- •1.Жедел ревматизмдік қызба, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •2. Жүрек ақаулары, анықтамасы, этиологиясы.
- •3.Митральді қақпақшаның жетіспеушілігінің этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •4.Митральды қақпақтарының тарылуының этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •5.Қолқа қақпақтарының жетіспеушілігінің этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі
- •6.Қолқа қақпақтарының тарылуының этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •7.Жедел ревматизмдік қызба, жіктемесі, клиникалық кеөріністері, диагностикалық критерийлері.
- •8.Жүрек ақаулары, жіктемесі, диагностикасы.
- •9.Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •10.Митральды қақпақтарының тарылуы кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •11.Қолқа қақпақтарының жетіспеушілігі кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •12.Қолқа қақпақтарының тарылуы кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы
- •14. Науқас и., 15 жастағы ер бала, ауруханаға әлсіздікке, шаршағыштыққа, субфебрильді температуратураға шағымданып түсті.
- •19. Остеопороз анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •21. Остеоартроз, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •22. Подагра, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •23.Реактивті артрит, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •24. Дәнекер тіннің диффузды ауруларының қатарына кіретін аурулар: жалпы анықтамасы және олардың ортақ белгілері.
- •25.Остеопороз, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •26. Ревматоидты артрит, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері
- •27. Остеоартроз, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері
- •28. Подагра, жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •29. Реактивті артрит, жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •30. Жүйелі васкулиттер, анықтамасы, жіктемесі.
- •37. Жүйелі қызыл жегі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •38. Дерматомиозит анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •39. Жүйелі склеродермия анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •40. Бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы) анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •41. Түйінді периартериит (Куссмауль-Майер ауруы) анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •42. Вегенер гранулематозы анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы.
- •43. Жүйелі қызыл жегі жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •44. Дерматомиозит жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •45. Жүйелі склеродермия жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •46. Бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы) жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •47.Түйінде периартериит (Куссмауль-Майер ауруы) жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •48. Вегенер гранулематозы клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
14. Науқас и., 15 жастағы ер бала, ауруханаға әлсіздікке, шаршағыштыққа, субфебрильді температуратураға шағымданып түсті.
Ауру тарихынан: 2 жыл бұрын ревматизмдік шабуыл байқалған: полиартрит, митральды қақпақтың зақымдануы, нәтижесінде митральді қақпақтың жетіспеушілігі дамыған. Қазіргі жағдайының ауырлауы суықтаудан кейін байқалған.
Түскен кезде тері түсі бозғылт, тыныштық күйде ентігу 26 рет минутына. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тұсы қарағанда өзгермеген. Пальпацияда: жүрек ұшы түрткісі жайылған, күшейген, IV-V қабырға аралығында сол жақ орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа ығысқан. IV-V қабырға аралығында сол жақтан систолалық діріл. Перкуссияда: жүректің оң жақ шекарасы – төстің оң жақ қырында, жоғарғы - II қабырға аралықта, сол жақ – орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа ығысқан. Аускультацияда: І тонмен байланысты және систоланың 2/3 алып жататын жүрек ұшындағы үрлеуші систолалық шу; шу қолтықастына және арқаға беріледі, тұрғанда сақталып, сол жақ бүйірге жатқанда күшейеді. Төстің сол жақ шетінде II-III қабырғааралықта протодиастолалық шу естіледі, ол төстің сол жақ бойымен толық естіледі. ЖСЖ - 100 рет/мин. АҚ 105/40 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, терең пальпацияланады, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.
1. Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу
1.Буындық синдром, интоксикациялық синдром, қабыну синдромы, жүрек қақпақшаларының зақымдану синдромы.
2. Қайталама ревматикалық қызба. Ревмакордит. Митральді қақпақшаның шамасыздығы.
3.Лабораториялық зерттеу: Жалпы қан анализі (лейкоцитоз, ЭТЖ); Қанның биохимиялық анализі (серомукоид, СРБ, АЛТ, ЛДГ, сиал қышқылы, фибриноген, фибрин,альфа-,гаммаглобулин,т.б.); Иммунологиялық анализ (антистрептококтық антиденелер титрі, IgM, IgG, Т-лимфоциттер,т.б.); Коагулограмма; Бактериологиялық себу.
Аспаптық зерттеу: ЭКГ; Жүректің УДЗ; Рентгенологилық зерттеу.
4. Негізгі ауруды емдеу. Антибиотикотерапия (пенициллин, бициллин-6, эритромицин); Стероидты емес кабынуға қарсы дәрмектер (индометацин (метиндол), вольтарен (ортофен)); Глюкокортикоидтар (преднизолон); Диуретиктер (верошпирон, фуросемид); Бета-блокаторлар (бисопролол); Жүрек гликозидтері (коргликон,строфантин); Ингибиторы АПФ (каптоприл); Антикоагулянт(гепарин); Антиагреганттар (аспирин, клопидогрел); Антиаритмиялық препараттар.
