- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В011400 - Тарих
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 1
- •Барлығы – 90 сағат Орал, 2012ж.
- •13.09.2012 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2.1 Пән туралы мәлімет
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сағат
- •9 Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •11 Апта
- •21 Кредит сағат
- •13 Апта
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •14 Апта
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •15 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •4.1 Әдебиеттер тізімі.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері
- •2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы
- •1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.
- •2. Қазақ диаспорасы – тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық.
- •3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.
- •1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері.
- •2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.
- •3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.
- •1. Ресей қазақтары.
- •2. Монғолия қазақтары.
- •3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.
- •7. Курсты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
- •1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- •1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •Түркиядағы қашқын қазақтар
- •Ресейдегі қазақ диаспорасы
- •Шетелдегі қазақтар
- •Қазақстан және "қазақ диаспорасы."
- •Орталық Азиядағы Циндік Қытай мен Ресей империясының арасындағы түпкілікті шекараның орнауы.
- •1930 – 1940 Жж Синь Цзяндағы кеңес ықпалының өсуі.
- •Моңғолиядан қазақтардың репатриациялануы.
- •Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
- •1720-40Ж. Ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.
- •Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан Жаналтайдың Пәкістанға келуі.
- •Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.
- •Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.
- •Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.
- •Хviii ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.
- •Столыпиндік аграрлық реформа.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Хүіі-хүііі ғ.Ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.
- •Мұстафа Шоқай.
- •Ұлы Отан соғысы және соғыстан қайтпағандар мәселесі.
- •8. Ожсөж өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.
- •Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.
- •Казахстан. История возникновения и развития казахской ирреденты и диаспоры.
- •900 О Концепции репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Концепция репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Раздел 1. Цель репатриации и ожидаемые результаты
- •Раздел 2. Государственный миграционный фонд
- •Раздел 3. Организация репатриации
- •Раздел 4. Работа с казахской диаспорой за рубежом
- •Раздел 5. Подготовительная работа к репатриации
- •Раздел 6. Работа с репатриантами внутри страны
- •2. Обеспечение жильем
- •3. Трудоустройство репатриантов
- •4. Социальное обеспечение репатриантов
- •5. Специальное обучение репатриантов
- •6. Обеспечение доступности социальной сферы
- •7. Другие вопросы, связанные с работой с репатриантами внутри страны
- •9. Реферат тақырыптары
- •Мазмұны.
- •10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған
- •11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •11.1 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
- •11.2 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
- •13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.
Ұлы Отан соғысы және соғыстан қайтпағандар мәселесі.
Қазақстандық тарихнамада қайтпағандар мәселесі – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін белгілі бір себептермен Отанына қайта алмаған адамдар, іс жүзінде жарияланған жоқ. Бұның себебі нақты мәліметтердің жоқтығы. Бүгінгі таңда «Адам ата-анасыз бола алады, бірақ Отансыз бола алмайды» деген қазақ мақалы, соғыс көптеген адамдарды Отанынан, тума-туысқандарынан айырып, тағдырларын түбірімен өзгертіп, қайғы-қасірет әкеліп, өмір үшін күресте қара жұмыспен жазаланды.
Осы адамдардың тағдырында ортақ және спецификалық белгілерін табуға болады, бірақ оларды бір нәрсе біріктіреді: олар — соғыстың барлық қайғы-қасіретін көрген, әскери тұтқындарға арналған концентрациялық лагерьлерде өмірге өте қауіпті жағдайларда тірі қалған, Отанын естен шығармаған және Отанына сатқындық жасамаған әскери тұтқындар.
