Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195 Кб
Скачать
☆

19. Остеопороз анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Остеопороз - қаңқадағы зат алмасудың бұзылуымен көрінетін созылмалы үдейтін жүйелі ауру немесе сүйектің беріктігінің төмендеуімен, сүйектердің микроархитектоникасының бұзылуымен және сүйек тініндегі катаболизм процессінің метаболизм процессінен басым болуына байланысты сүйектің жұмсаруымен көрінетін басқа аурулар кезіндегі клиникалық синдром.

Этиологиясы. Остеопороз- полиэтиологиялық ауру.

Остеопороздың қауіп факторлары:

Генетикалық(Остеопороз европоидтық және монголоидтық нәсілдерде жиі кездеседі; Жақын туыстарында остеопороздың, сүйектердің патологиялық сынғыштығының болуы; Егде жас; Әйелдік жыныс; Салмақтың аз болуы; Критикалық бойдың ұзын болуы);

Эндокринологиялық(Кез келген гормональды дисбаланс; Ерте басталған менопауза; Кеш менархе; Анамнезінде менопаузаға дейін аменореялық кезеңдер болса; Бедеуліктің кез келген түрі);

Өмір салтына байланысты(Темекі тарту; Алкоголь пайдалану ( алкоголизм); Кофені көп пайдалану; Адинамия, физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі; Шектен тыс физикалық жүктеме; Ұзаққа созылған парентеральды тамақтану; Кальцийдің алиментарлы дефициті; Гиповитаминоз Д).

Патогенезі. Остеопороз патогенезінің белгілі бір механизмі жоқ, өйткені сүйек тінінің беріктігінң төмендеуі және сүйектің микроархитектоникасының бұзылуы ауруға әсер етуші факторға байланысты әртүрлі жүреді.

  1. Сүйек тінінің өсуі кезінде оның қалыптасуы бұзылады, немесе катоболизм процессінің күшеюіне байланысты сүйектің түзілуі және оның бұзылуының десинхронизациясы кезінде сүйектің жаңаруының бұзылуы.

  2. Сүйек тінінің массасының төмендеуі. Остеопороз кезінде сүйектің кортикальды қабаты азайып, жұқарады, сүйектің кеуекті затының трабекулаларының азаяды.

  3. Сүйек тінінің беріктігінің төмендеуі. Бұл балаларда сүйектің деформациясына, ересектерде сүйектің сынғыштығына алып келеді.

Остеопороздың патогенезінде негізгі рольды кальций, фосфор және Д витамин алмасуының бұзылуы алады.

20. Ревматоидты артрит, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі. Ревматоидтық артрит – көбінесе шеттік ( синовиялық ) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.

Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді:

-ген ерекшеліктері. Ревматоидық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі.

-инфекциялық агенттер.

Потенциалды этиологиялық  факторлар: Эпштейн – Барр вирусы; Лимфотропты Т-кл вирусы; Адам парвовирусы В 19;

Генетикалық бейімділік: тұқым қуалаушылық HLA I және  Iiкл( DR3 DR4 DR1)антигендерімен тұрақты ассоциация.

Патогенезі. Патогенезі толық анықталмаған, болжаулар бойынша жоғарыда аталған әсерлер келесі жобамен тіндерді зақымдауы мүмкін. Буын тініне тропты белгісіз бір агент синовий қабатын мекендеп, иммундық реакцияны қоздырады. Осыдан агрегацияланған IgG және IgA, IgМ (антиген рөлін атқаратын) түзіледі. Синовийдегі плазмалық жасушалар мен лимфоциттер бүл IgG Fс1 фрагментіне қарсы IgМ және А,G кластарына жататын антиантиденелерді (ревматоидтық факторды) түзе бастайды. Құрылымы бұрыс, яғни иммундық жүйеге бөгде боп танылатын иммунглобулиндерге қарсы түзілген антиденелердің қосындысы ревматоидтық фактор (РФ) деп аталады. Осы антиантиденелердің (РФ), антигеннің және комплементтердің катысуымен синовиялық қабық пен синовиялық сұйықтықта иммундық комплекстер түзіледі. Иммундық комплекстерді жою мақсатымен синовий кабығына нейтрофилдер, макрофагтар жиналады. Иммундық комплекстерді жою нәтижесінде бұлардан түрлі қабыну медиаторлары — лимфокиндер, лизосомалык ферменттер, лейкотриендер, простагландиндер, бос оттегі радикалдары т.б. бөлінеді. Аталмыш заттар, әсіресе, бос радикалдар сіңір мен сүйекті зақымдайды.

Иммундык жүйенін белгісіз бір кемістігінен, организм иммундық комплекстерден жөнді тазартылмайды, сондықтан буын қуысында бір басталған қабыну процесі созылмалыға айналып, тоқтаусыз өрістейді. Ревматоидтық артритке буындардын қабынуымен қатар иммункомплекстік васкулиттің дамуы тән. Сондыктан бұл ауруда буыннан тыс жүйелі закымданулар да болады.