Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195 Кб
Скачать
☆

29. Реактивті артрит, жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жіктелуі:

Этиологисына қарай: постэнтероколиттік; урогенитальді.

Барысына қарай: жедел,созылыңқы,созылмалы,рецедивті.

Активтілік дәрежесіне қарай: I-төмен,II-орташа,III-жоғары,0-ремиссия.

Клиникасы.

Негізгі белгісі - буындар мен байламдардың зақымдануы.

Урогениталдық реактивті артритте: аяқтың ірі буындары(тізе,сирақ –асық буындары) ассиметриялы моноартрит немесе олигоартрит түрінде қабынады.

Қабыну салдарынан аяқтың ұсақ буындарының маңындағы тіндерде ісіну пайда болып,»шұжықша тәрізді» дефигурациялану болып,зақымданған буындардың тұсында тері қызылдау немесе көкшілдеу болады.Буындармен қатар сіңірлер,сілемейлі қалталар,фасциялар зақымдалады. Өкшеде бурсит, табанда фасциит,ахилобурситтер болады. Өкшесі ауырып,жүрісі өзгереді. РА –ның созылмалы түрінде сегізкөз бен құйымшақ буындары зақымданады.

Энтероколиттік реактивті артритте:

Ішектің жұқпалы ауруларының эпидемиялық кезеңдеріне сәйкес келеді. Ішектің жұқпалы аурулары кейде 1-2 аптада емсіз жазылып кеткенімен,1-3 апта өткен соң РА пайда болады.

Мұнда ең жиі зақымданатын - аяқ буындары,ал кейде қолдың ұсақ буындары,білезік,шынтақ буындары. Сирек жағдайда коньюнктивит,терінің түйінді эритемасы,тендовагинит,бурситтер болады. Көп жағжайда артрит кері дамып, созылмалы ағымға ауысады.

РА-мен ауыратын науқастарда терінің зақымдануы мен сілемейлі қабаттарда баланит,баланопостит,ауыз қуысының сілемейлі қабаттарының эрозиясы,глоссит жиі кездеседі. Ал жалпы белгілерінде: қызба,перифериялық лимфоаденопатия,дене салмағының азаюы,бұлшықеттердің әлсіреуі,нормо-,гипохромияды анемия.

РА-да ішкі ағзалардың келесі зақымдануы байқалады:

*Миокардит –АV бөгеменің әртүрлі дәрежелері;

*Перикардит-жүрек жеткіліксіздігін туындатпайды;

*Аортит-қолқалық жеткіліксіздікке әкеліп соқтырады;

*Иммундық – комплексті гломерулонефрит;

*Бүйрек амилоидозы;

*Полинефрит.

Диагностикасы.

1.Анамнез

2.Зертханалық зерттеу

-Жалпы қан анализі: ЭТЖ жоғары,анемия, Нейтрофилді лейкоцитоз.

-Жалпы зәр анализі: Пиурия,бактериурия.

-Синовий сұйықтығын зерттеу.

-Уретра мен жатыр мойынан алынған жағынды: Хламидия,уреаплазма,

микоплазмалар анықталады.

- Үлкен дәретті дизтоптағы ауруларға тексеру.

3.Аспаптық зерттеулер: Ректоромоноскопия, фиброколоноскопия(колит); Буындарды ренгенографиялық зерттеу(Буын саңылауларының кеңеюі,периостит,эпифиздік,остеопороз,остеофиттер,созылмалы кезеңде –буын саңылауының тарылуы,бірен-саран эрозиялар,буындардың таюы,анкилоз,спондилит, энтезит,сакроилеит).

30. Жүйелі васкулиттер, анықтамасы, жіктемесі.

Жүйелік васкулит —тамырлардың жалпылама қабынуы мен некроздалуға және сол себептен түрлі ағзаларда ишемиялық  бұзылыстарға алып келетін аурулар тобы. Ол калибрі әртүрлі   веналар мен артерияларды зақымдайды.Жіктемесі:

Біріншілік және екіншілік түрлерін ажыратамыз.

Біріншілік васкулит:

А) Ірі  тамырларды  зақымдайтын:

-Алып  жасушалық  артерит (Хортон ауруы мен ревматиздік полимегалия);

-Бейспецификалық аортоартерит  (Такаясу ауруы);

-Орталық нерв  жүйесінің жеке ангиниті;

Б) Орта калибрі тамырларды зақымдайтын:

-Классикалық түйінді периартерит;

-Кавасаки ауруы;

В) Ұсақ және орта калибрлі тамырларды зақымдайтын:

-Вегенер гранулематоз;

-Аллергиялық грануллематоздық ангиит;

-Микроскопиялық плоиартерит;

Г) Ұсақ тамырларды зақымдайтын:

-Гемораггиялық васкулит;

-Эссенциальдік криглобулинеимялық васкулит;

-Лейкоцитопластикалық тері васкулиті.