Қазақстандық тарихнамасында Түркістан легионы мәселесі ерекше орынға ие. Жарты ғасырдай уақыт өткеніне қарамастан бұл мәселеге көзқарас қоғамда әлі де бірыңғай емес. Аға ұрпағымыздың кейбір адамдарының легионерлерге деген жағымсыз сезімі түсінікті. Өйткені фашизм оларды «баррикаданың әр түрлі жағына» бөліп тастады, Ұлы Отан соғысы фронттарында оларды әскери қарсылас етті. Бұл әлі күнге дейін кеңес коммунистерінің аға ұрпағына тән батырлық максимализмі үшін кешірілмейді. Бұндай қатынастарды түсінуге де түсіндіруге де болады. Алайда әрбір адамның өз тағдыры барын , әсіресе соғыста ұмытпау керек, сондықтан бәріне «сатқынсың» деген айып тақпау керек, өйткені оларды тағдыр Отанынан айырып, жат жерде көп онжылдықтар бойы өмір сүрумен жазалады.
Қатарында қазіргі уақытта шетелде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының кейбір өкілдері болуы мүмкін Түркістан легионы туралы тарихи шындық әлі де өзінің зерттелуін күтуде, өйткені арнайы жабық мұрағаттарда сақтаулы құжат деректеріне рұқсаттың болмауынан автор бұл мәселені толық зерттей алмады. Сондықтан тек қана ғылыми әдебиеттерден жинақталған мәліметтер ғана келтіреді.
1941 жылы 30 желтоқсанда вермахттың Жоғарғы Командованиесі мынаны ұйымдастыруға бұйрық берді: а) Түркістан легионын, келесі ұлт өкілдерінен тұрады: түркмендер, өзбектер, қазақтар, қырғыздар, қарақалпақтар мен тәжктер; б) «Кавказ-мұсылман легионын», құрамында әзербайжандар, дағыстандар, ингуш, лезгин және шешендер болды; в) Грузин легионын, және г) Армян легионын. «Еділ-татар» және «Солтүстік-кавказ» легиондары 1942 жылы құрылды. Түркістан легионының ұйымдастырылу бастамасында Мұстафа Шоқай тұрды. Ол шығыс түркістандық әскердің КСРО-ға қарсы әрекеттерге Орал тауларын өткеннен кейін, яғни Қазақстан территориясы мен Орта Азия территориясында қатысады деген шарт қояды. Бірақ 1941 жылдың 21 желтоқсанында Мұстафа Шоқайдың қайтыс болуына және легион басшылығына Уәли Қайымханның келуіне байланысты бұл шарт орындалған жоқ, Түркістан легионы кеңес фронтына жіберілді. 1942 жылы 2 мамырда Түркістан легионы Брянск орманында кеңес әскерлерімен соғысты. 1944 жылы соғысқа қатысқан түркістан легионерлерінің саны 181402 адам, әскери әрекеттерге қатыспағандар шамамен 85 мың адам болды, қоса есептегенде 267 мың легионерді құрады. Бәріне белгілі Түркістан легионында қазақтар саны бойынша өзбектерден кейін екінші орында болды. 1944 жылдың соңына қарай шамамен 65 мың түркістандықтар өлтірілді және 900 легионер партизан отрядтарына қашты.
Бұл адамдардың тағдыры соғыста да, соғыстан кейін де әр түрлі болды. Кейбіреулері күтпегеніне, сенбегеніне, тексеруден өткізгеніне, легерьлерінде ұстағанына қарамастан Отанына оралды. Кейбіреулері Отанындағы тағдыры ащы болатынын сезіп, шетелдерде өмір сүріп, оралған жоқ.
1994 жылы АҚШ-тағы ғылыми іс сапары кезінде автор вермахттың бұрынғы әскери тұтқындары, қазір АҚШ азаматтары қазақтармен танысуға сәті түскен. Автордың айтуынша, қазақ респонденттері, Түркістан легионының әрекетіне қатысқанын растаған жоқ.
1994 жылдың қазан айында автор арнайы Нью-Йоркке бұрынғы отандастары Күнтуған Байзелбек пен Мұхтар Қарабаймен кездесу үшін келеді.Үшінші ақсақал — Ата Бек-Тілеген Иманбайұлы, сол кезде Қазақстанға кетіп қалған, сондықтан онымен көрісе алмады. Бірақ «Жалын» журналында «Америкаға көшіп кеткен Ата Бек» атты естелігі жарық көрген. Оны оқи отырып бұл адамның өмірімен танысуға болады.
