- •1.Жедел ревматизмдік қызба, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •2. Жүрек ақаулары, анықтамасы, этиологиясы.
- •3.Митральді қақпақшаның жетіспеушілігінің этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •4.Митральды қақпақтарының тарылуының этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •5.Қолқа қақпақтарының жетіспеушілігінің этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі
- •6.Қолқа қақпақтарының тарылуының этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •7.Жедел ревматизмдік қызба, жіктемесі, клиникалық кеөріністері, диагностикалық критерийлері.
- •8.Жүрек ақаулары, жіктемесі, диагностикасы.
- •9.Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •10.Митральды қақпақтарының тарылуы кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •11.Қолқа қақпақтарының жетіспеушілігі кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •12.Қолқа қақпақтарының тарылуы кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы
- •14. Науқас и., 15 жастағы ер бала, ауруханаға әлсіздікке, шаршағыштыққа, субфебрильді температуратураға шағымданып түсті.
- •19. Остеопороз анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •21. Остеоартроз, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •22. Подагра, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •23.Реактивті артрит, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •24. Дәнекер тіннің диффузды ауруларының қатарына кіретін аурулар: жалпы анықтамасы және олардың ортақ белгілері.
- •25.Остеопороз, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •26. Ревматоидты артрит, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері
- •27. Остеоартроз, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері
- •28. Подагра, жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •29. Реактивті артрит, жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •30. Жүйелі васкулиттер, анықтамасы, жіктемесі.
- •37. Жүйелі қызыл жегі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •38. Дерматомиозит анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •39. Жүйелі склеродермия анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •40. Бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы) анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •41. Түйінді периартериит (Куссмауль-Майер ауруы) анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •42. Вегенер гранулематозы анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы.
- •43. Жүйелі қызыл жегі жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •44. Дерматомиозит жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •45. Жүйелі склеродермия жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •46. Бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы) жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •47.Түйінде периартериит (Куссмауль-Майер ауруы) жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •48. Вегенер гранулематозы клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
28. Подагра, жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
Патогенезіне қарай подагранын үш түрін айырады (метаболизмдік, бүйректік жөне аралас).
Метаболизмдік подагра. Подаграның бүл түрі ген кемістігінен болатын энзимопатияларға байланысты зәр кышкылының шамадан артық түзілуінен дамиды.
Бүйректік подагра. Оның негізгі себебі — зәр қышқылы экскрециясының азаюы. Подаграның бұл түріне зәр қышқылының тәуліктік экскрециясының азаюы (1,8 ммоль-ден кем) және бүйректен бөліну клиренсінің төмендеуі тән.
Аралас типті подагра. Подаграның бұл патогенездік түрі зәр қышқылы түзілуінің артуынан және экскрециясының төмендеуінен болады.
Клиникалық белгілері
Типті жедел ұстама ( 3-10 күн ) – кенет басталады, продромальды кезең болуы мүмкін (әлсіздік, субфебрилитет, бастың ауруы, артралгиялар). Ұстаманы шақырады: майлы тағам, алкоголь, суық тию, жарақат. Бірінші бақайдағы кенеттен басталған қатты ауырсыну, ауырсыну түнде басталады, буын ұлғаяды, терісі қызады, көкшіл –қызыл түсті болуы мүмкін тері түсі, түзілген томпаюлар (тофустар) тығыз болады. Ауырсыну кезінде дене қызуы 38-39° С дейін жоғарылайды. Подагра бірінші рет болса, бірінші табан фалангалық буын зардап шегеді. Бұл подаграның ең айқын белгілерінің бірі.
Подаграның негізгі белгілерінің бірі тофустар болып табылады. Тофустар дегеніміз – ураттар немесе жиналып қалған тұздар, дәнекер тіндерінен тұратын подагралық түйіндер. Орналасуы – құлақ қалқаны, білезік буыны, өкше, тізе, аяқтың бірінші бақайында , табанда, өкшеде, мұрынның шеміршегінде, қол басында -ұсақ буындар айналасында, саусақтың жұмсақ бөлігінде, бұдан басқа өкше сіңірі аймағында, синовиальді қапшықтарда кездеседі. Тофустарға қарап аурудың мерзімі мен ауырлық дәрежесін , гиперурекемия дәрежесін анықтайды. Орташа есеппен тофустар бірінші ұстамадан кейін 6 жылда түзіледі, кейбір науқастарда одан да ерте. Өлшемдері әртүрлі — түйреуіш басындай, кейде кішкене алмаға дейін. Жеке тофустар бірігеді де, үлкен конгломераттар түзеді.
Жеделдеу формасында моноартрит, шамалы ауырсыну, экссудативті көріністер байқалады. Жедел подагралық артриттің біріншілік ( ерте ) ұстамаларында моноартрит 85% байқалады. Моноартрит түнде немесе таңертең ерте кенеттен басталады. Ісіну тез ұлғайып, буын аймағындағы ауырсыну мен температураның жоғарлауы байқалады. Псевдофлегманозды формасында – айқын қабынулық көріністері бар кез келген локализациядағы моноартрит дамиды.
Ревматоидтәрізді нұсқа – ұсақ және орташа буындардың біріншілік зақымдануы, моно-, олигоартрит болады.
Подагранның диагностикалық критериилері
1.Буын сұйықтығында химиялық зерттеулер мен поляризацияланған микроскопия арқылы дәлелденген кристаллоидты ураттардың болуы
2.Тофустар болуы (дәлелденген), құрамында химиялық және поляризациялық микроскопиямен анықталған кристалдық ураттар болуы
өмендегі белгілердің 6 немесе 12 түрі болса:
Анамнезінде кем дегенде бір рет жедел артриттің шабуылы болса; Бірінші күні ауырғанда буынның қабынуы максимальді деңгейге жетсе; Моноартрит; Зақымдалған буын аймағында терінің гиперемиясы; Бірінші саусақ табанфалангты буынның ауырсынуы мен ісінуі; Бірінші саусақ табанфалангты буынның біржақты зақымдануы; Табан буындарының біржакты зақымдалуы; Тофустарға күдік болса; Гиперурикемия; Рентгенограммада зақымданған буынның ассиметриялық зақымдалуы; Рентгенограммада эрозияларсыз субкортикальды кисталардың болуы; Буын сұйықтығына себу жасағанда флораның болмауы;
Подаграның зертханалық тексерулері
1.Жалпы қан анализі кезінде – жедел артрит кезінде ЭТЖ (СОЭ) аздап жоғарлайды; 2.Биохимиялық қан анализінде – креатининді анықтау, зәр қышқылының деңгейі жоғарлайды;
3.Синовиальді сұйықтықтықты зерттеу кезінде – нейтрофильдер мен лейкоциттердің көбеюі.
4.Ең маңызды диагностикалық әдіс — поляризацияланған микроскопия арқылы натрий, урат кристалдарының анықталуы.
