Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Мұстафа Шоқай.

Ол өзі Батыс Еуропада эммиграциялық орталық құрған көшбасшылардың бірі.Бұл 1920 жылдан бергі мәселе энтуазиасттардың, кейбір қоғамдық және ғылыми мекемелердің яғни Әлемдік қазақтар Ассоциациясы, Ғылым Министрлігінің тарих және этнология институты, Қ.Р. Ғылым Акадмиясы және Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті сияқты орындардың қолдауымен қазіргі таңда қазақ тарихында өзекті болып тұрған мәселе күн өткен сайын кең қанат жайып, шешімін тауып келеді.

1997 жылы Стамбулдан Мұстафа Шоқай мен оның әйелі Марияның «Мұстафа Шоқай Мария Шоқай естеліктері» атты мемуары жарық көріп, қазақ тіліне аударылды. Мемуардан бұл адамдар туралы жақынырақ білуге болады.

Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Ақмешіт ауданында, қазақ аристократиясы жанұясында дүниеге келген. Ол мұсылмандық мектепте керемет білім алып, одан кейін Ташкент гимназиясында оқып, Петербургтағы заң факультетіне түскен. Сол кезеңде Петербургте қазақ халқының біртуар ұлдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сералы Лапин және т.б. ұзақ жылдар бойы оның достары болған. Олар сондай- ақ барлық түркі халқын біріктіру және тәуелсіз Түркістан мемлекетін құрудағы орыс отаршылдығына қарсы күресте пікірлестері болған. Ақпан революциясына дейін Мұстафа – бей Петербургта болып, онда Мемлекеттік Думада Түркістан ісі бойынша мұсылмандар фракциясының хатшысы болып қызмет атқарады.

1917 жылы қарашада Қоқанда мұсылмандардың IV Бүкілтүркістандық төтенше съезі өтіп, Түркістан Автономиясын жариялады. Мұстафа Шоқай бірінші үкімет мүшесі болып, кейін премьер – министр болып тағайындалады. 1918 жылдың басында Қоқан автономиясы құлағанда Мұстафа Шоқай эммиграцияға ұшырайды.

Ғылым докторы Тахир Шағатай Мұстафа Шоқайдың Батыс Еуропаға эммиграциясы жөнінде айтуында : «Патшалық дәуірден қалған қолында күшті гарнизоны бар орыс большевиктік ұйымы жаңа ғана құрылған Ұлттық Түркістанды жоғарыдан әскери күшпен басып тастады. Содан кейін патшалық Ресейге қарсылықпен басталған Түркістандық Түрік Ұлттық күресі енді Большевиктік Ресейге қарсы күреске ұласты».

Түркістандық ұлтшылдар осы мәселені тиянақты қарастыра отырып Мұстафаны шет елге жіберіп еркін әлемде шетелдіктердің қамқорлығында болады деп ойлады. Міне, осындай мақсатта Кавказ және Истамбул арқылы Европаға жетіп Парижге тоқтаған Мұстафа Шоқай Версаль конференциясына көңіл аударады. Қайраткерлік жолын осылай елінен тыс жерде 20 жыл бойы өткізеді.»

Өзге жерде жүріп, Мұстафа Шоқай болып жатырған әлеуметтік, қоғамдық оқиғаларға көңіл аударуды өзінің негізгі мақсаты көрді. Ол түркістан халқының жағдайы жөнінде жалынды мақалалар мен Түркістанның тарихи өткені жөнінде ғылыми жұмыстарын жариялап, дәрістер мен пресстерге қатысты. Эммиграция жылдары оның 117- ден аса мақалалары шығып, ол 1917 ж. шілдесінен 1931 ж. қыркүйегіне дейін Стамбулда «Жаңа Түркістан» журналында жарияланды. Тіпті Мұстафаның 1929- 1939 ж.ж. аралығында Берлиннен шыққан «Жас Түркістан» атты баспа органы да ашылды. Профессор А.С.Тәкенов өзінің «Кеңес билігі астындағы Түркістан» кітабының бірінші шығарылымының алғысөзінде Қазақстандағы Мұстафа Шоқайдың өміржолын зерттеуші ретінде Мұстафа-бейдің өмірінің соңына дейін тәуелсіз ұлттық мемлекеттің құрылатыны ойынан еш қайтпағанын және оның ісінің барлығы да осы мақсатқа жетуге арналғанын айтады.

Париждегі (Франция) Шығыс Тілдер және Өркениет институтының кітапханасында сақталған Мұстафа Шоқай жөнінде мұрағатта сақталған материалдар мен құжаттарға сүйенсек, үлкен тарихи қызығушылық пайда болады. 1977 жылы бұл мұрағатта жұмыс істеген оқымысты Эдвард Лаззерини онда сақталынған құжаттарды құрастырып, толық жинағын шығарған. Мұрағатта Мұстафа – бейдің орыс, француз және түрік тілдеріндегі 1919- 1940 ж.ж. жазылған мақалалары сақталынған; Міржақып Дулатов және Өмір Төреғұлов көшірмелері; Ахмед Зеки Уалиди Тоғанға қатысты көптеген корреспонденциялар мен құжаттар; біз үшін аса құнды ІІ дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі әскери тұтқындардың тізімі, т.б. құнды мәліметтер әлі де өзінің зерттеушілерін күтеді. Берілген мұрағат құжаттарын асқан дәл зерттеусіз бұл керемет адам туралы тарихи шындықты жазу мүмкін емес.