Америка ақсақалдары өткен жылдарын қайта бастан кешкендей болып, еске түсіріп, тағдыр қиыншылықтары туралы баяндаған. Бұнда Қазақстаннан келген адамдарды құшағын жайып, жақсы қарсы алады. Алғашқы қажеттілік туған кезде көмекке дайын. Өзге этникалық ортада бірлік пен біртұтастық сезімі (этникалық, мемлекеттік, рухани, психологиялық және т.б.) адамға, әсіресе жат жерде бірден сезіледі және ұзақ сақталады. Сондықтан әрбір Қазақстаннан келген адам АҚШ-тағы қазақ диаспора өкілі үшін — Отанымен кезекті кездесуі іспеттес, 5-10 жыл бұрын мүмкін болмаған той секілді. Сондықтан да мен сізді осы адамдардың тағдырымен толығырақ таныстырғым келеді.
Күнтуған Байзелбек 1921 жылы Түркістан қаласында байлар отбасында дүниеге келді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін оны 1927 жылы қуғынға ұшыраған Асылбек ағасы асырап алған. Күнтуған 1939 жылы Шымкент облысы Жетісайға көшеді, содан 1942 жылы 15 сәуірде әскерге шақырылды. Үш ай оқудан кейін оның бөлімшесі Кавказдағы әскери әрекеттерге енді. Бұл С. М. Буденный басқарған Солтүстік-Кавказ фронты әскерінің атақты Армавир-Майкопск операциясы болды.
Кеңес ақпарат бюро топтамасының мәліметтері бойынша кеңес әскерлері жауларына территорияны бере отырып, қатаң әскери қақтығыстарда оның адамдарын және техникасын жойды. Қарсыластар 100-120 км-ге алға жылжыды, бірақ Қара теңіз жағалауларына Туапс қаласы ауданына өте алмады. Жағалауға апаратын тау баурайларына өтер жолдар қоршалып, кеңес әскерлерімен ұсталды. Солтүстік-Кавказ фронтының бұндай әрекеттері Закавказье фронты әскерлеріне Терек, Баксан өзендерін және Бас Кавказ жотасын қорғанысқа алуға мүмкіндік берді. 1942 жылдың 15 қыркүйегінде Краснодар ауданындағы Майкоп қаласында Күнтуған Байзелбек қоршауға алынып, көп ұзамай 14 әскерімен тұтқындалды. Тұтқын бола тұрып Чехословакияда болды. 1944 жылы сәуірде Күнтуған жараланып, Баварияға ауруханаға жіберілді. Онда ол бір жыл бойы болды.
1945 жылы мамырда соғыс аяқталғаннан кейін Күнтуған Байзелбек ауруханадан Дахау қала маңындағы лагерьге жіберілді. Онда одақтастар әскерлері әр түрлі елден жұмысқа әкетілген жараланғандар, бұрынғы әскери және жұмысшылар жиналды. Мұнда сонымен қатар Түркістан легионынан адам көп болды. Отанға оралу үгіт-насихаты басталды, Дахау лагеріндегі әскери тұтқындар үйлеріне жинала бастады.
Күнтуған Байзелбек айтуы бойынша 1945 жылы 15 қарашада түркістандықтар болған 32 вагоннан тұрған эшелон Отанына аттанды, бірақ бұрынғы рейх шекарасында неміс әскерлерімен өртелді. Күнтуғанның өзін бұл эшелонға жіберген жоқ, өйткені ол әлі де толық жазылған жоқ. Бірнеше күннен кейін Дахау лагеріне осы эшелонда өртке ұшыраған өзбек келіп, қайғы туралы айтты. Күнтуған Байзелбек және тағы 14 түркістандық әзірге оралмауды шешті. 1946 жылы ол полиция департаментінде американдықтарға жұмыс істеді, кейін оны түрік деп жазып алады, және бұрынғы 14 әскери тұтқындармен және жұмысшылармен Түркияға көшті.
