы билікті қоқандының бағыныштысы, арнайы цинь империясына қарсы жіберілген аз жалдамалы әскері (68) бар Андижандық Мухамед Якуб-бек алды (1820-1877).

Якуб-бек Синьцзянь саяси сахнасына 1865 жылы ақпанда шықты. Қашқарияда Якуб-бектің билікті өз қолына алуына бірнеше себептер бар : біріншіден, Шығыс Түркістан халқы ұстанған мұсылман дінін қолдауы; екіншіден Манчжоу-го билеушілерінің апиын соғысының кесірінен (1839-1842)бұл жерді билей алмауы, 1858жылы Ағылшын-француз әскерлерінің Кантонды жаулап алуы, 1860 жылы Пекинді француз – ағылшын әскердерінің жаулап алуы, Тайпин көтерілісі (1850-1864); үшіншіден Ресей империясының солтүстік–батыс Қытайға, Орталық Азия аймақтарына әсері. Нәтижесінде Қазақстан, Орта Азиялық мемлекеттер және Синцзянь жапсарында 12 жыл өмір сүріп тек қана Қытай емес, Ресей мен Ұлыбритания санасатын мықты мұсылман мемлекеті құрылды.

1872 жылы дана саясаткер Якуб-бек жаңа мемлекетті мойындау үшін Константинопольға елшілік жіберді , ол ислам факторын пайдаланып өз билігін мойындатуға тырысты. Константинополь оған өзінің әскери миссиясын жіберіп, 1873жылдың басында мұсылман әлемінің өкілі ретінде-Якуб-бек мемлекетін мойындады. Қашғарияның жаңа басшысымен Оттомон империясынан басқа Ұлыбритания мен Ресей мемлекеті де көпжақты саясат(әскери және саяси) ұстанды.

Якуб-бек пен Ресей арасындағы қатынас төмендегідей қалыптасты.Қашғарияға билік басына келген сәттен бастап-ақ Якуб-бек ағылшын агенттіктерінің шебер араласуымен өзінің батыс көршісіне жек көрушілікпен қарады. Оның Ресейге қарсылығы Қоқанды, Тарашы хандықтарымен болған оқиғалардан көрінді. Ресейге Қашқардан гөрі Іле аймағы құнды еді, өйткені аймақтың жерінің құнарлығы мен маңызды орыс саудасының жүргізілуі империяға Іле (Құлжа ) өте керек болды. 1866 жылы қаңтарда Іле аймағын Абил-оғлы сұлтан басқарған дүнгендер басып алғаннан кейін өте тұрақты емес жүйе қалыптасты. 1870 жылы екі этникалық топ арасында келіспеушілік басталып, сауда тіаті тоқтатылып тасталды. Якуб-бек Іле аймағын алмақшы деген әңгімеден кейін манчжур билеушілерінің мүмкіндіксіздін пайдаланып, генерал Колпаковский басқарған өз әскерін Ресей Іле ауданына еңгізді.

Зерттеуші Тсинь-Юанның есептеуінше, ресей әскерінің Құлжаға енгізілуі Якуб-бекпен арадағы сенімсіздік және шамалы қатынастан болды. Пекиндегі Ресейдің елшісі Іле ауданындағы Цинь билеушілеріне көмекке , тәртіп орнату үшін кіргізілді деп есептелді деп баяндады. Британдықтардың Якуб-бекке жасаған көмегінен қорқып, Цинь империясы Іле ауданын қайтадан билеуге мүмкіндігі болғанша кетпеуге Ресей уәде берді. Онжылдықтар өткен соң, осы берген уәдесі үшін Ресей Іле аймағынан кетуге мәжбүр болды.

1871 жылы 22 маусымда қазақ – волонтерларының күшімен Ресей әскері күрессіз Құлжаны алды. Бұл жайды Британ империясы пайдаланып Якуб-бекті Ресейдің Орталық Азияда күш алмауына қарсы қоя білді .

Британдық Индия мен Ресей империясының арасында тұрған Якуб-бек мемлекетіне Британдықтардың назарының аууы жай нәрсе емес еді. Біріншіден, ағылшындар Ресейді Британдық Индияға жібергісі келмеді. Екіншіден, бұл аймақты ағылшындар ағылшын тауарларын өткізу орны және табиғи зат алудың көзі деп тапты. Үшіншіден, Қазақстан мен басқа Орта Азия мемлекеттеріне Якуб-бек мемлекеті өткел есебінде болды. Өз саяси ойынында британ үкіметі мұсылман Якуб-бекті көрші орыстарға қарсы сәтті қоя білді. «divide et impera»(бөліп ал да билей бер) деген өз нәтижесін Индияда беріп, екі ғасыр бойы отарлауды, езгіні, бытырап кеткен Үнді аралы мен халқының басынан кешкен саясатын Орта Азия мен Қазақстанға енгізе бастады. Ұлыбритания Якуб-бекке күшті мұсылман мемлекетін құруына көмектесе отырып және Қоқанды хандығындағы оқиғаларға араласып аймақтағы Ресей империясының билігін әлсіретуге тырысты.

Алайда британдықтардын күшті әскери көмек(әскери қару мен кеңесшілер) алса да Якуб-бек тәуелсіз билеуші болып қала берді. Бұл жайт британдықтардың кейіннен оның тұлғасына қызығушылығын төмендетті. Британдықтардың қызығушылығы 1874 жылы Якуб-бекпен сауда келісімі жасалғаннан кейін төмендеді, бұған себеп:1870-1073 жылдары Якуб-бекке жіберілген екі Британ миссиясын басқарған Симладағы ағылшын–үнді әкімшілігінің комисарының көмекшісі , көрнекті қайраткер Томас Дуглас Форсайттың (1827-1886) жасаған мәлімдемесі еді: «Индияның ісіне орыс әскерінің араласады деп қорқу керек емес. Себебі Қарақорымнан қиын өтетін тау және құм шөлдерінің әсерінен қандай да болмасын жақсы жасақталған әскер өте алмайды.» Осы мәлімдемеден кейін 1875 жылдан бастап британдықтар Якуб-бектен алшақтап, Цинь үкіметіне көмектесе бастады.

Үлкен шет елдік қарыздың көмегімен Циндіктер Синцзян аймағын қайтару үшін императордың генералы Дзо Цзутан басқарған (1812-1885)

басқарған Орталық және Солтүстік Қытайдың Тайпин және Няньцзун көтерілісін аяусыз жаншуымен есте қалған экспедициясын жіберді .Якуб-бектің 17 мың әскеріне қосылған 10 мың дүнген сарбаздарына 178 батальоннан құралған 89 мың адамын қытай билеушілері қарсы қойды. Қытай әскерлері Крупп фирмасынан шыққан күшті оқ қаруларымен жабдықталып, оған қарсы шығу мүмкін емес еді. 1876 жылдың 18 тамызында қытай әскерлері үрімшіні алғаннан кейін, Якуб-бектің тағдыры түсінікті боды. 1877жылдың сәуірінде Тұрпан маңында бірінші шайқас болды, содан кейін Токсундағы шайқасты Якуб-бек жеңіліске ұшырап, ұрыс алаңынан қашты, әскері қоршауда қалды. Ал қашқар билеушісі болса Қорлы қаласына келіп, сонда 1877 жылы мамырда белгісіз себептермен қаза тапты. Ал 1877 жылы Қашқар толықтай қытай әскерінің қолына өтті.