Екіншілік васкулит:  

А. Инфекциялық аурулардағы:

-Бактериялық;

-Вирустық (Созылмалы гепатит);

-Риккетсиялық  аурулардағы.  

Б. Паразиттік аурулардағы;  

В. Дәрмектік аурулардағы;  

Г. Қатерлі ісіктердегі (түкті жасушалық лейкоз, лимфомада);  

Д. Коллогеноздарлағы, ревматоидты артриттегі;  

Е.Кәсіптік ауруларда (бериллиоз, силикоз, мышьякпен улану).

31. 46 жастағы әйел, қол саусақтары, шынтақ-білезік, бақай фалангалық буындарының ауыруы мен ісінуіне шағымданып ауруханаға түсті. Объективті: қол саусақтарының «бутоньерка» типті деформациялануы. Буындарында қозғалыс көлемінің шектелуі.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу

1.Буындық синдром. Қабыну синдромы.

2.Ревматоидты артрит.

3. Лабараторлы зерттеу: Жалпы қан анализі (Гипохромды анемия, Лейкоцитоз,ЭТЖ жоғары.);; Биохимиялық қан анализі (гиперлипедемия, дислепидемия, СРБ); Иммунологиялық зерттеу: РФ, антикератиндік антиденелер, циркуляциялық иммундық комплекстер, LЕ-жасушалар, АНФ; Синовий сұйықтығын зерттеу (РФ, рагоциттер көбеюі)

Инструментальді зерттеу: ЭКГ; Рентгенография; буындардың УДЗ; КТ;

4.Қабынуға қарсы ем: А.Стероидты емес қабынуға қарсы (напроксен , вольтарен, индометацин,ибупрофен);

Б.Глюкокортикоидтар (преднизолон, триамциналон, дексаметазон); Базистік ем: Алтын дәрмектер (кризанол,санакризин); Цитостатиктер (метотрексат, циклофосфамид); Д-пеницилламин; Аминохинолин туындылары(делагил); Сульфаниламидтер(сульфасалазин).

32. 60 жастағы науқас зейнетке шыққанша бояушы болып жұмыс істеген. Ауру 10 жыл бұрын білезік-алақан, қолдың алақан-фаланг буындарындағы ауыру сезімі мен таңертеңгілік құрысудан басталған. Анамнезінде ішімдікті көп қолданған, асқазанның ойық жара ауруымен ауырған. Объективті: саусақтары «бутоньерка» тәрізді деформацияланған. Саусақ сырты бұлшық еттерінің гипотрофиясы, қозғалыс көлемі шектелген.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу

1.Буындық синдром.

2.Ревматоидты артрит.

3. Лабараторлы зерттеу: Жалпы қан анализі (Гипохромды анемия, Лейкоцитоз,ЭТЖ жоғары.);; Биохимиялық қан анализі (гиперлипедемия, дислепидемия, СРБ); Иммунологиялық зерттеу: РФ,антикератиндік антиденелер,циркуляциялық иммундық комплекстер,LЕ-жасушалар,АНФ; Синовий сұйықтығын зерттеу(РФ,рагоциттер көбеюі)

Инструментальді зерттеу: ЭКГ; Рентгенография; буындардың УДЗ; КТ;

4.Қабынуға қарсы ем: А.Стероидты емес қабынуға қарсы (напроксен , вольтарен, индометацин,ибупрофен);

Б.Глюкокортикоидтар (преднизолон, триамциналон, дексаметазон); Базистік ем: Алтын дәрмектер (кризанол,санакризин); Цитостатиктер (метотрексат, циклофосфамид); Д-пеницилламин; Аминохинолин туындылары(делагил); Сульфаниламидтер(сульфасалазин).

33. 56 жастағы науқас тізе буындарының, аяқ басының І бақай-фалангалық буындарының, қол басы фалангаарлық буындарының ауырсынуына, тізе буындарының ісінуіне шағымданады. Объективті: капсуланың қалыңдауы есебінен тізе буындарының көлемі ұлғайған, оң буын қуысында сұйықтық анықталады. Буындарды сипағанда дөрекі сықыр естіледі, активті және пассивті қозғалысы шектелген. Қол басының шеткі буындары қисайған, тығыз түйіндер бар. Жүрек тондары тұйықталған.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу

1.Буындық синдром, қабыну синдромы.

2.Біріншілік остеоартроз.

3. Физикалық тексеру. Синовий қабатын зерттеу.

Инструментальді зерттеу: ЭКГ; Рентгенография; буындардың УДЗ; КТ; остеосцинтиграфия, КТ, МРТ, артроскопия;

4.Хондропротекторлар (румалон, артрон, артепарон); Буын ішіне протеолиздік ферменттер ингибиторы (трасилол); Жасанды синовий сұйықтықтары (поливинилпирролидин); Шемірек метаболизмін жақсарту үшін: рибоксин,фосфаден.Антиоксиданттар (Витамин Е, орготеин); Стероидты емес қабынуға қарсы (диклофенак, вольтарен, индометацин,).