Еуропа мен Азия шекарасында орналасқан, түрлі мәдениет пен өркениеттер тоғысында жатқан Түркия, соғыстан кейінгі жылдары туған жеріне оралуға мүмкіндігі жоқ түркі тілдес халықтарының өкілдері үшін «земля обетованная» болып кетті. Мәдени, тілдік, психологиялық, географиялық (Германияға басқа түркі тілдес мемлекеттердің ішінде жақынырақ орналасқан) көрсеткіштер бойынша Түркия «үшінші рейхтан» бұрынғы әскери тұтқындар-түркістандықтар көшіру үшін ең қолайлы вариант болды. Екінші дүниежүзілік соғыс фронтында Түркия әскери әрекеттерге қатысқан жоқ. Ол Германияға 1945 жылы 23 ақпанда соғыс жариялады, бірақ түрік үкіметінің айтуынша бұл әрекет кейін БҰҰ құрылтайшы-мемлекеті қатарында болу үшін жасалды. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің шешімі бойынша құрылтайшылар қатарына Германияға 1945 жылдың 1 наурызына дейін соғыс жариялаған елдер кірді.
Соғыстан қирамаған стратегиялық, географиялық және саяси қатынаста қолайлы жағдайды иемденген Түркия АҚШ-тың назарын аударды. 1947 жылы 12 наурызда президент Г. Трумэн АҚШ конгресіне Түркияға әскери көмек туралы жолдауын жолдады. Осылайша атақты «Трумэн доктринасы» дүниеге келді. Онда Түркия мен Грецияға кеңестер жағынан қысым күшті болды, және американ үкіметі АҚШ-тың қауіпсіздігі үшін ауадай қажет Түркия мен Греция тәуелсіздігін сақтау керектігі айтылады. 1947 жылы мамырдың ортасында АҚШ-тың Конгресі экономикалық және әскери көмек үшін 400 млн. шығынды бекітті; оның 1млн. Түркияға берілді. Бұл американдықтардың Түркияның қауіпсіздігіне және игілікті тұрмысына қызығушылығының артуын білдіреді.
1948 жылы Батыс Еуропаның 16 еліне экономиканы қалпына келтіруге және соғыстан кейінгі жағдайды жою үшін несие түрінде америкалық көмек берілді. Маршалл жоспары бойынша мұндай көмекті Түркияда алды.
Түркияда шамамен 5 жыл өмір сүрген Күнтуған Байзелбек 1952 жылы американдықтармен 5 жылдық келісімге қол қойды және Канадамен шекарадағы Итака қаласына көшіп кетеді. Ағылшын тілін меңгеріп, екі баласын мектепке орналастырады. Келісімнің аяқталуынан кейін Нью-Йоркте өмір сүреді, онда таксист болып зейнетақыға дейін жұмыс жасайды. Қазір Күнтуған Байзелбек жолдасы Ханни екеуі Бруклинде тұрады. АҚШ азаматы болып, американдық заңмен анықталған зейнетақы мен жеңілдіктер алады.
Қазақстанға К. Байзелбек тек қана 1998 жылы келді. Ол Алматыда болды, 1990 жылы өзінің екінші сапарында Жетісайда болады. Онда ол көп жыл көрмеген жақын туыстарымен кездеседі.
Орталық Азиядағы Орыс – Қытай мемлекеттік - шекаралық қатынастары.
ХІХ ғасырдың бірінші ғасырында Ресей Қазақстан мен Орта Азияны отарлап, Ресейдің жаңа жер иеліктері Қытайдың Цинь империясының иеліктеріне дейін жетті. Ол мемлекетте аралық кейбір мәселелердің, атап айтсақ, орыс – қытай сауда қарым-қатынасының , Орталық Азиядағы шекаралық жер мәселесін шешу жағдайы туды.
1860 жылдың 2 қарашасында Пекин келісім шарты Ресей мен Қытай арасындағы Орталық Азияда шекаралық қатынастарды реттеу үшін алғашқы ресми құжат болып қабылданып, ол 1864 жылы Чугучак протоколында нақтыланды. Пекин келісімінің екінші бабында шекаралық сызық көрсетіліп, ол Енисейдің арнасынан өтіп арнайы ежелгі қойылған белгі Шабин-дабагадан Том және Енисей генерал – губернаторлығының шекарасына дейін, оңтүстік- батыста Зайсан өзені , Жоңғар Алатауы, Іле өзенін кесіп өтіп, сосын Тянь-Шаньнан Қоқан билігіне дейін жетті.
