- •2.Психологиялық кеңес берудің негіздері
- •4.Психологиялық кеңес және түзетудегі психаналитикалық тұрғы.
- •З.Фрейд өзінің бір әйел пациенті неғұрлым адамдар аз жүретін жерде қыдырғанды қалайтынын байқаған. Фрейд осының мәні неде екенін қалайша түсіндіреді?
- •Психологиялық кеңес берудегі бихевноральді бағыт.
- •14 .Өзін-өзі өзектілендіру проблемасы.
- •15.Кеңес берушінің клиенттің мәліметтін анықтаудағы тәсілдері.
- •16. В.Франклдің «өмір мағынасы» тұжырымдамасы.
- •20.М.Р.Битянованың «сүйемелдеу парадигмасы».
- •17. Тұлғаға бағдарланған терапия.
- •18.Кеңес беруде қолданылатын әдіс – сұхбат. Түсіндірмеңізді беріңіз.
- •21.«Сенім телефонының» атқаратын қызметі.
- •22.Психологиялық қолдау тұжырымдамасы.
- •23.Кеңес берудегі «эмпатия» ұғымы.
- •24.«Өзін-өзі тану» сабақтарының адам тұлғасына өзіндік әсері.
- •25.К.Ж.Кожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы.
- •26.Қазақ отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.
- •27.Қазақ мәдениетіндегі тиым сөздерді келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •31.Психологиялық терапия мен медициналық терапияның арақатынасы
- •46.Топтық психологиялық кеңес беру.
- •50.Баланың мектепке дайындығының мәселелері.
- •51.Бірінші сынып оқушысына: сен шетелдік азаматпен жолықтың, сен оған «велосипед» деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін не істейсің? Баланың жауабынан нені анықтауға болады.
- •52.Жеткіншектермен жұмыс істеудің ерекшеліктері.
- •54.Мамандық таңдаудың мотивтері.
- •57.Кеңес алуға келген клиент үнсіз келіп отырды. Сіз консультант ретінде осы жағдайда не істейсіз?
- •58.Психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың объективті шарттары.
- •59.Педагогтардың «эмоциялық жанып кету» синдромы.
- •65.Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі.
- •66. Баланың мектепке дайындығын анықтауда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
- •68. Психологиядағы «мен - тұжырымдамасы».
- •70. Адамның өзіндік бейнесі
- •72. Консультант тәжірибесінде вербалды, вербалды емес тыңдаудың ерекшеліктері.
- •83.Манипулятордың сегіз типі (д.Карнеш).
- •85. Психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру. Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:
- •87. Тәжірибелі кеңес берушінің кәсіби мәнді қасиеттерін сипаттап бер
- •90. Кеңес берудегі сұхбаттың қорытынды сатысына сипаттама бер
46.Топтық психологиялық кеңес беру.
Психологиялық кеңес топтық және жеке даралық формада жүргізіледі. Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:
- бір және бірнеше реттік;
- жеке ұсыныс бойынша;
- шақыру және бағыттау нәтижесінде;
- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.
Жеке даралық кеңес беру мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Демек жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекет тапсырмалар мазмұны (тапсырыстың мәтіні) – психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) – психикалық даму мөлшерінің мазмұны.Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философиялық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.,Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.Психолог кеңес беру кезінде зайырлы әңгімеге бармай-ақ, тым жабыла немесе ашыла бермей, өзінің ойын еркін игере білуі тиіс. Әсіресе гипотезаны ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Тиісті себептерсіз клиенттің пікірін елемейтіндей немесе беделін түсіретіндей тура сұрақ қоюға бармау керек, әңгіме қарымталы және өктем болмауы керек.
54.Кәсіби консультанттың типтері.
47.Кеңес берушілер (консультант) типтері.
Консультанттардың әр түрлі типтері сипатталады:Консультант-лидер өзіне аса сенімділікпен, табандылықпен, орнықтылықпен консультацияның барлық сатыларында клиентке жетекші, қамқор болып отырады, консультант - дипломат әлде қайда әмбебап , кішілікті, әдепті бола отырып, клиенттің сеніміне тез кіре алады. Консультант-ақылшы клиентке ақпарат, нақты кеңес беруге даяр болады. Консультант-көмекші клиентпен бірлесе жұмыс жасап, «инсайт» сәтінің болуына, ішкі қуаттың актуализациялануына жәрдемдеседі. Консультант-эксперт клиентке проблемді жағдайларды шешудің мүмкін болатын варианттарын көрсетеді, клиентпен оларды бірлесе бағалап, адекватты шешімдерді таңдауға көмек береді. Психологиялық консультацияның нәтижелі болуы маман тарапынан жіберіліп қалатының бір қатар қателіктерді ескерумен байланысты. Басты – басты деген қателіктерге қысқаша тоқталайық: 1. консультант пен клиент арасында қажетті психологиялық контактінің орнықпауынан консультациялық сұхбаттың оңтайлы өтуіне жағдай жасалынбауы; 2. консультанттың клиент мәселесінің мәні, ерекшеліктері мен көрініс беру жағдайларың жеткілікті біліп алмай, оны шешумен айланысып кетуі; 3. консультанттың клиент мәселесіне қатысты болжамдар вариантын ойластырмай, алғашқы тандаған болжамының таймай ұстануы ; 4. клиент пікірі, көзқарасы ескерілмеуі немесе консультант тарапынан дискредитациялануы; 5. консультанттың клиенттің өз көзқарасын түсіндіруіне және негіздеуіне шек қоюы немесе кедергі жасап, мүмк індік бермеуі; 6. клиенттің консультациялық сұхбатқа келуіне түрткі болған жағдайды аңғара алмай, консультанттың оған тіке сұрақтар қоюы. Психолог – консультант әрқашан өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыруы қажет болады. Ол үшін консультанттардың кәсіби тәжірибесінде «супервизия» атты іс - әрекет формасы қолданады. «Супервизия» ұғымын Г.Хэмбли «біреудің іс-әрекетін бақылау», - деп көрсетеді. Супервизияның тәжірибелі психолог- консультант, кәсіби ассоциациялар жүргізе алады. Қандай болғанда да консультанттың кез-келген уақытта кеңесетін, күрделі жағдайларды, консультация барысында көнілі толмаған сәттерді бірлесіп талдайтың көмек орталықтарының әкімшілігі, консультациямен психотерапия бойынша кем дегенде үш жылдық тәжірибесі бар мамандар керек болады (Меновщиков, 1998,2000) Соңғы жылдары тәжірибелік психологияның өрістеуі байқалған біздің елде супервизиялық жұмыстарды әріптес мамандардың бірлескен іс-әрекеттері арқылы ғана ұйымдастыруға мүмкіндік болады.
Балаларға ықпал етудің бес қадамы.
Мектеп жасына дейінгі кезең өте сақтықты, қателеспеуді, сауатты тәрбиелеуді қажет ететін және бала эмоциясының нәзік кезеңі.Қазіргі психологиялық – педогогикалық теорияда баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгiш келеді.Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды. Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет. Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, ұстаз – психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек.. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды сәбимен бірге анасына көрсету үшiн iстеу.Ата-ананың сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады. Осы орайда мен қосымша мамндандыру пәні яғыни «Іс жүзіндегі психолог» мамандығының студентіретінде алған біліміме сүйене отырып, сәбидің эмоционалды көңіл-күйі саласын анықтауда психодиагностикалық зерттеулердің әдiстерi жоғары дер едім.. Бірақ бұл әдістердің барлығын пайдалану мүмкіншілігі бола бермейді.