34. 45 жастағы ер науқас, аяқтарының әсіресе, оң аяғының бірінші башпайының шыдатпай ауыруы, осы буынның ісіуі, терісінің қызаруы және дене қызуының 38С-ға дейін жоғарылауына шағымданады. Буындағы ауыру сезімі жаңа туфлимен ұзақ уақыт жүргеннен кейін мазалаған. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан - башпай буындары аймағы ісініп, қызарған, қозғалысы шектелген, құлақ қалқандарында – ауырмайтын диаметрі 2-4 мм сары түсті тері асты түйіндері.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу

1.Буындық синдром.Қабыну синдромы.

2.Жедел подогралық артрит.

3. Физикалық тексеру.Лабараторлы зерттеу: Жалпы қан анализі(ЭТЖ жоғары,лейкоцитоз); Жалпы зәр анализі(гиперурикемия); Биохимиялық қан анализі(креатинин,зәр қышқылы,СРБ,глобулин,гаптоглобин); Синовиальді сұйықтықтықты зерттеу(зәр қышқылы кристалдары,цитоз көбеюі);

Инструментальді зерттеу: ЭКГ; Рентгенография; буындардың УДЗ; КТ; остеосцинтиграфия, МРТ;

4. Диета № 6. Жедел ұстаманы басу үшін: колхицин немесе стероиды емес қабынуға қарсы препарарттар (бутадион, реопирин, индометацин, бруфен); Глюкокортикоидтар (преднизолон); Димексидпен апликация; Урикодепрессиялық дәрмек: аллопуринол.Урикозуриялық дәрмек: бенемид, антуран.

35. 60 жастағы науқас әйел жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне шағымданады. Буындарындағы ұзақ жүргенде пайда болатын шамалы ауырсынулар соңғы екі жыл ішінде мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні өзгерген, периартикулярлы тіннің тығыздануы, оң тізесендегі гипертермия көріністері. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер мен саусақтардың шықпалары анықталды.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу

1.Буындық синдром.Қабыну синдромы.

2.Біріншілік остеоартроз. Гонартроз

3. Физикалық тексеру. Синовий қабатын зерттеу.

Инструментальді зерттеу: ЭКГ; Рентгенография; буындардың УДЗ; КТ; остеосцинтиграфия, КТ, МРТ, артроскопия;

4.Хондропротекторлар (румалон, артрон, артепарон); Буын ішіне протеолиздік ферменттер ингибиторы (трасилол); Жасанды синовий сұйықтықтары (поливинилпирролидин); Шемірек метаболизмін жақсарту үшін: рибоксин,фосфаден.Антиоксиданттар (Витамин Е, орготеин); Стероидты емес қабынуға қарсы (диклофенак, вольтарен, индометацин,).

36. 30 жастағы науқастың тұмаумен ауырғаннан кейін, бұлшық еттері ауырып, әлсізденген, қабағы іскен, аздаған физикалық жүктемеге ентігу, дисфагия пайда болып, дауысы өзгерген. Қарап тексергенде: жүрісі сылбыр - сүйретілген, периорбитальді ісік «көзілдірік симптомы», бетінде, мойнында «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер. Сипағанда - иық белдеуінде, сандарында ауырсыну сезімі және қимыл белсенділігінің шектелуі байқалады, қолын жоғары көтеруге қиналады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ - 100 рет минутына. АҚ-140/90 мм.с.б.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері.

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу

1.Буындық синдром.

2.Дерматомиозит, жедел барысы.

3. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия ,сирек темір жетіспеуші анемия, ЭТЖ жоғарылайды. Қанның биохимиялық анализінде: КФК,ЛДГ,АЛТ,АСТ, альдолаза, фибриноген, α2-глобулин жоғарылауы, СРБ . Жалпы зәр анализінде: креатинурия. Бұлшықет биопсиясы – бұлшықет талшығы жуандаған, трофикасы бұзылған, некроздалған.Иммунологиялық анализ: IgM,IgG жоғары,миозитспецификалық антиденелер,т.б.

Инструментальді зерттеу: ЭКГ ; Кеуде сарайының рентгенограммасы; Ішкі қуыс ағзаларының УЗД-і.

4. Глюкокортикоидтар (преднизолон, метилпреднизолон); Цитостатиктер (циклофосфамид, азатиоприн, метотрексат); Бұлшықет метаболизмін арттыру үшін: рибоксин, ретаболил, фосфаден.Стероиды емес қабынуға қарсы дәрмектер: диклофенак, индометацин. Кальцинозды азайту.