Батыстағы екі ел арасындағы шекара сол жерде Қытай күзетші қақпасы көп уақыт бойы тұрғанымен әлі де шешілмегендігі жөнінде 1860жылғы Пекин шартының екінші бабында айтылған.
Бұл қақпалар Цин империясының Жоңғар хандығын жаулап алғанынан кейін біріншіден, аймақтың қазақ көшпенділері мен басқа халықтарының ішінде өздеріне қарсы күш ұйымдастырмау үшін , екіншіден, Аспан асты империясына бағынбаған қазақтарды көшпенділер территориясына енгізбеу үшін пайдаланылды. Цинь империясы жаулап алған жерлерінің солтүстік батыс – бөлігінде үш түрлі күзет қақпасын қойды:жыл бойғы, маусымдық немесе альтернативтік, уақытша немесе арнайы. Осы пикеттердің қандай да болмасын территорияда орналасуы және кейін қытай тарихшылары билеуші таптың саяси нұсқауын орындап сол жерлерді Қытай мемлекетінің территориясына енгізуі Орталық Азияның халықаралық тарихына түсініксіздіктер әкелді.
1864 жылы 25 қыркүйекте Чугучак протоколында екі мемлекет арасындағы жер бөлінісі өте нақты өткізілді. Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы шекаралық –мемлекеттік бөлінісі сол жерде тұратын халықтың экономикалық, этнопсихологиялық, саяси жағдайына қарап емес, географиялық принцип бойынша бөлінді. Оны Чугучак келісімінің 5- пункті көрсетеді: «Екі мемлекеттің достық қарым-қатынасының арқасында екі мемлекеттің қазіргі иелігіндегі жерлердің халқын сол тұрған жерінде қалдырып, өмір сүре берсін, қай мемлекеттке көшпенді ел түссе, жерімен бірге адамдарын да сол мемлекет басқарады. Егер қандай да болмасын себеппен тұрғындар екінші жаққа өтіп кетсе , ол кейін қайтарылсын, және шекарада ешқандай түсініспеушілік , белгісіздік болмасын». Осының нәтижесінде Қытайда қазақ ирреденті пайда болды .
Ресей мен Қытай арасындағы Орталық Азиядағы мемлекеттік шекара бірнеше рет өзгертілді. Чугучак келісімінен кейін бірнеше жылдан соң 1864ж басталған Синцзяньдағы халықтық –азаттық қозғалыстан кейін , Ресей шекара белгісін өзгертуді ұсынды . Соның нәтижесінде 1869 ж. Хобда келісімі, 1890 жылы Тарбағатай келісімі жасалды.
Якуб –бектің мемлекеті мен «Іле сұрағы» Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай арасындағы территориялық-мемлекеттік жер бөлісуде маңызды рөл ойнады.Синьйзяндағы нехан халықтарының (дүнген, ұйғыр, қазақ ,қырғыз және т.б.) Цинь империясына қарсы Халықтық – азаттық көтерілісі дүниежүзілік қауымдастыққа естіліп, Орталық Азиядағы оқиғалар мен қарым-қатынастардың дамуына әсерін тигізді. 1864 жылы 7 маусымда Кучар қаласында дүнгендер бастаған көтеріліс бүкіл Синьцзянға тарап , оған бүкіл нехан халықтары қатысты. Көтерілістің нәтижесінде Синьцзяндағы Манчжоу- го әскери – бюрократтық билігі құлады. Осы оқиға билеушілердің сол кезеңде қытай үкіметіне көмектесетін әскери күші жоқ екенін, Қазақстан мен Орта Азия халықтарының түсініспеушілігіне алып келетінін сезіп, қауіптенді. Цинь үкіметінің манчжурға қарсы көтеріліске шығушыларды басуға көмек сұраса да, Ресей үкіметі Цинға қарсы күресте араласпау саясатын ұстанып көмек бермеді. Соның нәтижесінде 1865 жылы Манчжоу-го билігі жойылды.
