Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195 Кб
Скачать
☆

23.Реактивті артрит, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Реактивті артрит- инфекциялық аурулармен ауырған кезде немесе ауырғаннан кейін дамитын буындардың иммунды қабынуы. 20-40жас ер адамдар жиі ауырады.

Этиологиялық факторлары:

1.Постэнтероколиттік -ауруды тудыратын ішек патогендеріне:иерсиниялар,сальмонеллалар,шигеллалар,кампилобактер жатады.

2.Урогенитальдық-негізгі қоздырғышы Chalamedia trachomatis ,ол науқастардың 50-90% -да анықталады.Урогениталдық реактивті артрит кейдейсоқ жыныстық –қатынас салдарынан болған қуық-зәр жолдарының жұқпалы ауруларымен ауырғаннан кейін,1-6 апта өткен соң дамиды.

Патогенезі. Буын қуысындағы және буыннан тыс,қан айналымдағы микроорганизмдер мен инфекциялардың әсерінен жасушалық және гуморальдық иммунитет өзгереді.

Жасуша ішіндегі микроорганизмдер тіндердің зақымдалуына тікелей токсикалық немесе өзінің микроорганизмге қарсы әсері тиімсіз болған жағдайда,антибактериалдық иммундық жауап туындату арқылы ықпал етеді.

Көп мөлшерде түзілетін иммунды комлекстер буын тіндеріне фиксацияланып,қабыну алдылық цитокиндерінің(простагландин Е2,интерлейкин-1В, а-ісік некрозды факторы)өндіріліп,иммундық қабынудың индукциясына ықпал етеді.

24. Дәнекер тіннің диффузды ауруларының қатарына кіретін аурулар: жалпы анықтамасы және олардың ортақ белгілері.

Дәнекер тінінің диффузды аурулары (ДТДА) деп дәнекер ұлпаның және оның туындыларының жүйелі иммунды қабынуына байланысты, біршама ағзалар мен тканьдердің үдемелі ауруын айтады. Дәнекер тінінің диффузды ауруларының катарына кіретін аурулар: Жүйелі қызыл жегі; Жүйелі склеродермия; Диффузды фасциит; Дерматомиозит (полимиозит); Шегрен синдромы; Тоғысу синдромы - дәнекер тінінің аралас ауруы; Рецидивтеуші полихондрит; Антифосфолипидтік синдром (соңғы жылдары енгізілген).

Дәнекер тінінің диффузды ауруларының ортақ белгілері:

-иммундық, аутоиммундық механизммен дамуы;

-патоморфологиялық өзгерістерінің ұқсастығы — дәнекер тінінің негізгі затының бұзылысы, фибриноидтык некрозы, талшықтардың бұзылысы, васкулит, лимфоциттік, плазмоциттік инфильтрация;

-клиникалық көріністің ұқсастығы - меңдеуші барысы; терінің, сероздық қабыктардың, буындардың, жүректің, бүйректің т.б. жүйелі зақымдануы;

-глюкокортикоидтардың, цитостатиктердің, СҚКД, эфференттің ем шараларының емдік әсер етуі;

-моноэтиологиялық фактордың жоктығы.

Жүйелі қызыл жегі – иммундық реттелудің гендік кемістігінен дамитын, өз тіндеріне қарсы антиденелердің тоқтаусыз түзілуі арқылы аутоиммунды және иммунокомплексті қабынумен жүретін созылмалы полисиндромды ауру.

Склеродермия— терінің айқын тыртықтануы мен атрофиясы  түріндегі  бұзылыстары және ішкі ағзалардың фиброздық-склероздық өзгерістерімен сипатталатын ауру. Бұл кезде дәнекер тіні (соединительный ткань) өзгеріске ұшырайды.

Дерматомиозит – аутоиммундық жүйенің созылмалы диффузды қабыну ауруы, бұл қимыл қызметінің бұзылуымен жүретін қаңқа мен тегіс салалы бұлшық еттердің зақымдануымен, сонымен қатар эритема мен ісінумен көрінетін жүйелі ауру.

Шегрен синдромы. Мұнда ауыздың шырышты қабығы құрғайды, сілекей безі ұлғаяды, кератоконьюктивит пайда болып, дәнекер қабық қабынады, сөйтіп сырқат созылмалы полиартритке (буындардың қабынуы) шалдығуы мүмкін.