Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195 Кб
Скачать
☆

21. Остеоартроз, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Остеоартроз – қол–аяқ, омыртқа бағанасы буындарының дегенерациялы – дистрофиялық ауруы. Бұл ауруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері жалаңаштанады, шеттік остеофиттер және екіншілік синовит дамиды. Негізінде, буын шеміршегінің дегенерациясы организмнің табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық процестің бірі. Остеоартроз жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады.

Даму тегіне қарай остеоартроздың біріншілік және екіншілік түрлерін айырады. Біріншілік түрі – бұрын зақымданбаған сау буын шеміршектерінің уақытынан ерте тозуы. Екіншілік түрі – бұрын болған зақымдардың салдарынан буын шеміршегінің жүре бара дамитын дегенерациялық бұзылысы.

Остеоартроздың этиологиясында ішкі және сыртқы факторларды айырады.

Ішкі факторлар:

  • дене бітімінің немесе қимыл-тірек жүйесінің кемістігінен буын беттерінің үйлесімділігінің жойылуы (қазтабан, qenu varum, qenu valgum, омыртқа бағанасының сколиозы, буын осінің ауытқуы, жалғамалардың осалдығы, сіңірдің созылуы т. б.) ;

  • буынға салмақ түсіретін семіздік;

  • эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, акромегалия, гипотиреоз, климакс);

  • метаболизмдік бұзылыстар;

  • буын шеміршегінің гендер кемістігінен осалдығы;

Сыртқы факторлар:

  • жарақаттар, микрожарақаттар;

  • түрлі заттармен улану;

  • физикалық ықпалдар (суықтану, ылғалдылық, сәулелену, вибрация);

Патогенезі: жоғарыда айтылған себептер әсерінен буын шеміршегі тез және ерте өзгеріске ұшырап “қартаяды”, яғни шеміршек өзінің серпімділігін жоғалтып, сызаттар пайда болады, бірте-бірте шеміршек жойылады. Буын бетіне күш түскенде буындар бір-біріне тығыздалып, ишемияға ұшыраған аумақ түзіліп, ол склерозданады, сүйектенеді, буын шеттерінде остеофиттер пайда болады.

Остеоартроздың дамуында келесі патогенездік сатыларды айырады:

1.гидрофильдік касиетінің төмендеуінен шеміршектің қүрғауы және жұқаруы;

2.шеміршектің жарылып, бөлшектенуі;

3.шеміршектің толык бұзылып, жойылуы, буын жігінің тарылуы;

4.сүйек эпифиздер бетінің жалаңаштануы;

5.компенсациялық реакция түрінде шеттік остеосклероз бен остеофитоздың дамуы;

6.буындардың деформациясы, сүйек бастарының ұясынан таюы, функциясының бұзылысы.

22. Подагра, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Подагра — пуриндік алмасу бұзылыстары салдарынан адам ағзасында зәр қышқылдарының жиналып, жедел артрит ұстамалары, кристаллиндуцирленген синовит, тіндерге ураттардың толып қалуымен сипатталатын ауру.

Подаграның пайда болу себептері:

-Зәр қышқылы синтезіне әкелетін пурин метаболизміне қатысатын ферменттердің генетикалық бұзылыстары. Генететикалық дефект саналу себебі зәр қышқылының экскрециясына жауап беретін бүйрек ферменттерінің гипофункциясы қалыптасқан. Подагра дамуына әкеледі:

-Пуриндік негіздерге бай тағамдармен артық тамақтану, етті тағамдар, ішімдік(сыра, шарап), , сүтті, балықты, уылдырықты, кофе, какао, шоколадты көп қолдану;

-Бүйрек қызметінің бұзылысы, липидті алмасу бұзылысы, лейкоз;

-Гиподинамия; Ішімдік; Аяққа түскен жарақаттар;

-Хирургиялық араласулар;

-Кейбір дәрілік заттарды қолдану — цитостатиктер, салуретиктер, туберкулезге қарсы заттарды ұзақ уақыт қолдану.

Патогенезі.Жедел подагралық қабыну басталғанда буын қуысында урат микрокристаллдары, комплемент жүйесінің белсенді компоненттері, кининдер жинала бастайды. Соның салдарынан қантамыр өткізгіштігі артып, эндотелийге нейтрофильдердің жабысуы және буын қуысына нейтрофильдер түседі. Буын қуысына нейтрофильдер түскен сәтте фагоцитоз процесі басталып, нейтрофильдер түскен жерге лизосомальды ферменттер мен цитокиндердің (ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, ФНО-альфа) жиналады. Урат кристаллдарының бүйрек каналшаларында жиналып қалуы подагралық нефропатияға әкеледі.

Подаграның дамуының 4 сатысы бар: 1.Подагралық артрит; 2.Тофустар ( жұмсақ тіндерде және шеміршектерде, сүйекте натрий кристалл ураттарының жинақталуы); 3.Подагралық нефропатия; 4.Уратты тастардың түзілуімен жүретін нефролитиаз.