Синьцзянда ұйғырлаР мен дүнгендердің бірнеше тәуелсіз мемлекеттік ұйымы пайда болды: орталығы Қашқар болған Йеттышаар, астанасы Құлжа болған Тараншы хандығы және орталығы Үрімші болған Дүнген сұлтандығы. Шығыс Түркістанның біраз бөлігінде орналасқан Йеттышаар мемлекеті әскери күші жағынан үлкен және күштірек болды. Мұндағы билікті қоқандының бағыныштысы, арнайы цинь империясына қарсы жіберілген аз жалдамалы әскері (68) бар Андижандық Мухамед Якуб-бек алды (1820-1877).
Якуб-бек Синьцзянь саяси сахнасына 1865 жылы ақпанда шықты. Қашқарияда Якуб-бектің билікті өз қолына алуына бірнеше себептер бар : біріншіден, Шығыс Түркістан халқы ұстанған мұсылман дінін қолдауы; екіншіден Манчжоу-го билеушілерінің апиын соғысының кесірінен (1839-1842)бұл жерді билей алмауы, 1858жылы Ағылшын-француз әскерлерінің Кантонды жаулап алуы, 1860 жылы Пекинді француз – ағылшын әскердерінің жаулап алуы, Тайпин көтерілісі (1850-1864); үшіншіден Ресей империясының солтүстік –батыс Қытайға, Орталық Азия аймақтарына әсері. Нәтижесінде Қазақстан, Орта Азиялық мемлекеттер және Синцзянь жапсарында 12 жыл өмір сүріп тек қана Қытай емес , Ресей мен Ұлыбритания санасатын мықты мұсылман мемлекеті құрылды.
1872 жылы дана саясаткер Якуб-бек жаңа мемлекетті мойындау үшін Константинопольға елшілік жіберді, ол ислам факторын пайдаланып өз билігін мойындатуға тырысты. Константинополь оған өзінің әскери миссиясын жіберіп, 1873жылдың басында мұсылман әлемінің өкілі ретінде-Якуб-бек мемлекетін мойындады. Қашғарияның жаңа басшысымен Оттомон империясынан басқа Ұлыбритания мен Ресей мемлекеті де көпжақты саясат(әскери және саяси) ұстанды.
Якуб-бек пен Ресей арасындағы қатынас төмендегідей қалыптасты.Қашғарияға билік басына келген сәттен бастап-ақ Якуб-бек ағылшын агенттіктерінің шебер араласуымен өзінің батыс көршісіне жек көрушілікпен қарады. Оның Ресейге қарсылығы Қоқанды , Тарашы хандықтарымен болған оқиғалардан көрінді. Ресейге Қашқардан гөрі Іле аймағы құнды еді, өйткені аймақтың жерінің құнарлығы мен маңызды орыс саудасының жүргізілуі империяға Іле (Құлжа ) өте керек болды. 1866 жылы қаңтарда Іле аймағын Абил-оғлы сұлтан басқарған дүнгендер басып алғаннан кейін өте тұрақты емес жүйе қалыптасты. 1870 жылы екі этникалық топ арасында келіспеушілік басталып, сауда тіаті тоқтатылып тасталды.Якуб-бек Іле аймағын алмақшы деген әңгімеден кейін манчжур билеушілерінің мүмкіндіксіздін пайдаланып, генерал Колпаковский басқарған өз әскерін Ресей Іле ауданына еңгізді.
Зерттеуші Тсинь-Юанның есептеуінше , ресей әскерінің Құлжаға енгізілуі Якуб-бекпен арадағы сенімсіздік және шамалы қатынастан болды. Пекиндегі Ресейдің елшісі Іле ауданындағы Цинь билеушілеріне көмекке , тәртіп орнату үшін кіргізілді деп есептелді деп баяндады. Британдықтардың Якуб-бекке жасаған көмегінен қорқып, Цинь империясы Іле ауданын қайтадан билеуге мүмкіндігі болғанша кетпеуге Ресей уәде берді. Онжылдықтар өткен соң ,осы берген уәдесі үшін Ресей Іле аймағынан кетуге мәжбүр болды.
