Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195 Кб
Скачать
☆

10.Митральды қақпақтарының тарылуы кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.

Тура қақпақтық белгілер:

1.Жүрек ұшындағы диастолалық діріл.

2.Жүрек ұшындағы сартылды 1 тон (қысқа және дыбысты).

3.Жүрек ұшындағы диастолалық шу (қанның тар тесіктен үйіріліп өтуінен).

4. Митральді қакпақтың ашылу шертпесі(биік қысыммен айдалған қанның тығыздалған кақпақтарға соғылуынан болады). Митральді қакпақтың ашылу шертпесі үш мүшелік “бөдене ырғағын” кұрайды. “Бөдене ырғағы” - тек митральді стенозға тән диагностикалық белгі.

5. ЭхоКГ-да жармалардың бір бағытта козғалуы анықталады. Сау қақпақтың артқы жармасы диастола кезінде артқа қарай кетеді. Митральді стенозда алдыңғы ірілеу жарма өзімен бітіскен арткы жарманы өзімен бірге алға карай ала жүреді,сондыктан қақпактардың көрінісі “П” әрпіне ұқсайды.

Қос өлшемді ЭхоКГ-да кақпактардың бітісуі, митральді тесіктің тарылуы және қақпақтың максимальді ашылу кезінде тесіктің вертикальді және горизонтальді өлшемдерінің тарылуы анықталады.

Жанама “жүрекшелік ” белгілер:

Бұл белгілер сол жүрекшенін аса керілуінен және ұлғаюынан болады.

1.Басылу синдромы (көршілес құрылымдардың ұлғайған жүрекшемен басылуы).

2.Шала тұйықтықтың үстіңгі шегінің жоғарылауы (II, кейде I кабырғааралығына дейін).

3.Контрастталған өңештің кіші радиусты доға бойымен (6 см кем) ығысуы және рентгендік тексеруде жүрек белінің жойылуы (3 доғаның ұлғаюынан), сол жақтық атриомегалиянын болуы.

4.ЭхоКГ-да сол жүрекше қуысының ұлғаюы.

5.ЭКГ-да сол жүрекшенің гипертрофиялану синдромы, жүрекшенін созылуына байланысты аритмиялар: жүрекше жыбыры, дірілі, жүрекшелік экстрасистолиялар, суправентрикулярлык пароксизмдік тахикардия.

6.Сол жүрекшенің аневризмасы.

7.Тромбоэмболиялық аскынулар.

Өкпе гипертензиясының белгілері:

1.Ентікпе, жүректік астманың, өкпе ісінуінің ұстамалары, өкпедегі сырылдар мен крепитация, қуқылдану.

2.Қан кақыру, өкпеден кан кету.

3.Өкпе артериясы діңгегінің кеңуінен сол жак II қабырғааралықтағы пульсация.

4.Өкпе артериясындағы II тонның акценті, Грехем-Стилдің протодиастолалық шуы.

5. Өкпе артериясының аневризмасы.

6.Іркілістік бронхит пен пневмония.

Оң қарыншалық белгілер:

і

.Жүрек томпағы;

2.Жүрек түрткісі (сол жақ III, IV қабырғааралықта,эпигастрий аймағында).

3.Жүрек енінің ұлғаюы (оң қарынша мен оң жүрекшенін кеңуінен).

4.Үш жармалы қақпақтың функциялық шамасыздығының қосылуы, сол себептен он жүрекшенің гипертрофиясы мен дилятациясының пайда болуы.

5.Веналық кысымның биіктеуі, мойын веналарының ісінуі.

6.Бауырдың үлғаюы.

7.Ісінудің, асциттің пайда болуы.

8.ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиялану синдромы, кейін оған оң жүрекшенің гипертрофиялану синдромының қосылуы.

9.Қан ағу жылдамдығының баяулануы.

10.Рентгендік тексеруде - оң қарыншаның үлғаю белгілері.

11.Қолқа қақпақтарының жетіспеушілігі кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.

Шағымдары: Әлсіздік; Тез шаршау; Жүрек қағу; Физикалық жүктемеден кейінгі ентігу. Жалпы қарау: -Ұйқы артерияларының пульсациясы; -Мюссе симптомы; -Квинке симптомы; -Дюрозье симптомы; -Траубе тоны; -Ландольф сиимптомы; -Мюллер симптомы. Пальпацияда : -Жүрек ұшында систолалық діріл; -Жүрек түрткісі күшейген, төмен және солға ығысқан. Перкуссияда : -Жүректің салыстырмалы шекарасы солға ығысқан. Аускультацияда: -І,ІІ тондардың әлсіреуі; -Диастолалық шу; -О.Флинт шуы; -Жүрек ұшында систолалық шу. Аспаптық зерттеу

ЭКГ: -Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы; -Жүрекше фибриляциясы; -АВ-блокада; -Гисс аяқшаларының блокадасы. Рентген зерттеу: -Жүрек өлшемдерінің жоғарлауы; -Кардиоторакальды индекстің 0.49 артық жоғарлауы; -Қолқаның жоғарлаған бөлімінің кеңеюі; -Қолқа қақпақшасының жармаларының кальцификациясы; -Жүректің қолқалық конфигурациясы (“сидячая утка”). Эхокардиография:

І дәреже – қолқа қақпақша жармаларының 5мм дейін тарылуы. Регургитация көлемі аз. ІІ дәреже – қолқа қақпақша жармаларының 5-10мм аралығында тарылуы. Регургитация көлемі митральды қақпақшаның жиегіне дейін жетеді. ІІІ дәреже – қолқа қақпақша жармаларының 10мм артық тарылуы. Регургитация көлемі сол жақ қарынша ұшына дейін жетеді. Жүрек қуысының катетеризациясы: Жүрек қуысының катетеризациясы жүрек ішілік қысымды, жүректің минуттық көлемін, регургитациялайтын қан көлемін анықтайды. • І дәреже-15%; • ІІ дәреже-15-30%; • ІІІ дәреже-30-50%; • ІV дәреже-50% артық.