Митральді қақпақшаны протездеу.
15. 18 жастағы жасөспірім емханада медициналық тексеруден өткенде күшейген, жайылған, төмен және солға ығысқан жүрек ұшы соққысы; жүрек ұшында қолтық астына берілетін голосистолалық шу, жүрек ұшында I тонның әлсіреуі анықталды. Ауру тарихынан: балалық шағында баспа ауруымен жиі ауырған. Рентгенография: жүректің митралды конфигурациясы тән патология:
1. Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.
1. Жүрек қақпақтарының зақымдану синдромы.
2.Митральді қақпақшаның шамасыздығы.
3.Физикалық зерттеу (аускультация, пальпация, перкуссия); ЭКГ; ЭхоКГ; Чреспищеводная эхокардиография; Фонокардиография; Кеуде сарайының рентгенографиясы; Вентрикулография.
4. Негізгі ауруды емдеу. Антибиотикотерапия (пенициллин, бициллин-6, эритромицин); Стероидты емес кабынуға қарсы дәрмектер (индометацин (метиндол), вольтарен (ортофен)); Глюкокортикоидтар (преднизолон); Диуретиктер (верошпирон, фуросемид); Бета-блокаторлар (бисопролол); Жүрек гликозидтері (коргликон,строфантин); Ингибиторы АПФ (каптоприл); Антикоагулянт(гепарин); Антиагреганттар (аспирин, клопидогрел); Антиаритмиялық препараттар.
Митральді қақпақшаны протездеу.
16. Науқас 22 жаста, аздаған физикалық күштемедегі ентігуге, жүректің қатты қағу сезіміне, тез шаршауға шағынады. Объективті: жүрек ұшында «шапалақты» І тон, митральды қақпақшаның ашылу шертпесі, жүрек ұшында диастолалық шу анықталды.
1. Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу
1. Жүрек қақпақтарының зақымдану синдромы.
2.Митральді стеноз.
3.Физикалық зерттеу(аускультация, пальпация, перкуссия); ЭКГ; ЭхоКГ; Чреспищеводная эхокардиография; Фонокардиография; Кеуде сарайының рентгенографиясы; Вентрикулография.
4. Негізгі ауруды емдеу: Диуретиктер(верошпирон,фуросемид); Бета-блокаторлар(бисопролол); Жүрек гликозидтері(коргликон,строфантин); Ингибиторы АПФ(каптоприл); Антикоагулянт(гепарин); Антиагреганттар(аспирин,клопидогрел); Антибиотиктер(пенициллиндер); Антиаритмиялық препараттар.
Митральді комиссуротомия.
17. 30 жастағы науқас ер адам басының ауыруына, басының айналуына, талуға шағымданады. Объективті: аускультациялағанда жүрек ұшында І тонның әлсіреуі, қолқаның үстінен диастолалық шудың естілуі, сан артериясы үстінен Траубе қос тоны анықталған. АҚ – 180/40 мм.с.б. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді.
1. Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу 1. Жүрек қақпақтарының зақымдану синдромы.
2.Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі.
3. Физикалық зерттеу(аускультация,пальпация,перкуссия); ЭКГ; ЭхоКГ; Чреспищеводная эхокардиография; Фонокардиография; Кеуде сарайының рентгенографиясы; Вентрикулография.
4.Негізгі ауруды емдеу; Декомпенсация сатысында - симптомдық ем: вазодилятаторлар, кардиотониктер, диуретиктер); Хирургиялық ем: жасанды қақпақ орнату.
18. 34 жастағы науқас ер адам басының ауыруына, басының айналуына, талуға шағымданады. Объективті: оң жақ ІІ қабырға аралығында естілетін дөрекі систолалық шу. Төстің оң жақ бойында алақанмен байқалатын, ұйқы артериясына таралатын систолалақ діріл. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді.
1. Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу 1. Жүрек қақпақтарының зақымдану синдромы.
2. Аорта қақпақшасының стенозы.
3. Физикалық зерттеу(аускультация,пальпация,перкуссия); ЭКГ; ЭхоКГ; Чреспищеводная эхокардиография; Фонокардиография; Кеуде сарайының рентгенографиясы; Жүректің рентгенографиясы; Жүрек қуысының катетеризациясы; МРТ; МСКТ; Жүректің УДЗ; Коронарная ангиография;
4. Негізгі ауруды емдеу; Декомпенсация сатысында - симптомдық ем: вазодилятаторлар, кардиотониктер, диуретиктер); Хирургиялық ем.
