Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195 Кб
Скачать
☆

7.Жедел ревматизмдік қызба, жіктемесі, клиникалық кеөріністері, диагностикалық критерийлері.

Ревматизмнің жіктелуі

1.Өту фазалары: активті(өршу фазасы) және активті емес;

Өршу фазасында қабыну белсенділігінің 3 дәрежесі:

І дәреже:

  • тері бетіндегі көгерулер, мұрны қанау, субфебрилитет, жүрегінің шекарасы аса қатты өзгермейді, артралгия;

  • лабораториялық өзгерістер: лейкоцитоз 8 мың мөлшерінде, ЭТЖ – 20 мм/с төмен, СРБ – 0, +, АСЛ-0 -313, онан төмен.

ІІ дәреже:

  • Бұл белгілердің бәрі де анық, жоғары болады.

ІІІ дәреже:

  • ауыр хал-жағдай, қызыну, миокардит, полиартрит;

  • лабораториялық өзгерістер: лейкоцитоз 10 мыңнан жоғары, ЭТЖ-30 мм/с жоғары, СРБ — +++, ++++; АСЛ-0 — 650, онан да көп.

Ревматизмнің ағым сипатына қарай:

  • Жедел ағым – ауру бірден басталады, клиникалық синдромдар тез дамиды, қабынудың белсендік дәрежесі жоғары, емделгенде белгілері тез кері қайтады.

  • Жеделдеу ағым – ауру жайырақ басталады, белсендік дәрежесі ІІ-ге сай, жиі кездесетін түрі.

  • Созылыңқы-солғын ағым – ауру жайлап үдейді, төмен белсенділікпен, лабораториялық өзгерістер де өте жай азаяды, емге тез басылмайды.

  • Толассыз қайталайтын ағым – аурудың рецидивтері алдыңғы қабынудың аяқталуынан бұрын басталады. Жасалған ем нәтижесі уақытша.

Клиникасы.Ревматизмнің ең негізгі белгісі жүректің қабынуы – көбінесе миокардит.

Миокардиттің белгілері:

-хал-жағдайы нашарлап, өңі бозарады

-жүректің соғуы жиілеп, ентігу пайда болуы мүмкін

-жүрек көлемі үлкейеді тондар әлсірейді

-тахикардия, брадикардия, экстросистолия

-қанайналыс бұзылысы болуы ықтимал

-ЭКГ-да P-Q интервалының ұзаруы

-ЭхоКГ миокардтың жиырылу қабілеті төмендейді.

Эндокардит белгілері:

Митралдық қақпақша зақымдалса:

-қатты естілетін, үрлеген сарынды систоликалық шу

-шудың ең қатты естілетін жері – жүрек ұшы

-ФКГ — І тонмен тікелей байланысты жоғары жиілікте систоланың 2/3-ін немесе түгел қамтиды.

Ревматизм полиартритінің ерекшеліктері:

-ірі буындардың қабынуы

-симметриялы зақымдануы

-ауру белгілерінің тез басылуы

-артынан ешқандай өзгеріс қалдырмауы.

Ісіну, қызару, ауыру, буын ыстығының жоғарылауы, қимылдың бұзылуы – осы белгілердің бәрі де өте қатты болады.

Митралды қақпақшаның жетіспеушілігі.  Клиникалық белгілері: жүрек көлемінің солға және жоғары қарай кеңеюі,І тон дыбысының әлсіреуі,жүрек ұшында жақсы естілетін “үрлеген” систолалық шу,шу І тонмен тығыз байланысты, систоланы түгелге жақын  қамтиды,шу қолтық астында және арқа тұсында да естіледі

ЭКГ-де: сол қарынша мен жүрекшенің гипертрофиясы.

Рентгенде: жүрек көлемінің сол жаққа үлкейгені,жүрек белінің толысқаны.

ЭхоКГ-да: қақпақшаның регургитациясы.

Митралдық тарылу.  Клиника белгілері: цианоз, беттің қызылшырайлануы, ернінің көкшілденуі,ентігу, жүректің тулап соғуы, жөтел дыбыс белгілері – тарсылды І тон, гүрілдеген персистолалық діріл.

ЭКГ-де: сол жүрекше миокардының гипертрофиясы.

ФКГ-де: митралды қақпақшаның ашылу тарсылы,диастолалық шу.

Рентгенде: сол жүрекшенің үлкеюі,кейінірек оң қарынша мен жүрекшенің үлкеюі.

Ревматизмнің диагностикалық критерийлері

1.Үлкендері: кардит,полиартрит,хорея,анулярлық эритема,ревматизмдік тері астындағы түйіндер,байқау емі;

2.Кішілері: дене қызуы жоғарылауы,ревматизмдік анамнез немесе ревматизмдік жүрек ақауы,P-Q интервалының ұзаруы,полиартралгия,лейкоцитоз, ЭТЖ артуы, СРБ шығуы;

3.Стрептококк инфекциясының белгілері: жақында стрептококк инфекциясымен ауырғаны,көмекей жағындысынан стрептококктің табылуы,АСЛ-0 т.б.,антиденелердің титрінің жоғарылауы.