1871 жылы 22 маусымда қазақ – волонтерларының күшімен Ресей әскері күрессіз Құлжаны алды. Бұл жайды Британ империясы пайдаланып Якуб-бекті Ресейдің Орталық Азияда күш алмауына қарсы қоя білді .
Британдық Индия мен Ресей империясының арасында тұрған Якуб-бек мемлекетіне Британдықтардың назарының аууы жай нәрсе емес еді. Біріншіден, ағылшындар Ресейді Британдық Индияға жібергісі келмеді. Екіншіден бұл аймақты ағылшындар ағылшын тауарларын өткізу орны және табиғи зат алудың көзі деп тапты. Үшіншіден, Қазақстан мен басқа Орта Азия мемлекеттеріне Якуб-бек мемлекеті өткел есебінде болды. Өз саяси ойынында британ үкіметі мұсылман Якуб-бекті көрші орыстарға қарсы сәтті қоя білді. «divide et impera»(бөліп ал да билей бер) деген өз нәтижесін Индияда беріп, екі ғасыр бойы отарлауды, езгіні, бытырап кеткен Үнді аралы мен халқының басынан кешкен саясатын Орта азия мен Қазақстанға енгізе бастады. Ұлыбритания Якуб-бекке күшті мұсылман мемлекетін құруына көмектесе отырып және Қоқанды хандығындағы оқиғаларға араласып аймақтағы Ресей империясының билігін әлсіретуге тырысты.
Алайда британдықтардын күшті әскери көмек(әскери қару мен кеңесшілер) алса да Якуб-бек тәуелсіз билеуші болып қала берді. Бұл жайт британдықтардың кейіннен оның тұлғасына қызығушылығын төмендетті. Британдықтардың қызығушылығы 1874 жылы Якуб-бекпен сауда келісімі жасалғаннан кейін төмендеді, бұған себеп:1870-1073 жылдары Якуб-бекке жіберілген екі Британ миссиясын басқарған Симладағы ағылшын –үнді әкімшілігінің комисарының көмекшісі , көрнекті қайраткер Томас Дуглас Форсайттың (1827-1886) жасаған мәлімдемесі еді: «Индияның ісіне орыс әскерінің араласады деп қорқу керек емес. Себебі Қарақорымнан қиын өтетін тау және құм шөлдерінің әсерінен қандай да болмасын жақсы жасақталған әскер өте алмайды.» Осы мәлімдемеден кейін 1875 жылдан бастап британдықтар Якуб-бектен алшақтап , Цинь үкіметіне көмектесе бастады.
Үлкен шет елдік қарыздың көмегімен Циндіктер Синцзян аймағын қайтару үшін императордың генералы Дзо Цзутан басқарған (1812-1885) басқарған Орталық және Солтүстік Қытайдың Тайпин және Няньцзун көтерілісін аяусыз жаншуымен есте қалған экспедициясын жіберді .Якуб-бектің 17 мың әскеріне қосылған 10 мың дүнген сарбаздарына 178 батальоннан құралған 89 мың адамын қытай билеушілері қарсы қойды. Қытай әскерлері Крупп фирмасынан шыққан күшті оқ қаруларымен жабдықталып, оған қарсы шығу мүмкін емес еді. 1876 жылдың 18 тамызында қытай әскерлері үрімшіні алғаннан кейін, Якуб-бектің тағдыры түсінікті боды. 1877 жылдың сәуірінде Тұрпан маңында бірінші шайқас болды, содан кейін Токсундағы шайқасты Якуб-бек жеңіліске ұшырап, ұрыс алаңынан қашты, әскері қоршауда қалды. Ал қашқар билеушісі болса Қорлы қаласына келіп, сонда 1877 жылы мамырда белгісіз себептермен қаза тапты. Ал 1877 жылы Қашқар толықтай қытай әскерінің қолына өтті.
